Мазмұны глоссарий Негізгі әдебиеттер Дәрістер глоссарий


Модуль. Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі. №12 -дәріс тақырыбы



бет29/36
Дата25.01.2022
өлшемі115.89 Kb.
#454815
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Лекциялар

4Модуль. Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі.
12 -дәріс тақырыбы: Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары.
Дәрістің жоспары:

  1. Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын талаптар.

  2. Балалардың ойын дамытуға жүргізілетін жұмыстар.

  3. Грамматика және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері.

Дәрістің қысқаша мазмұны: «Қазақтың бастауыш мектебінде баспа білімдермен катар қазақ тілінің наху, сарфы да үйретілерге керек», -деп, А. Байтұрсынов көрсеткендей, ана тілді үйретуді жолға қою 1-сыныптая басталады.

Балаларды мектепте окыту максаттарының бірі - олардың тілін дамыту жұмысы екенін чех педагогі Я. А. Коменский; «Образование должно и обрабатывать ум для мудрости, язык для красноречия, руки для исполнения необходимых действий», - деп сипаттаған болатын.

Ресейде тіл үстарту жұмысьш мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу кажеттігі жөнінде әдістемелік нұсқаулар беріп, балаларды өз ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудін маңызын көрсеткен оқымысты Ф. И. Буслаев көрінеді.

Ал окушылардьщ тілін ұстарту әдістемесінің негізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде калыптастыру қажеттігін анықтап берген - орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский.

К. Д. Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен байланысты жаттығу жұмыстарының жүйесін кұрды. Ол жаттығулардың сатылары мынадай: 1) бакыланған заттарды атау; 2) іс мақалаларын мазмұндау; 3) заттарды салыстыру; 4) сипаттау; 5) болған окига жөнінде әнгіме кұру.

Педагог-ғалым логикалық ойлаудың жай түрлерінен бірте-бірте күрделісіне, жай сипаттаудан баспалдактай отырып хабарлауға көшу дұрыс екенін айта келіп: «Самое полное знакомство с богатствами народной словесности и самое глубокое знание грамматики, хотя могут обогатить ум учащегося, но не разовых в нем дар слова, если эта душевная сила в свое время была лишена достаточных упражнений», - дейді де, тіл ұстарту жұмысы жөніндегі жаттығулардың мынадай болу керектігін көрсетеді:

1.Белгілі тақырыпқа әңгіме құру; оны алғашқы сабақтарда-ақ (жүргізіп, бірте-бірте кеңейте беру керек.

2.Тіл ұстарту жаттығулары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір жаңа жаттығу өткен жаттығумен тығыз байланысып, сол жаттығуға негізделіп, балаларды бірте-бірте ілгері ұмтылуға жетектей беруі кажет.

3.Балалар аз-аздан үйренсін, бірақ білгендерінен айырылмай, кайта оны тақырыпты меңгеріп алуға пайдаланатын болсын.

4.Балалардың тілі дамыған сайын, мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз беттерімен орындасын. Алғашқы жаттығуларда мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық жұмысын қамтамасыз етіп отырсын.

5.Жаттығулар балалардың ойын дамытатындай болуға тиіс. Балалар сөздер мен сөйлемдерді тұрған қалпымен жаттамай, оқығандарының ішінен негізгі ой қазығын таба алатындай болсын.

Осындай озат пікірдің лебін қазақ даласына тұңғыш рет жеткізген адам қазақ халкының ұлы педагогі Ыбырай Алтынсарин болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет