Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы



бет2/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
#125495
1   2   3   4   5   6   7   8

Қуат БАЙМЫРЗАЕВ,Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор.

Болашақ ұстаздың тұлғасы

білім ордасында қалыптасады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру мен ғылымға да айрықша көңіл бөліп, алда атқарылар жұмыстарды жүйелеп берді. Елбасы айтты, ал оны жастарға жеткізу, елді үлкен мақсаттан туған істерге бағыттауға үлес қосу ортақ шаруа болмақ.

Елбасының елімізде білім беру саласын дамыту туралы көтерген мәселелері мен берген тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстарына орай педагогика институттарына жүктелер шаруа аз емес. Себебі, білім бұлағы – мектеп үшін білікті мұғалімдер мен мамандарды негізінен педагогика институты даярлайды. Тәрбие негізі қаланатын мектепке дейінгі мекемелерді мамандармен педагогика институттары толық қамтамасыз етеді. Біздің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында студенттерге білім беру сапасын барынша арттыру ісіне шетелдік оқу орындарымен жүргізіп отырған ықпалдастық жұмыстары өз көмегін тигізуде.Қазақта «үйрен, үйрен де жирен» деген ұғым бар. Министрліктің Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ережесіне сай дүниежүзінің жиырмаға жуық жоғары оқу орындарымен іскерлік байланыс орнатып отырмыз. Ресей мен Францияның, Канада, АҚШ пен Түркияның жоғары оқу орындарымен байланыс нығайып келеді. Олардың бірінен біз болашақ ұстаз дайындаудың жаңа технологиясын алсақ, енді бірінен өз шәкірттеріміздің жұмысын дұрыс бағалаудың тәсілдерін үйренеміз. Алты жылдан бері институтта Француз мәдени орталығы жұмыс істейді. Осы орталық арқылы білім ордасына француздың тіл мамандары, суретші, композиторлары секілді өнер адамдары жиі келеді. Бұл студенттердің ой-өрісін, білім көкжиегін кеңейте түседі. Француз тіліне маманданып жүрген сту-денттерге тілдік ортада болуы үшін жазғы каникулын Францияда өткізуге мүмкіндік жасалады. Француздармен біздің ғылыми байланысымызды нығайтуға Францияның Қазақстандағы елшісі Жан Шарль Бертонэ мырза оң ықпал етуде. 2012 жыл-дың 30 наурызында Франция елшісі біздің институтымызда болып, студенттермен, ұстаздар ұжымымен кездесу өткізді. Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары мен ғалымдары да тілдік ортамен тығыз байланыста жұмыс істеуге мән береді. Төрт жылдан бері АҚШ-тағы Бейбітшілік корпусының волонтерлерімен бірге жүргізген жұмыстардың нәтижесі айтарлықтай.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында уақыт талабының ерекше екендігін ескертті. Әлемдегі алдыңғы қатарлы лекке ілесу үшін жалпы білім алып қана қою аздық етеді. Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», деп атап көрсетті. Қазіргі заман талабының бірі – жас ұрпақтың барынша көп тіл білуі. Тілдерді мең-герген сайын өмірдің қай саласында болса да жас буынның өрісі кеңейеді.



9

Президент сол үшін де үш тұғырлы тілді міндеттеп отыр. Бұл күнде балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер тақпақты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мүдірмей жатқа айтады. Қай тілде білім беретін мектеп болса да үш тіл қатар жүргізіледі. Өзге ұлт өкілдерінің балалары мемлекеттік тілді меңгеруге тырысады, оның сыртында барлық оқушылардың ағылшын тілін меңгеруге деген ықыласы да күшті.

Студенттердің білімі мен ой-өрісін дамыту, іс-тәжірибесін молайтуға арналған шаралар педагогика, денешынықтыру және спорт кафедралар ында да кең көлемде қолға алынған. Бұл салада олар Ресейдің мемлекеттік гуманитарлық университеті, Ресейдің Білім академиясы Урал бөлімшесінің ғылыми білім беру орталығымен бірлесе жұмыс істеуде. Білікті, жан-жақты дамыған, жас ұрпаққа білім беру ісіне бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарай алатын мамандар дайындау еліміздің даму талабы болып отыр. Студенттердің оқу бағдарламасымен шектелмей, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейімделуі болашақ маманды дамытып қана қоймай, оның кәсіби білігін көтеруде жақсы тәжірибе болып табылады. Осы бағытта биология ғылымдарының докторы Татьяна Брагинаның бастамасымен Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының базасында Қазақстанның солтүстік өңірінің биологиялық саналуандығын зерттеу, Ресей Ғылым академиясы Урал бөлімшесі, сондай-ақ, осы академияның Урал ботаникалық бағымен бірлесе отырып, Қостанай мемлекетттік педагогикалық институты ғалымдары мен студенттері жинаған гербарийін әлемдік тізімге енгізу жөнінде жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде.Ағылшын тілі кафедрасының ұжымы Ресейдің Нижневартов мемлекеттік гуманитарлық университетімен бірлесіп, «Инновациядан күнде-лікті тәжірибеге» атты жобаны жүзеге асыруда. Бұл жоба бойынша біздің ғалымдар мен студенттер шет тілін оқытудың инновациялық технологиясын Қостанай қаласы мен Қостанай ауданында тіл үйренудің тәжірибесіне кеңінен енгізуді бастады. Ал педагогика кафедрасында «Шексіз үйрену» қазіргі заманғы педагогика орталығымен (Канада), Ресейдің Новосибирь, Челябі, Омбы мемлекеттік педагогикалық, Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық университеттерімен бірлесіп, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі өзекті жобаларды жүзеге асырады. Мұның барлығына да студенттер белсене қатысады. Біздің бүгінгі студенттеріміз – ертеңгі білікті мұғалімдер. Қазір мектептердің барлығы да компьютерлендірілген, интерактивті тақта да екінің бірінен табылады. Білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы нығайған. Бірақ кемеңгер ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «мектептің жүрегі – мұғалім». Мұғалім біліктілігін, оның балаға берер білімі мен жылуын ешқандай да компьютер алмастыра алмайды. Оның үстіне қазір ауылшаруашылығындағы өзгерістерге, ішкі көші-қон қозғалысына байланысты ауылдағы мектептерде бала саны азайып кетті. Қостанай облысында шағын жинақты мектептердің саны 451, яғни барлық жалпы білім беретін мекемелердің 77,5 пайызын құрап отыр. Мұның өзі мұғалімдерге өз мамандығының сыртында тағы бір мамандықты меңгеруге, үш тұғырлы тіл межесінен шыға білуге мәжбүр етеді. Жалпы, ауыл мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, олардың қызметтен қол үзбей жүріп білім алуды сырттай оқу бөлімінде жалғастыруын қамтамасыз ету үшін біздің институтта «Е-learning» электрондық оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында on-line

10

режімінде әртүрлі пәндер бойынша бейне конференциялар, әдістемелік семинарлар өткізіледі. 2012 жылдың 1 қыркүйегінен сырттай оқыту бөлімінде қашықтықтан оқыту технологиялары енгізіліп, «Қашықтықтан оқыту орталығы» құрылды, электронды журнал, институттың ақпараттық порталы белсенді жұмыс істейді.



Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында «Оқу-тәрбие үдерісінің тарихи білім сынды маңызды ісі жеке тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуы міндеттерін шешуге атымен бейімделмегендігін» атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге, «оқушыларға қазірдің өзінде қажетті инновациялық курстар жоқ. Мысалы, өте көкейкесті болып табылатын «Қазақстан құқығы» (оның болмауы жастардың құқықтық нигилизмі мен сауатсыздығына соқтырады), «Өлкетану» (туған жерге махаббат отаншылдықтың негізі ғой), жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды «Акмеология» сияқты пәндер қайда?» деген еді. Аталған тапсырмаларға сәйкес, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жеке тұлғаның дамуы аспектілерінің ерекшеліктерін айқындауға арналған «Акмеология және өзін өзі жетілдіру» курсы жүргізіледі. «Тарих» мамандығы бойынша білім алатын 1 курс студенттері үшін «Қостанай облысының тарихы», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары үшін «Қазақстан Республикасының құқығы» атты элективті курстар енгізілді.

Жаңа стратегияда жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыдан бекіту тапсырылып отыр. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 2010 жылғы мемлекеттік стандарттарға сәйкес студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуі көзделген. 1 және 2 курс студенттері оқу мекемелерінің әр-түрлі нысандарында (балабақша, балалар шығармашылығы, коррекциялық мектептерде, «Қостанай дарыны» орталығында, «Ровесник» педагогикалық отрядында, қосымша білім беру орталықтарында, жалпы білім беретін барлық мектептерде, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде) оқу-тәрбие үдерісімен танысу, сынып жетекшісінің жұмысына ену, жеке адаммен, ұжыммен психологиялық жұмыс жасауға дайындау, психологиялық диагностика, психологиялық мінездеме жасауға дағдылар қалыптас тырылады.Әрі қарай 3 және 4 курс студенттері өндірістік тәжірибе барысында, яғни мектептерде тәжірибе жүзінде жетекші басшылығымен жеке өзі сабақ бере бастайды, яғни дайын мұғалім болып шығуға барлық жағдайлар қарастырылған. Өндірістік тәжірибе бағасы студенттің оқу үлгерімі туралы құжаттарға енгізіледі.Ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің: «Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі бар. Бабамыздың ешқашан өзектілігін жоймайтын бұл қанатты сөзі білім ордаларының алдымен адам, сосын маман даярлау міндетін бүгінгі күні де еселей түседі. Өз мамандығын игеріп, мектепке баратын болашақ ұстаздар, халқымыз айтқандай, сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек. Ұстаз қазіргі заманғы толқыны күшті ақпараттардан хабардар болуымен қатар, ол өнерден де, спорттан да құралақан емес, жан-жақты болғанда ғана оқушы алдындағы тұлғасы биіктей түседі. Сонда ғана алдында мөлдіреп отырған баланы білімге, өмірге ынталан-дыра алады. Бұл орайда Қостанай педагогика институтындағы ақпараттық-танымдық «Көкжиек», «Саяхат» өлкетану, «Балауса» поэзиялық, «Парасат» дебаттық, КВН, «Әдебиет мүйісі» сияқты үйірмелерін айтсам да жеткілікті. Спортқа кеңінен орын берілген.

Дамуы әлемдік деңгейде мойындалған кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы. Елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін адам, ал әлеуметтік жағдайдың да барлығы адам үшін жасалады. Жастар тиянақты білім алғанда ғана Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму ырғағының іргетасы берік болады және өзімізді ұлт ретінде бекіте түсеміз.

//Егемен Қазақстан.-2013.-17қаңтар.-2б.

11
Габит ТУЯКБАЕВ, президент общественного фонда «Руханиятты колдау», кандидат филологических наук, доцент
РАЗВИВАТЬ ЧУВСТВО ХОЗЯИНА СВОЕЙ ЗЕМЛИ
– Читая Послание народу Казахстана Главы государства Нурсултана Назарбаева «Стратегия «Казахстан-2050», в первую очередь поражаешься тем достижениям, которых нашей стране удалось добиться за небольшой промежуток времени. Экономика, социальная сфера, здравоохранение, образование…

Эти сферы шагнули далеко вперед, и то, что раньше казалось мечтой – современные оборудование и аппаратура, новые операции, компьютерные технологии и многое другое, – для нас сегодня считается нормой.

– Меня как филолога особо заинтересовал в Послании момент, где говорится о развитии нового казахстанского патриотизма. В документе верно отмечено, что без уверенности в будущем нельзя построить полноценное государство. Жизненно важно, чтобы цели государства и гражданина совпадали по всем основным направлениям. Надо воспитывать в себе и наших детях новый казахстанский патриотизм. Это, прежде всего, гордость за страну и ее достижения. На мой взгляд, это уже есть у нас, а потому, как отметил Глава государства на новом этапе состоявшегося государства такого понимания уже недостаточно. К 2050 году нам надо построить такую политическую систему, при которой каждый гражданин Казахстана должен быть твердо уверен в завтрашнем дне, в своем будущем. Наши дети и внуки должны предпочесть жизнь на родине. Каждый казахстанец должен обрести чувство хозяина на своей земле.

//Кызылординские Вести.-2013.-17января.-С.1


12
Айтжан ОРАЗБАҚОВ, тарих ғылымдарының кандидаты
ТАТУЛЫҚ – ТІРЕГІМІЗ

Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діндер және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр» делініп, бұлардың ел жас-тарына кері әсер тигізіп отырғаны айқын айтылған. Бүгінде кейбір дәстүрлі емес дін өкілдері өздерінің арам пиғылдарын ойлап, жастарды теріс бағытқа тартуға тырысуда. Интернет пен жаңа технологиялар дамып, мәліметтер қардай жауған заманда жастардың бір бөлігі сырттан сырты бүркемеленіп келген жалған мәліметтерге сеніп қалып отыр. Сондықтан жастарға діни сауат беру үшін алда көп жұмыс жасау қажет. Бұл орайда Президенттің «Жастар қабылдағанының барлығын ішкі сүзгісінен өткізіп отыруы керек» деп міндеттеуінің мәні зор. Жастарға радикализмді, терроризмді, экстремизмді насихаттайтын сыртқы күштердің ықпалын азайту үшін мемлекет тарапынан бірқатар ірі қимылдар жүргізілуде. Онын бастысы, 2011 жылы қабылдаған «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы. Бұл заңнын аясында, Қазақстандағы діни бірлестіктер мен діни конфессиялардың құжаттарына, ҚР осы заңына сәйкес өзгертулер енгізіп, қайта тіркеуден өту міндеттелді. Діни бірлестіктерді қайта тіркеуен өткізу шарасы уақытылы жасалған дұрыс қадам болды. Діни бірлестіктердің саны мен ұстанатын діні туралы жаңа деректер алынды. Елімізде қайта тіркеу жұмысы басталғанға дейін тіркеуде болған 4551 діни бірлестіктің қайта тіркеуден кейін 3088-і ғана қалды. Бұлардың азаюы мүшесі аз діни топтардың таратылуымен және іс жүзінде жұмыс жүргізбеген діни бірлестіктердің қайта тіркеуден өтпеуімен байланысты. Олардың қатарында аты да, заты да беймәлім «Христово братство» (Христадельфиане), «Соңғы өсиет шіркеуі» (Виссариондықтар), «Альжан – Дом спасения», «Христиан ғылым шіркеуі» діни бірлестіктері және өзгелері бар. Бұрын қызмет атқарған діни бірлестіктердің кейбірі өз құрылтай құжаттарына дінтану сарап-тамасының теріс қорытындысын алды, олар Саентология шіркеуі, Бірігу шіркеуі (муниттер), Ахмадия жамағаты, «Рухани жол» және басқалар. Бұл дәстүрлі емес діни секталарға берілген қатты соққы болды. Алайда бұл бағытта әлі де көп жұмыс бар. Елбасы осы мәселеге тоқталып, «Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көтерулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс» және Қазақстанда да дәстүрлі емес діндер бағытындағы жұмыс жүргізіп жатқан күштердің жұмысын мүлдем тоқтату мақсатында, заңдарымызды жетілдіру керек» деді. Шындығында қандай қоғам болмасын, бір қабылдаған заңымен өмір бақи жүрмейді. Уақыт ол заңның баптары мен тармақтарын өзгертуді талап етеді. Сондықтан Елбасы да дін мәселесіндегі заңдарды қаперде ұстап отыру керектігін ескертеді.Қоғамда қандай қозғалыс, қобалжу болмасын, оның басында жастар жүреді. Сондықтан жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, діни сауатын көтеру, Президент сөзімен айтқанда, «Діни иммунитетін күшейту» - Қазақстан Республикасының тұғырын биіктетумен бірдей.

Қазіргі таңда Қазақстанда 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұрады. Осы этностардың және конфессиялардың өкілдері тату-тәтті тұрса, ел аман, жұрт тыныш болмақ.

//Сыр бойы.-2013.-19қаңтар.-10б.

13

Жамбыл АЙМЕНОВ,М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бірінші проректоры.
Жоғары мектеп үлкен бәсекелестікке қабілетті болуы тиіс

Жақында ғана барша отандастарымыздың назарын аударған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы ел тарихында жаңа дәуірді бастап беріп отыр. Қашанда саяси маңызын жоймайтын Жолдаулар ертеңгі ел болашағының кепілі деп білемін. Мен үшін бұл Жолдау маңызды тарихи құжат болып табылады. Еліміздің тәуелсіздік алып, дамудың даңғыл жолына түскен күнінен бастап, Елбасымыз мемлекеттің стратегиялық дамуының кезеңдерін, жалпы Қазақстан халқын өмірдің барлық саласында нақты жетістіктерге, әлауқатымызды тұрақты жақсартып отыруға баса назар аударды. Осы салиқалы саясаттың арқасында әлем халқы бүгінгі Қазақстанның келбетін геосаяси маңызы зор ел ретінде таниды. Мемлекеттің жетістіктері мен оң бастамаларын әлемдік қоғамдастықтың қолдап, әлемдік саяси аренада үлкен абыройға ие болғанын мақтан тұтамын. Жолдаудың алуан ауқымды бағыттары еліміздің экономикалық қуаты мен мерейін асыруға талайлы міндет-мақсат-тарды қойды. Солардың бірі – әлеуеті іргелі елді қалау. Халықтың әлеуетін көтеруге барынша көңіл бөлініп, үдемелі индустрияландыру бағдарламасы қабылданды. Жаңа инвестициялық жобалар іске асырылып, көптеген жұмыс орындары ашылды. Бүгінде біздің табысымыз орташа деңгейдегі әрі серпінді дамитын экономикасы бар елдердің қатарындамыз. Әлеуетімізді көтеру Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру арқылы жүзеге асады. Елбасы 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің санатына қосылып, өзіндік жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісін ұсынды.

Жолдаудағы тағы бір маңызды мәселе – білім саласының жай-күйі кеңінен сараланған. Білімді жоғары сапаға көтеру, міндетті мектепалды даярлықты енгізіп, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру, мектептер мен балабақшалар салу арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру, әлемдік деңгейдегі мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін одан әрі дамыту, жоғары білім алуға берілетін гранттардың санын 182 пайызға ұлғайтып, оқыған талантты жастардың қатарын көбейту. Енді орындалуы міндетті басымдықтар болуы тиіс. Біздің сауаттылығы жоғары елге айналуымыздың кепілі – жастарымыздың озық әрі заманауи білім үлгілерін меңгеріп бәсекеге қабілетті болуы. Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білімді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету тапсырылды. Оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін жаңғыртып, өңірлік мектеп орталықтарын құрып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамытудың керектігі айтылды. Мәселен, қашық-тықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды дұрыс жолға қойып, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді, құралдарды қарқынды енгізуіміз керек. Ал мемлекет осылардың бәріне жағдай жасайтын болады. Соңғы жылдары еліміздің жоғары білім беру саласында орын алған кең ауқымды реформалар халықаралық білім беру кеңістігінде басты екі мәселе – сапа және интеграция векторына бөлінді. Болон принциптерін жүзеге асыру бағыты отандық жоғары мектеп шеңберін түбегейлі түрде өзгертті. Оған қосымша ғылымды жаңаша басқару және инновация ісін ынталандыру шаралары енгізіліп, қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңа сипаты қалыптасып үлгерді. Кеңес дәуіріндегі көршілес елдердің мойындағанындай,

14

Қазақстан білім беру саласын жаңғыртуда біріншілердің қатарында келеді. Сонымен бірге, отандық жоғары оқу орындарына аумақтық және ауқымды бәсекелестікке қабілетті болуға қол жеткізумен қатар, жаңа білім берудің мәселелерін академиялық ортада ғана емес, сондай-ақ экономиканың нақты секторында шешу қажеттілігі туындауда.



Әлемдік өндірістің қарқынды дамуы жаңа дәуірдегі білім мен ғылымның сипатын таңғаларлықтай жағдайға өзгертіп жіберді. Айталық, өнеркәсіптің өркендеуі кезеңінде негізінен ағарту ісі жүргізілген болса, ХХІ ғасырда жоғары мектептің зерттеушілік құрамының маңызы арта түсті. Әлемдік тренд көрсетіп отырғандай, университеттер ғана ғылыми прогрестің ең басты қатысушысы болуда. Мысалы, патенттеу жөніндегі басты шолудың қорытындысы 2010 жылы жетекші ғылыми бағыттағы патент алудың басты орны корпорациядан ЖОО-ларға және ғылыми орталықтарға көшкенін көрсетті.Әлемдік білім берудің жаңа заманғы үрдістерін есепке алсақ, жоғары білім ошағының бәсекеге қабілеттілігінің басты сапасы ретінде мыналарды атап айтуға болады: оқытушы құрамның жоғары біліктілігі мен берілетін сабақтың сапалылығы; талантты студенттердің жоғары концентрациясы мен шетелдік студенттердің айтарлықтай бөлігі; зерттеудің нақты қорытындылары; қаржыландырудың мемлекеттік және мемлекеттік емес көздерден ұлғайған көлемі; жоғары оқу орындарын басқарудың тиімді жүйесі және білім берудің жеткілікті ресурстармен, жағдайлармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ студенттік өмірді зерттеу жұмысының маңыздылығы.

Білім беру сапасының маңызды мәселесі жоғары мектептің кадрлық әлеуетінің жоғарылығы болып қала бермек. Дәстүрлі «мұғалім-оқушы» байланысының орнын білім берудің жаңа технологиясы мен әдістемесі ешқашанда баса алмайды. Бұл байланыс зерттеу ісінде трансформациялауды басты бағыт етіп ұстанған университеттер үшін аса маңызды. Ал біздің университеттерде мұндай оқытушы-зерттеушілер көп пе? Өкінішке қарай, көптеген жоғары білім орындарының педагогтары сол оқытушылық деңгейінде, артықтау айтсақ, білім берудің трансляторы жағдайында қалып қояды. Егер оқытушының өзі ізденушілікке бармаса, өзін өзі жетілдіруге жұмыс жасамаса, онда мың құбылып тұрған жаңа дәуірге лайық сауатты студент даярлауға қабілеті жете ме? Әрине, жоқ! Осы жағынан алғанда жоғары білім ұяларына сауатты да білікті студенттер даярлай алатын, сондай-ақ ұшқыр ойлы ғылыми бағыттарды жүзеге асыра алатын нақты кадрлық саясат қажет. Жастарға, ұйымдастырушы мамандарға сенім артудан сескенудің қажеті жоқ. Шетелдердің танымал жоғары білім ордаларының жұмыстарының ең маңызды бағытының бірі – талантты, қажет десеңіз, еңбектері танымал педагогтарды іздестіру. Әрине, мұның аймақтардағы жоғары білім ұялары үшін күрделі мәселе екендігі сөзсіз.Бүгінгі таңда Астана мен Алматының ұлттық және ірі жоғары оқу орындары аймақтағы педагог кадрларды кәсіби өсу жағдайын ұсыну арқылы алып келіп жатқан белгілі бір үрдістер байқалады. Бұл мәселенің шешімі облыс әкімдерінің қатысуымен жүзеге асырылатын талантты педагогтарды қолдау жөніндегі арнайы бағдарламаның құрылуынан көрінетін секілді. Мұндай бағдарламаларда кадрлық саясаттан, жергілікті жоғары оқу орындарының мәртебесін көтеруден бастап, колледждер мен жоғары білім ошақтарындағы аса талантты педагогтарды әлеуметтік қолдауға дейінгі



15

аспектілердің бәрін жан-жақты қарастыру керек. Олар биліктің жергілікті органдары тарапынан тұрғын үй беру, құрылыс салу үшін жер бөлу, материалдық және моральдық ынталандыру секілді қолдау танытудың түрлер-інен көрінуі мүмкін. Өкінішке қарай, көп жағдайларда жоғары мектептердің осы мәселелер жөніндегі мүмкіндіктері шектеулі. Білім беру процесінің келесі бір маңызды бөлігіне тоқталар болсақ, Қазақстан егемендігінің алғашқы жыл-дары жастардың жоғары білім алуға ынтасы ауғанмен, кәсіби құзырлылыққа қолы жетпей қалғаны жасырын емес. Десе де, бүгінгі таңда жағдайдың маңызды жағына өзгергенін көріп отырмыз. Жастар еңбек рыногындағы бәсекеде өз біліміне, іс дағдысына және жеңіске деген ұмтылысына ғана сенуге болатынын түсіне бастады. Сондықтан да жоғары оқу орнын таңдауға үлкен мән беру қажет. Оның үстіне, бүгінгі жоғары оқу орындарына оқуға қабылдаудың шекті ұпай көрсеткішін өздерінің белгілеуіне мүмкіндік берілген.Ал бұл мүмкіндікті пайдаланатындар көп пе? Әсіресе, жеке меншік оқу орындарына қатысты алсақ. Білім беру саласында бәсекелестікті құру және сандық оңтайландыруда Білім және ғылым министрлігі жүргізіп отырған бағыт тек сапаның жоғарылауына ғана қатысты емес, білімдегі болашақ трендтерге де сәйкес келеді. Сондықтан да бүкіл әлемде жоғары білімге деген қызығушылықтың артып отырғанын, сондай-ақ әрқайсысының өз елдерінде ең жоғары деңгейде білім алу жағдайын жасауға деген талпынысын назарға алуға тиіспіз.

Осы тұста шетелдік студенттерді елдегі жоғары озық білім беру ошақтарына тарту жағынан алып қарағанда, Қазақстанның білім беру саласында жасап жатқан бренді жеткілікті көрінеді. Мұндағы маңызды іс Назарбаев Университетінің тәжірибелерін жоғары білім беру ортасына тарату болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекет қазақстандық студенттердің академиялық мобильділігін дамыту идеясын жүргізіп келеді. Айталық, шетелдің озық ЖОО-ларына жіберілген жүздеген студенттер мен магистранттар біздің жоғары оқу орындарымыз жайында ақпарат таратушы көзге айналып отыр. Олардың әрқайсысының алдына шетелдегі замандастарын біздің жоғары оқу орын-дарымызға келіп, білімін жалғастыруға деген қызығушылығын тудыру мақсаты қойылады. Және бұл саясаттың өз нәтижесін бере бастағанын айтуымыз керек. Осы орайда студенттерінің 20 пайызынан астамы шетелдік болып келетін жетекші оқу орындары – Колумбия, Стенфорд университеттерін мысалға алуға болады. Шетелдіктердің басқа елде білім алуға деген қызығушылығы жоғары білім ордаларының жоғары сапалылығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге, білім беру саласын елге инвестиция тартудың көзі ретінде қалыптастырады. Жоғары білім ошақтарының міндеті – ғалымға іздену және тәжірибе жұмыстары үшін жақсы жағдай ұсыну арқылы соңғы ақпаратты алу жолдарын да жеңілдету. Соңғы кездері Білім және ғылым министрлігінің жүйелі жұмысының арқасында бұл жұмыс қарқын ала бастады. Университеттерде материалдық-техникалық дамуға көңіл бөлініп, құрал-жабдықтардың соңғы үлгілерін алу үшін айтарлықтай қаржы бөлінеді. Мысалы, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-де 2012 жылдың өзінде тәжірибелік жабдықтарды алу үшін 348 млн. теңге бөлінді. Бұл орайда мемлекет қаржысына алаңдаушылық білдірілмегенін айта кету керек. Ал зерттеу жұмыстарының базасын нығайтуға арналған бюджеттен тыс қаржы оқу орны қаржысының 30

16

пайыздан жоғары бөлігін құрайды. Нәтижесінде университет жанында ірі іс тәжірибелік-экспериментті кешен құрылды. Оның негізі болып табылатын конструкциялық және биохимиялық материалдардың аумақтық сынақ зертханасының айнала-сына өндірістік цехтар және іс-тәжірибе учаскелері шоғырланды. Маңыздылығына қарай бұл кешенді құрылым жоғары білім беру ордасының техникалық орталығына айналды. Онда ғалымдар өз зерттеулері мен сынақ жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ ғылыми жұмыстарының нәтижесін тәжірибелік үлгіге дейін жеткізе алады. Мұндай жағдайдың жасалуы өзге аумақтар мен елдердегі мамандардың да назарын аударуда. Инновация жайындағы ұғым бүгінде жоғары мектеппен тікелей байланысты болып кетті: инновациялық-бағыттаушы жоғары оқу орындары нақтыланып, зерттеу университеттерін қалыптастыру процесі жүргізілуде. Жыл сайын жоғары білім алушылардың ғылыми жобаларына, тіпті оларды коммерцияландыруға айтарлықтай қаржы бөлінеді. Әйтсе де бұл мәселеде нақты қозғалыс болмай тұр.



Жалпы, мәселе жоғары оқу орнындағы ғалымдардың жобалық тақырыптарының нақты бизнес-сектордан кейбір тұста алшақтап кететіндігінде ғана емес, білім ошақтарында нақты коммерциялық нәтижені көре алатын және түрлі пәндер бойынша ғалымдардың басын қосып ұйымдастыратын жобалық менеджерлердің болмағандығында да жатыр. Осы мәселеде жоғары оқу орындарындағы зерттеу және инновациялық жұмыстарға жауапты басшылардың жоғары білім ошақтарының бизнесмендерге не ұсына алатынын көре білетіндей ой-өрісінің кең, коммерциялық ұғымы терең болғаны мақұл.

Әрине, бәрі де қаржы мәселесіне келіп тіреледі. Ал қазіргі кезеңде бизнесмендерді ғылыми идеяға инвестор болуға көндіру – аса күрделі мәселе. Тек бірлесе қаржыландырудың өзі инвестициялық жобаға жеткілікті табыс әкелсе керек. Мұнда біз пайдалы қазбаны пайдаланушылар туралы Қазақстан Республикасының заңы бойынша бизнестің бұл секторының ғылыми зерттеулеріне табыстың 1 пайызы жолданатынын айтып отырмыз.

Мысал үшін 2006 жылдан бастап жеке корпорацияға айналған Сингапур ұлттық университетін алайық. Бұл оқу орны 774 млн. доллар көлемінде жеке капитал тарту арқылы өз қорын құрды. Университеттің көптеген зерттеу жобалары бірлесе қаржыландыру негізінде жүзеге асырылды. Осы айтылған мысалдар университеттің әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.

//Егемен Қазақстан.-2013.-23 қаңтар.-


17



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет