Масимова хуршидам ташболатовна


Диссертация құрылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет12/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
жетісітк бағалау

Диссертация құрылымы мен мазмұны: 
Диссертация нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, кіріспеден, үш 
бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
қосымшалардан тұрады. 
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің 
ғылыми аппараты, зерттеу жұмысымыздың мақсаты, нысаны, болжамы мен 
міндеттері, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы, зерттеу әдістері мен кезеңдері, 
ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын негізгі 
қағидалар, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі, оның мақұлдануы, тәжірибеге 
енгізілуі баяндалады. 
«Педагогтердің 
бағалау іс-әрекетін дамытудың теориялық -
әдіснамалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде педагогтердің 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту мәселесінің 
ғылыми 
философиялық, 
психологиялық, 
педагогикалық 
әдебиеттерде 
зерделенуі қарастырылады, педагогтердің бағалау іс – әрекетінің мәні, мазмұны, 
принциптері нақтыланады, бағалаудың психологиялық – педагогикалық 
негіздері айқындалады, «педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
іс - әрекеті» ұғымының мәні нақтыланады, педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың 
әдіснамалық тұғырлары сипатталады. 


17 
«Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың ұйымдастырушылық- 
әдістемелік негіздері» атты екінші бөлімінде педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытудың 
психологиялық - педагогикалық шарттары анықталады, педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-
әрекетін дамытуды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады, педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетін дамытудың құрылымдық – мазмұндық моделіне сипаттама беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет