ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ - ЭКСПО- 2017
Еркеғали ӘБДІРАХМАНОВ, Шиелі ауданы бойынша салық басқармасының бастығы
БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ
«Еліміз 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды» деп атап көрсетті Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында. Бұл еліміздің сенімділігін нығайтумен бірге, егемендік жылдары қол жеткізген жетістіктерімізді ХХІ ғасырда да орнықты дамытуға кепіл бола алатыны анық. Осы пікірге лайық көптеген дәлелдер өмірдің өзінде нақты орын алып келеді. Көпті көрген үлкендер түгілі осы аралықта мектеп қабырғасынан соң, жоғары оқу орнынан мамандық алып шыққан біз қатарлылар да сол игіліктердің біразын көруде.
Нұрсұлтан Әбішұлының «Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады» деп тұжырым жасауы көрегендік саясат, халқымызға дем беретін сөз деп ойлаймын. Сондай-ақ, еліміздің әлемдік аренадағы беделінің биіктеп келе жатқанына жуырдағы жеңіс дәлел. Халықаралық көрме бюросына қатысушы мүше 161 елдің жасырын дауыс беру нәтижесінде 103 дауыспен Қазақстанның орталығы – Астана қаласы ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесін 2017 жылы өткізу мәртебесіне ие болды.
Бұл жеңіс бүкіл қазақстандықтарға серпін берумен бірге, алдағы үмітті нықтай түседі деп ойлаймын. Астана қаласы тәуелсіздік алған аздаған жылдардың өзінде сәулеттене түсіп, дүние жүзіндегі атақты қалалармен қатар бой түзесе, енді одан да көріктене түсетіндігі сөзсіз. Бұл бізді қуанышқа бөлейді.
ТМД елдерінің ішінде бірінші болып мұндай мәртебеге қол жеткізген Қазақстан екен. Аталған ЭКСПО- 2017 көрмесін Қазақстан «Болашақтың энергиясы» деген атаумен өткізу жөнінде өтініш беруінің өзі тамырды тап баса білуінің нәтижесі. Бұрыннан да мәлім, өйткені әлем елдерінің жаңғыртылған қуат көздеріне өте-мөте мән беруі, алаңдаушылығына жауап деп түсінген жөн секілді.
Мемлекет басшысының ұшқыр ойлылығымен – гидроэнергетиканы, күн энергиясын және жел энергиясын тиімді пайдалану қолға алынады деген сөз. Бұл атом энергиясына баламалы энергия көзін табу, оны жүзеге асыру жолындағы батыл қадам. Яғни, бүкіл әлем халқының мүддесін аса бір ауқымдылықпен ойлау болып табылады. Сонымен бірге бұл бастама – қазба байлықтарын пайдаланудың өзіндік залалдығын кеміту, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға деген ұмтылыс секілді.
Халықаралық көрмені Астана қаласында өткізу арқылы еліміз бірнеше жетістіктерге қол жеткізеді деп ойлаймын. Мәселен, ғылым-біліміміз өркендей түссе, экономикамыз артады, осы арқылы көптеген әлеуметтік
57
мәселелер шешіледі. Астана қаласының көріктенуі арқылы еліміздегі ірі қалалармен қатар шеткі аймақтар да сәулеттене береді. Оның үстіне осы көрмені тамашалауға дүние жүзінен 5 миллиондай адам келетін болса, бізде туризм саласы да жолға қойылады. Сол бір тамаша кезеңге қадам басқалы тұрған кезде орда бұзар отызға іліккен мен қатарлы жастар өз білімдерін әлі де шыңдай түсіп, болашақтың іргесін бірге қаласа береді деп сенемін. Бұл Жолдау біздің ұзақ мерзімге арналған бағдаршамымыз.
//Сыр бойы.-2013.- 4 қаңтар.-3б.
58
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ
Баламалы қуат көздерін табу – өміршең міндет
Алаштың айбыны мен айбарына айналған ажарлы Астанада Бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесі өтетін болды. Көрменің де көрмесі бар. ЕХРО Халықаралық көрмесі күнделікті көп шараның бірі емес. Оны өткізуге әлемнің әлеуетті елдерінің бәрі мүдделі. Жаһандық маңызы жөнінен Олимпиада мен футболдан әлем чемпионатынан кейінгі үшінші орынды иеленетін халықаралық аса ауқымды шара ЕХРО көрмесі болып табылады. Міне, енді 5 жылдан кейін кезінде Парижге – Эйфель мұнарасын, Лондонға – Хрусталь сарайын сыйлаған, ал Венаға әлемдегі ең үлкен мұнарасы бар павильон тұрғызған ЕХРО Бүкіләлемдік көрмесі Астанада өтеді. Қазақстан осы құрметті жеңіп алды. Біз соған орай 4 жыл бойы тікелей осы Бүкіләлемдік көрме мәселесімен айналысқан, барлық ұйымдастырушылық жұмыстың басы-қасында жүрген Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы, «ЕХРО-2017 – Астана» Ұйымдастыру комитетінің хатшысы Айдар ҚАЗЫБАЕВТЫ әңгімеге тартқан едік.
– Сізді осы соңғы төрт жыл бойы төккен терлеріңіздің еселене қайтқан қуанышымен құттықтаймыз. Астана – ЕХРО-2017-нің астанасы. Осы жаһандық шараға «Болашақтың энергиясы» атты бас тақырыптың таңдалуы қалай?
–Біз 2017 жылы өтетін ЕХРО Халықаралық көрмесінің басты тақырыбына бүкіл әлем үшін өте маңызды болып табылатын «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты шығара отырып, дүние жүзін балама энергия көздерін дамытуға және «жасыл экономика» қалыптастыруға шақырып отырмыз. Бұл проблеманың біздің еліміз үшін де маңызы зор. Өйткені, қазіргі таңда Қазақстанда ауыр экологиялық ахуал қалыптасқан. Екінші жағынан, ұлттық экономикамыздың құрылымын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беретін көптеген озық бастамалар белгіленген және жүзеге асырылып жатыр. Таяу болашақта еліміз жүріп өтетін жол жеңіл емес. Бұл даму жолы ауқымды инвестиция, жан-жақты ізденіс және озық технологияларды қажет етеді. Өндірісте ұзақ жылдар бойы қалыптасқан көзқарасты бұзып, бизнесті дамытудың жаңа жолын салу қажет. Іс жүзінде «жасыл экономиканың» еліміз үшін пайдалы екендігін көрсетумен қатар, одан түсетін табыстың да мол екендігін дәлелдеуіміз керек.
Үкімет осы бағытты күн тәртібіне кіргізумен қатар, оны жүзеге асыру мақсатында нақты мемлекеттік бағдарламалар да қабылдады. Яғни, енді бес жылдан кейін ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу барысында осы салада жинақталған бай тәжірибесімен де бөлісетін болады. Болашақта біздің еліміз үшін саламатты экономика, саламатты экология және саламатты халық басты құндылықтар екендігін төрткүл дүниеге паш етуіміз керек. Осы игі мақсат жолында болашақтың энергиясы – балама қуат көздерін табу және дамытуда еліміз тың кеңістіктерді игеретін болады.
59
Иә, Қазақстан ЕХРО-2017-ні өткізу жолындағы халықаралық бәсекеде жеңіске жетті. Енді еліміз дүние жүзіне Астанасының ажарын ғана паш етіп қоймай, планетамызды болашақ қауіптерден құтқару жолындағы жалпы адамзаттық шараларға сүбелі үлес қосады. Жас тәуелсіз мемлекетіміздің халықаралық ауқымды да беделді шараларды өткізу жөнінде жинаған тәжірибесі баршылық. Бұл ретте бас қаламыз – Астананың қонақжайлығы төрткүл дүниені тәнті еткенін білеміз. Халықаралық осындай маңызды басқосуларды өткізу кезінде Қазақстан тек қана еліміздің беделіне ұпай жинауды мақсат етпейді. Бұл халықаралық маңызды басқосуларда адамзаттың болашағына қатысты көкейкесті мәселелер талқыланады.
– Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» атты жаһандық бастамасы туралы не айтасыз?
– Жақында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ауқымда жария еткен «Жасыл көпір» атты бастамасының маңызы зор. Осы бастамасы арқылы Елбасы «жасыл экономикаға» көшу үшін бүкіл әлемнің күш-жігерін біріктіруге шақырады. Бастаманың негізгі түйініне келетін болсақ, әлемнің алдыңғы қатарлы елдері өздерінің озық «жасыл» технологияларын қайтарымсыз негізде дамушы елдердің игілігіне ұсынуы керек. Өз кезегінде дамушы елдер бұл технологиялар мен инвестициялар үшін барынша қолайлы ахуал қалыптастыруы керек. Осы бір маңызды жаһандық бастаманы іс жүзіне асыру тек жасыл технологияны дамытуға ғана жағдай жасап қоймайды, сонымен бірге, дамыған елдерді созылмалы дағдарыстан шығаруға жағдай жасайды. «Жасыл көпір» бастамасы дүние жүзі бойынша экологиялық таза экономиканы іс жүзінде дамыту және тарату проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған бағдарлама қазірдің өзінде әлемнің көптеген елдерінің қызу қолдауына ие болды. Семей ядролық полигонын жабу арқылы Қазақстан әлемге ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы ретінде танылды. Енді Елбасының экологиялық мақсаттағы жаңа бастамасы да төрткүл дүниенің белгілі саясаткерлері мен дуалы ауыз сарапшыларының назарын тікелей аудара бастады.
БҰҰ басшыларының, Еуропадағы «жасыл экономика» көшбасшылары – Германия, Франция, Италия, Испания, Азиядағы – Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, сонымен бірге АҚШ және Канаданың қолдауына сүйене отырып, Қазақстан Орталық Азияда осы модельді белгілеп, іс жүзіне асыратын болады. Бұл бастама қатысушы мемлекеттерге ғана емес, сонымен бірге, шетелдік инвесторларға да және басқа да серіктестерге нақты экономикалық табыс әкелетін болады. Бұл модель іс жүзінде өте күрделі және өзара байланысты проблемалар кешені – энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік береді.
ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік көрмесіне Қазақстан ұсынып отырған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы әлемдік қауымдастық алдында тұрған ауқымды проблемаларды шешуге шақырады. Планетамызда адамзаттың барған сайын өсіп отырған сұранымын қанағаттандыруға дәстүрлі
60
энергиялық қуат көздері жетімсіз болып отыр. Сондықтан алдағы уақытта адамзат үшін балама энергия көздерін табу – өміршең міндет.
– Мемлекет басшысы еліміздің экологиялық ахуалына ерекше алаңдаушылық білдіріп келеді. Бүкіләлемдік көрменің басты тақырыбына балама қуат көздері мәселесінің шығарылуы осы мақсаттан туындап отырған мәселе ғой.
– Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарында экономикаға миллиардтаған инвестиция тартып, халықтың әл-ауқатын жақсартуда әлем таныған жоғары деңгейге жетті. Алайда, экономикамыз қарқынды дамыған сайын еліміздің экологиясы соншалықты зардап шекті. Соның салдарынан халқымыздың денсаулығына, еліміздің табысы мен рейтингіне ерекше әсер ететін проблемалар қалыптасты. Жеріміздің шөл және шөлейтке айналуы, тұщы судың тапшылығы, қоршаған ортаның ластануы, күл-қоқыс көлемінің артуы, тарату желілерінің ескіруі салдарынан электр энергиясының шығынға ұшырауы сияқты келеңсіз мәселелер көбейе түсті.
Қазір еліміздің аумағында 30 миллиард тоннадан астам күл-қоқыс үйіндісі шоғырланған. Қазақстан Республикасында күл-шлак қалдықтарын қайта өңдеу 1 пайыздан, полигондар мен күл-қоқыс алаңдарына төгілетін коммуналдық қалдықтарды өңдеу 0,2 пайыздан аспайды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш тиісінше 60-90 пайызды құрайды. Қаптаған күл-қоқыс алаңдарына төгілетін қалдықтардың жерасты суларын ластайтыны белгілі.
Еліміздегі электр тарту желілерінің ескіруіне байланысты электр энергиясының 40 пайызы тұтынушыға жетпей, ысырап болады. Мамандардың дерегі бойынша, елімізде 2011 жылы өндірілген барлық электр қуатының 74 пайызы көмірмен жағылатын электр стансаларының үлесіне тиеді екен. Балама электр көздері өндірісімізде мүлде жоқтың қасы. Ал Қазақстанның балама қуат көздері жөніндегі әлеуеті аса зор. Электр қуатын өндіру үшін жаппай көмірді пайдалану ауаны ластайтын көмірқышқыл газдарының
көптеп бөлінуіне әкеліп соғады. Ғалымдардың дерегі бойынша, ауаның температурасы жаһандық ауқымда 2 градусқа жылынатын болса, орасан зор өзгерістер орын алатын көрінеді. Ал Қазақстан аумағындағы ауаның жылыну үдерісі планетамыздағы орташа көрсеткіштен де жоғары болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, 2050 жылға таман Кіші Алматы бассейніндегі мұздақтар түгел еріп бітетін көрінеді.
Қазір Қазақстан электр энергиясын барынша көп шығындайтын әлемдегі бірінші ондықтағы мемлекеттер құрамына кіреді. Біздің елімізде ІЖӨ-нің 1 долларын өндіру үшін мұнай эквивалентімен алғанда 500 грамм отын шығындалады. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 130 грамды құрайды. Сондықтан, қазір біздің елімізде балама қуат көздерін дамыту мәселесі аса өзекті міндеттер деңгейіне қойылып отыр.
– Ендеше, елімізде энергияны үнемдеу мақсатында қандай нақты шаралар іске асырылуда?
61
– Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған 2007-2008 жылдардағы жолдауларында энергиялық тиімділік саясатына көшу және өндіріске энергия үнемдеу технологияларын енгізу туралы нақты міндеттер қойған болатын. Бұл түсінікті де. «Болашақтың энергиясына» көшу нақты өмір талабы. Адамзат энергия өндіретін шикізат көздерін қалай болса солай пайдаланудың шегіне жетті. Ғалымдардың нақты деректері бойынша, планетамыздағы көмір, мұнай және газ қоры таяу болашақта сарқылып бітеді. Сондықтан, «Болашақтың энергиясы» ертең емес, бүгін қажет.
Бұл ретте әңгіме тек балама энергия көздерінде ғана емес, сонымен бірге, энергиялық тиімділікте болып отыр. Энергия үнемдеу бүгінгі таңда біздің өміріміздің пәлсапасына, нақты күнделікті тұрмыс шартына айналуы керек. Сондықтан әрбір адам өзіне қажетті тұрмыс техникаларын таңдаған кезде энергиялық жағынан тиімді қондырғыларға басымдық беруі керек. Бизнес субъектілеріне келетін болсақ, мемлекет тарапынан оларды энергия үнемдеуге үйрету мақсатындағы кешенді бағдарламалар жүзеге асырылмақ. Бүгінгі таңдағы басты саясат – энергия үнемдеу және балама қуат көздеріне көшу тиімді әрі табысты шара екендігін нақты іспен дәйектеу.
Сондықтан, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына энергиялық тиімділік шарттары енгізілген. Энергия үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру мақсатында бірқатар заңдар мен заңнамалық актілер қабылданды. Қазақстан Республикасында энергиялық тиімділікті арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған «Жасыл даму» кешенді жоспары жасалды. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергия үнемдеу саласында басты тетік – ірі кәсіпорындарда (1500 тоннадан жоғары шартты отын тұтынатын субъектілерде) міндетті түрде энергиялық аудит жасау шаралары енгізілетін болады. Болашақта елімізде энергиялық аудит және энергиялық менеджмент құрылымдары қалыптасатын болады.
Энергия үнемдеу саласында еліміз бойынша 20-дан астам техникалық стандарттар енгізілді. Оның ішінде ИСО 50001 халықаралық энергетикалық менеджмент стандарттары бар. Алдағы үш жыл ішінде елімізде энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру мақсатында 80-ге жуық техникалық стандарттар енгізілмек. Кеден одағы шеңберінде Ресей және Белоруссия мемлекеттерімен осы мақсатта кешенді жоспарлар белгіленді. Еліміздің жоғары оқу орындарында энергетикалық аудит және энергетикалық менеджмент мамандарын даярлайтын бөлімдер ашылды. Балама энергия көздерін дамытуға басымдық беретін электр энергетикасы саласын дамытудың бағдарламасы қабылданды.
– Елімізде өндірілетін барлық электр энергиясында балама қуат көздері арқылы өндірілетін электр қуатының үлес салмағы қанша? Оны дамыту үшін не істелуде?
– Қабылданған бағдарламалардың мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес 2014 жылдың қорытындысы бойынша балама қуат көздері арқылы өндірілетін электр энергиясының көлемі жылына 1 миллиард киловатт-сағат
62
болуы көзделген.
Әзірге балама қуат көздері арқылы өндірілетін электр энергиясының көлемі мардымсыз. Дегенмен, бұл салада біртіндеп өсу динамикасы байқалуда. Мәселен, 2011 жылы балама қуат көздері арқылы 420 миллион киловатт-сағат электр қуаты өндірілген. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 5 пайыз жоғары. Біреулердің 5 пайыз деген немене тәйірі, деуі мүмкін. Елестетіп көрейік, 1 кВт/сағ электр қуатымен 75 келі көмір, 35 келі мұнай өндіріп, 88 бөлке нан пісіріліп, 10 метр мата тоқып, 2,5 сотық жер жыртуға болады екен. Ендеше, «болашақтың энергиясын» өндірудің аз да болса өсімі зор тиімділік береді.
Бүгінгі таңда елімізде балама қуат көздерін пайдалана отырып, электр қуатын өндіру мақсатында жан-жақты бетбұрыс басталды. Мәселен, жел энергетикасы, шағын гидроэнергетика, күн жэне биогаз энергетикасы арқылы жалпы қуаты 20 мегаватт электр энергиясы шығарылуда. Инвесторлардың шағын су электр стансаларын және жел энергиясы парктерін салу жобасына деген қызығушылығы артуда. Мәселен, соңғы екі жыл ішінде Алматы облысында 5 шағын су электр стансасы және күн электр стансасы пайдалануға берілді. Жамбыл облысында қуаты 1,5 мегаватт шағын су электр стансасы және 2 жел электр стансасы салынды. Қостанай облысында биогаз арқылы тоқ алатын қондырғы орнатылды. 2012 жылы Сарыбұлақ елді мекенінде тек қана балама қуат көздері арқылы электр энергиясын өндіретін «Жасыл ауыл» жобасы іс жүзіне асырылды. 2012 жылдың қыркүйек айында халықаралық байланыс шеңберінде Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің базасында ерекше жоба жүзеге асты. Яғни университет корпустарының шатырына күн батареялары қондырғылары орнатылып, «Күн энергиясын беретін шатыр» бағдарламасы жүзеге асырылды. «Самұрық-Қазына» холдингінің «Samruk-Green Energy» ЖШС қазірдің өзінде 1 күн және 2 жел электр стансасы құрылысын салуда. «ҚаАтомөнеркәсіп» үлттық компаниясы қазақстандық KAZ PV кремний базасында жылына 50 мегаватт өндірістік қуаты бар фотоэлектрлі пластина және фотоэлектрлі модульдер өндірісін жолға қоюда. Мұнда дүние жүзінде баламасы жоқ қазақстандық металлургиялық кремнийден өндірілетін күн панельдері шығарылмақ. Оған плазменді тазалау және рафинирлік бағыттау технологиялары қолданылмақ. Өз кезегінде «KEGOC» АҚ Қазақстанның Ұлттық электр желісіне бірқатар балама энергия көздері арқылы жұмыс істейтін электр стансаларын қосудың техникалық алғышарттарын жасады. Қазақстандық табиғат қорын пайдаланатын компаниялар 12 газ-турбиналы электр стансаларын салды. Осы мақсатта теңіз және Жаңажол газ өңдеу зауыттары қуатын арттыру мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
– Адамзат болашағының басты тұғырына айналатын балама қуат көздерін дамыту көкжиегін кеңейтуде тәуелсіз Қазақстанның алға қойған жоспарлары хақында не айтасыз?
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылдары Қазақстан таза ауасы, сапалы суы мол, жасыл да гүлденген елге айналуы керек деген
63
көкейкесті міндет қойып отыр. Болашақ ұрпақтың өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында Тұңғыш Президентіміз энергия үнемдеу технологиясын дамытуды ел алдында тұрған басты басымдық ретінде күн тәртібіне қойды. Президент біздің еліміздің негізгі байлығы – мұнай, газ, көмір мәңгілік емес, олардың да сарқылатын кезі болады деген мәселені жиі айтады. Сондықтан, біз ертеңгі күні балаларымыз бен немерелеріміздің энергия тапшылығына үрынбауы үшін бүгіннен бастап болашақ энергияны дамытуымыз керек.
Болашақта балама энергия көздерін дамыту, энергия тиімділігі мен үнемшілдікті арттыру арқылы біз табыс та табатын боламыз. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, энергия үнемдеу саласына салған әрбір доллар 2 доллар пайда экеледі. Сондықтан елімізде балама энергия көздерінің мол әлеуетін пайдалана отырып, бүл саланы жан-жақты дамыту қажет. Бұл ретте, біз әсіресе, көгілдір отынға көп үміт артамыз. Бүгінгі деректер бойынша, Қазақстандағы газ қоры 3,5 триллион текше метрді құрайды. Бұл – біздің еліміз әлемдегі газ қоры мол бірінші ондықтағы елдер құрамына кіреді деген сөз. Мамандардың пікірінше, еліміздегі басқа да балама қуат көздерінің әлеуеті орасан мол. 2030 жылдары еліміз өндірілетін барлық электр энергиясының 20 пайызын газдан, 15 пайызын балама энергия көздерінен алатын болады. Бұл көрсеткішті 2050 жылдары тиісінше 40 және 30 пайызға жеткізуге болады деген болжам бар. Ұзақ мерзімге арналған жоспар бойынша «жасыл экономика» Қазақстанның әлеуетін барынша арттырып, тұрақтылығын нығайтатын болады. 2014 жылы елімізде ауаға таралатын зиянды заттардың көлемін 2009 жылмен салыстырғанда, 5,9 пайызға төмендету көзделіп отыр. Сонымен бірге, 2014 жылы елімізде тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстың 21,9 пайызы қайта өңделетін болады. ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік көрмесі энергия үнемдеу саласындағы әлемдік озық үлгілерді, күн, су және жел арқылы энергия өндірудің жаңа технологияларын Астана қаласына жинап, жаһандық жетістіктерден жан-жақты тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, көрме өткізілетін қалашықтың өзі отандық өндіріс негізінде балама қуат көздері арқылы алынатын электр энергиясын тұтынатын болады. Биылғы жылы «Astana Solar» компаниясы елордамызда күн панельдерін шығаратын зауыт ашады. Сөйтіп, «Болашақтың энергиясы» ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік көрмесі шеңберінде нақты көрініс табатын болады. ЕХРО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін Астана қаласындағы көрме қалашығы «жасыл экономиканың» әлемдік стандарттарын жэне Қазақстан экономикасының осы саласындағы жаңа технологиялар мен жетістіктерді зерттейтін ғылыми орталыққа айналатын болады.
– Әңгімеңізге рахмет.
//Егемен Қазақстан.- 2013.-5 қаңтар.-2б.
64
Мағжан САДЫХАНҰЛЫ
АСТАНАДА КҮН БАТАРЕЯСЫН ШЫҒАРАТЫН
ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Астанада фотоэлектрлі модульдер шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатысты. Бұл елімізде бұрын-соңды болмаған бірегей кәсіпорын. Мұнда 100 пайыз отандық кремний негізінде күн батареялары шығарылады. Жоба еліміздің баламалы қуат көздерін дамытуға айтарлықтай серпін бермек.
Қазақстанда жасалатын аталмыш жаңа өнім, жай ғана өндіріс емес, инновациялық өрлеу. Сондықтан елордадағы фотоэлектрлі модульдер шығаратын жаңа зауыттың болашағы зор. Бұл еліміздің баламалы энергия көздерін өндіруге бағытталған ең ірі қадамы. Сондықтан Елбасы кәсіпорынға арнайы келіп, зауытты іске қосып беруінің өзі тарихи оқиға. Мемлекет Басшысы жаңа мекеменің мүмкіндіктерін байқап, ұжым жұмысшыларымен жүздесті. Бұл елімізде бұрын-соңды болмаған Қазақстанды айтпағанда, ТМД аймағындағы күн батареясын шығаратын ең бірінші кәсіпорын.
– Бұл кәсіпорын 100 пайыз отандық кремний негізінде күн батареяларын шығаратын болады, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. – Мұнда инновациялық ғылыми теорияны меңгерген білімді жас мамандар жұмыс істеуде. Мұнда көмір мен газдың исі жоқ, бірақ энергия қуатын береді. Бәріңіз білесіздер, Алматы облысы Үштөбе қаласында кварцтік құмнан металлургиялық кремний шығаратын зауыт ашылған болатын. Мамандар оның сапасын өте жоғары бағалап отыр. Енді Өскеменде фотоэлектрлік торлар өндіретін зауыт салынып жатыр. Біріктірілген өнеркәсіптік желінің қорытынды технологиялық буыны Астанада тұрақтады. Үш кәсіпорын тұтас бір кластерге айналып, Орта Азия өңірінде өз саласының көшін бастамақ. Фотоэлектрлі пластинаның жобалық қуаты 50 Мвт-қа тең, ал келешекте оны 100 Мвт-қа жеткізу жоспарда бар. Ең бастысы, бұл өнімдерді кәсіпорындармен қатар, қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігіне де пайдалануға болады.
Бұл жоба Президенттің 2010 жылғы Францияға ресми сапарының нәтижесі бойынша жүзеге асып жатыр. «Қазатомпром» компаниясы мен Францияның Атом энергетика және баламалы энергия көздері комиссариатымен бірлескен жобасы. Жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайды. Зауытты іске қосу рәсіміне мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың басшылары және француздық іскер топтардың өкілдері мен серіктестер қатысты. Әрине, жаңартылған энергия көздері жақын арада мұнай мен газды алмастырмаса да, келешекке оның ауадай қажеттігін айтты Елбасы.
Күн батареясының ауылшаруашылығы үшін маңызы өте зор.
Енді бұдан былай тоқ жоқ жерлерде осы фотопанельдер өте көп пайдаланылады. Мысалы, метеостанциялар, балықшылар, алыс жайлауларда мал бағатын малшылар күн батареясының үшеуін қондырса екі жанұяны
65
толық электрмен қамтиды. Мәселен, жерастынан су шығаруға болады.
Жоғары білімді электрик-инженер Арман Сәбденов аталмыш зауытта жұмыс істеп жүргеніне екі айдан асыпты. Ол бізге өз пікірін былайша білдірді: «Қазір әлемнің дамыған елдерінің барлығы экологиялық таза баламалы энергия көздерін тұтынады. Мәселен, Германия жұрты 25 пайыз жаңартылған энергия пайдаланады екен. Әзірге, Қазақстанның бұл саладағы көрсеткіштері көңіл көншітерлік емес, 0,5 пайыз ғана. 2020 жылға қарай оны 3 пайызға дейін көтеру қарастырылып отыр».
Қазір кәсіпорында 175 маман жұмыс атқарып жүр. Олардың біразы күні кеше Еуропаға барып өндірістік тәжірибе жинап келді. Енді жаңа технологиялардың бел ортасында жүрген олар кәсіпорынның алға басуына барын да, нарын да салмақ. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ұжыммен естелік суретке түсіп, Қазақстанда шығарылған ең бірінші күн тақтайшасына өз қолтаңбасын қалдырды.
Зауыт құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Францияның Атом энергетикасы және балама энергия көздері бойынша комиссариаты (Commissariat à l’énergie atomique et aux energies alternatives, CEA) бастаған консорциум бірлесе атқаратын кең ауқымды жобаның бір тармағы болып табылады. Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасында күн энергетикасы технологиясын дамытып, толықтай интеграцияланған жаңармалы энергия көздерін шығаратын өндіріс желісін құру. Елбасының шикізаттық емес секторға инвестиция тарту туралы бастамасына қолдау көрсету.
Аталмыш жоба құрылысы Елбасының 2010 жылдың қазан айында Францияға іссапары барысында қол қойған Қазақстан мен Франция арасындағы индустриялды-инновациялық әріптестік бойынша стратегиялық келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылуда. Зауыт қауіпсіздік техникасы мен экологиялық норма жоғары стандарттарына жауап беретін заманауи автоматтандырылған құралдармен жабдықталған. Кәсіпорында шығарылатын фотоэлектрикалық пластиналардың жобалық қуаттылығын алдағы уақытта 100 Мвт-қа дейін арттыру көзделген.
Болашақ өндіріс KazPV қазақстандық кремний шикізаты негізінде жұмыс істемек, ол элемент Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) күн сапасына дейін тазартылып, өңделеді.
Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» «күн» жобасының аясында Францияның Атом энергетикасы және балама энергия көздері бойынша комиссариатымен бірлесіп Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталығын құрмақ. Оның мақсаты инновациялық техникалық және технологиялық шешімдер – ноу-хау заманауи базасын қалыптастырып, толықтыру. Бұл жобаның жалпы құны 34 миллиард теңге.
//Дала мен Қала.-2013.-7 қаңтар.-2б.
66
Тимур КАСЫМОВ, Игорь ТИТЕНОК
УМСТВЕННЫЕ ИНВЕСТИЦИИ
Тема популяризации, а отчасти и проталкивания в практи-
ку научно-технических разработок местных ученых давно просилась на страницы нашей газеты, но все как-то не складывались в единый вектор устремления ученых и журналистов. Мы предложили ректору Кызылординского государственного университета имени Коркыта-ата, доктору технических наук Кылышбаю Бисенову обсудить, что можем в этом плане сделать и какие темы научно-исследовательских работ ученых университета могут заинтересовать наших читателей. Наше предложение сразу было принято, и было назначено время встречи. Отправляясь на нее, немного поразмышляли о таком парадоксе современной жизни. Да, мы все сведущи (по крайней мере, так считаем) в политике, знаем артистов и певцов, разбираемся в прочих искусствах, убеждены в своих верованиях и суевериях, но меньше всего большинство из нас знает про науки, современную (не бытовую) технику, технологии, а ведь именно их развитие обеспечивает наш нынешний и будущий уровень жизни. Посмотрите на витрины газетно-журнальных киосков – практически нет научно-популярных журналов, загляните в журналы выданных книг в библиотеках – сиротский список читателей, бравших научно-техническую литературу, то же самое и на сайтах этого профиля в Интернете, на казахстанских каналах ТВ (как, впрочем, и на российских, которые многие из нас смотрят) научно-популярные передачи только гуманитарного профиля, а научно-технические каналы, по-настоящему интересные для многих, – это продукт европейский или американский. Справедливости ради надо сказать, что буквально в последние год – два ситуация в Казахстане стала меняться к лучшему, но очень медленно. По уровню популяризации естественных наук нам предстоит сделать колоссально много, чтобы и по этому показателю оказаться в числе самых развитых стран мира. Именно этому будет служить подготовка и проведение ЭКСПО-2017 в Астане. Наш Президент с этой целью и добивался, чтобы научно-просветительская выставка первого ранга в мире прошла в Казахстане. Она, безусловно, послужит узнаваемости Казахстана во всех уголках планеты, даст толчок новой волне инвестиций в индустриально-инновационную сферу нашей экономики, но все-таки главный бонус, который мы должны получить от этого события, – это общенародный поворот ума в необходимую нам сторону. Именно этого ждут и все делают для это-
го ученые по всей стране. Немало светлых голов, предлагающих свои умственные инвестиции Казахстану, и в Кызылорде. Причем их оказалось много больше, чем мы ожидали. Идя в университет, мы предполагали, что у нас состоится беседа у ректора, так сказать, в узкому кругу, но были удивлены и даже несколько озадачены, когда гостеприимный хозяин повел
67
нас фактически на заседание научно-технического совета, где собрались ученые вуза, разрабатывающие научные проекты, скажем так, в негуманитарной сфере. В конференц-зале нас встретили около пятидесяти человек – сплошь доктора и кандидаты наук. Вот тут стало понятно, что тема популяризации научно-технических разработок наших ученых, привлечение интереса к науке – тема для всех собравшихся долгожданная. Каждый из тех, кто был в этом зале, не только исследователь, но преподаватель и со своей кафедры со всем старанием и талантом увлекает умы студентов в науку, вместе с тем понимая, что работу эту надо вести более широким фронтом, и потому с интересом и готовностью откликнулись на нашу инициативу.
Открывая научно-технический совет с газетчиками, ректор сказал, что проведение ЭКСПО-2017 в Астане ученые восприняли как возможность сделать гигантский скачок казахстанской науки, превратить ее из Золушки в Принца. За последние годы благодаря усилиям Главы государства (добавим без всякого лукавства, и таким членам Парламента, как Кылышбай Бисенов) науке в стране стали уделять внимания намного больше, и главное это подкреплено финансированием, законодательными актами, открывающими новые горизонты для казахстанских исследователей. На встрече стало понятно и то, что за каждым здесь присутствующим видится большая и, может быть, не одна публикация в нашей газете (скорее всего, к этому подключатся и наши партнеры по «Сыр медиа» – коллеги из «Сыр бойы»), поэтому на первый раз мы ограничимся лишь несколькими штрихами далеко не по всем научным разработкам, которые ведутся в КГУ. Доктор технических наук, профессор Ляззат Аруова занимается проектом «Разработка и практическое применение комбинированной энергосберегающей и экологически чистой технологии производства различных видов бетонных изделий и конструкций с использованием солнечной энергии». Эта работа выполнялась не только в лабораторных условиях, но и на полигоне крупнейшего в регионе производителя железобетона АО «Курылыс» (один из авторов на днях встречался с президентом АО «Курылыс» Султанбеком Махановым, и он подтвердил готовность предприятия продолжить сотрудничество с учеными КГУ и доведения этого проекта до эффективного практического применения). В научном направлении «Новые строительные материалы и изделия, технология и организация строительства» работают два доктора технических наук – Кылышбай Бисенов и Сакен Удербаев. Они уже давно вышли на практические результаты по очень важным для нашего региона темам. Их разработки, если так можно выразиться, убивают сразу двух зайцев: дают технологии производства новых строительных материалов и решают проблемы утилизации промышленных и сельскохозяйственных отходов. Первая тема – это разработка технологии переработки – активации инертного барханного песка и зол Кызылординской ТЭЦ для создания материалов с заданными свойствами. Пользуясь случаем, задали вопрос: что будет с этим
68
проектом, если планируемая новая ТЭЦ в Кызылорде будет работать на газе и тогда не будет сырья для новых строительных материалов? Сакен Удербаев «успокоил», сообщив, что в золоотвале ТЭЦ «хранится» более двух с половиной миллионов тонн золы, а барханные пески практически неисчерпаемы, так что без сырья производство, которое возьмет на вооружение эти технологии, не останется. Еще один проект двух докторов технических наук – производство композиционного материала – арболита на основе органического заполнителя – отходов рисового производства. Эта работа готова к внедрению в производство, но ученые продолжают улучшать технические характеристики композиционного материала, одновременно совершенствуя технологию его производства. Среди проектов, которые разрабатывают ученые КГУ, есть такие, одно название которых требует предварительной подготовки для их понимания. Это, например, проект кандидата технических наук Нурлыбека Аппазова в области органической химии под названием «Новые полифункциональные фосфорорганические соединения на основе кетонов гетероциклического ряда, поиск биологических активных веществ». Автор сделал пояснения для присутствующих журналистов, но химию они так и не вспомнили. Только когда был назван результат этой работы – создано новое синтетическое моющее средство, стало чуть-чуть понятно, чем занимается ученый. Впрочем, он пообещал, что когда мы вернемся к его проекту, в подробностях обрисует популярно всю привлекательность «кетонов гетероциклического ряда». Хотя на этой встрече ученые представля-
ли свой проект буквально парой фраз, удалось узнать много любопытного, получить ответы на, казалось бы, абсолютно детские вопросы. Ну, например, почему у верблюдов не бывает атеросклероза? Оказывается, потому, что они едят верблюжью колючку – жантак. Кандидат технических наук Роза Нарманова, занимаясь химическими технологиями, разрабатывает тему «Перспективы применения экстрактов лекарственного растения верблюжьей колючки в профилактике и лечении начальной формы атеросклероза». Надо сказать, что в наших краях давно используют отвар этого растения в народной медицине, и многим он помогает. Полученный учеными спиртовый экстракт резко увеличил целебные свойства растения, убрав нежелательные побочные эффекты. Если получится запустить в производство такой препарат, то за ним последуют и другие. Наша степь неисчерпаема на растения, которые способны нас лечить. Лаборатория-огород уже несколько лет успешно нарабатывает технологии эффективного выращивания овощей в тепличных условиях без грунта или по-научному – на беспочвенных субстратах. Такие технологии в мире уже давно известны, но прямому копированию они не поддаются – в каждом конкретном случае нужна адаптация под местные условия. Этим и занимается научный сотрудник Галина Дямуршаева. Работы этой лаборатории-теплицы признаны среди коллег, но, увы, широко не внедряются в поточное производство, хотя
69
ученые готовы к сотрудничеству с владельцами промышленных теплиц. Думаем, в этом плане можно рассчитывать на то, что местные безгрунтовые технологии заинтересуют тех, кто собирается строить в регионе многогектарные теплицы. Такая программа есть у председателя-учредителя производственного кооператива «ЖанРосс XXI гасыр» Бакытжана Косжанова. Строительство тепличного комплекса на западной окраине Кызылорды уже идет. Когда мы писали этот материал, связались с Бакытжаном, и идея сотрудничества с местными учеными его вначале удивила в том плане, что в КГУ есть серьезные наработки по так горячо любимым им беспочвенным технологиям, а в конце короткой беседы он заверил, что сотрудничество обязательно будет. Вставка про местных предпринимателей в нашей публикации не случайна – мы еще до начала нашей совместной с учеными КГУ популяризаторской работы навскидку протестировали на интерес нескольких предпринимателей, на наш взгляд, имеющих хоть какое-то отношение к работам наших ученых, и убедились, что они готовы к сотрудничеству с ними. Для этого им, как минимум, надо знать, чем же занимаются исследователи КГУ. Думаем, сделать это – в наших силах.
|
//Кызылординские вести.-2013.- 12 января.- С.5
70
Айсәуле САҒАТБЕКҚЫЗЫ
ЭКСПО ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЕКПІНІ ҚАТТЫ
Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев БАҚ өкілдерін апта ішінде орын алатын маңызды іс-шаралар барысымен таныстырды.
Ресми өкілдің мәлімдеуінше, қаңтардың 18-іне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен және халықаралық ұйым өкілдіктері жетекшілерімен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі жоспарлануда.
Брифинг барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізудегі дайындықты қарастыратын Үкімет отырысын өткізетіндігі мәлім болды. Қаңтардың 15-17 күндері Астанаға Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес келеді деп күтілуде. Бас хатшыны Елордада Мемлекет басшысы қабылдайды. Сонымен қатар, елімізге жасаған сапары барысында құрметті мейман Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетовпен, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен, сондай-ақ Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездеседі.
Алтай Әбибуллаевтың айтуынша, Үкімет басшысының қатысуымен тағы бірқатар отырыстар болады. Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен ғарыш саласындағы даму мәселелері талқыланады. Тағы бір маңызды отырыс еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне арналады. Сондай-ақ, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылып, қызмет көрсету мәселелеріне қатысты арнайы отырыс өткізілетінін жеткізді. Мемлекетіміздің мамандандырылған ХҚКО жүйесін кеңейту және әрі қарай жетілдіріп, дамытудың маңызы зор.
Бүгін Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады. Аталған байқау оқытушылардың кәсіби тұрғыда білімін одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Сонымен бірге, ресми өкілдің мәлімдеуінше, мемлекеттік мекемелердің өзара бәсекелестік қызметін қамтамасыз ету мақсатында республиканың барлық өңірінде ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің арнайы сайты өз жұмысын бастайды. Ол маңызды іс-шаралар барысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Тағы бір айта кетерлігі, апта ішінде өтетін маңызды шараларға байланысты ұсыныс-пікірлерді электронды пошта арқылы жолдауға болады. Жалпы, бұл апта ішінде 25-тен астам әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-мәдени шара өткізіледі деп жоспарлануда.
//Сыр бойы.-2013.-15 қаңтар .-1б.
71
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҒЫЛЫМИ - ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА
АНЫҚТАМА - БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ
және ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ
БАСПАСӨЗ ТІЗІМДЕРІ
(газет-журналдар)
Қызылорда 2013
Анықтамалық-библиографиялық және әдістемелік бөлім
Құрастырған: Доспаева Р.Т.
Достарыңызбен бөлісу: |