Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi



бет33/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42

502-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:

1) айыптау үкiмi;

2) ақтау үкiмi;

3) iстi тоқтату туралы қаулы қайта қаралуы мүмкiн
503-бап. Iс жүргiзудi қайта қозғаудың мерзiмдерi

1. Айыптау үкiмiн жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сотталған адамның пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiммен шектелмейдi.

2. Сотталған адамның қайтыс болуы жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты ақтау мақсатында iс жүргiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды.

3. Ақтау үкiмiн, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарауға, сондай-ақ сотталған адамның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша айыптау үкiмiн қайта қарауға қылмыстық жауапқа тарту мерзiмінiң ескiруi iшiнде ғана және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.

4. Жаңа мән-жайлардың ашылған күнi болып:

1) осы Кодекстiң 501-бабының екіншi бөлiгiнiң 1) – 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдер ұсынуға, терiс аударма жасауға немесе iстi тексеру немесе қарау барысында жасаған қылмыстық iстерi үшiн кiнәлi адамдарға қатысты үкiмнiң (қаулының) заңды күшiне енген күні;

2) осы Кодекстің 501-бабы екінші бөлігінің 6) тармағында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі заңды конституциялық емес деп тану туралы қорытынды шешім қабылдаған күн;

3) осы Кодекстің 501-бабы екінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес прокурор тексеру немесе тергеу жүргізудің нәтижелері бойынша қорытынды жасаған күн есептеледi.


504-бап. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзуді қозғау тәртібі

1. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғау құқығы сотталғанға, ақталғанға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдеріне, қорғаушыларына, сондай-ақ прокурорға тиесiлi. Өтінішхат үкім, қаулы шығарған сотқа беріледі.

2. Азаматтардың, оның iшiнде осы iс бойынша процеске қатысушылардың өтiнiштерi, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламалары, сондай-ақ басқа қылмыстық iстердi тергеу және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғауға себеп болады.

3. Егер келiп түскен өтiнiшхатта немесе хабарламада осы Кодекстiң 501-бабының екіншi бөлiгiнiң 1) – 3) тармақтарында көрсетiлген мән-жайларға байланысты шығарылған сот үкiмiнiң бар екендiгiне сiлтеме болса, сот өзiнiң қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғайды, қылмыстық қудалау органдарынан және соттан тиісті іс жүргізу құжаттарын талап ете отырып, осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша сот талқылауын жүргізеді.

4. Егер өтiнiшхатта, шағымда немесе хабарламада осы Кодекстiң 501-бабының екiншi бөлiгiнiң 4) тармағында аталған өзге де мән-жайлар көрсетiлсе, сот тергеуді ұйымдастыру үшін материалдарды прокурорға жібереді. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеу кезiнде жауап алу, қарап тексеру, сараптама жасау, алу және өзге де тергеу iс-әрекеттерi осы Кодекстiң қағидалары сақтала отырып жүргiзiлуi мүмкiн.

Тергеу нәтижелері бойынша прокурор тексеру материалдарын және сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің бар екендігі не жоқ екендігі туралы өз қорытындысын сотқа жібереді.


505-бап. Прокурордың тексеруді немесе тергеуді аяқтағаннан кейiнгi iс-әрекетi

1. Прокурор өзіне келіп түскен арызды, өтінішті тексеруді немесе тергеуді аяқтағаннан кейін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайтадан бастау үшін негіздер болған кезде іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы мәселені қарауға өкілетті сотқа тиісті өтінішхатпен жүгінеді. Өтінішхат қылмыстық іс материалдарымен бірге жіберіледі, оған осы Кодекстің 501-бабы екінші бөлігінің 1) – 3) тармақтарымен көзделген жағдайларда – үкімнің көшірмесі және осы баптың екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жағдайларда тергеу материалдары қоса берледі.

2. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қозғауға негіздерді қарастырмастан, прокурор бұдан өзінің дәлелденген қаулысы арқылы бас тартады. Қаулының көшірмесі осы Кодекстің 105 және 106-баптарының тәртібімен қаулыға жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағымдану құқығы түсіндіріле отырып, үш тәулік ішінде арызданушыға жіеріледі.
506-бап. Соттың жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта қозғау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі

1. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта қозғау туралы өтінішхатты үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы соттың судьясы жеке-дара шешеді. Егер іс бойынша апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттар қаулы шығарса, сот шешімдерін қайта қарауды – тиісінше апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы судьялар жеке-дара, ал қадағалау сатысында құрамында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үш судьясы жүзеге асырады.

2. Сот отырысына арыз иесі, оның өкілі, прокурор, процестің өзге де қатысушылары және сот отырысына шақырылған адам қатысады. Сот талқылауының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген аталған адамдардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Қажет болған кезде сот оларды, сондай-ақ өзге де адамдарды сот отырысына келуге міндеттеуге құқылы. Күзетпен ұстауда отырған сотталған адамның сот талқылауына қатысуы интерактивті байланыстың техникалық құралдары қолданыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.

3. Бірінші сот отырысында бас тартулар мен өтінішхаттар қаралғаннан кейін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау негіздері туралы өтінішхатты баяндайтын арыз иесі не тиісті өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде прокурор сөз сөйлейді, содан соң сот отырысына келген басқа да адамдардың сөздерін тыңдайды, жүргізілген тексеру немесе тергеу нәтижелері бойынша арыз иесі, прокурор ұсынған материалдарды зерттейді.

4. Сот талқылауы аяқталғаннан кейін сот кеңесу бөлмесінде қаулы шығарады.
507-бап. Соттың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарған қаулысы

1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша сот мынадай қаулылардың бірін шығарады:

1) өтінішхатты қанағаттандыру туралы;

2) өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы.

2. Сот, егер оны қарау кезінде осы Кодекстің 501-бабының екінші бөлігінде көзделген мән-жайлар анықталса және олар заңсыз немесе негізсіз сот үкімінің, қаулысының шығарылуына әкеп соқса, өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы шығарады. Мұндай жағдайларда сот қаулыда тиісті заңды күшіне енген сот актісінің күшін жою туралы және істі жаңадан тергеуге немесе қарауға жіберу туралы көрсетеді. Егер жаңадан тергеу немесе сот қарауы талап етілмесе, сот тоқтатудың негіздері көрсетіле отырып, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

3. Егер сот өтінішхатта көрсетілген мән-жайлар расталмаса, не егер олар орын алғанымен, үкімнің, қаулының заңдылығы мен негізділігіне әсер етпесе, заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдырады.

4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған сот қаулысы сот кеңесу бөлмесінен шыққан соң жария етіледі, бұл ретте оған қатыспаған мүдделі адамдардың назарына жеткізіліп, оған шағым беру, наразылық білдіру тәртібі түсіндіріледі. Олардың өтініші бойынша оларға қаулының көшірмесі жіберіледі.

5. Бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған қаулысы – олар шығарылған күннен бастап он бес тәулік өткен соң, ал егер оларға шағым берілсе, наразылық білдірілсе және жоғары тұрған сот күшінде қалдырса, онда жоғары тұрған сот қаулыны шығарған күні заңды күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот шығарған қаулы шағым беруге, наразылық білдіруге жатпайды, оны жария еткен кезден бастап заңды күшіне енеді.


508-бап. Соттың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы прокурордың өтінішхатын қарау қорытындысы бойынша шығарылған қаулысы

1. Прокурордың жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қалпына келтіру туралы қорытындысын қарап, сот мынадай қаулылардың бірін шығарады:

1) прокурордың өтінішін қанағаттандыру және үкімнің немесе сот қаулысының күшін жою, тергеу немесе жаңа сот талқылауын жүргізу үшін істі беру туралы;

2) прокурордың өтінішхатын қанағаттандыру туралы және үкімнің немесе сот қаулысының күшін жою туралы және іс бойынша соңғы шешім қабылдау үшін тергеу немесе сот талқылауы талап етілмесе істі қысқарту туралы;

3) өтінішхатты қабылдамау туралы.
509-бап. Сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу

1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттың қаулыларына шағымдарды, наразылықты осы Кодекстің 504-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәуліктің ішінде жоғары тұрған тиісті сотқа беруі мүмкін.

2. Көрсетілген қаулыларға шағымдарды, наразылықтарды қарауды жоғары тұрған сот апелляциялық, кассациялық шағымдарды, наразылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Жоғары тұрған соттың шағым берілген қаулыны өзгеріссіз қалдыру, күшін жою немесе өзгерту туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым беруге, наразылық білдіруге жатпайды.
510-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi қайта қозғау кезiндегi азаматтық қуыным

Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты үкiмнiң күшi жойылған жағдайда iстi бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық қуыным жалпы негiздерде қайтадан қаралады. Азаматтық қуыным бөлiгiнде ғана iстi қайта бастауға тек азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жол берiледi.


11-бөлім. Айрықша іс жүргізу
54-тарау. Есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу
511-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша iс жүргiзу үшін негiздер

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 93-бабында аталған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу қылмыстық заңда тыйым салынған әрекетті есi дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыс жасаған соң жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты iстер бойынша жүзеге асырылады.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары дертi психикалық ауытқушылық өзi немесе басқа адамдар үшiн қауiп туғызумен байланысты болған не оның өзге де елеулi зиян келтiруі мүмкiн болған жағдайда ғана тағайындалады.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша iс жүргiзу осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен және сонымен бiрге осы тараудың ережелерiмен айқындалады.


512-бап. Дәлелдеуге жататын мән-жайлар

1. Осы Кодекстiң 511-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi.

2. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде мынадай мән-жайлар анықталуға тиiс:

1) жасалған әрекеттiң уақыты, орны, тәсiлдерi мен басқа да мән- жайлары;

2) осы адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасауы;

3) әрекетпен келтiрiлген залалдың сипаты мен мөлшерi;

4) қылмыстық заңда тыйым салынған әрекеттi жасаған адамның оны жасағанға дейiнгi, сондай-ақ одан кейiнгi жүріс-тұрысы;

5) осы адамда бұдан бұрын психикалық ауытқушылықтың болған-болмағаны, қылмыстық заңда тыйым салынған әрекеттi жасау кезiнде немесе iстi қарау кезiнде психикалық сырқаттану дәрежесi мен сипаты.


513-бап. Қауiпсiздiк шаралары

1. Заңда тыйым салынған әрекеттi жасаған және психикалық ауруға шалдыққан адамдарға бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.

2. Осы адамдарға қажет болған жағдайда мынадай қауiпсiздiк шаралары қолданылады:

1) денсаулық сақтау органдарын хабардар ете отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру;

2) психиатриялық көмек көрсететiн арнаулы медициналық ұйымға орналастыру.

514-бап. Туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына беру

1. Психикалық ауруға шалдығу фактiсi анықталған кезден бастап заңда тыйым салынған әрекеттi жасаған, бiрақ айналадағы адамдарға қауiп төндiрмейтiн адам, денсаулық сақтау органдарын хабардар ете отырып, туған-туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына берiлуi мүмкiн.

2. Сот алдындағы тергеуді жүргізетін адам, сот осы шараны таңдап алу туралы дәлелдi қаулы шығарады.
515-бап. Мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру

1. Бұлтартпау шарасы ретiнде бұдан бұрын күзетпен ұстауға алынған адамның психикалық ауруға шалдығу фактiсi анықталған кезде, адамды қатаң оқшаулау жағдайында ауруларды ұстауға лайықталған психиатриялық көмек көрсететiн арнаулы медициналық ұйымға ауыстыруды осы Кодекстің 55-бабына сәйкес тергеу судьясы жүзеге асырады.

2. Күзетпен ұсталмаған адамды психиатриялық көмек көрсететiн арнаулы медициналық ұйымға орналастыру осы Кодекстiң 279-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.

Егер сараптамалық зерттеу аяқталған, бірақ алдын ала тергеу аяқталмаған жағдайларда, адамның психиатриялық көмек көрсететiн ұйымда болу мерзімін одан әрі ұзартуды прокурордың өтініші бойынша алдын ала тергеу аяқталғанға дейін бір ай мерзімге тергеуші судья жүргізеді.


516-бап. Қылмыстық заңда тыйым салынған әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасының бұзылуымен ауырған адамға қатысты iстi бөлiп алу

Егер сотқа дейінгі тергеу кезiнде қатысушылардың бiрi әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасағаны немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасының бұзылуымен ауырғаны анықталатын болса, оған қатысты iс жеке iс жүргiзуге бөлiнуi мүмкiн.


517-бап. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiлетiн адамның құқықтары

1. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiлетiн адам, егер сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша бұған оның сырқатының сипаты мен ауырлық дәрежесi кедергi келтiрмейтiн болса:

1) өзiн қандай әрекеттi жасағаны үшiн айыптайтындығын бiлуге;

2) түсiнiктемелер беруге;

3) дәлелдер келтiруге;

4) өтiнiшхаттар мен бас тартуларды мәлiмдеуге;

5) өзiнiң ана тiлiнде немесе бiлетiн тiлiнде түсiнiсуге;

6) аудармашының көмегiн тегiн пайдалануға; қорғаушысының болуына және онымен оңаша және құпия кездесуге;

7) тергеушiнiң рұқсатымен оның өтiнiшхаты немесе қорғаушысының өтiнiшхаты бойынша жүргiзiлетiн тергеу іс-қимылдарына қатысуға;

8) осы іс-қимылдардың хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер жасауға;

9) сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға;

10) сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң iстiң барлық материалымен танысуға және одан кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға; мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмесін, оның ішінде техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға;

11) тергеушiнiң, прокурор мен соттың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар жасауға;

12) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулының көшiрмесiн алуға құқылы.

Iстiң сотта талқылауында, бұдан басқа, аталған адамның дәлелдердi зерттеуге және сот жарыссөздерiне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер жасауға; соттың қаулысына шағымдануға және шағымдалатын шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға; iсi бойынша берілген шағымдар мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар бiлдiруге; мәлiмделген шағымдар мен наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамға тергеушi оның құқықтарын түсiндiруге және олардың тiзбесiн жазбаша түрде табыс етуге мiндеттi. Соттың талқылауындағы құқықтары түсiндiрiлгенi туралы сот отырысының хаттамасында белгi жасалады.


518-бап. Заңды өкiлдiң қатысуы

1. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiлетiн адамның жақын туысқаны немесе өзге тұлға осы адамның заңды өкiлi болып танылады және сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның немесе прокурордың қаулысы бойынша не соттың қаулысы бойынша iске қатысуға тартылады.

2. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiлетiн адамның заңды өкілінің сотқа қатысуы міндетті болып табылады.

3. Заңды өкiл өзi өкiлi болып отырған адамның заңда тыйым салынған қандай әрекеттi жасағаны үшін айып тағылғанын бiлуге; өтiнiшхаттар мен бас тартуларды мәлiмдеуге; дәлелдер келтiруге; тергеушiнiң рұқсатымен оның немесе қорғаушысының өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн тергеу қимылдарына қатысуға; өзi қатысқан тергеу қимылдарының хаттамаларымен танысуға және ондағы жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескертпелер жасауға; алдын ала тергеу аяқталған соң iстiң барлық материалымен танысуға, одан кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде көшiрiп алуға; құжаттардың көшірмесін түсіріп алуға, соның ішінде техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға; iстi тоқтату туралы немесе iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулының көшiрмесiн алуға; сот талқылауына қатысуға; тергеушiнiң, прокурор мен соттың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар беруге; соттың қаулысына шағым жасауға және шағымдалатын шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға; iс бойынша келтiрiлетiн шағымдар мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар бiлдiруге; мәлiмделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға құқығы бар.

4. Заңды өкiлге құқықтарының түсiндiрiлгенi туралы хаттама жасалады.
519-бап. Қорғаушының қатысуы

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс бойынша iс жүргiзуге қорғаушының қатысуы, егер қорғаушы бұдан бұрын iске өзге негiздер бойынша араласпаған болса, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп отырған адамның есiнiң дұрыс еместігі немесе психикасының бұзылуы фактiсi анықталған кезден бастап мiндеттi болып табылады.

2. Iске араласқан кезден бастап қорғаушының, егер бұған қорғалушының денсаулығының жай-күйі кедергi келтiрмейтiн болса, қорғауындағы адаммен оңаша жүздесуге құқығы бар, сондай-ақ осы Кодекстiң 66-бабында көзделген басқа да барлық құқықтарды пайдаланады.
520-бап. Алдын ала тергеудiң аяқталуы

1. Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам:

1) 35-бапта және 288-баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, сондай-ақ психикасының бұзылуы өзi немесе басқа адамдар үшiн қауiп туғызумен байланысты емес жағдайларда – iс жүргiзу iсiн тоқтату туралы;

2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулы шығарады.

2. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам істi тоқтату туралы немесе iстi сотқа жiберу туралы өзiне қатысты алдын ала тергеу жүргiзiлген адамға, егер өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша бұл адам тергеу қимылдарына қатысуға қабiлеттi болса, оның заңды өкiлiне және қорғаушысына, сондай-ақ жәбiрленушiге хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам процестiң аталған қатысушыларына олардың iстiң материалдарымен танысу құқығын түсiндiредi және бұл құқығын олардың қайда және қашан пайдалана алатындығын хабарлайды. Iспен танысудың, тергеудi толықтыру туралы өтiнiштер мен рұқсаттардың тәртiбi осы Кодекстiң 295 – 297-баптарында айқындалады.

3. Iстi тоқтату туралы қаулы осы Кодекстiң 288-бабының қағидалары бойынша шығарылады. Iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулыда осы Кодекстiң 512-бабында көрсетiлген және iс бойынша анықталған мән-жайлар; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн негiздер, егер олар айтылған болса, қорғаушы мен басқа да адамдардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының негiздерiне дау айтатын уәждерi жазылуға тиiс.

4. Істі сотқа жіберу туралы қаулыға қосымша осы Кодекстің 299-бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша жасалады.

5. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам істi сотқа жiберу туралы қаулыны прокурорға береді, ол істі зерделеп, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін iстi сотқа жiбередi;

2) iстi қосымша тергеу жүргiзу үшiн қайтарады;

3) осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген жағдайларда істі тоқтатады.

6. Iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулының көшiрмесi заңды өкiлге табыс етiледi.


521-бап. Сотта іс жүргізу

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді аудандық немесе соған теңестірілген соттар қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген апелляциялық шағымдар немесе наразылық бойынша қылмыстық істі қараған кезде қарауы мүмкін.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс сотқа келіп түскеннен кейін судья оны осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша сот отырысында қарауға тағайындайды.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде соттың құрамы осы Кодекстің 52-бабына сәйкес айқындалады.


522-бап. Iс бойынша шешiм қабылдау кезiнде сот шешетiн мәселелер

1. Iстi сотта талқылау процесiнде мынадай мәселелер зерттелуге және шешiлуге тиiс:

1) қылмыстық заңда көзделген әрекет орын алды ма;

2) әрекетті iсi қаралып отырған адам жасады ма;

3) iсi қаралып отырған адам әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасады ма;

4) осы адам қылмысты жасағаннан кейiн жаза тағайындау және оны орындау мүмкiн болмайтын психикасы бұзылумен ауырды ма;

5) адамның дерттi психикасы бұзылуы оның өзi немесе басқа адамдар үшiн қауiптi ме не оның өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiн туғызады ма;

6) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылуға тиiс пе және нақ қандайы.

2. Сот, сондай-ақ осы Кодекстiң 390-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 10), 11), 12) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi шешедi.
523-бап. Сот қаулысы

1. Қылмыстық заңда тыйым салынған әрекеттi осы адамның есi дұрыс емес күйде жасағаны немесе осы адамның қылмысты жасағаннан кейiн жазаны тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтын психикасы бұзылумен ауырғаны дәлелдендi деп танып, сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 17, 76-баптарына сәйкес осы адамды тиiсiнше қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату туралы және оған медициналық сипаттағы және нақ қандай мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығарады.

2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша қауiп-қатер туғызбайтын болса не ол ауыр емес қылмыс белгілері бар әрекет не қылмыстық теріс қылық жасаған болса, сот iстi қысқарту туралы және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбау туралы қаулы шығарады.

3. Сот осы адамның әрекеттi жасауға қатысқаны дәлелденген жоқ деп таныған, сондай-ақ осы Кодекстiң 35-бабының бiрiншi бөлiгiндегi 1) – 12) тармақтарында көзделген мән-жайлар анықталған кезде сот өзi анықтаған негiз бойынша адамда аурудың болуына және оның сипатына қарамастан iстi қысқарту туралы қаулы шығарады.

4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген негiздер бойынша iс қысқартылған кезде, сот қаулысының көшiрмесi психиатриялық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу немесе психоневрологиялық мекемеге жiберу туралы мәселенi шешу үшiн бес тәулік ішінде денсаулық сақтау органына жiберіледi.

5. Iсi қаралып отырған адамның психикасының бұзылуы анықталмады немесе қылмыс жасаған адамның ауруы оған жазалау шараларын қолдануды жоққа шығармайды деп тани отырып, сот өзiнiң қаулысымен iстi жалпы тәртіппен сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру үшін прокурорға жібереді.

6. Соттың қаулысында осы Кодекстiң 401-бабында көрсетiлген мәселелер шешiледi.
524-бап. Соттың қаулысына шағымдану және наразылық білдіру

1. Аудандық және оған теңестірілген соттың қаулысына – осы Кодекстің 48-тарауында көзделген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен, ал осы Кодекстің 439-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі, ісі қаралған адамның заңды өкілі немесе жақын туысы кассациялық сатыға шағымдануы, сондай-ақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Осы Кодекстің 517-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам істі сотта талқылауға қатысқан жағдайда ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның сырқатының сипаты мен ауырлық дәрежесі бұған кедергі жасамаса, сот қаулысына шағымдануға құқылы.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен орындауға беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет