“СПОРТТЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ТРЕНАЖЕРЛАР”
пәні бойынша дәріс
2019ж
Дәріс-1. Тақырыбы: «Спорттық құрылыстар» пәннің мақсаты мен орны
Жоспары:
Пән және курстың мақсаты
Спорттық құрылыстың топтастырылуы.
Спорттық құрылыстың дәрежесі.
Пән және курстың мақсаты.
«Спорттық құрылыстар»пәні бойынша оқу бағдарламасы 05010800 «Дене шынықтыру» және спорттың мамандығы бойынша «Дене шынықтыру және спорт мамандығының біліктілігіне қойылатын талаптар негізінде жасалған.
Спорттық құрылыстар дене шынықтырудың материалдық – техникалық базасының негізін құрайды және дене шынықтырудың барлық түрлерімен айналысу үшін арнайы салынған ғимараттар мен құрылыстар ретінде қабылданады.
Жаттығу орындары спорттық құрлыстардың басты, негізгі бөлігін құрайды.
«Спорттық құрылыстар» пәні спорттық – педагогикалық пәндер оралымы элементтердің бірі болып табылады. Өз кезегінде қондырғы ережелер мен нормативті талаптарды және спорттық құрылыстарды қолдана білу маманың таңдаған мамандығына әрі қарай жетіліуінің негізі болып табылады.
Курстың міндеттер жүйесі:
спорттық құрылыстар туралы қажетті теориялық білімдерді меңгеру және бұл білімгерді тәжірибелеу қалып, дағдылар түрінде қолдану амалдарын меңгерумен;
спорттық құрылыстар дамыту және қолдану мәселелерін шешу дайындығы кіретін шығармашылық іс - әрекет тәжірибесін қалыптастырумен;
әрекет нәтижелері мен амалдарына, сонымен қатар қоғамдық еңбек құрған материалдық құндылықтарға тыңғылықты қатынасынан көрінетін еңбектің жоғары мәдинетін тәрбиелеумен анықталады.
Педагогикалық және қимыл – қозғалыс әрекеті үшін ұтымды жағдайлар жасау мәселелері мен педагогикалық техникалық құралдар арасындағы өзара әрекет заңдылықтарын зерттейтін ғылыми – спорттық педагогикалық эргономика деп аталады.
«Спорттық құрылыстар» курсы міндеттерінің жүйесі спорттық – педагогикалық әрекет үшін ұтымды жағдайларды және дене шынықтыру мен айналысатын орындарда жабдықтау құралдарын ашу, түсіндіру мен негіздемелеу, олардың қызмет етуінің мақсатқа сай нысандарын табуға негізделген.
Ғылыми білім жүйесі ретіндегі пәннің негізінде мақсатты қимыл - қозғалыс әрекеті үшін орынды қалыптастыру ілімінің заңдылықтары спорттық құрылыстар диалектикасын төмендегідей түсінуде жатыр:
дене және нысаналық орта – адамның қимыл – қозғалыстарын жүзеге асыратын немесе соған көмектесетін жағдайлар мен жабдықтар;
қоғамдық еңбек нәтижесінде құрылған материалды құндылықтар бірлігі ретінде ғимаратар мен түріндегі әлеуметік нысан;
спорттық және шынықтыру – сауықтыру қызыметтерін көрсету барысында арнайы материалдық құралдарды қолданатын дене шынықтыру құрылымының бөліктері, әлеуметтік ұйымдар.
Қазіргі заманда дене шынықтыру миллиондарды қамтуда және маңызды мағана спорттық пәндерге берілуде. Жаңа спорттық құрылыстарды көтеру үшін, дене шынықтыру және спорт саласымен жақсы таныс мамандар керек.
Спорттық объектілер салу кезінде спорттық оқытушылардың сұраныстарын қарау керек ( спорттық құрылыстар ең алдымен сабақ үрдісіне сабақ өту ерекшеліктеріне жастар тәртібіне сай болу
керек )
Курстың негізгі мақсаттары:
Спорттық обьектілерді салуда, нормативтік талаптарға сай болуын білу
Спорттық құрлыстарды пайдалануда қажетті тәжірибелік дағдыларды және білімді қалыптастыру.
Көп материалдық және ақшалай қаражатты көп талап етпейтін және спорттық құрылыстарды соғудың тәжірибесін меңгеру.
Спорттық құрлыстарды пайдалану, қаражаттау,соғу, жоспарлау ұйымдастыру негіздерін білу.
Достарыңызбен бөлісу: |