Хаттама – бір деңгей аймағындағы жүйелер арасында мәлімет алмасу әрекеттерін анықтау ережелері.
Интерфейс – төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын функциялар жиыны.
Хаттамалар стегі (тізімі) – бұл жүйелерді байланыстыруды ұйымдастыруға қажетті әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.
Сонымен хаттама деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олармен орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын ережелер жиынын айтады. Ол байланыстың атқарылу тәсілдерін және арналардағы кедергілерді азайту жолдарын анықтап, екі компьютердің арасында мәліметті мүлтіксіз тасымалдау ісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Желідегі стандарт ұғымы да осы бекітілген хаттамадан немесе солардың жиынынан тұрады.
Қолданбалы деңгейде пайдаланушыларға өңделген ақпаратты беру қажет. Бұл жүйелік және пайдаланушының программалық қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асырылады.
Қолданбалы деңгей қосымшалардың жүйеге қатынауына жауап береді. Бұл деңгейдің міндеттері – файлдардың орнын ауыстыру, пошталық хабарламалармен алмасу және желіні басқару.
Жоғарғы үш деңгейдің (қолданбалы, ұсынылу, сеанстық) кеңінен таралған хаттамалары:
FTP (File Transfer Protocol) файлдарды беру хаттамасы;
TFTP (Trivial File Transfer Protocol) файлдарды жіберудің қарапайым хаттамасы;
Х.400 электрондық пошта;
Telnet қашықтағы терминалмен жұмыс;
SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) пошталық алмасудың қарапайым хаттамасы;
CMIP (Common Management Information Protocol) ақпаратты басқарудың жалпы хаттамасы;
SLIP IP (Serial Line IP) тізбекті сызықтар үшін. Деректерді әрбір нысан бойынша жіберудің тізбекті хаттамасы;
SNMP (Simple Network Management Protocol) желілік басқарудың қарапайым хаттамасы;
FTAM (File Transfer, Access and Management) файлдарды жіберу, қатынау және басқарудың хаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |