Масимова хуршидам ташболатовна


Зерттеу жұмысының жетекші идеясы



Pdf көрінісі
бет8/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
жетісітк бағалау

Зерттеу жұмысының жетекші идеясы – педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың
нәтижелі болуы, педагогтердің біліктілігін арттыру процесін әдістемелік 
қамтамасыз ету және оқытуды шығармашылық пен тиімді ұйымдастыруға 
байланысты. 
Зерттеудің теориялық – әдіснамалық негіздері болып білім беру 
жүйесінің философиялық, психологиялық – педагогикалық негіздері;
- педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің әдіснамалық 
негіздері (Ш.Таубаева[21] , Б.А Альмухамбетов [87], Б.А Тұрғынбаева [23], А.А 
Жайтапова [11], Г.К Ахметова [86], Е.С Заир - Бек[88] , В.Г Быкова[89]);
- ересектерді оқытудың теориялық және практикалық тұжырымдары (Б.Г. 
Ананьев [90], С.Г. Вершловский [91], С.И Змеев[92], К.Фопель [93]);
- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы (Н.Д Хмель [94], Н.Н Хан[25], Е.Н
Землянская [50]): 
- критериалды бағалау теориялары (P.Black [66], D.Wiliam [68], C.W. Harlen 
[95]); 
- оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша зерттеулер (М.А Пинская 
[53], И.С Фишман [54], А.А Кросноборова [57],Е.А Селищева [58], Х.М 
Ерфанфар [59]; Л.В Вилкова [60], В.В Воронов [61] , Н.А Курдюкова [62]) 
- педагогтің бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздері (Н.Ю Волковинская 
[74], Е.Г Матвиевская [75], Доманов А.Г [76], А.Г Пачина [78], Л.А Баландина 
[79]) бойынша жазылған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері 
саналады. 
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысымыздың мақсат, міндеттерін жүзеге асыру 
және ғылыми болжамды тексеру барысында төмендегі ғылыми – зерттеу әдістері 
қолданылды: 
- Теориялық: педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс –
әрекетін дамытудың теориялық және практикалық аспектілерімен байланысты
философиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, нормативтік 
құжаттарды, біліктілікті арттыру бойынша оқу бағдарламаларын зерделеу
ғылыми әдебиеттерге аналитикалық шолу жасау. 
- Эмпирикалық: бақылау, сұхбат алу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, 
педагогтердің бағалау іс-әрекетінің даму нәтижелеріне талдау жасау, 
педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеудің статистикалық және
графикалық әдістері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет