Мазмұны Кіріспе 3 1 БӨлім. Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері 4


Этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеу мәселесі



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#124019
1   2   3   4   5   6

1.3 Этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеу мәселесі




Ж.Аймауытұлы - тұжырымдаған педагогикалық психологияның негізгі арқауы да, сол жылдары дүлдүл ақынымыз М.Жұмабаевтың “әрбір тәрбиеші ... ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті ... Мектебімізді таза, берік, һәм өз жанымызға, қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай – ақ серттесуге болады” дейтін қағидамен егіздің сыңарындай үндеседі. Ұлт мәселесі, тәлім – тәрбиенің ұлттық астары, бұдан бұрын да ғұмыр кешкен көптеген қазақ ойшылдарының мұраларында сан рет сөз болғаны белгілі. Бұл салада алғаш пікір білдіргендердің қатарына – Дулатиді, Ақтамбердіні, Бұқар жырауды жатқызар едік. Олар адамның түрлі әлеуметтік топтарға бөлініп, ер мен әйел, бала мен жігіт, қыз бен келін, жас, кәрі адамдардың психалогиясы туралы айта келіп, осынау жандар - дың ұлтымызға тән ерекшеліктерін сөз етеді. Кейіннен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Н.Төреқұлов, С. Торайғыров тағы басқа көптеген қазақ зиялыларының ұлт, этнос психологиясының әр түрлі қырлары жайында сөз қозғағанын білеміз. Мәселен, халқымыздың рухани көсемі деп аталып жүрген Ә.Бөкейханов (1866 - 1937) өз еңбектерінде тәлім – тәрбие мәселесін ұлт психологиясымен байланыстыра қарап, бұл жөнінде бірсыпыра сындарлы түйіндер айтқан. Ол әр халықтың өзіндік әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, ұлттық мінез – бітімі, әлеуметтік сезімдері мен көңіл – күйлері, мұраттары мен талап – тілектері болатынын ерекше еске сала келіп, бір кезде Ш.Уалиханов тұжырымдаған “халық рухы” деген түйінді әрмен қарай түсіндіреді. “Түрік затты халықта, - деп жазды ол, - біздің халықтай бір жерде тізе қосып отырған іргелі ел жоқ. Анық түрік затты халық – біздің қазақта ”. Ә.Бөкейхановтың ұлт психалогиясына қатысты ой – пікірлерінің негізгі түйіні: “Халық ісін орнына салуға көп ақыл, кп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек” дейтін тұжырым. Ә.Бөкейханов әр ұлттың сана – сезімінің дамуында оның белгілі іс - әрекетпен, тиянақты кәсіппен айналысуы ерекше маңызды, бұл үшін қазақ халқы оқу – білім, шберлік, айла – тәсіл, дағды, икемділікті терең меңгеруі қажет дейді. “Адам баласы, - дейді ол, - үнемі ізденіс үстінде, жалықпай, талмай әрекет етуде ғана мақсатына жете алады. Өмір – үнемі күрес, бірлесіп тіршілік ету – бұл үшін шеберлікке, айла – тәсілдікке жету қажет. Кім шебер болса, жалықпай, талмай ізденсе, бірігіп, тізе қосып, іс қылса, өмір бәйгесі – соныкі. Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсаса іс көркейеді”. Ә.Бөкейхановтың пікірінде, туған халқы үшін қызмет ету - әр адамның перзенттік борышы, бұл оның абыройлы міндеті. Автор әр этностың өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына оның нақты өсіп - өнген ортасы, табиғаты, тау – тасы, өзен – көлі, кір жуып, кіндік кескен жері ерекше әсер ететінін төмендегіше түйіндейді: “Әркімде болатын өзгешелік өз заманындағы, өз халқындағы табиғат, әлеумет қатынастарының нәтижесі депбілу керек. Осы шарттар ұрпақтан – ұрпаққа үзілмей ықпал ететін болса, бұдан өзгеше халықтың өзгеше мінезі пайда болады. Ол мінез тұқым мінезіне айналады ”. Автор адам психологиясының қалыптасуы да осылайша қоршаған табиғаттың, жер мен судың , ландшафтың ықпал ететіндігіне ерекше назар аударады[35;119-121].

Ж.Аймауытұлы өзінің “Психологи” кітабының “Адам қылығының әлеуметтік – шаруашылық негіздері” деген тарауына “Жағрапия жағдайының адам қоғамына сүреңі” деген арнаулы параграф енгізген. Осы жерде автор әділдік , мейірімділік, мәдениет, тіл, салт, ертегі, өнер дейтін тақырыптарды да сөз етіп, бұларды қазақ ұлтының өмірінен алынған мысалдар арқылы баяндайды. “Адамның жүрегінің, - деп жазды ол, - сыры табиғатпен жалғасса, қиялы күшейіп, мінезі көркейіп, сезімі нәзіктеле бермек”. Этностық психологияның осы іспеттес негізгі түйіндерін бұдан 70 жыл бұрын осылайша тұжырымдауы ғұламаның ой – парасатының орасан ұшқырлығын көрсетеді. Ж.Аймауытұлы еңбектерінен қазақтың бір кездегі жайсаң мінезінің бұзыла бастауына не себеп болған деген сұрақтың да жауабын табуға болады. Ол мұның патша өкіметінің отарлау саясатынан туындағанын, қазақта бұрын – соңды кездеспеген кейбір теріс мінез – құлықтарының біртіндеп жұрттың сүйегіне “сіңе ” бастағанын, мұны кезінде ұлы Абайдың да сынағанын еске салады . Расында да, Абай өз замандастарының басында осындай келеңсіз қасиеттердің он бестей түрі кездесетінін өзінің қара сөздерінде көрсеткен еді.

Отарлау саясатының салдарынын қазақ халқының басында қылыптасқан жексұрын қасиеттер жөнінде Ж.Аймауытұлы былай дейді: “Қазақтың мінезіне, қылығына тиген зиян мынау: ұрлық, зорлық, қорлық, өсек, өтірік, алдау, құлық, сұмдық, айдату, байлату, кісі өлу, рақымсыздық, жалған, мақтан, ынсапсыздық, тұрақсыздық, масылдық, жалақорлық деген нәрселер шайтанның ұясынан артық болмаса кем болған жоқ”. Автор осы жерде адамда кездесетін барлық жаман қасиеттерді туған халқының басына үйіп төккенімен, бұған жаны ашып, құлдық психологиядан қалайша жол тауып шығуға болатыныны жайында тебіренеді. Ол көшпелі қазақ жұртының өскелең ұрпаққа үлгі - өнеге тұтар асылдары да өлшеусіз көп болғанын нақты мысалдар арқылы дәлелдеп, оларды ұрпақ тәрбиесінде пайдалануға ұсынады. Ұлт психологиясы жайындағы толғаныстарының әрмен қарай былайша жалғастырады: “Адамның өз басы көгергенімен, ұлт көгермейді. Ұлт көркейсе – ол бақыт, ол ұлт ішіндегі адамдарға ортақ ... Ұлтын, отанын көркейту қандас, діндес, тілдес бауырларының қамын жеу”[36;15-19].

Осы айтылғандар оның ұлт психологиясына байланысты түйіндерінің іргетасы. Ғалым өзінің ұлттық мінез туралы айтқан тұжырымдарында әр этностық, әр ұлттың өзіне тән мінез – құлқы секілді қасиеттердің біршама тұрақты да, тұрлаулы болатынын, сондай – ақ олардың біртіндеп қалыптасуына оның тұрмыс – салты, әдет – ғұрпы (тіл, дін, өнер, табиғат т.б.) әсер ететінін, ұлттық қасиеттердің бір қалыпта тұра бермейтінін, олар баяу болса да, өзгеріп отыратынын, қазақ өмірінен нақтылы мысалдар келтіріп, бажайлай баяндайды. Мәселен, ол “Комплекспен оқыту жолдары” деген еңбегінде қазақ шәкірттерінің сұлулық талғамының өзіндік ерекшеліктері туралы айта келіп, былай дейді: “Жеріне, тұрмыс жағдайына қарай әр елдің сазы, ән – күйі де әр алуан. Түркістан елінің ән бұлтарысы жоқ, тік тартар айқай, қайырмасы жоқ, келте немесе бірыңғай текірек болып келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам болсын, ауылдан былай шыға беріп, “Ауылың сенің белде еді, ариайдай”, - деп қозғайды. Арқаның әні толқынды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайталамалы, қайыруы ұзын болыпт келеді. Теріскейдің, батыстың әні мұнды, зарлы, шерлі, желдірме, көй – көй болып келеді”. Автор бұл жерде этностық ерекшеліктердің ән, музыка саласында да ерекше орын алатынын айтып отыр.

Ж.Аймауытұлы ұлт психологиясының әр түрлі мәселелерін осылайша көрсете келіп, өзінің ұстаған бағыт – бағдарынан айнымай, көтерген мәселесін ешбір қоспасыз саралап айтатындықтан, бұл сол кездегі кейбір әсіре қызыл идеологсымақтардың жанына мықтап бататын еді. Мәселен, “Советская степь” газетінің 1928 жылдың қаңтарындағы санында басылған “Бір оқулық туралы” деген “сын” мақалада А.Михайлов деген біреу Аймауытұлының “Психологиясынан” ұлтшылдық пен идеализмнің сарынан іздеп, ол жөнінде былай депті: “Аймауытоывщине в нашей советской печати нужно положить конец, а господам Аймауытовым на то место, которое им предназначено их буржуазной природой ... В вопросах психологии Жусупбек показал себе настоящим идеологом байства”. Ж. Аймауытұлы ұлт психологиясын ұлт тәрбиесімен қиюластыра баяндай келіп, бұл орайдағы өз түйіндерін қоғамдық (әләуметтік) психология мәселелерімен қосақтастыра баяндайды.

Әлеумет, қоғам – адам психологиясының негізгі қозғаушы күші. Адамның мақсатқа, дүние табуға бағытталған еңбегі алдымен кәсіп іздеу үшін былайша айтсақ, нан табу үшін істеледі. Ал бұл басқа адамдармен қарым – қатынаста басқа адамдармен байланысқанда солардың көмегімен жүзеге асады.

Мәселен, диқан еңбегі табиғат жағдайларына бағынады. Мысалы, ауа райына, жердің құйқасына, жылдың мезгіліне, жауынға, құрғақшылыққа, шағылға және т.б[37;151-153].

Автор бұл жерде “адамның күні адаммен” дегендей, жалғыз істейтін қызмет жалпы айтқанда аз, тіпті болмайды деп отыр. Еңбек көптікі болмақ. Аймауытұлының пікірінше, еңбек дегеніміз көмектестік, аңшылық пен аушылық, бірнеше адамның жай бірлесуі, бірлесіп шөп шабу, егін егу, жол түзеу, арық қазу, орман отау, аң аулау, балық аулау, там соғу, киіз басу, құдық аршу – барлығы адамдардың бір – бірімен бірлескен әрекетінің нәтижесі. Автор бұл жерде әлеуметтік психологияның негізгі мәселелерінің бірі – адамның әр түрлі бірлестіктері туралы (топ, ұжым, ұжымдастық т.б.), олардың бір – бірімен байланыстары туралы қазақ топырағында ілкі сөз қозғаған ғулама ретінде көрініп отыр. Ол қоғамдық психология туралы айтқан пікірлерінде еңбектің бөлінісінде қарай, адамда өзгеше психологиялық қабілет туындайтынын да сөз етеді. Мәселен, ол сауда, кеңсе ісі, түрлі қара жұмыс, диқаншылық, өнеркәсіптің әр түрлері, тағы сондай мамандық иелерінде түрліше психология қалыптасады, осының нәтижесінде әр адам әр түрлі, тағы сондай мамандық иелерінде түрліше психология қалыптасады, осының нәтижесінде әр адам әр түрлі қызметке жетік, маман бола алады дейді. Яғни ол, біреу шаруа иесі, екінші біреу саясатшы, үшінші біреу – сот, төртінші біреу - әскери қызмет, тағы басқа мамандық иесі бола алатынын, мұның барлығы сайып келгенде, белгілі ұжымдардың әсерінен қалыптасып отырғанын ашып көрсетеді.

Ж. Аймауытұлының қоғамдық психологияға байланысты пікірлері оның тап, дін психологиясы туралы айтқандарымен де тоқайласып отырады. Автордың пікірінше, “жалпы адам” деген құр дерексіз ұғым; адамның қылығы табымен өлшенеді, әрбір адам не ана таптың, не мына таптың адамы. Сондықтан адамның қылығын оның табымен байланыстырып қарау керек. Автордың пікірінше, адамның қандай тапқа жататындығынан оның психологиясы туралы көп мағлұмат алуға болады. Өйткені адамның қылығы, белгілі таптың туынды қылығы . Автордың пікірінше, таптан екінші тап ерекшеленіп отырады. Еңбек жемісін үлесу жолындағы таптар арасының кәдімгі қатынасы – тартыс, тап – қоғамның тарихы , тап – тартысының тарихы.

Автор әр тап өкілдерінің тәрбие туралы көзқарастарының да түрліше болатынын атап көрсетеді. Қазіргі кезде бізде әлеумет және ұлт психологиясының сан – салалы мәселелері жайында зерттеулер жариялана бастады. Осы мәселелердің қыр – сырын зерттеуге кезінде әміршіл – тоталитарлық жүйе қарсы болды. Өйткені жалған интернационализмнің жалауын көтеріп, коммунизм орнатуды мақсат еткен қоғамға ғылымның бұл саласы қажетсіз еді. Сондықтан да әлеуметтік, этнопсихологиялық мәселелер оқтын – оқтын жекелеген ғалымдардың жол – жөнекей, ат үсті жазған еңбектерінде ғана соз болып келген болатын. Осының салдарынан күні бүгінге дейін ұлттық этнопсихология ғылымының зерттеу объектісі де, термин, ұғым атаулары да бір ізге түскен жоқ. Мәселен, үш томдық “Психологиялық энциклопединың ” жоба сөз тізбегінде оның 30 – ға жуық терминдері ғана (дәстүр, салт, ритуал, табу, этностық стереотип, этноцентризм, психикалық тұрпат, этностық т.б.) тіркелгені – осының айғағы[38;80-85].

Еліміздегі тыныс – тіршіліктің кез келген саласында (мектеп, сауда, спорт, әкімшілік, әскери қызмет т.б.) ұлттық ерекшеліктерді ескермей, бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай, тиянақты жұмыс жүргізу қиын. Әсіресе, Қазақстан секілді көптеген ұлт өкілдері мекендеген елде этнос психологиясымен үнемі санасып отыру аса маңызды. Мәселен, әр түрлі этностар мен халықтардың ұлттық мүдделерін қорғау, олардың әрқайсысының дәстүр – салты мен әдет – ғұрпына ұқыптылықпен қарау, ұлттық қатынастарда шиеленістерді экстремизм мен шовинизмнің, ұлтшылдық пен нәсілшілдіктің, этностық кемсітушіліктің кез келген көріністеріне жол бермей, әр халықтың ұлттық тәлім – тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін, этнопсихологиялық зерттеулерді ерекше жандандыру қажет деп ойлаймыз.

Жеріміздің ұлан – ғайыр кеңдігі мен табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дарындылық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлық, жойқын соғыс пен қырғынға ұшыраудың салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандылық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қалыптасқан малжандылық (мәселен, аман – саулық сұрағанда қазақтар алдымен малдың жайын сөз етеді ), өзінен басқа жұртқа деген асқан бауырмалдылық, ешуақытта біреудің жеріне көз алартпаған бейбітшілік, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қаусатқан батырлық, “мың өліп, мың тірілген” кездердегі шыдамдылық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы белестері, халқымыздың ұлттық мақтанышы емес пе? Осы айтылғандарды қазіргі жас ұрпақ тәрбиесінде ескерумен қатар, педогогикалық психологияның әдіснамалық тұғырына неге енгізбеске? Сондай – ақ патшалық отарлау, большевиктік империялық саясат тудырған келеңсіз қасиеттер де баршылық. Осы кезеңдерде қанымызға әбден “сіңіп” кеткен даңғазалық пен ұраншылық, күдікшілік пен салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық т.б. әлі күнге дейін аяғымызға оралып, жаңа заман талабына бейімделуге бөгет болуда. Әсіресе, кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге сіңген дінсіздік, спирт ішімдіктеріне әуестік, жеңіл жүрістілік, келеңсіз тіршілікке құмарлық т.б. (бұлар бұрынғы қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер) осы іспетті пәлелер келіп қосылды. Этнопсихология саласында зерттеу жүргізетін ғалымдарымыз мінездегі осы міндерің психологиялық астарын тереңдей талдап, бұлардан қалайша арылуға болатынын іздестіретін болса құба – құп .

Біздің осылайша тізбектеп отырған мәселелеріміз, сөз жоқ қоғамдық педогогикалық психологияның зерттеу объектісіне айналуы тиіс. Бір өкінерлігі, тәлім – тәрбиелік тақырыпта қорғалған диссертациялар мен монографиялар тиісті шешімін әлі күнге дейін таппай келеді. Ал бұл айтылғандардың тәлім – тәрбиелік психологияның ұлттық астары екеніне шүбә келтіруге болмайды.

[39;20–26].



Шоқан Уәліханов

Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым – білімнен мейлінше мол сусындаған, жан – жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік психолог, тәлімгер – үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.

Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны – халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді.

Шоқанның психалогиялық пікірлерінде материалистік сарын ерекше байқалады.Онда этностардың психалогиясы сыртқы ортаға, әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады дейтін сындарлы пікірлер баршылық. Бірақ Шоқан адам психалогиясының қалыптасуындағы тарихи – қоғамдық факторлардың шешуші рөлін жеткілікті ұғына алмай, ұлттық мінез – құлқы мен әдет – ғұрыптардың қалыптасуына географиялық орта мен табиғат ерекше әсер етеді деп соңғылардың рөлін асыра бағалап жіберген кездері болды.

Оның этнопсихологиялық пікірлерінің бұдан басқа да кейбір жаңсақ жақтары бар. Мәселен, ол халқымыздың басты – басты психалогиялық ерекшеліктерін (қонақжай-ылық, үлкенді сыйлау т.б.) дұрыс көрсете келіп, осы ұлттық мінезде кейбір өзгермейтін, тіпті тұқым қуалайтын негіздер де бар деген пікір айтты.

Шоқанның психалогиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғанысымен астарласып жатады. Ағартушы ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғанын айтады. Ол қазақ даласында кейінірек тараған шаман дінінің пайда болуының да белгілі себептері бар дейді. Білім – ғылымнан кенже, тәжірибесі аз адамның табиғатпен күрестегі енжарлығы, оған тәуелді болуы – діни елестер мен сенімдердің пайда болуының көзі. Оның ойынша, діни сенімдердің пайда болуының екінші бір көзі адамның жан дүниесінің, оның сана – сезімінің кейбір ерекшеліктерінен туындайды. Дүниедегі ерекше бір керемет – адамның өзі. Оның жаны, қабілеті, ойлайтын және бәрін білгісі келетін рухани өмірдің зерттелуі аса қиын нәрсе. Адамның табиғат күштерінен қорқуы – діни түсініктердің пайда болуының басты себептерінің бірі. Жас сәбиге ұқсаған алғашқы адам үшін табиғаттың апаттары қанша қаһарлы болса да ол одан жасырына жансауғалай алушы еді. Ендігі бір үлкен қырсық адамның өзінде болды. Өзі сезінетін, бірақ түсіне алмайтын сиқырлы күштен қорқу, үрейленуден теріс түсініктер туындады.

Шоқанның психалогиялық пікірлері оның кейбір тәлім – тәрбиелік педагогикалық көзқарастарымен тығыз ұштасып жатады. Ол өмір сүрген заман педагогикасында орыстың революцияшыл демократиялық идеясының өрлеп тұрған кезі еді. Осы озық идеямен нәрленген педагогика тәрбиешілерден жас буындарды қоғамдағы зұлымдық атаулымен күресе алатын, адамгершілігі мол жеке мақсатын халық мүддесіне бағындыра білетін, озат прогрессивті көзқарасы бар адам етіп тәрбиеленуді талап етті. Орыс педагогикасының осынау жаңашыл идеалдары Шоқанның ағартушылық ісіне де әсер етпей қойған жоқ. Өйткені Шоқан осы өршіл педогогиканың негізін салуға ат салысқан Чернышевский мен Добролюбов ілімдерінен де тәлім алған еді. Ағартушы – ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізінде құрып, оқу – білімінің табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, сөйтіп туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Ол халқымыздың өркениеті үшін татар молдалары сабақ беретін медреселердің, сондай – ақ патша өкіметі ашқан ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын оқу орындарының қажетсіздігін, оның орнына Еуропа жұртында кең тараған дүниежүзілік жалпы білім беретін мектептердің ашылуы зор маңыз алады дей келіп, отарлау саясаты көздеген шараларды мықтап сынға алды . Ол “Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы” атты еңбегінде осы мәселеге ерекше мән беріп, татар молдаларының схолостикалық оқу жүйесін сынай келіп, “тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді” – деді.

Шоқан еңбектерінде жастар тәлім – тәрбиесіне қатысты бұдан басқа да түйінді ойлар да баршылық[40].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет