Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет



бет1/5
Дата01.06.2016
өлшемі364 Kb.
#106588
  1   2   3   4   5
Мазмұны
Қазақстандағы жоғары білім, ҒЫЛЫМ және МӘДЕНИЕТ


1

Ж. Мырхалыков,член-корреспондент НАН РК, ректор Южно-Казахстанского государственного университета им. М. Ауэзова,Кадры для индустриализации: Южно-Казахстанского государственного университета им. М. Ауэзова в трансформации инженерного образования. //Казахстанская правда.-2014.- 15 мая.-С.6

3

2

А. Владимирова, По программе Университетской лиги: ректор Академии госуправления при Президенте РК Болатбек Абдрасилов провел встречу с координатором Аналитической ассоциации ОДКБ //Казахстанская правда.-2014.- 15 мая.-С.6

4

3

Ғ. Мұтанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, Келешекке кемел қадам: Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісі бойынша//Егемен Қазақстан.-2014.-17 мамыр.- 5 б.

5

4

М. Жетпісбаев, Барлық кезеңде де қажетті мамандық: М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті туралы//Сыр бойы.- 17 мамыр.- 14 б.

6

5

Р.Шулембаева, Дельный совет для ВУЗа: о внешнем академическом консультационном совете, //Казахстанская правда.-2014.- 20 мая.-С.10

9

6

М.Молдахметов,Қазақстан-Ресей университетінің президенті, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Қазақстан-Ресей универси-теті:ортақ болашақ пен бір мүдделер тоғысының дәнекері//Егемен Қазақстан.-2014.- 20 мамыр.- 5 б.

11

7

Т.Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик, «Верныйды» Алматыға ауыстырған қайраткер//Ана тілі.- 2014.- 15-21 мамыр.- 3б.

14

8

А. Сағынтаева, Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінің директоры: Университет дарынды студенттермен табысты: Назарбаев Университеті Жоғары білім көшбасшысы. //Түркістан .-2014.-22 мамыр.- 4 б.

16

9

Н. Валуйская, Вузы: движение с запада на восток: в рамках VII Астанинского экономического форума (АЭФ) состоялось важное событие – III Форум азиатских университетов «Евразийское разнообразие и роль университетов в устойчивом развитии» //Казахстанская правда.-2014.-23 мая.- С.4

18

10

С.Бексейіт, Білім – баршаға ортақ қазына:Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі А. Ғазалиевпен сұхбат//Егемен Қазақстан.-2014.-27 мамыр.- 3б.

19

11

А.Нурмагамбетов, ректор Актюбинского регионального государственного университета им. К. Жубанова, доктор политических наук, профессор. Укрепляем научные связи:Евразийское сотрудничество – важный фактор повышения качества подготовки кадров//Казахстанская правда.-20014.-29 мая.-С.8

22


Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті


12

«Фараби әлемі» жас ғалымдар жетістігі: студенттердің Халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы//Сыр бойы.-2014.-22 мамыр.- 4б.

24

13

Ә.Үмбет, Б.Бердібаев, Еліне еңбегі елеулі: қоғам қайраткері, белгілі журналист Зейнолла Жарқынбаевтың өмір жолы мен қызметіне арналған танымдық конференциядан. //Сыр бойы.-2014.-27 мамыр.-1-2 б.

25

14

Б.Бердібаев, Жыр кеші сыр-сұхбатқа ұласты: студент-жастар жауһар жырларын оқыды, //Сыр бойы.-2014.-27 мамыр.-4 б.

27

15

Билік бағаны: облыстық «Жас ғалымдар альянсы» Кеңесіне облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты //Ақмешіт апталығы.- 2014.- 28 мамыр.- 1 б.

27



16

Ш.Нұрсейтов,Е.Аққалиұлы, Сайраған бақта бұлбұлдай...:Шайыр Қаңлы Жүсіптің туғанына 140жыл //Сыр бойы.-2014.-29 мамыр.-4 б.

28

17

Н. Дәуренбеков, Жас болсаң, жалындап тұр! Облыстық «Жас ғалымдар альянсы» ҚБ атқарушы директоры Н.Құлмырзаев ғалымдардың білім-ғылым саласындағы жаңалықтары туралы есеп берді //Сыр бойы.-2014.-29 мамыр.-1 б.

29

18

Халық-хабар: «Халықтың» тілшісі топ жарды: «Қауырсын қалам» атты шығармашылық байқау қорытындысы // Халық.-2014.-29 мамыо.-5 б.

30


Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде

19

Б.Кәрібозұлы,профессор, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-і «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры. «Қорқыт жырлары мен қазақ эпостары» арасындағы тарихи-генетикалық байланыс: ғылыми талдау //Сыр бойы.-2014.-24 мамыр.-5-6 б.

31



ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА - 2017


20

Ф.Рахыш, Б.Бекмұратова, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледж оқытушылары, Ұлттық стратегия әзірленуде //Сыр бойы.-2014.-24 мамыр.- 3б.

36

.

Жумахан МЫРХАЛЫКОВ,член-корреспондент НАН РК, ректор Южно-Казахстанского государственного университета им. М. Ауэзова



Кадры для индустриализации

Кардинальные преобразования в производственной сфере на первый план выводят вопрос кадрового обеспечения.

Задача, поставленная Главой государства перед вузами страны, по достижению высокого качества подготовки технических специалистов стала лейтмотивом работы Южно-Казахстанского государственного университета им. М. Ауэзова в трансформации инженерного образования. Техническое направление всегда было визитной карточкой ЮКГУ. Сегодня – это главное преимущество вуза, дающее ему возможность стать основным поставщиком трудовых ресурсов для программы форсированной индустриализации.

Университет находится в самом центре южного региона, призванного стать одной из главных агломераций страны, что налагает на него большую ответственность. В соответствии с Картой индустриализации до 2019 года в Южно-Казахстанской области будет реализовано 14 проектов, введено в действие 47 предприятий, для которых потребуется более 8 тыс. работников. Это производства легкой и текстильной промышленности, строительной индустрии, машиностроения, по переработке сельскохозяйственной продукции.

Приоритетные направления инновационного развития Южно-Казахстанской области определили в вузе новый подход к подготовке кадров – кластерный. В течение последних лет вуз стал базовой площадкой для текстильного кластера региона. Отраслевой совет работодателей по этому направлению стал первым опытом создания в вузе новой модели работы с производством. Тесное сотрудничество с предприятиями свободной экономической зоны «Онтустик», оценка ими квалификации кадров потребовали полного переформатирования текстильного образования, разработки новых специализаций, определения новых приоритетов в научном обеспечении проектов текстильного направления. В соответствии с требованиями современного производства была начата подготовка студентов по 28 профессиям с присуждением соответствующей квалификации.

Сегодня этот опыт активно распространяется. В университете сформировано шесть кластеров технического профиля с охватом 60% специальностей, по каждому из которых создается отраслевой академический совет с участием ассоциаций работодателей. Вовлечение их в процесс подготовки кадров университет считает одной из главных задач, так как определение ориентиров в профессиональных компетенциях будущих специалистов и практическая составляющая образовательного процесса могут быть обеспечены только в тесной увязке с производственниками.

Международное признание научных школ университета позволило стать вузу представителем Химического кластера Баварии в Казахстане. Трехстороннее соглашение с Объединенной химической компанией по совместным действиям в развитии Таразского и Атырауского химических кластеров включает ответственность университета по созданию новых химических технологий комплексной переработки сырья и строительных материалов и подготовке специалистов. Таким образом, кадровый потенциал предприятий химического кластера страны будет в основном обеспечиваться за счет выпускников ЮКГУ им. М. Ауэзова. А это практически 20 химических предприятий. Немаловажна финансовая сторона вопроса. Высокие требования, предъявляемые к компетенциям выпускников, обуславливают проведение серьезной модернизации лабораторной базы. Необходима и новая система материального стимулирования педагогов.

Понимание внутренних потребностей вузов нашло отражение в инициативах МОН РК по разработке целевых бюджетных программ финансирования вузов. Это решение всецело поддерживается вузовской общественностью, так как открывает новый этап во взаимодействии с реальным сектором экономики. Финансовая устойчивость вузов позволяет вести диалог с производством на равных партнерских условиях. Позиция МОН о выделении средств в зависимости от достижения установленных критериев – самый эффективный подход к бюджетированию, ориентированный на получение конкретного результата. Вместе с тем вузы нацелены на диверсификацию источников финансирования за счет реализации своего инновационного потенциала. И это уже следующий этап развития.

//Казахстанская правда.-2014.- 15 мая.-С.6
3


Анна ВЛАДИМИРОВА

По программе Университетской лиги
В рамках мероприятий VII Астанинского экономического форума ректор Академии госуправления при Президенте РК Болатбек Абдрасилов провел встречу с координатором Аналитической ассоциации ОДКБ, исполнительным директором Университетской лиги ОДКБ Игорем Панариным.

На встрече обсуждались актуальные вопросы и направления деятельности созданной в апреле Университетской лиги ОДКБ. Академия наряду с другими ведущими отечественными и зарубежными университетами государств ОДКБ является ее действительным членом. Рассмотрены также вопросы, внесенные в проект Концепции евразийской безопас­ности, активно обсуждаемые в экспертных, научных и деловых кругах Евразийского пространства. На встрече отмечено, что предстоящее подписание в Астане Договора о создании Евразийского экономического союза президентами Казахстана, России и Беларуси определяет новые перспективные тренды дальнейшего гуманитарного сотрудничества, в том числе и в рамках Университетской лиги.

В этот же день в Национальной школе государственной политики академии состоялась экспертная встреча с ее профессорско-преподавательским составом и магистрантами.

//Казахстанская правда.-2014.- 15 мая.-С.6

4
Ғалым МҰТАНОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры.

Келешекке кемел қадам

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісі әлемдік жұртшылық назарын өзіне негізді түрде аударды. Еуразиялық ықпалдасудың бас сәулетшісі зиялы қауым алдында қазіргі заманғы қоғамды күйзелтіп отырған көптеген жүйелік дағдарыстарды жеңуге мүмкіндік беретін нақты идеяларды жария етті.

Президент атап өткеніндей, жаһандану мен аумақтану әлемдік экономикалық дамудың маңызды айқындауыштары болып табылады. Жаһандану мемлекеттердің ықпалдастық серпіндерін аймақтық және тіпті, құрылықішілік өлшемде жандандырады. Түрлі жаһандық тәуекелдерге қарсы тұра отырып, әлемдік үрдістерден де тысқары қалмай, ұлттық өлшемнен биік мүдделер деңгейіне шыға отырып, елдер мен халықтар күш-жігерлерін біріктіре түсуде. Бұған әлемде жемісті де табысты мысалдар жекілікті: Еуропалық Одақ ауқымындағы батысеуропалық ықпалдасу тереңдеп, солтүстікамерикалық НАФТА еркін сауда аймағы құрылды, Латын Америкасы елдерінің аймақтық блоктарын – МЕРКАСУР-ды қалыптастыру үдерістері, Анд тобы жанданды. Неғұрлым ықпалды топтарға Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясы, Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы жатады.

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы – уақыт талабы, жаһандық қатерлерді бірлесе еңсеруге деген маңызды қадам болып табылады, мұның қажеттілігін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан жиырма жыл бұрын көре білген еді. Мемлекет басшысының Мәскеу мемлекеттік университеті қабырғасында 1994 жылғы сөзінен кейін еуразиялық ықпалдасу идеясы қалыптасудың бірқатар сатыларынан өтті. Тарихтың ортақтығы, менталитет ұқсастығы, экономикалық дамудың бірыңғай бағыты еуразиялық ықпалдастық үдерісінің алғышарттары болды. Өмір Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобасының келешегі мен табыстылығын көрсетті. Оның жүзеге асуы аса қуатты тұғырлы негізбен байланысты. Еуразиялық экономикалық қауымдастық, сондай-ақ, 2010 жылы құрылған Кедендік одақ еуразиялық ортақтық тұжырымдамасының бейнелі белгісі және сонымен қатар, посткеңестік елдердің Біртұтас экономикалық кеңістік пен еуразиялық одақ құруға деген бұдан былайғы қозғалысының бағыт-бағдары болды. Еуразиялық идея посткеңестік елдер үшін ықпалдасу үдерістерінің күшею бағытын ұзақ мерзімге белгілеп берді. Және осы ауқымды міндеттің тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзім ішінде жүзеге асуы ең алдымен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси ерік-жігері мен пассионарлық күш-қуаты арқасында мүмкін болды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетіндегі қазіргі сөзі еуразиялық жоба дамуының жаңа кезеңін бағалаудағы маңызды буындарды баса көрсетіп, келешекке кемел қадамның бағыт-бағдарын сызып берді. Президент атап өткеніндей, Еуразиялық экономикалық одақ – тарих қойнауына кеткен кеңестік пішімдегі одақты тірілту емес. Бұл бірлестік, ең алдымен экономикалық одақ ретінде қарастырылады, оның дамуы экономикалық прагматизм, жауапкершілік, дамудың біртектілігі және Еуразиялық экономикалық одақтың ашықтығы қағидаттарына негізделуі тиіс. Еуразиялық ықпалдасудың мәні ең әуелі еуразиялық кеңістік азаматтарының мүдделеріне қамқорлықтан көрініс табады. Нақ осы адам капиталының қуатты дамуының қажеттілігі қазіргі заманғы геосаяси ақиқатта біздің еліміздің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Еуразиялық инновациялық-технологиялық өзара бірлесудің 2025 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау мен еуразиялық инновациялық кеңес құру жөніндегі Президент ұсынысы осы мақсатқа сай келеді. Президент атап өткеніндей, экономикалық ықпалдасу елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды, соның ішінде білім беру қызметтерін күшейтеді, ал мұның өзі инновациялық-индустриялық даму үшін маңызды болып табылады. Білім беру қызметі нарығын қалыптастыру біздің елдеріміздің арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық жоспарын жасауды талап етеді. Еуразиялық жобаның бірінші дәрежелі міндеттері мен болашақ бағыттары қатарына жоғары білім, ғылым және инновация саласындағы интернационалдану мен мемлекетаралық ынтымақтастық үдерісін, білім беру мен ғылымды бағалау жүйелерін біріздендіруді: атап айтқанда ұйымдарды аккредитациялау мен мамандарға сертификат беру; дипломдардың бірдейлігін тану модельдерін жасау; жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың ережелері мен қағидаттарын бірлесе жасау; желілік университтер үшін жағдай туғызу сияқты міндеттерді жатқызуға болады. Еуразиялық одақтың құрылуы посткеңестік кеңістік елдері үшін жаңа дәуірдің бастамасы, ғаламдық талаптарға берілген жауап, аса маңызды геосаяси жетістік және ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығудың іргетасы болып табылатынына күмән жоқ. //Егемен Қазақстан.-2014.-17 мамыр.- 5 б.

Әрине, барлық өнердің ішінде медицина — өте маңыздысы.

ГИППОКРАТ

Барлық кезеңде де қажетті мамандық

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті - бұл елдегі медициналық оқу орындары ішінде алдыңғы орында, Батыс Қазақстандағы жалғыз медициналык жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда профессорлық-оқытушылар құрамы - бұл 400-ден аса оқытушылар, оның ішінде ҚР Ұлттық Академия ғылымының 9 академигі, 44 медицина ғылымдарының докторы, 184 медицина ғылымдарының кандидаты және 65 магистр. Университет «Лидер Казахстана-2013» жылдык үздік кәсіпорын ТОП-35 құрамына кіреді, 5 оқу-лабораториялық ғимараты және 3 жеке клиникалық базасы бар. Университеттің құрамында 10 факультет, 14 резидентура мамандықтары, 4 магистратура және 2 РҺ.G докторантура мамандықтары бар. Университеттің кітапханасы медициналық оқу орындары арасында үздік бағаланды. Университеттің мақтанышы - медициналық оқу орындары арасындағы жалғыз «Ювентус» студенттік хор, медицина тарихының жэне университеттің мұражайы, анатомиялық мұражай.



Марат Оспанов атындағы БҚММУ және медицина университетіне оқуға түсу шарттары туралы тілшінің сұрақтарына Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекмұхамбетов Ербол Жасұланүлы жауап береді.

Тілші (Т): Ербол Жасұланұлы, біздің елімізде, соның ішінде Атырау өңірінде медициналық кадрлармен қамту жағдайын айтсаңыз.

Бекмүхамбетов Е.Ж.: Бүгінгі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде, әсіресе ауылдық жерлерде медициналық кадрлардың жетіспеушілігі өте маңызды мәселе болып отыр. Яғни, Батыс Қазақстан бойынша 1000 жұмыс орны медициналық мамандарға зәру екенін көрсетеді. Бұл біздің түлектерімізге сұраныс бар екенін дәлелдейді. Бірақ та біздер кадрлар жетіспеушілігі мәселелерін шешудеміз. Жылдан жылға 1 курсқа қабылданатын студенттердің саны артып отыр, жыл сайын Қазақстанның батыс аймақтарында талапкерлерге кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі.

Т: Сіздің университетте қандай мамандықтар бойынша оқытылады және оқу түрі қандай?

Бекмухамбетов Е.Ж.: Қазіргі кезде Марат Оспанов атындағы БҚММУ және медицина университеті - Қазақстан медициналық оқу орындары ішінде ең үздігі, студенттердің сапалы білім алуын қамтамасыз ететін нағыз кешен. Университеттің 56-жылдық жұмысының нәтижесі жоғары компетентті түлектердің практикасымен дәлелденген еңбек. Біздің оқу орында медициналық кадрларды дайындаудың көп деңгейлік жүйесі: орта буынды медицина мамандарын дайындайтын орта білімнен кейінгі факультет, бакалавриат, магистратура, резидентура және РҺG докторантура, сондай-ақ барлық республиканың дәрігерлерін мамандандыру және қайта даярлау үшін білімді жетілдіру факультеті жұмыс жасайды. Бакалавриат бағдарламасы бойынша келесі мамандықтар білім алады: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, мейірбике ісі, фармация. Бұл алты факультетте ТМД елдері мен Қазақстанның барлық аймағынан 4000 астам студенттер білм алуда. Университетте оқыту 2 тілде - мемлекеттік және орыс, барлық бағдарлама бойынша окыту түрі - күндізгі.

Т: Сіздің университетке кімдер және қалай түсуге болады?

Бекмұхамбетов Е.Ж.: Біздің университетке Қазақстан Республикасының азаматтары, жалпы орта білімі, кәсіптік орта жэне жоғары кәсіптік білімдері бар шетел азаматтары қабылданады. Студенттік контигент Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқылы. Университетке кабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Т: Грант алу үіиін ҰБТ-де неше ұпай жинау керек?

Бекмұхамбетов Е.Ж.: Жаңа оқу жылында өту ұпайлары Қазақстан республикасының білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсы өткен соң ғана белгілі болады. Жыл сайын өту ұпайларының деңгейінің жоғарылағанын айта кеткен жөн. 2013 жылғы жартылай өту үпайлары туралы мәліметгі қабылдау комиссиясынан, сондай-ақ университеттің сайтынан біле аласыздар. Бұдан басқа конкурсқа төрт пәннің: оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика және тандау пәні («Фармация» мамандығына - химия, ал қалған мамандықтар үшін - биология) ҰБТ ұпайлары қатысатынын ескеру керек. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Типтік ережесімен бекітілген шектеу ұпайларынан кем емес ұпайлары бар талапкерлер конкурсқа қатыса алады. Конкурстың нәтижесі 10 тамыздан кейін «Егеменді Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.

Т: Медицинсиіық мамандықтарға қандай квоталар бар?

Бекмұхамбетов Е.Ж.: Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі барлық медициналық мамандықтар бойынша квота бөліп отыр, конкурс көрсетілген санаттар арасындағы бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы колемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі. Ауылдық квота алған тұлғаларға білім беру келісім-шартын жасасқанда қойылатын міндетті талап, ол оқу бітіргесін ауылда орналасқан медициналық мекемеде 3 жылдан кем емес жұмыс жасауы керек.

Т: Оқудың багасы қанша? Қандай мамандықтарға оқу ең арзан немесе ең қымбат болып саналады?

Бекмүхамбетов Е.Ж.: Барлық медициналық мамандықтарға 2013-2014 оқу жылына 1 курс студенттері білім алу үшін 609 000 теңге төлейді. Ақылы оқыту бағасы жыл сайынғы Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен мемлекеттік гранттың бағасынан төмен болмауы керек.

Т: Ақылы бөлімге түсуші талапкерлерге қойылатын қосымша талаптар бар ма? Қандай да болмасын жеңілдіктер қарастырылған ба?

Бекмүхамбетов Е.Ж.: Иә, жыл сайын ақылы бөлімге түсушілерге Қазақстан ЖОО қабылдаудың Типтік ережесінде жазылған ұпайдан жоғары шектеу ұпайларын қоямыз. Бұл университетке сапалы қабылдау мақсатында жасалады. Бірақ та білім алу шартына қойылатын талаптар грант пен ақылы оқитын студенттерге бірдей.

Т: Төлем жасауда қандай да болмасын жеңілдіктер бар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет