Мазмұны досмұхамедов Халел 49 бет Ермеков Әлімхан 67-бет Қолжамқұлов іо.Әлиханов


Үмбетбаевтің түсінігі: 1922 жылы Рысқұлов пен Бірімжановқа қатысты Тынышбаевтан ешқандай тапсырма



бет6/10
Дата01.07.2016
өлшемі0.93 Mb.
#169780
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Үмбетбаевтің түсінігі: 1922 жылы Рысқұлов пен Бірімжановқа қатысты Тынышбаевтан ешқандай тапсырма алғаным да жоқ, орындағаным да жоқ. Мұны Тынышбаевтың өзі де растайтын шығар.

Тынышбаевтың жауабы: Мен бұрынғы бір жауабымда айтқанымдай 1922 жылы Түркістан қаласында Халел Досмұхамбетовпен кездесіп, оған Заки Валидовпен байланыс орнатылған жоқ, сондықтан да онымен кездесу кейінге қалдырылды. Бірімжановпен жеке өзім кездесемін еп. жауап бердім. Ондағы ойым тез арада Шымкентке одан Ташкентке жүріп еп.ац еп. ойладым. Алайда әйелімнің тосыннан қайтыс болуына байланысты Шымкентте ұзақ аялдап қалдым, ол ойым жүзеге аспады. Содан кейін қайтып жастармен кездескен емеспін».
1931 жылғы 12қыркүйек күнгі Тынышбаев пен Жаһанша Досмұхамедовтің беттесу хаттамасы.
Тынышбаевқа сұрақ: Жаһанша Досмұхамедов сіздердің ұйымдарыңызға мүше болғанын растай аласыз ба?

Жауап: 22-жылы Ташкент қаласындағы Халел Досмұхамедовтің пәтерінде өткен бас қосуда Бұқарадағы Заки Валидовтың қозғалысы туралы Лапов (?) па, Бірімжанов па, біреуі хабарлама жасады. Онда Халел Досмұхамедов, Лапов (?), Бірімжанов, Нәшір Қожамқұлов (Нәшір Есімқұлов деп жазылған –Т.Ж.), мен және Жаһанша Досмұхамедов қатысты. Бұлардан басқалары есімде жоқ. Заки Валидовтың қозғалысын қолдайтын ұйым құру туралы мәселе көтерілді. Жаһанша Досмұхамедов ұйым құруға және қозғалысты қлдауға қарсы болғаны есімде. Оны құруға мен ұсыныс жасаған болатынмын. Ұйым құрылды. Жаһанша бұған жолдастық көңіл жықпастықпен қарады. Міржақып Дулатовқа, Халел Досұхамедовке, Жаһанша Досмұхамедовке ұйымның жарғысын жасау тапсырылды. Бұдан кейін екеуміз де іссапарға кеттік, Жаһанша Досмұхамедов Алматыға кетті, сондықтан да жарғы жазылды ма, жоқ па, одан хабарсызбын. Қыркүйек айында Ташкентке келсем Заки Валиди Ташкентте жүр екен. Істейтін іс қалмаған соң ұйым өзінен өзі тарап кетті. Тынышбаевтан көмек болмайтыны анық болған соң менен күдер үзгендіктен де ұйым жарғыс жазылды ма, жоқ па, оны маған мәлімдеген жоқ.

Жаһанша Досмұхамедовтің қарсы жауабы: 21-22-жылдардың бірінде «Ақ жолдықтардың» (Ташкентте шығып тұрған газеттің аты – Т.Ж.) біреуі келіп: бұрынғы алашордашылардың бас қосуына шақырды. Қайда өткені есімде жоқ. Халел Досмұхамедов пен Тынышбаев, Дулатов пен Бірімжанов болды. Қалғандары есімде емес. Онда сол кезде дүрілдеп тұрған Түркістандағы басмашылар қозғалысы мен оның құрамында жүрген Заки Валидов туралы, башқұрт професорының Түркістанды игере алмай жүргендігі, ал бұрынғы алыпсатарлармен ешқандай да бірікпеу туралы мәселе көтерілді. Бұдан кейін Халел Досмұхамедов пен Мұқамеджан Тынышбаев: Біз кеңес өкіметіне еркімізбен өттік. Ферғананың басмашылар қозғалысының басшылары бұларға да салауат беруді өтінді. Оларды әуелі қолға түсіріп, содан кейін соттап, ату жазасына бұйырмақ. Біздің де өткендегі қайраткерлігімізді бандиттік қозғалыс деп бағалап, бізді де соттамақ. Сондықтан да «Алаш» үкіметінің бұрынғы бағдарламасын жаңа заманға лайықтай отырып «Алаш» партиясының жобасын жасайық – десті. Құрылтай бекіткен бұрынғы бағдарламаны өзгертуге, ұйым құруға мен мүлдем қарсы болдым. Олардың барлығы мені: Ол бағдарламаны қазан төңкерісінен бұрынғы Орынборда 1917- жылы өткен бірінші жалпы қазақ құрылтайының тапсыруымен Ғаббасов (Талғашев деп жазылған – Т.Ж.) екеуің жасаған болатынсың. Сен сондағы жарғының шешімін орындамай отырсың –деп мені айыптады Сейдазым Қашқынбаев. Мен өзгертуге келмейтін ескі жобадан бас тартатынымды айттым. Бірақта олардың қысымына шыдамай екі-үш күннің ішінде ескі жобаның нұсқасын дайындап беруге келістім. Онда қандай ұйымның қандай әрекетпен шұғылданатыны туралы ештеңе де айтылмаған. Бұдан кейін мен Түркістан атқару комиисариатының тапсырмасымен Алматы арқылы Пржевальскіге іссапармен кеттім. Заки Валидовтің Ташкентке келгенінен хабарсызбын, егер енлгені рас болған күннің өзінде оны менен жасырған. Ташкенттегі бұрынғы алашордашылар маған ешқандай тапсырма берген емес, мен де ешкімге тапсырма бергемін жоқ. Осыдан кейін Тынышбаевпен де, Халел Досмұхамедовпен де араздасы кеттім де 29-жылға дейін Алматыға келгенше олармен көріскен де жоқпын, көрсем амандаспайтын да. Сондықтан да Заки Валидовтің Рысқұловқа жолдаған хаты жөнінде еш хабарым жоқ (Жаһанша Досмұхамедов қолынт қойған).

Тынышбаевтің қарсы жауабы: Николай Семенович, Халел Досмұхамедовпен беттескенде бұд мәселе жөнінде айтылды ғой. Ал кеңес өкіметінің басмашыларға қарсы қлданған салауаты мен жүргізген сот ісіне келетін болсақ, онда оларға әуелі кешірім жасалды да соңынан бәрі асқан қатыгездікпен атылды. Бас қосуда біз осыған тоқталдық. Бұрынғы «Алаш» бағдарламасын тағы бір қарап шығу туралы айтылды, оны тексеріп, қайтадан қарау Дулатовқа және Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтерге тапсырылды. Жалпы «Алаш» бағдарламасы жөнінде ашық мәселе талқыланғаны есімде қалмапты. Ал Заки Валидовтің қозғалысына біз сенімсіздікпен қарадық та ешқандай байланыс орнатпадық. Қызмет бабымен Алматыда да, Қарақұмда (?) жүргенде де Досмұхамедов Халелмен бұд мәселені талқыламағанымды, ұйым атынан ешкімге ешқандай тапсырма бермегенімді, тапсырма алмағанымды анық білемін (Тынышбаевтің қолы қойылған).

Жаһанша Досмұхамедовтің қарсы жауабы: Мен ешқандай да бағдарлама жасауға қатыспағанымды қатаң түрде мәлімдеймін. Ешқандай өзгертуге болмайтын «Алаш» бағдарламасын қайта жаңғырту туралы ешқандай ұйым тапсырма берген емес. Мүмкін сот бола қалған жағдайда бұрынғы «Алашорданың» бандиттік қозғалысқа ешқандай қатысы жоқ екендігіне айғақ ретінде ол бағдарлама керек болған шығар. Әйтпесе оны қалай түсінуге болады? (Жаһанша Досмұхамедовтің қолы қойылған).

Тергеуші Попов».

ДОСМҰХАМЕДОВ ЖАҺАНША
1 том. 990 бет.

ҚОРЫТЫНДЫ

17 тамыз 1935 жыл. Воронеж.

Мен,УВД УНКВД-нің 1 бөлімінің Воронеж облысы бойынша бастығы Булатов жер аударылып келген 1887 жылы туған, бай семьядан шыққан, Досмұхамедов Жаһаншаның үстінен қозғалған №3400 жеке істі еп. шықтым. Ол:

1) 21-жылғы дейін астыртын контрреволюциялық ұйымға қатысқан және ұйым бағдарламасын жасап, оған жаңа еп. тартқаны үшін;

2) Ұлтшыл ұйымның жетекшісі ретінде басмашылардың бастығымен байланыс жасағаны жән 27-жылы Әділев басқарған бандыларға қолдау көрсеткені үшін;

3) 28 жылы Қазақстандағы жер саясатын бұрмалауға белсенді түрде қатысып, шарушылығы тәргіге ұшыраған байларды қолдағаны үшін

яғни, ПП ОГПУ-дің қаулысымен РСФСР-дің ҚК-нің 58-10-11, 53 баптары бойынша Қазақстанда 20.ІҮ.-32 жылы түрмеге қамалған.

Көрсетілген қылмыстары бойынша 5 жылға концлагерге жер аударылған, 30-жылдың 31 қазанынан еп. есептелетін концлагердегі кесімді мерзімі аяқталды, бірақта Қазақстанға қайтқысы келмейді. Мәскеуде жұмыс істейтін бауыры Макешевтің қасына орналасқысы еп.а. Жаһанша Досмұхамедовтің жер аударылуға кесілген мерзімінің 35-жылы 31 қазанда аяқталатынын және осы уақыттың ішінде ешқандай қылмыстық әрекетінің байқалмағанын ескере отырып, мерзімі біткеннен кейін Жаһанша Досмұхамедовтің ссылкадан басатылатынын хабарлаймын”.

Воронеждік тергеушінің мәліметіне қарағанда алаш азаматтарының үстінен қозғалған қылмысты істің мазмұны мүлдем өзгеріп, Ж.Досмұхамедов „басмашылардың бастығымен байланыс жасап”, „бандының бастығы Әділевтің өзін” қолдаған болып шыға келген. Ал тергеу істерінде Ж.Досмұхамедовтің жауаптарында Д.Әділевпен мүлдем қатысы жоқтығы көрсетілген.

Тергеу ісі Мәскеуге жөнелтілгенннен кейінгі 1932 жылғы 27 ақпандағы қорытынды Қаулы:

„Мен, ОО ОГПУ-дің 4 бөлімінің бастығының көмекшісі Балминский (Балшинский-?-Т.Ж.) 58-7,58-11, 59-3 баптар бойынша Ә.Ермеков бастатқан, барлығы 20 адамның №121027 тергеу ісін еп. шығып Қаулы қабылдадым:

1.Конрреволюциялық әрекеттер жасады дае айыпқа тартылғандардың тергеу ісіндегі айғақтардың барлығы да 18-20 жылдардың арасын қамтиды.

2. Соңғы жылдарғақатысты жүргізілген тергеуісіндегі айғақтар айыпталушылардың ұлтшыл көзқарасын ғана білдіреді.

3. Түрікшілдердің бандысына қатысты ұйымдастыру-жетекшілік әрекеттері мүлдем көрсетілмеген.

Баяндалған жайды негізге ала отырып: істі ОГПУ-дің Қазақстандағы бөліміне қайтаруды және істі қайтадан тергеуге жіберіп, тиісті шаралар жүргізу туралы шешім қабылдадым.

ОГПУ-дің 4 бөлімінің бастығы (қолы)

Бекітемін. ОГПУ-дің бастығының орынбасары (Кряхов).

Бұл қаулыға қоса Халық комиссарлар кеңесінің жанындағы Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың атынан мынадай ілеспе бұйрығы жолданған:

„КПП ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілі жол. Каруцкийге. Алматы.

Ермеков және басқалардың контрреволюциялық әрекеттері туралы (Мәскеуден – Т.Ж.) қайтарылған істі қадағалап тексергенде мыналар анықталды:

1. Конрреволюциялық әрекеттер жасады еп. айыпқа тартылғандардың тергеу ісіндегі айғақтардың барлығы да 18-20 жылдардың арасын қамтиды.

2. Соңғы жылдарға қатысты жүргізілген тергеуісіндегі айғақтар ары дегенде айыпталушылардың өзарасында айтылатын ұлтшыл көзқарасын ғана білдіреді.

3. Айыпталушылардың түрікшілдік қозғалысты ұйымдастырудағы және жетекшілік етудегі әрекеттері мүлдем дәлелденбеген.

Сондықтан да іске тартылған айыпталушылар түрмеден босатылсын, оларды қылмысты іс бойынша тергеу тоқтатылсын. Босатылғандар тыңшылық қызметке тартылсын. Босатылғандардың соңына тыңшы қойылып, жасалған жоспар бойынша олардың ұлтшыл-контрреволюциялық әрекеттеріне баса көңіл бөлініп, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып бақылау астына алынсын.

ОО ОГПУ-дің бастығының орынбасары (Дьяков).

ОО-нің 4 бөлімі бастығының көмекшісі (Паволицкий)”.

Алаш ардагерлерінің тағдыры қандай еп.а, қандай қолдан өткенін, 1928 жылдың қазан айынан басталып 1932 жылдың сәуір айында аяқталған „қылмыстық істің” барлық болмысын көрсету аңғарту мақсатында бір-бірін қайталайтындай көрінетін, бірақ әр қайсысының „өзіндік орыны бар” құжаттарды қауым назарына ұсынуды жөн көрдік. 3 томның 205 бетінде тергеу ісі материалдарының Мәскеуден қайтарылғаны туралы:

„ПП ОГПУ-дің Қазақстан бойынша өкіліне. Алматы қаласы.

Ермеков Әлімханды, Досмұхамедов Жаһаншаны, Домұхамедов Халелді, Күдерин Жұмақанды, Қожамқұлов Наширды, Ақбаев Әбділхамитты, Ақбаев Жақыпты, Әуезов Мұхтарды, Қадырбаев Сейазымды, Сүлейменов Біләлды, Тынышбаев Мұқаметжанды, Мурзин Мұхтарды, Бұралқиев Мұстафаны, Кемеңгеров Қошмұхамедті, Ысқақов Даниалды, Мұңайтбасов Әбдірахманды, Тілеулин Жұмағалиды, Үмбетбаев Алдабергенді, Омаров Уәлиханды жауапқа еп. №2107 істі ОГПУ-дің коллегиясының 32 жылғы 3 наурыз күнгі қаулысына сәйкес қосымша тергеуге жіберіп отырмын.

Қосымша: 5 томнан тұратын тергеу ісі. 32-жылғы 2 наурыз күнгі ОГПУ-дің қатынасы.

ОГПУ-дің бастығының көмекшісі (Звукин)

2 бөлімнің бастығының көмекшісі (Минускин-?)” – деген қатынас бар.

20 сәуір. 32 жыл. ПП ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілетті өкілдерінің №11 отырысының қаулысы.



  1. №2370 іс бойынша Тынышбаев Мұхаметжан, Досмұхамедов Халел, Досмұхамедов Жаһанша ҚК-нің 58-10,58-7,58-11,59-03 баптары бойынша, Үмбетбаев Алдаберген ҚК 59-07, 11 баптары бойынша, Мурзин Мұхтар 59-7,11 баптары бойынша, Мұңайтбасов Әбдірахман 58-4,58-7,11 баптар бойынша, Кемеңгеров Қошмұхамед, Бұралқиев Мұстафа 58-10,11 баптар бойынша, Күдерин Жұмақан, Қожамқұлов Әшім 58-11 бабы бойынша, Ақбаев Әбілхамит 58-11,59-з ьартары бойынша, Ақбаев Жақып 58-10,59-3 баптары, Қадырбаев Сеиазым 58-7,11, 59-3, Омаров Әшім 58-7,10,11 бап, Тілеулин Жұмағали 58-2, Ермеков Әлімхан, Әуезов Мұхтар 58-7,10,11 баптар бойынша, Омаров Уәлихан, Сүлеев Біләл 58-11, Ысқақов Даниял 58-10,11 баптары бойынша айыптары тыңдалып, Қаулы етілді:

Тынышбаев Мұхаметжан, Досмұхамедов Халел, Досмұхамедов Жаһанша, Үмбетбаев Алдаберген, Мурзин Мұхтар, Мұңайтбасов Әбдірахман, Кемеңгеров Қошмұхамед, Бұралқиев Мұстафа, Күдерин Жұмақан, Қожамқұлов Әшім, Ақбаев Әбілхамит, Ақбаев Жақып, Қадырбаев Сеиазы, Омаров Әшім, Тілеулин Жұмағали 5 жылға кесіліп, коцлагерьге жэіберілсін. Мерзімдері: Тынышбаевтің мерзімі 30-жылдың 3 тамызынан,Досмағамбетов Халелдің, Мурзин Мұхтардың, Ақбаев А.,Ақбаев Ж., Қадырбаев С.,Омаров Ә. Мерзімдері 30-жылдың 14 қыркүйегінен, Досмұхамедов Жаһаншаның мерзімі 31 жылдың 31 қазанынан, Үмбетбаев А. Мерзімі 31-жылдың 3 шілдесінен, Мұңайтбасов А. 31-жжылдың 23 сәуірінен, Кемеңгеров Қ., Бұралқиев М., Күдерин Ж., Қожамқұлов А. Мерзімі 30 жылдың 7 қазанынан, Тілеулин Ж. Мерзімі 30 жылдың 2 тамызынан бастап есептелсін. Ермеков Әлімхан мен Әуезов Мұхтар 30 жылдың 8 қазанынан бастап 3 жыл бас бостандығынан айырылсын. Е;рмеков пен Әуезовке шартты кесім берілсін. Омаров Уәлихан, Сүлеев Біләл, Ысқақов Даниял түрмеден босатылсын. (Қолы). «Бақылауға алынсын» - деген тағы бір қол бар.

1 том, 457 бет. Қамауға алынғандардың тергеу мерзімін ұзарту туралы. 20 қараша, 1930 жыл. Алматы.

ПП ОГПУ-дің ерекше бөлімінің 1-бөлімшесінің бастығы:

Тергеу жүргіз ісі туралы УПК-нің 116 бабына сәйкес №2370 іс бойынша УК-тің 58-7,58-11,59-3 баптарымен қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық ұйымын құрғаны үшін азаматтар: 1. Тынышбаев Мұхаметжанның, 2.Мурзин Мұхтардың, 3.Мырзабаев Рамазанның, 4.Ақбаев Әбілхамиттың, 5.Ақбаев Мұраттың, 6.Омаров Әшімнің, 7. Қадырбаев Сейтазымның, 8. Омаров Ғаббастың, 9. Сұлтанқұлов Атбасардың,10. Ыбыраев Абылдың, 11.Сырттанов Дәрібектің, 12. Токин Хамиттың, 13.Досмұхамедов Халелдің, 14. Мұсаев Шынәлидің, 15. Ақаев Серікбайдың, 16. Ахметов Ілиястың, 17. Ермеков Әлімханның, 18.Қожамқұлов Наширдың, 19.Күдерин Жұмақанның, 20. Қадырбаев Қалмақанның, 21. Ақбаев Жақыптың, 22. Қашқынбаев Исаның, 23. Мамырбердин Алдабектің, 24.Бұралқиев Мұстафаның, 25. Досмұхамедов Жаһаншаның, 26. Әуезов Мұхтардың, 27. Сүлеев Біләлдің, 28. Кемеңгеров Қошмұхамедтің, 29. Кенесарин Әзімханның, 30. Өтегенов Садықтың үстінен қозғалған істі мерзімінде аяқтаудың мүмкін еместігіне және куәларды шақырып, барлық оқиғаны анықтау керектігіне байланысты Қаулы етемін:

№2370 іс бойынша жоғарыдағы жауапқа тартылғандарды тергеу түрмесінде ұстауды 1932 жылдың бірінші қаңтарына дейін созу туралы СССР ИКОМ-на ұсыныс жасалсын. Тәртіп сақтау орындарындағы тергеудің жүргізілуін бақылайтын прокурорға хабарланды.

ОО ерекше бөлімінің бастығы - (Попов)

Келісілді - ОО бастығының орынбасары - Волохов).

Бекітілді - тергеу бөлімінің бастығ - (Пирогов).

ӘЛИХАНОВ Фазыл–Ағзам
2 том, 284- бет.

«3 қазан, 1930 жыл. Жауап алған Волохов.

Ермековті мен 1924-жылдан білемін. Сол жылы ол Қарқаралыдан Семейдегі Мемлекеттік жоспарлау мекемесіне қызметке ауысып келісімен өзінің ұлтшылдық бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Губерниялық мекемелердің сеніміне кіріп, бедел жинаған соң ол ең алдымен қазақ мәдени орталығы дегенді жоспарлап, құрылыс сала бастады. Бұл құрылыстар оның өзі туып–өскен Қарқаралыда салынған болып шықты. Губерния қызметкерлеріне, оның ішінде Досовқа беделінің өтетінін біліп аппараттағы қазақтарға үнемі биік деңгейде болыңдар деп ұран тастайтын. Ол биыл бірнеше қазақты Семейге шақырып, Ұранқаев, Спанов, Әбішев басқаратын ірі шаруашылықтарға орналастырды. Кеңес немесе шаруашылық мекемелеріндегі қызметкерлердің, тіпті партиялық мәселелер жөнінде де келіспей қалған істері Ермековтің алдында шешілетін, «бітістіру», «орналастыру» соның мойнында еді.

1925-жылдың басында ғой деймін, Ермеков Мемлекеттік жоспарлау мекемесіндегі Тоқтабаевтің шақыруымен Қызылордаға кетті, ол сонда төрағаның орынбасарлығына тағайындалды.

1926 жылы Қызылордаға барғанда Ермековте болдым. Онда маған Ермеков: Бөкейхановты Жер жөніндегі Халық комиссариятына жұмысқа шақыру жоспары жүзеге асуға жақын. Қалыптасқан саяси еп. қиын, сондықтан да тәжірибелі мамандардың барлығы Түркістанға кетті. Семейдегі Ғаббасовты Қызылордаға шақыру керек. – деді. Профессор Швецов Ермековтің үйінде тұрды ғой деймін. Аз уақыттан соң Ермеков Семейдегі Ғаббасовты шұғыл түрде тәжірибелі маман есебінде Мемелекеттік жоспарлау бөліміне қызметке келуге шақырған хат жолдады. Ал Ермековтің өзі барлық еп.ація жүйелер тоғысқан Қазақ еп шаруашылығы банкісіне ауысып, Қазақстанның еп.ація жүйесіне әсер етпек болды. Ермеков дегеніне жетіп, банкке белсенді ықпал жасады. Оны Ақмоланың еп шаруашылығы банкісіне Қозыбағаровты тағайындап, Петропавловскіге бару үшін жол ақысына 500 сом бөлдіруінен байқау қиын емес. Ақмола партия еп.ац қарсылық білдіріп, ойлары жүзеге аспай қалды.

2). Қозыбағаров еп.аціяе байланысты істі еп.. Семейден Ақмоладағы Ауыл шаруашылығы банкісіне Жанғазинді ауыстырды. Жанғазинді бай тұқымынан болса да барынша қолдау көрсетті. Біраз уақыттан соң Ермеков Ташкентке жоғары оқу орнына оқытушылыққа ауысты. 27-жылдың шілдесінде Ермековті мен таба алмиадым. Қызылордаға келген Ғаббасов Ермековтің Ташкентке көшкенін айтты. Қызылордаға келгенде маған: қазақ жастарының сауатын ашу үшін түпкілікті орналасуға бекінгенін айтты. Ермеков Семейден келген байлардың балаларын тартты. 28-жылы ол Алматыға – ҚазГУ-ге ауысты. Мен 1929 жылдың шілде айында Алматыға ауыстым Оны 29-жылдың қазан айында қызым баспамен ауырып жатқанда көрдім. Қызымның ауңырып жатқанын біліп, көңілін сұрауға келіпті. Сдан кейін мен е қаңтар, ақпан айларында көрдім. Қарқаралы округінен шақыру келіпті: онда тәргілу басталыпты, бұл бейбастық. Тәргілеуге ұшыраған туыстарыма көмектесемін. Тәргілеу – ауылдағы қараңғы қазақтарды уәдемен тойдырудан басқа ештеңе емес, бұған келісуге болмайды. Қаншама адам зардап шегеді – еп.а айтты. Содан кейін өлкелік сьезде еп.ац профессоры …ковичтің (аты нақты танылмады) жасаған баяндамасын өте салмақсыз еп. сынады…”.

Ә.Ермековтің өзі көрсеткендей, Әлиханов шынында да барлық айғақпен Ермековті жазғыруға ұмтылған. Бұдан кейінгі 3 қазан күнгі жаубы да сол мазмұндас. Ол еп. әрі былай жалғастырады:

„… Мұратбековті бұрыннан еп.ац. Ол Өскеменнің найманы болатын. 1922 жылы ГПУ-інің рұқсатымен Семейге еп., соңынан қайтадан Қытайға қашып кетті. Омарбеков туралы Мамырбаевтің қасында, не басқа бір жерде айтқан болуым керек.Маусым айының ортасында бейтаныс адам қой шаруашылығы мекемесін сұрады. Пролетар көшесіндегі кеңсені көрсеттім. Ол Жұманов пен Әлібековке жолығамын деді. Шумаков – дәріхана басқармасында, Әлібеков – Мәскеуде екенін айттым. Ол қытайдағы Мұратбеков хат жазып, шақырып жатыр. Соған ГПУ-ден рұқсат алуға көмектесуге іздедім- деді. Мен бұл туралы Мамырбаев Төлеген мен Марсековке айттым. Мамырбаев мұны білетін сиқты көрінді. Мамырбаевтің қандайда бір хат немесе хабар алғанын білмеймін. Мұратбековтің ұлы Жиһанша Қызылордада тұрады. Оның әкесімен кездескісі келетін болуы мүмкін. Ермеков: Мұратбековтің Тарбағатай аймағындағы қазақтардың қозғалысынан жақсы мағлұмдар екенін еп.ац, кеңес еп. дайынмын. Бірақ қытайға хат жаза алмайсың.Ол Еуропа емес. Исаев Голощекиннің оң қолы. Мал шаруашылығының нгашарлауы соның мойныда. Исаевтің ең оңды ісі – Қазакқстанда азық-түліктің еп. сатылуын қамтамасыз еп – деген сияқты еп. білдірді.

Алматыда нағашысы Наурызбаев Әшім деген болды. Ол Смағұловтың үйіне тоқтайтын. Менімен кездескенде Күдері тәтесінің тәргіленгенін айтты. Хакімжан Мамырбаевқа Алматыға көшіп келіп, өз қарауында қызмет істеуге шақырды. Ермековтің ҚазГУ-дегі еп. саласындағы әрекетіне келетін болсақ, ол шәкірттердің алдына бедел жинауға барын салатын, сөзге өте ықтиятты дайындалып, өзінің ойын нәзік әрі емеуірінмен сөйлейтін.

Ермеков орыс интнлигенциясымен бәсекелес болатын. ҚазГУ-де ол өзінің қызметкерлерін қорғаштаумен болды. Ол өзінің әйеліне: сендерді қалай жақтырмаймын десеңші – еп. айтып отыратын. Ермековтің өзінің айтуынша ол ректор Аспендияровпен өте жақсы болатын. Мен өзім ешқашанда қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық ұйымына еп.а емеспін. Өзім Ермековтің ықпалына түскен емеспін. Ұйым мүшелері маған белгілі емес..”.



Жазу барысында ескерілуге тиісті ескертпелер:

Беттесу барысында:

«Көшкінбаев: Әлихан 1921 жылы саған Әлихан Бөкейхановқа аралған бағдарламаны бергенде Әлихан сақтық жасамаған сияқты. Ол ( зады Дінше Әділевтің көрсетіндісін айтып отырса керек –Т.Ж.) сен Әлиханға арнап бір құжаттарды берді деп түсініктеме беріпті. Ең бастысы бердің бе, жоқ па, бізге айтқан жоқсың ғой.

Омаров: Маған ешқандай бағдарлама берілген жоқ. Тынышбаевтің, Досмұхамедовтың қолы қойылған хат болды. Әлиханның ауылдан менен бұрын кетіп қалғанын білген соң хаттың көзін жойдым. Хат туралы Сәтбаевтан басқа ешкімге айтқамын жоқ. Оның мазмұнын Сәтбаев білмейтін. Сен айтып отырған мұндай өсектің тарағаны рас. Менің ойымша мұның бәрін таратып жүрген Әділев немесе Әшімбаев.

Көшкінбаев: Валидовтің үйірмесіне Омаров 1922 жылға дейін мүше болған жоқ. Тек көктемге қарай Тынышбаевқа танысып шығу тапсырылды...» (Менің өз жазбамның 52-53 беттері)

Бұдан әрі беттесуде Көшкінбаев әр нәрсенің басын бір шалып, нақты пікір не уәж айта алмаған. Анау алай деді, мынау былай деді деген сияқты жалтаң да жалпылама сілтемеге көшкен. Оның тергеу барысына пәлендей әсері де жоқ әрі тергеуші түсініксіздеу етіп қағазға түсіргендіктен де кім не туралы, кім туралы айтып отырғаны,қандай айып тағылғаны нақты ажыратылмайды. Тек олардың өздеріне ғана көрсетіндінің мазмұны анық болса керек. Сондықтан да анық ойды бқлдыратпас үшін біз бұл беттесудің мазмүнын пайдаланудан саналы түрде бас тарттық.

Власова Алисаның 1931 жылға 5 қыркүйек күні берген жауабының хаттамасы:

Бұл тосын хаттаманы тағдырдың мазағы десе де болады. Айыпталушы Әзиз Мурзиннің орыс әйелі Алиса өзінің күйеуінің үстінен арыз жазған екен. «Қатын өсекті» сөз арасына іліктіріп отырғанымыздың себебі, қалайда қаралау үшін некелі әйелін күйеуіне қарсы арандатқан тергеу жүйесінің аярлығына мысал келтіре кету.

Бұл І томның 638 бетінде.

«Әзиз Мурзинді мен 1920 жылдан білемін. Сонымен қатар оның туған ағасы Мұхтар Мурзинді және оның жақын таныстары Сәдуақасов Смағұлды, Бөкейханов Әлиханды, Байтасов Абдолланы, Сұлтанбеков Жағыпарды, Досмұхамедов Жаһаншаны, Шылалов Мыңайдарды, Басалов Айдарбекті, Телхожин Зейнолланы, Ермеков Әлімханды жақсы білемін. Бұл адамдардың барлығы менің күйеуім Мурзинмен жақсы қарым- қатынаста болды. Олардың үй іштерін де жақсы көретін. Сондай-ақ Әзиз Мурзиннің болашақ әйелі Жантөрина Зайрамен де таныспын. Жоғарыда айтылған таныстары мен достары, оның отбасымен үнемі араласып тұратын. 1922 жылы Смағұл Сәдуақасов Қостанайға келіп Әзиз Мурзинді өз жағына тартты. Ол кезде Мурзин Қостанай губерниялық атқару комитетінің төрағасы болатын. Олар байлармен ауызжаласып, оларға көмектесті. Қазақ қызметкерлері Мурзинің маған, яғни орыс әйеліне үйленгеніне қарсы болды. Сондай–ақ Сәдуақасов Смағұл мен Мурзин Мұхтар да жақтырмайтын. Қазақтың таза қаны орыспен араласқаннан кейін дүбара тұқым туады дейтін. Олардың дегеніне көнген Мурзин мені тастап кетті де Балғымбаевтің қызына үйленді. 1927 жылы маған Мурзин былай деп айтты: 1922 жыл Смағұл Сәдуақасовтың Орынбордағы пәтеріне оның сыбайлас достары жиналды, ағайынды Мурзиндер де соның ішінде болды. Кеңес өкіметіне қарсы күресеміз, бір- бірімізге адал боламыз деп ант сөзін жазыпты. Бұл антты бәрі түрегеп тұрып тыңдап, төс қағыстырып білмеймін. Ол мәжілістің мазмұнын білмеймін. Алай да Әзиз Мурзин маған: мұны өкімет мекемелері біліп қойса, біздің көрешегімізді көрсетеді – деді. Мурзин Әзиз 1923 жылы Сәдуақасовпен және байланысы үшін Компартия қатарынан шығарылды... Шәкеннің .... көмегімен Моквадағы құрлыс жөніндегі қазақ өкілі болып қызметке орналасты. Москвада ол Бөкейханов пен Мұңайтпасовты төңіректеп жүрді. Сол кезде маған Әзиз Мурзин: 1920 жылдардың басында Ташкенте Совет өкіметін құлату үшін қазақтардың жасырын ұйымы құрылды деп айтты. Сол ұйымның мүшесі ретінде Мұңайтпасовқа қару беріп Қожановты өзінің пәтерінде атып өлтіруді тапсырды. Мұңайтпасов Қожановтың әйелінің бауыры болатын. Қарындасы мен жиендерінен айрылып қалмас үшін ол бұл тапсырманы орындамады. Тіпті бұл туралы Қожановтың өзіне де айтып қойыпты. Бұл оның алдындағы өзінің кінәсін жуғысы келгені болса керек. Мұңайтпасов бас тартқан бұл жұмыс ұйымның басқа мүшесіне тапсырылыпты. Оның аты-жөні есімде қалмапты. Москвада тұрғанда Мурзин Бөкейхановты үйге жиі шақырды. Сәдуақасов үшеуі мені бөлмеден шығарып жіберіп, оңаша әңгімелесітін. Олардың қандай да бір өзара құпия әңгімесі болатын. Кей кезде Мурзин Әзиз ісспармен келген ағасы Мұхтар Мурзинге жолығу үшін қонақ үйге кетіп қалатын да, оңаша әңгімелесетін. Менің сұрақтарыма әдеттегідей жалтара жауап беретін. Әзиз Мурзин Әлихан Бөкейхановпен кездескен кезде есі шығып кететін, мұндай жақындық еркектердің арасында өте сирек кездеседі. Ал Бөкейханов маған: Мурзинді туған ұлымдай жақсы көремін – дейтін. 1929 жылы Мурзин Моквадан кетерде Бөкейханов онымен қимай қоштасты, көзіне жас алды. Онымен қоймай олар әлде не туралы қазақша сыбырласып сөйлесті. Ол кезде Москвада Байтұрсыновтың және басқа да адамдардың тұтқындалғаны туралы хабар белгілі болатын. Бөкейханов пен Мурзин, Мурзин мен Мұңайтпасовтар ол жөнінде жиі әңгімелесетін. Мен Москвадан кеткен кезімде Бөкейханов түрмеде жатқан Дулатовқа көмек ретінде оның әйелі Дулатоваға тапсыру үшін 4 мың теңге берді. Бұл ақшаны маған өте құпия түрде тапсырды, әрі өте сақ болуымды өтінді, почта арқылы хат жазбауымды ескертті. Дулатовқа тапсырылған ақша мен хатты Қызылорда қаласында Дулатоваға бердім. Тұтқындағылардың отбасына ақшалай көмек үнемі көрсетіліп тұрды. Ақшалай қаржыны ең соңғы рет Бірімжанов Алматыдан Москваға өзінің қазақ өкілеттілігінде істейтін қарындасы арқылы беріп жіберді. 1928 жылы Бірімжанов шетелден Москваға келді. Шетелде Мұңайтпасовпен кездескен. Бірімжанов Жантөринаға үйленеген болатын. Москваға келген соң Бірімжанов тұтқынға алынды. Бөкейханов пен Мурзиннің кеңесі бойынша Жантөрина онымен ресми ажырасты. Ал шындығында ол өзінің күйеуіне үнемі қаржылай көмектесіп отырды. Бірімжановтан ажырасуының себебі өзіне тергеушілердің назарын аудармаудан туған. Өйткені Жантөрина помещиктің от басынан шыққан. Әкесі мемлекеттік думаның мүшесі болды. Патша сарайында жиі болып тұрған. Ол әйел Москва мемлекеттік университетінде шет тілі факультетінде оқыған. Германияға өзінің неміс тілін жетілдіру үшін іссапармен жіберілген. Қаражаты жоқ болғандықтан басында барғысы келмеп еді, бірақ кейін ақша оның қолына жаңбырдай жауды да, шетелге кетті. Оған Мурзин 400, Бөкейханов 600, Сейдалин  200 сом берді. Сейітқали Меңдешев те көмектесті. Оның өз сөзіне қарағанда 4 мың сом жиналған. Әрине бұл оның кемітіп айтқаны. Ол бүкіл Еуропаны аралады, Берлинде, Парижде тұрды, Түркия арқылы қайтып оралды. Онда оның үй, қора-жайы бар ағасы тұратын. Ол Парижде Шоқаевпен кездесті. Әзиз Мурзинмен екеуара әңгімелескенде Шоқаевтің есімі жиі аталатын. Жантөринаның Москвадағы жоғары оқу орнына түсу себебі туралы мынаны айта аламын: Жантөриндердің үйіші Колчактің штабымен бірге көшіп жүрді. Оның әкесі сол сапарда қайтыс болды. Әкесі өлген соң, сіңілісі екеуі Москвағв оқуға келді. Мұндағы қазақтармен танысып, жөн сұрасады. Құрлыс жөніндегі қазақ өкілеттігінде істейтін Әзиз Мурзинге жолығады. Ол: бұлар менің жерлесім, Сырдария аулынан шыққан деген сенім қағаз береді. Сол құжат бойынша Жантөрина оқуға түсті. Москвада Әзиз Мурзиннің жақын араласқан адамы Кәрменов Қайролла. Ол бұлардың барлық қылмысын білетін. Мурзиннің, Мұңайтпасовтың, Бекентаевтің тобына Кәрменов қамқорлық жасайтын. Кәрменов шетелден келгенде, олардың бәрінің үйішіне өз есебінен сыйлықтар әкелді. 1929 жылы Алматыға келген соң ғана Кәрменовтің, Бекентаевтің, Досмұхамедов Жаһаншаның тобымен қоштасты. Жаһанша Досмұхамедовпен көбінесе саясатқа қатысты әңгімелесетін. Қызып алған кезде ол компартия мен Кеңес өкіметін балағаттайтын, мазақтайтын. Әзиз Мурзин қарқылдап күліп, оны қоштап қоятын. Қазақтар Мұхтар Мурзиннің үйінде де бас қосатын. Әдетте ағайынды Мурзиндер, Қадырбаев Сейітазым, Нұрымов, Ғаббасов, Сұлтанбеков жиналатын. Олар тек қана саяси тақырыпта сөйлесетін. Әңгімелерінің мазмұнын мен білмеймін. Алайда бір рет олардың үрейін ұшырып: Сендердің сөздеріңді өкіметке жеткізіп, әшкерелеу ғана қалды – дедім. Бұдан кейін Мурзин менен сақтанып жүретін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет