Мазмұны Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері


Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру



бет5/16
Дата12.04.2024
өлшемі1.58 Mb.
#498500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дип.-Оқушылардың-танымдық-белсенділігі

Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып саналады.
Педагогикалық-пихологиялық әдебиеттердегі талдауда көрсетілгендей «танымдық белсенділік» терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр.Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде көрінеді.

  • биологиялық (П.К.Анохин, В.М.Бехтерев, И.М.Сеченов т.б.)

  • психологиялық (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, Б.Ф.Ломов)

  • әлеуметтік (А.Н.Леоньтев, А.В.Петровский, Л.Рубенштейн)

  • педагогикалық (Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский,Г.И.Шукина, Т.И.Шамова)

Биологиялық аспект - белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумен негізделеді.Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тұқымқуалау қасиеті.Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылық жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар
осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және мінез-құлық құруға өткен оқиғаға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады. ( П.К.Анохин)Белсенділік бейне белгісі тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштей детерминацияланған іс - әрекеттің бір түрі болып табылады.(В.З.Коган).Белсенділік көзі болып сыртқы орта және ағзада тұратын және өтетін ішкі үрдістер табылады.Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.
Психологиялык аспект - тұрғысынан белсенділік С.Л.Рубенштейн көзқарасындағы жалпы психика жөніндегі детерминистік түсінік беру сұрағының бір бөлігі ретінде қарастырылады.Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді.Белсенділік адамның жаңа қарым - қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады. С.Л.Рубенштейн адамның белсенділігін былай түсіндіреді:«Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет