Уәкіл сұраулары бойынша Мемлекеттік органдар жұмысындағы негізгі кемшіліктердің бірі сұратылған ақпарат жоқ толық емес жауаптар беру болып табылады.
А. оның анасы Қ. қатысты заңсыз қылмыстық іс қозғау туралы хабарлаған өтініші (23.11.06 кіріс № 1143/02) бойынша Уәкілдің сауалына жауап осының айғағы болып табылады.
Уәкіл бастамашылық еткен тексерістің нәтижесінде Қ. кінәсі алдын ала тергеу істері бойынша жүргізілген іс-әрекетте дәлелденген. Сонымен бірге, прокуратура органы Қ. уақытша ұстау изоляторында қамау фактісін түсіндірген жоқ, ҚР ҚІЖК-нің 151-бабына сәйкес бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторларында ұсталады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратураға және ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне қайталап сауал жіберді. Алайда осы уақытқа дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына ешқандай жауап келген жоқ.
Уәкілдің сауалдарын қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік органдардың дәлелденбеген жауаптар беру жағадайлары да орын алады.
Айталық, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Т. (05.09.07 кіріс № 772/02-851 (2)) Ақтөбе облысы Темір ауданы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерінің оны ұрғандығы фактісі бойынша өтініш білдірді. Осы өтініші бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Ішкі істер министрлігіне сауал жіберді, алайда ҚР ІІМ хабарламасында Т. көршісінің әрекетіне және жеке мүлкінің ұрлануына жазған арызына Ақтөбе облысы Темір ауданы ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің әрекет етпеуіне шағымы бойынша жүргізілген тексеріс туралы көрсетілген. Осылайша ҚР ІІМ тергеу комитетінің жауабында берілген сауал бойынша ақпарат болған жоқ, осыған байланысты осы ведомствоға қайталап сауал жіберілді. Тексеру нәтижесі бойынша алынған ақпаратқа сәйкес өтініште көрсетілген дәлелдер расталған жоқ.
Маңғыстау облысының әкімінің қабылдауында болу мүмкіндігі берілмеуіне байланысты әкімдік қызметкерлеріне шағым жасаған Б. өтініші бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі Маңғыстау облысының әкімдігіне сауал жіберген, алайда, алдыңғы өтініштегідей жауапта берілген сұрақ бойынша ақпарат болған жоқ. Жауапта «Әкімшілік рәсімдері туралы» ҚР Заңына сәйкес азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесі бар, ол туралы азаматтарға ақпарат берілген деп хабарлайды. Осы өтініш бойынша әкім аппаратына қайталап сауал жіберілді, осыдан кейін өтініш берушіге қабылдау күні белгіленді, алайда ол ауырып қалуына байланысты бара алмады.
Алматы қаласы әкімдігінің Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтан 2007 жылғы 1 наурызда алған И. (26.02.07 кіріс № 294/03-192 (2)) өтінішін қарауы құжаттарды қарау мерзімін бұзушылықтың мысалы болып табылады. Одан кейін 2007 жылғы 19 сәуір мен 18 маусымдағы құжатты орындау мерзімінің бұзылуы туралы жазбаша ескертуге қарамастан төрт айдай әкімдіктен мәлімет келген жоқ. 2007 жылғы 20 шілдеде әкімдіктен құжатты қарау мерзімін ұзарту туралы хабар келді және 2007 жылғы 10 тамызда жауап келіп түсті. Осылайша И. өтінішін әкімдік 5 ай қарады.
Б. (27.07.07 кіріс № 725/03) өтініші бойынша 2007 жылғы 3 тамызда Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне сауал жіберілген, 2007 жылғы 17 қыркүйекте өтініш қарау мерзімін сақтау қажеттігі туралы ескертпе жіберілді. Ескертуден кейін де аталған органнан ақпарат келген жоқ, 2007 жылғы 29 қазанда ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сауал жіберілді. Іс бойынша ақпарат бар жауап сол күні түсті.
Б. (10.10.06 кіріс № 1006/03) өтініші бойынша 2006 жылғы 20 қазанда Алматы облысының әкімдігіне сауал жіберілген болатын, жауаптың келмеуіне байланысты 2006 жылғы 8 желтоқсанда құжаттың орындалу мерзімінің бұзылуы туралы жазбаша ескерту жіберілді. 2007 жылғы 4 қаңтарда Б. ісін қарау нәтижесі бойынша ақпарат келді, алайда хатта 2006 жылғы 20 қараша күні белгіленген. Осылайша хат Талдықорған қаласынан Астана қаласына 34 күнде келген.
Прокуратура органдарының өтініштерді тексеруі бойынша мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтарын бұзу фактілері анықталмайтындығын атап көрсеткен жөн. Алайда сол органдардың өтініш беруші шағым жасаған құрылымдық бөлімшеге қатысты тексеруі кезінде адам құқықтарының бұзылу фактісінің болғандығы анықталады. Осы фактіні құқық қорғау органдары мен өтініш берушінің ұлы жазалауда болған және қайтыс болған мекеме қызметкерлерінің әректтеріне шағым жасаған М. (23.07.07 кіріс № 703/03) өтінішін қарау растайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан келген жауапқа сәйкес өтініш берушінің ұлының қайтыс болуы фактісі бойынша түзету мекемесі лауазымды тұлғаларының тарапынан бұзушылықтар болмаған. Алайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару комитеті жүргізген қызметтік тексеруге сәйкес ҚР Әділетмині ҚАЖК аумақтық бөлімшесінде бұзушылықтар белгіленді және айыпты тұлғалар жазасын алды.
Айталық, дұрыс бақылаудың болмағаны және консультативтік көмек көрсетуде ұйымдастырушылықтың жоқтығы үшін ЕПЖ бастығының орынбасары әділет подполковнигі П. жаза берілді, емдеуші дәрігер әділет капитаны Ш. ескерту жарияланды, емдеуші дәрігер әділет капитаны Г. жаза беру туралы мәселе ол іссапардан қызметіне оралғаннан кейін шешілетін болады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Уәкілдің ұсынымын алған лауазымды тұлға ол келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде ұсынымды қарап, қарау нәтижесі туралы хабарламаны жіберуге міндетті. Алайда Уәкілдің ұсынымына жауаптар көбіне тиісті лауазымды тұлғаның қолымен жіберілмейді.
Жамбыл облыстық дәрігер-лаборанттардың ғылыми-практикалық орталығы мүшелерінің өтініштері бойынша (25.09.07 кіріс № 907/03) ҚР Денсаулық сақтау министрінің атына Уәкілдің ұсынымына тиісті емес лауазымды тұлғаның – Министрдің жауапты хатшысының қол қоюы осыған дәлел болып табылады. Осы факт мемлекеттік органдардың кейбір лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қаркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің нормаларымен таныс еместігін куәландырады.
Есептік кезеңде ұсынымдар әкімдіктерге (5 ұсыным), Көші-қон комитетіне (2) жіберілді, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (2), бір ұсынымнан әділет министрліктеріне, ҚР Жоғарғы Сотының Сот әкімшілігі комитетіне жіберілді.
Ұсынымдар балалардың, сотталғандардың құқықтарын, еңбек құқығын, денсаулықты қорғауға құқықты қамтамасыз ету мәселесіне, мемлекеттік органдардың қылмыстық істерді дұрыс шешулері үшін қажетті жағдайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеулері мәселелеріне қатысты болды.
2007 жылы Астана мен Алматы қалаларының, Қызылорда, Атырау, Алматы облыстарының әкімдеріне ұсынымдар жіберілді.
Алматы облыстық № 1 балалар үйінен жерді алып қоюы туралы БАҚ хабарламасына байланысты Алматы қаласының әкіміне барлық маңызды шешімдерді қабылдау кезінде балалар құқықтарының басымдылығын қамтамасыз ету қажеттігіне қатысты ұсыным жіберілді.
Уәкіл өтінішін қараудың нәтижесі бойынша «Алматыжер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынынан Алматы қаласы әкімінің 2007 жылғы 5 ақпандағы тапсырмасына және Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 0302-2204 қорытындысына сәйкес Алматы облыстық № 1 балалар үйінің жер учаскесін алып қою аймағынан жою туралы жазылған жауап келді.
Алматы облыстық № 1 балалар үйінің проблемаларын шешуге қоғамдастықтарды белсенді тартудың арқасында көрсетілген мемлекеттік мекеменің жер учаскесін алып қою туралы мәселе оң шешімін тапты.
Қызылорда облысының әкімі М.А. Құл-Мұхаммедке А. (25.09.07 кіріс № 902/03) құқығын қалпына келтіру қажеттігі туралы ұсыным жіберілді. Өтініш берушінің айтуынша Қызылорда әкімінің жеке қабылдауына кезекте жеті айдай уақыт тұрған.
Есепті дайындау кезінде ұсынымға жауап келіп түскен жоқ.
2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына түскен өтініштердің арасынан адам құқықтарының және Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының көптеген бұзушылықтарына шағым жасаған Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кенті тұрғындарының өтінішін айрықша атап көрсеткен жөн, қазіргі уақытта ол Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта.
«Мақат Су-Арнасы» КМК қызметкерлері (02.09.07 кіріс № 848/03) олардың құқықтары мен бостандықтарына жүйелі түрде қысым көрсетілетіндіктеріне, Мақат кентінің сумен жабдықтау объектісінде еңбек туралы заңнаманың өрескел бұзылуына, санитарлық-эпидемиологиялық номалар мен ережелер талаптарының сақталмауына, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі құзыретті мемлекеттік органның әрекетсіздігіне шағым жасап өтініш білдірді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктерге, ҚР Бас прокуратурасына, Атырау облысының әкімдігіне жіберген көрсетілген фактілерге қатысты сауалдарын қараудың нәтижесінде осы фактілер расталды. Айталық, атап көрсетілген мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша Мақат кентінің сумен жабдықтау объектісінде пайдалануға берілген сәтінен бастап ғимаратқа және технологиялық желілерге күрделі жөндеу жүргізілмеген. Тексерудің нәтижелері бойынша олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген залалдан сақтандыруға, жұмыс берушінің тарапынан оларды санитарлық-тұрмыстық үй-жаймен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасы етуге жұмыс берушімен келісім-шарт жоқ екендігі белгілі болды, ол Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларының бұзылғандығын көрсетеді.
Уәкілге Мақат кентінің тұрғыны Қ. (12.09.07 кіріс № 874/03) өтініш келді, онда тұрғын үйлердің жертөлелерінің санитарлық сай еместігіне, қоқыс жинайтын және шығаратын контейнерлердің жетіспеушілігіне, азаматтармен келіспей зиянды объектілер салынуына шағым білдірген.
Бұдан басқа, Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кенті тұрғындарының ұжымдық өтініштерінде (09.10.07 кіріс № 939/03) өтініш берушілердің, атап айтқанда көрсетілген кенттің КПД-5 үйінде тұратындардың қауіпті жағдайда өмір сүріп жатқандықтарына шағым жасалған. Кент және аудандық әкімшіліктің әрекетсіздіктерінен өтініш берушілер алты жыл бойы жылусыз тұрып жатыр, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері бұзылған, іргетастың бұзылу қаупі бар.
Сондай-ақ есептік кезеңде Уәкілдің атына Атырау облысы Мақат ауданының Мақат кенті Жаңа құрылыс 67-учаскесінің тұрғындарынан ұжымдық өтініш келіп түсті (27.11.07 кіріс № 1090/03), онда жыл бойы судың болмауына байланысты адамдардың қиын жағдайда өмір сүріп жатқандықтарына шағым жасалған. Сонымен бірге өтініш авторлары көрсетілген жағдайларға қарамастан суға ақша төлеуді талап ететіндіктерін хабарлайды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сауал жіберген мемлекеттік органдардың ақпараттары бойынша лауазымды тұлғалар Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентіндегі бұзушылық фактілерін растайды. Көрсетілген елді мекендердегі адам құқықтары саласындағы бұзушылықтар туралы дабылдар көптеген сипаттарға ие, Атырау облысының әкімі Б.С. Рысқалиевке проблемаларды жақын арада шешу үшін қалыптасқан жағдайларға тез арада араласуына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қалпына келтіруге кешенді ұсынымдар жіберілді.
Есепті дайындау кезінде ұсынымға жауап алынған жоқ.
Алматы облысы ІІД қызметкерлерінің әрекеттеріне азаматша П. (03.03.06 кіріс № 188/2) шағымын қарау қорытындысы бойынша ұсыным орындалған ұсынымдарға жатады. Онда аталған органның қызметкерлерінің ҚР қылмыстық-іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзғандықтары, қылмыстық іс қозғаудан негізсіз бас тартқандықтары туралы жазылған. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымын қарау нәтижесінде ҚР Бас прокуратурасы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады.
ҚР Әділет министрінің атына қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің мәдени және кәсіби дайындығы деңгейлерін арттыруға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне ведомстволық бақылауды дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін қолдану қажеттігіне қатысты ұсыным жіберілді. ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ақпараты бойынша Комитеттің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша тексеру жүргізілуде, нәтижесі қосымша хабарланады. Сондай-ақ ұсынымда келтірілген адам құқықтарының бұзылуы фактісін тергеу үшін өндірістік шешім қабылдау үшін ішкі істер органына жіберілді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алматы облысына баруы туралы ақпараттың БАҚ-та жариялануына байланысты Уәкіл мекемесінің Қазақстан облыстарында жүргізген мониторингінің нәтижесін ескере отырып, Уәкіл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің атына балалар мекемелеріндегі балалар көріп отырған бірқатар қиындықтар үшін қажетті шаралар қолдануға қатысты ұсыным жіберді.
ҚР Денсаулық сақтау министріне Жамбыл облыстық дәрігер-лаборанттардың ғылыми-практикалық қоғамдастығы мүшелерінің өтініштерін (25.09.2007 жылғы кіріс № 907/03) қарау нәтижесі бойынша ұсыным жіберілді. Өтініштің мазмұнынан республикада лаборанттардың лауазымында жоғары биологиялық және химиялық білімдері бар, жоғары білікті мамандар өте ұзақ уақыт (15 жылдан артық) отыратындары белгілі болды.
Дәрігер-лаборанттар биология және химия мамандығы бойынша педагогикалық институт бітірген мамандар дәрігерлік және провизорлық лауазымдарға денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа қабылдауға жатпайды деп белгіленген ҚР Денсаулық сақтау министрінің 1996 жылғы 17 мамырдағы
№ 227 бұйрығы (бұдан әрі № 227 бұйрық) қабылданғанға дейін жұмысқа қабылданған.
Осыған байланысты өтініш берушілер ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 151 бұйрығына (бұдан әрі - № 151 бұйрық) олардың біліктілігін растаудан бас тартылғандығына наразылық білдіреді.
Жазылғандарды ескере отырып, Уәкіл дәрігер-лаборанттардың лауазымында 12 жылдан артық жұмыс істейтін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрінің 1996 жылғы 17 мамырдағы № 227 бұйрығына тиісті түзетулер енгізу мүмкіндігін қарауды ұсынды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұсынымдарын орындаумен байланысты проблемалық мәселелер ретінде қойылған мәселелер бойынша ақпарат бермеу, ұсынымдарда берілетін дәйектемелерге көңіл аудармау болып табылады.
Астана қаласының әкімі А.Ұ. Маминнің атына берілген М. баспанаға мұқтаж адамдар кезегіне «жеңілдіктер және кепіл бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғалар» ретінде өтінім берушінің 2004 жылғы 15 қаңтардан бері кезекте «жасы бойынша зейнеткер» болу фактісін ескеріп енгізу туралы мәселені шешу қажеттігі туралы өтінімі (2007 жылғы 10 қазандағы кіріс № 936/03) назарсыз қалды.
М. өтініміне берілген жауапта М. 2004 жылғы 15 қаңтардан бері «зейнеткер» санаты бойынша тұрғаны, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері мұқтаждар тізіміне 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысушысы ретінде берілген жеңілдіктерді растайтын куәлік негізінде тіркеледі және қазіргі кезде тұрмысы нашар әлеуметтік қорғалатын халықтың бөлігін баспанамен қамтамасыз ету үшін Астана қаласының тұрақталған бөлігін қайта құру Аумақтық бағдарламасы әзірленіп, бекітілді және сол бағдарлама шеңберінде коммуналды тұрғын үйлер салуға жер учаскелері берілді, деп хабарланған. Болжамды көрсеткіштерге сәйкес осы тұрғын үйлерді салу мұқтажды әлеуметтік қорғалатын азаматтарды тұрғын үймен алдағы үш жыл ішінде қамтамасыз етеді. Осылайша Астана қаласы Әкімінің орынбасары қол қойған хат қойылған мәселелерге жауап бере алмайды.
ҚР Бас прокурорына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-тармағы бойынша Ө. атына соттың ақтау үкімі шыққан қылмыстық істі қайтадан қозғауға байланысты өтінімі (2007 жылғы 33 нурыздағы кіріс №300/02 хат) бойынша ұсыным берілді. Аталған ұсыным орындалған жоқ, ал Ө. ҚР ҚК 176-баптың 3-тармағында және 380-бабтың 1 тармағында қарастырылған қылмыс жасауда айыпталуы туралы қылмыстық іс Алматы гарнизонының әскери сотына тапсырылды.
Бір жағдайда өтінім берушінің құқықтары Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымы бойынша, өтінім берушінің қажетті әрекеттер жасамағанына байланысты қайта орнына келтірілмеді.
Осылайша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы З.М. Мақашевтің атына Т. өтінімінде (2006 жылғы 12 желтоқсандағы кіріс № 1261-03) баяндалған фактілерді тексеру нәтижесі бойынша Мемлекеттік Еңбек инспекторының тексеруі барысында анықталған Т. мен оның ұлының еңбек құқықтарын қалпына келтіру қажеттігі туралы ұсыным берілді.
Сот әкімшілігі комитетінің ақпараты бойынша Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымы өтінім берушінің еңбекке орналастыру туралы әңгімелесуге келуден бас тарту мен Сот әкімшілігінің кадр жұмысы бөліміне келмеу себебі бойынша орындалған жоқ.
Қалыптасқан жағдайда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің заңнамамен берілген адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндігі шектелді. Осыған орай өтініш берушіге Қостанай облысының Сот әкімшілігінің әрекеттері мен жауабына қанағаттанбаған болса, өз бетімен сотқа шағым жасау ұсынылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мемлекеттік органдармен азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруді қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы адам құқықтарын мемелекеттік қорғау жүйесінің мүмкіндігін тиімді пайдалануға және бүтіндей адам құқықтарын сақтау жағдайын жақсартуға себепші болады.
Алайда мемлекеттік органдардың Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қойған сауалдары мен ұсынымдарына берген әрекеттеріне жүргізілген талдау қойылмаған сұрақтарға жауап беру, жауап беру мерзімдерін сақтамау, жауап беру ынтасының болмауы тәрізді қателіктердің болуы туралы дәлелдейді.
2.3. Құқық қорғау мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат
Республика аумақтарында адам құқықтары саласындағы жағдайдың мониторингі әрқашан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің басымдылықтары қатарында болды. Құқық қорғау мониторингін жүргізу барысында Уәкіл халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын адамдар тұратын арнайы мекемелерге барады және азаматтарды қабылдайды.
Бес жыл уақыттағы қызметінде Уәкіл Қазақстан аумағында түрлі арнайы мекемелерде адам құқықтарының сақталуы туралы ақпарат жинақтайды.
Құқық қорғау мониторингін жүргізудің негізгі мақсаттары аталған мекемелерге мемлекеттік органдардың назарын аудару, заңнама бұзушылықтарды жою, адам құқықтарын бұзуды болдырмау, тиісті мемелекеттік әкімшілікті тиімді қамтамасыз ету, азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтары туралы ақпаратқа ие болуын арттыру болып табылады.
Мониторинг нәтижелері бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тиісті мемлекеттік органдарға мекемелерге бару қорытындылары туралы жағдайды дұрыстау ұсыныстары бар ақпарат жібереді.
Мекемені аралау қорытындысы туралы ақпаратта мекеме жұмысының жалпы жағдайы, мекеменің жалпы проблемаларын түсіндіру, оң сәттер, сондай-ақ кемшіліктер, адам құқықтарын бұзу фактілерін (егер ондай табылса) белгілеу, табылған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар көрсетіледі.
Ұсыныстар арнайы мекемелерде тұратын адамдардың құқықтарын бақылау рәсімін тиімді анықтай отырып орынға келтіру құралы болып табылады. Соған қоса ұсыныстар құзыретті мемлекеттік органдарды диалогқа және оң өзгерістер жасауға қозғайды.
Мониторинг жүргізу Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемелерінің аумақтық құқық қорғау ұйымдарымен байланыстарын дамыту үшін жақсы негіз болды.
Есептік кезеңде Уәкіл Ақмола және Алматы облыстарына сапар жасады. Сапар нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға мониторингтік материалдар жіберілді.
2007 жылғы 12-13 маусым аралығындағы кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ақмола облысының Көкшетау және Щучинск қалаларына барды. Көкшетау қаласына сапар жасау барысында Уәкіл облыс әкімдігі, облыстық денсаулық, білім беру, әлеуметтік бағдарламалар департаменттерінің басшаларымен кездесіп, Щучье қаласының сәбилер үйі, Ақмола облысы бойынша ҚР Әділетмині ҚАЖКУ ЕЦ-166/23 мекемесі (ТИ-20), психоневрологиялық диспансер арнайы мекемелеріне барды және азаматтарды жеке қабылдап, баспасөз конференциясын өткізді.
Алматы облысына сапары барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы мен қызметкері жергілікті атқару органдар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен бірге Алматы облысы бойынша ҚР Әділетмині ҚАЖКУ ЛА-155/16 (ТИ-60), Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы, Талдықорған қаласының УОҰ, Талдықорған психоневрологиялық диспансері, Талдықорған сәбилер үйі, Талдықорған әскери гарнизонына барды.
Талдықорған әскери гарнизоны
Алматы облысы Әкімінің аппарты қызметкерлерінің көмегімен жеке қабылдау ұйымдастырылып, онда 12 адам келді. Негізінен олар баспана сипатындағы, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері туралы сұрақтар қойды және тұрғындар сот шешімдерінің орындалмауына және құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне шағымданды. Өтініш берушілерге консультатитвтік көмек көрсетілді, барлық өтініштер Уәкілдің өндірісіне қабылданды. Азаматтарды қабылдаудың нәтижесі олар көтеріп отырған мәселелердің шешімі негізінен жергілікті мемлекеттік биліктің құзыретінде екендігі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік ебереді. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Алматы облысының әкіміне олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін өтініш берушілердің проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы ұсыным жіберді.
Алматы облысының мекемелерін аралау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары және Алматы облысының мекемелерін аралау мониторингінің нәтижелерін жіберген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баспасөз конференциясын өткізді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс мекемелерін аралау барысы республикалық және жергілікті телекомпаниялардың телеарналарында, сондай-ақ баспалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Екі облысты аралаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға пенитенциарлық мекемелер мен әлеуметтік-медициналық сала мекемелерінде қалыптасқан жағдайларды түзету бойынша 13 ұсыным берілді. Аралаудың нәтижелері туралы ақпарат берілген мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Ақмола және Алматы облыстарының әкімдіктері.
«Адам құқықтарын сақтау мониторингі» бөлігінде мониторингтің нәтижелері туралы барынша егжей-тегжейлі айтылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Денсаулық сақтау министрлігінен Ақмола облысы мекемелерінің мониторинг қорытындысы бойынша ұсынымдарды және ол бойынша қабылданған шараларды ескеру туралы жауап келді. Ұсыным осы уәкілетті органдардың оң өзгеруіне ықпал етті. Айталық, Уәкілдің Ақмола облысының пенитенциарлық жүйе мекемелерін аралауына қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберген ұсынымның қорытындысы бойынша айқындалған кемшіліктерді жою жөніндегі жүзеге асырылған шараларды сипаттаған толық жауап алынды.
Атап айтқанда, ЕЦ-166/23 мекемесі төсек жинақтарын сатып алған, ескірген жұмсақ мүккәмалдар жаңаға ауыстырылған. Соынмен бірге ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың материалдық-тұрмыстық жағдайлары мен тамақтануын жақсарту мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төсеніштерді пайдалану мерзімін азайтуды көздейтін тиісті қаулы жобасын әзірледі.
Алматы облысы мониторингінің қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдарымен жұмыс жалғасуда.
Құқық қорғау мониторингі барлық мемлекеттік құрылымдардың адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттарды қамтамасыз етуіне бағытталған азаматтарды құқықтық қорғау тетіктерінің басты элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мониторинг қорытындысы бойынша ұсынымдары оның азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне жан-жақты қолданылуы тұрғысында құқық қолдану тәжірибесіне тікелей ықпал етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |