Мақсаты: Балаларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істей білуге баулу. Әр баланың жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға тәрбиелеу



Дата21.03.2024
өлшемі19.37 Kb.
#496257
Тәрбие сағаты «Біз Отанның сарбазы.»




Тақырыбы: «Біз Отанның сарбазы.»


Мақсаты: Балаларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істей білуге баулу. Әр баланың жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Сарбаздардың суреттері, слайд, мульттоптамалар.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, таныстыру, сұрақ – жауап.
Сөздік жұмыс: Отан
Билингвальды компонент: Отан-Родина
І. Кіріспе бөлім.
Күтпеген сәт:
Осы кезде есік қағылып ішке әскери киімдегі тәрбиеші кіреді.
Сәлеметсіңдер ме балалар? Қалдарың қалай?
Топ, түзел, тік тұр?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні шырқалсын?


Балалар сендер таңқалып тұрған шығарсыңдар. Мен ертемен тұрып әскереи бөлімшеден келе жатырмын. Әскердегі сарбаздар дәл осылай әскери киімде жүреді екен.
Мен кімге ұқсап тұрмын? (балалар жауаптары).
Дұрыс, мен сарбазбын себебі әйелдер де жауынгер бола алады.

Сол сарбаздар кім, олар не үшін қажет? (балалар жауаптары).
Иә, бұл біздің Отанымызды жаулардан қорғайтын әскерлер.
- Менің киімім қандай? (балаларға жауаптар)

Бас киім, шалбар, кастюм, етік. Менің киімім – әскери форма деп аталады екен.
Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? (балалар жауаптары).
Қазақстан бұл біздің Отанымыз, еліміз жеріміз екен. Өз Өтанымызды қорғауымыз керек екен.
- Балалар көктем мезгілінде көптеген мерекелер болады. Біз өткен жолы 1- мамырда «Достық» мерекесін өткізген едік. Енді міне, Отан қорғаушылар күніде келіп қапты. Бұл мереке біздің сарбаздарымыздың мерекесі. Осы күні кімді құттықтаймыз? (балалар жауаптары).
- Дұрыс, әкемізді, атамызды, ағамызды, олар бір кездері біздің отанымызды батылдықпен қорғап, әскерде қызмет етті.
Әскери сарбаздар біздің Отанымыздың тыныштығын қорғайды.

Айтыңдаршы, біздің Отанымыздың қорғаушылары қандай болуы керек? (балалар жауаптары).
Әскерде қызмет ету үшін сендер күшті, батыл, ақылды, спортпен шұғылдануларың керек керек. Біздің ұлдар, не болмаса қыздар, олар өскенде, сарбазға айналады, біздің Отанымыздың – тыныштығын қорғайды. Құрметті біздің кішкентай бүлдіршіндер, болашақ жас ұландар, Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!



ІІ. Негізгі бөлім:



  1. Құттықау

Балалар сендерге Отан алдында өз борышын өтеп жүрген Абзал деген ағаларың бейне жазбамен өзінің құттықтаун жіберіпіті бәріміз бірге мұқият тыңдайық.



  1. Данышпан қарғаның мультоптамасынан үзінді көрсету.

Әскердегі қарулы күштер құрамы бірнеше түрге бөлінеді екен. Алдымен, құрлықтағы әскер болады, бұлар ең басты негізгі күш болып саналады екен. Оларда неше түрлі қарулары бар екен. Алыстан да, жақыннанда жауды жойып жіберуге қабілетті.
Одан басқа қарулы күштер құрамына кейін әскери әуе күштері кіреді. Олар жауға әуеден соққы жасайды. Қазақстанның аспанына сырттан ешбір жаулардың ұшып кірмеуіне жауап береді.
Қазақстанның бір шетінде Каспий теңізі бар екен, бұл жердегі біздің тыныштығымызды әскери теңіз плоты қорғайды екен. Біздің Отан қорғайтын сарбаздарымыз өте мықты, Отанымызды қорғауға дайын тұр екен.



  1. Сен білесіңбе?

Балалар біздің Отанымызды қорғауға ұлдар ғана емес қыздарда өз үлестерін қосыпты. Біздің батыр қыздарымызда бар екен. Олардың еңбектері ешқашан ұмытылмайды екен. Отан үшін жан аямай қызмет еткен екен. Олар Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова.



  1. «Кім жылдам» ойыны.



Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа ептілікке үйрету.
Ойын барысы: Балаларды үш баладан екі топқа бөлу. Бірінші топтағы балаларға тек қана көк түстегі туыды жинату, ал екінші топтағы балаларға әр түрлі түстегі туды жинатқызу. Туды дұрыс жинаған топ жеңіске жетеді.


Ән: Солдат болам мен еретең (Хормен)


Қорытынды.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметін қорту.
Балалар Отан қорғаушылар қандай болады?
Сендер біздің Отанымызды қорғауға дайынсыңдарма?
Ол үшін не істеулерің керек?
Оқу қызметінің соңында өлең жолдарын оқып берейін.
Елді жаудан қорғайды
Әскерлерім-айбыным!
Мықты болса Әскерім,
Біз көрмейміз қайғы-мұң
Топ, түзел, тік тұр? Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні шырқалсын?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет