Мазмұндамалар жинағы 5-6 сыныптар үшін «Қазақ тілі»



бет5/16
Дата19.06.2023
өлшемі57.27 Kb.
#475215
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
диктант 6 сынып

Балалық шақ
Менің туған отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі. Әкем кедей шаруадан шыққан. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді. Сондықтан ол ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Тұрмыс жақсарып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам мейрам күні мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап қол шапалақтады. Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келді. Құрбыларыммен бірге мектептің терезесінен сығалап, шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын. (Т.Б.) (95 сөз)

Тайга
Тайга – ит мұрны өтпейтін қалың орман. Онда үнемі қар жатады.Тайга біздің елдің шығысы мен терістігінің арасын алып жатыр. Мұзды мұхитынан соққан суық желді осы қалың орман бізге қарай өткізбейді.
Тайгада бұғы мен марал және аю мен қасқыр да бар. Ағаш қабығын жеп күнелтетін тайга бөденесі мен бұлдырық, тоқылдақ дейтін құстар өз алдына бір түлектей. Жаз маусымы кезінде бірер ай келіп, сайран салатын аққу, қаз, үйректер де тайганың – қонағы.
Тайганың халықтары көбіне бірнеше ит жеккен шанамен жүреді. Өйткені тайганың қары қалың болғандықтан машина барлық жерінде бірдей жүре бермейді.Тайгалықтар үйлерінің қабырғаларын да қалың етіп салады. 95 сөз. («Ғалам ғажаптары»)

Қартқожа
Қартқожа көйлекшең, жалаң бас, көк шөпке бауырын төсеп кітабын оқып жатыр. Оның кітапқа ынталанғандығы сонша, жан-жағына да қарамайды, демін де білдірмей алады. Ол екі атты да ұмытып кетті. Біреу алып кетсе, білер емес. Оқыған сайын ажарланады, көзін қадап, қағазды жеп қоятын тәрізді.
Әлден уақытта аяғына жетті. Ол кітапты жаппай, ойланып, басын шайқап, таңдайын қағып біраз жатты. Содан кейін басын көтерді.
Қартқожаның есіл-дерті оқуға кетті. Өзіне-өзі «оқимын» деп серт етті. Қалай оқиды? Қайдан оқиды? Қайда барады? Қаражатты қайдан табады? О жағымен ісі болмады, ойына да келмеді, қайтсе де оқымақ болды. (96 сөз) Ж.Аймауытов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет