Математикалық бәйге.
(5а, 5в сыныптары арасында өткен сыныптан тыс жұмыстың сценарийі)
Мақсаты:
-
Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арььыру;
-
Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
-
Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Ойынға 4 топ қатысады, әр топта 5оқушыдан.
Әр топтың ұраны, эмблемасы, сәлемдемесі болуы керек.
Құрал –жабдықтар: Презентация, математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
Ойын кезеңдері:
-
Топтардың сәлемдемесі;
-
Сергіту- жорға;
-
Көкпар;
-
Бәйге;
-
Бәйге қорытындысы.
1-оқушы.
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз.
Кешікендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика ғылымы жайында
Бәйгемізді бастаймыз.
2-оқушы.
Жас достары,
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнінде
Табиғаттың , қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептеусіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де
3-оқушы.
Математика ғылымы – ермек емес балалық.
Математика ғылымы көрегендік даналық
Космос кезген ракеталар дәл бүгін
Ешкімге тансық емес жаңалық.
4-оқушы.
Ғылымдардың патшасы атанғансын
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансын
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән математика атанғансын.
-
Жүргізуші.
Хош келдіңіздер қымбатты достар! Математиканың жанкүйерлері.
-
Жүргізуші.
Сәлеметсіздер ме, осы залға жиналғандар!
-
жүргізуші:
Бүгін, біз мұнда математика ғылымының қыр – сырымен танысу үшін.
-
жүргізуші:
Викториналар шешу үшін.
-
жүргізуші.
Көңілді дем алып, күліп , ойнау үшін жиналдық.
-
жүргізуші.
Құрметті көрермендер! Сіздерді әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
-
жүргізуші. Кезекті өздерін таныстыру үшін топ мүшелеріне берейік.
-
жүргізуші. Сөз кезегі 5 а сынып оқушыларыныбына беріледі.1-топ.
-
жүргізуші. Ортаға 5 в сынып оқушыларын шақырамыз. 1-топ.
-
жүргізуші. 5а сыныбының 2-ші тобын қошеметтейік.
-
жүргізуші. 5в сыныбының 2-тобын қарсы алайық.
-
жүргізуші.Сайыскерлерге рахмет. Енді асыға күткен сәтке жеттік.
1-жүргізуші. Бәйгеміздің алғашқы кезеңін бастайық.
1-ші бәйге – Жорға. Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар.
-
С
|
І
|
Р
|
К
|
Б
|
Ы
|
И
|
Т
|
Ұ
|
Ш
|
Ү
|
Н
|
Е
|
2-жүргізуші. Әділ-қазылар алқасы нәтижесін шығарғанша, музыкалық үзіліске кезек берейік.
-
жүргізуші. 2-ші жарысымыз – Көкпар.
Бұл жарыста әр топ 1 минутта неғұрлым көп сұраққа жауап беруң керек.
-
Ұшталмаған қарындаштың неше жағы бар?
-
Бұл не: екі басы, екі қолы, ал жүргенде төрт аяқ.
-
Егер Лонданда түнгі 12 сағатта жаңбыр жауса, онда 72 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе?
-
Ағашта он қарға отырды. Аңшы біреуін атты. Ағашта қанша қарға қалды?
-
Сіз – автобус жүргізушісіз. Автобуста алғашқыда 23 жолаушы болды. Бірінші аялдамада 3 әйел адам түсті және 5 ер адам кірді . Екінші аялдамада 7 ер адам кірді және екі әйел түсті. Жүргізуші неше жаста?
-
а) Екі жұп санның қосындысы ,жұп па, әлде тақ па?
б) Жұп және тақ санның қосындысы жұп па, әлде тақ па?
-
1,2,3,4,5,6,цифрларының ретін өзгертпей, олардың араларына «+» және «-»таңбасын қойыңдар. Нәтижесінде 1 шығатындай болсын.
-
11-ден 20 –ға дейінгі натурал сандардың қосындысын табыңдар.
-
жүргізуші. 5 сынып оқушысы сиқыр көрсетеді.
1-жүргізуші. 3-ші жарысты бастайық. Бәйге. Топ әр тараудан сұрақтар таңдайды, ойлануға 1 минут.
Математика тарихынан.
-
Нәрселерді санауда қолданылатын сандар.
-
Құрамында әріптері бар өрнек.
-
Қазіргі цифрлар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 араб цифрлары деп аталады. Бұл цифрларды арабтар қай елдің халықтарынан алған?
-
«Дөңгелек» ұғымы қай елде қалыптасқан?
-
10 жасында 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез есептеген неміс математигі кім?
Мықты болсаң шешіп көр.
-
Қаз бір аяқпен тұрса салмағы 7 кг болады. Егер ол екі аяғымен тұрса , оның салмағы қанша болады?
-
Жасы жүзге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебін анықта.
-
Үстел басында 2 әке, 2 бала отыр. Олар ыдыстағы 3 жұмыртқаны бір-бірден бөліп жеді.Сонда қалай болғаны?
-
Кітаптың 60 бетінің қалындығы 1 см. Егер кітапта 240 бет болса, онда кітаптың барлық бетінің қалындығы қандай?
-
Таразының бір жағында кірпіш бар, ал екінші жағында осындай кірпіштің жартысы және 1 кг кір бар. Таразы тепе-теңдікте тұр. Кірпіштің салмағы қандай?
Сандар сыры.
-
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
-
Қай қатар артық?
2 5 8 11 14
1 4 7 10 13
10 20 30 40 50
-
Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар?
-
2 мен 3 –тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен 3-тен кіші сан шығады?
-
Төрт 9-дың және амал таңбалардың көмегімен 100 санын жазыңдар.
Ғажайып заңдылықтар.
-
Сандар қатарын жалғастыр.
3, 7 , 11, 15, 19,...
-
Артық сөзді алып таста:
метр, дециметр, килограмм, сантиметр, миллиметр.
-
Сандар қатарын жалғастыр. 4, 5,8, 9, 12, 13,...
-
Көлде лотос гүлі өседі. Күн сайын олардың саны екі еселенді, және 20 –шы күні көлдің беті гүлге толды. Қай күні көлдің беті жартылай гүлмен толады?
-
Сиыр – 2, қой -2, шошқа -3, ит-3, мысық-3, көкек – 4, әтеш – 8, есек-?
Әділ қазылар бәйге қорытындысын шығарады, әр топты номинациялар бойынша және жеңімпаз топты анықтап, сыйлықтармен, грамоталармен марапаттайды.
1-жүргізуші:
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің кілтін ашты,көзін тауып,
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская.
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.
2-жүргізуші:
Осымен математикалық бәйге атты кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |