Маркетинг


Паблик рилейшнз, оның түрлері мен әдістері



бет18/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
лекция маркетинг на каз.doc+

8 Паблик рилейшнз, оның түрлері мен әдістері
Паблик рилейшнз (PR) – бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынасты құру және оны қолдауға бағытталған, жоспарланатын шаралар.
Паблик рилейшнз қызметтеріне мыналар жатады:

  • көшілікке өзі туралы жағымды ақпарат тарату және оған надыру;

  • оның ой-пікіріне ықпал ету;

  • ұйымның жақсы бет-бейнесін құру, беделін көтеру;

  • ұйымның жұмысына қызметкерлердің жауапкершілігін қалыптастыру.

Паблик рилейшнз түрлері:

  • паблисити (үгіт насихат);

  • демеушілік;

  • фирмалық стиль.

Паблик рилейшнз әдістері /49/;

  • БАҚ-пен байланыс. Баспасөздерде мақалалар жариялау, радио, теледидардан материалдар беру;

  • Баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру. Басапсөз-конференциясы – жағымды көзқарасты жария ету, ресми мәлімдеу мен компания пікірлерін елге жариялау мақсатымен БАҚ өкілдерін шақыру;

  • Баспа өнімдері (бланктер, визиткалар, шоттар);

  • Кино және фотоқұралдар (деректі фильмдер, клиптер, фотосуреттер);

  • Сөз сөйлеу. Ресми жиналыстар, кездесулерде, мәжілістерде, конференцияларда шығып сөйлей алу, адамдармен араласа білу, сену, түсіну – ізгі атмосфера тудырады;

  • Жарнама. Жақсы жарнама фирма бейнесіне ықпал етеді.;

  • Тауарды таныстыру рәсіиін өткізу;

  • Демеушілік;

  • Мүдделерді алға жылжыту (лоббирование). Фирмалардың кәсіпкерлік қызметіне байланысты шешімдерді қабылдауға жағымды әсер туғызу мақсатында мемлекеттік билік және басқару органдарымен қарым-қатынас орнатылады;

  • Фирмалық стиль;

Демеушілік – бұл маркетингтік коммуникациялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін мәдениет, білім беру, спорт саласында жұмыс істейтін тұлғаларға немесе ұйымдарға, қаржылай көмек көрсету.
Демеушіліктің көздейтін мақсаттары:

  • кәсіпорының нарыұта танылуы және әйгілі болуы;

  • кәсіпорын және оның тауарының беделін жақсарту;

  • демеушінің нарыққа ұсынған тауарына сұраныстың өсуі.

Фирмалық стиль – ол тек фирма мен оның тауарына ғана тән бейне.
Фирмалық стиль мынандай элементтерден тұрады:

  • тауар белгісі;

  • логотип – фирманың ерекше жазылған және арнайы дайындалған толық немесе қысқаша аты;

  • фирмалық ұран, сөз мәнері (слоган) – бұл фирма ұраны;

  • фирмалық блок – белгі мен логотиптің композициялық бірігуі;

  • бірыңғай стиль;

  • фирмалық түс немесе түстер жиынтығы;

  • фирмалық константалар (формат, мәтін версткасы);

  • бірыңғай музыка.

Паблик рилейшнз маманының қызметіне мыналар жатады:

  • фирманың және оның жауапты қызметкерлерінің имиджін жасау;

  • басшылардың сөйлейтін сөздері мен баяндамаларын әзілеу және түзету;

  • баспасөз хабарламасынжазу , оларды БАҚ беттерінде жариялау;

  • газет, журнал және теледидар тілшілерімен байланыста болу;

  • экскурсия, таныстыру рәсімдерін, көрмелерді дайындау;

  • қайырымдылық шараларын және қонақтарды күтуді ұйымдастыру;

  • паблик рилейшнз компаниясының жоспарын жасау;

  • қоғамдықпікірді, әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру.

Баспасөз хатшысы немесе баспасөз атташесі БАҚ-пен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет