Мазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі466.5 Kb.
#133983
1   2   3   4

ІІІ-пункт. Картография.

Оқушылар бұл пунктке келген соң тақтадағы топография шартты белгілердің қандай жерлер (ормандар, шалғындар. Бұлақ, көпір, жол, жемісті бау-бақша, төбелер, электр желісі екендігін анықтады.



Атамекен тобы 30 белгіні анықтады.

Төреші бұл топқа 4 деген баға қойды.



Жер-ана тобы 35 белгіні таба білді. Төреші бұл топқа 5 деген баға қойды.

ІV -пункт. Метеорология.

Бұл пунктте оқушылар атмосфералық құбылыстарды табады.

Шартты белгілер мынадай : қар, ашық күн, бұршақ, қйрау, найзағай, бұлтты күн, сіркіреуік жаңбыр, шық, көктайғақ, туман.

Атамекен тобы белгілердің барлығын тапты.

Жер-ана тобы 10 белгінің 8-ін дұрыс тапты.

Төреші мынадай тапсырма берді. Халық арасында айтылып жүрген ауа-райы туралы болжамдардан мысалдар келтіру. Мысалдың көптігіне байланысты бағаланады.

Атамекен тобының мысалдары: 1) егер жаңа туған ай шалқалап туса, ол айда ауа-райы малға жайсыз, ал жаңа ай тік туса, ауа-райы жайлы болады.

2) Жауын құрты жер бетіне шыса жаңбыр жауады.

3) торғайлар топталық, қайта-қайта ұшып-қонып бүрісіп, сілкілене берсе, күн суытады.

4) Бақа көшке көп бақылдаса, ертеңіне күн ашық болады.

5) егер қойлар қыстың күні қораға еркін кірсе, ауа-райы жақсы болады.

6) Егер күн қызарып батса, онда ертеңіне ауа-райы ашық болады.

7) жаңбыр жұма күні жауса, онда ұзаққа созылады. Атамекен тобы 7 мысал айтты. Жер ана тобының мысалдары:

1) қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.

2) Балықтар су бетіне шаршып шығып, ойнай бастаса, көп ұзамай жаңбыр жауады.

3) Мысық керіліп, ұйқыға берілсе, онда ұзақ уақыт ауа-райы жайлы болады.

4) Ай туғанда шалқайып туса, онда өзіне жайлы, шаруаға жайсыз. Ал тік туса, онда өзіне жайсыз шаруаға жайлы.

5) Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылайын дегені, ал бұлт шетінен бұзылса, ауа-райы оңалуға бет алғаны.

6) Жаңбыр жауғанда көлшік судың бетінде көпіршіктер пайда болса, ұзаққа созылады.

Жер-ана тобы 6 мысал айтты.



V -пункт. Ботаника.

Бұл пунктте екі топ оқушылары төреші қойған сұрақтарға жауап берді.



Атамекен тобына мынадай сұрақтар қойылды:

Табиғаттағы жасыл өсімдіктердің рөлі:

Жауап:

Әр тірі ағза өмір сүру қажетіне сай энергиямен қамтамасыз етуді талап етеді, ал ол энергияның қайнар көзі - күн. Тірі ағзаның кезкелгені күн энергиясын пайдалана алмайды. Ал жасыл өсімдіктер ғана күн энергиясын тікелей пайдалануға қабілетті. Органикалық заттарды дайындай отырып, жасыл өсімдіктер СО2 сіңіріп, ауаның О2 мен қаматмасыз етеді. Тас көмір, шымтезектер бұрынғы геологиялық дәуірлердегі жасыл өсімдіктер дайындаған заттар.



Өсімдіктөрдің құрылысы:

өсімдіктің әр түрлі қызмет атқаратын мүшелері тамырларға, сабақтарға, жапырақтарға бөлінеді. Жапырақ, сабақ, тамыр, вегатативті мүшелерге, ал гүл, жеміс пен тұқым көбею мүшелеріне жатады. Тамыр арқылы сабаққа, жапыраққа, гүлге, жеміске су, суда еріген заттар және жапырақта түзілген. Органикалық зат ерітінділері өсімдік бойына тарайды. Сабақ буындардан тұрады, одан бұтақ, жапырақ, гүл, жеміс өседі.

Астық тұқымдас өсімдіктер және олардың маңызы.

Бидай. "Ас атасы нан" демекші бидайдан тартып, нан пісіреді. Кебегін пайдаланады.

Арпа. Арпадан жоғарлы сапалы сыра ашытылады. Жармасын малға береді.

Сұлы сұлыдан жарма, ботқа дайындайды. Сұлы дәні – малдың құнарлы жемісі.

Жолжелкен өсімдігін тауып, тамыр формасын, жапырақ жүйкеленуін анықтап, өсімдіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жолжелкен көпжылдық өсімдік. Тамыры шашақ тамырлы, жапырақ жүйкеленуі паралель орналасқан. Жапырағын, тамырын, дәрі ретінде пайдаланады. Негізгі өсетін жері - жол жиегі. Қан тоқтатуға, іріңді жараның жарылуын тездетуге қолданады.

Адыраспанның емдік қасиеті. Адыраспан улы дәріге жатады. Жүйке ауруына, сал ауруына шалдыққанда қолданылады. Сүйек сырқырап ауырғанда жапырақтармен булайды. Өкпе туберкулезіне, демікпе, ентікпе т.б. өкпе ауруларына ем.



Жерана тобына мынадай сүрақтар қойылды:

Өсімдіктердің адам өміріндегі рөлі.

Жауап: Өсімдіктің адам өмірінде маңызы зор, олардың 20 мыңға жуық түрі пайдаланылады. Өсімдіктерден азық - түлік (астық, қант, өсімдік майы т.б.) алынады, мал азығы, әртүрлі дәрумендер, дәрі-дәрмек жасалады, әсемдік үшін өсіреледі. өсімдіктің ауру тарататын (бактериялар, саңырауқұлақтар) және улы түрлері бар. Өсімдіктердің көбеюі.

Өсімдіктер жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею бір клеткалы, көп клеткалы өсімдікте кездеседі. Жыныссыз көбеюдің бөліну, бүршіктену, вегатативті көбею түрлері болады. Вегатативті көбеюге телу, қалемшелер арқылы жатады. Жынысты көбею жолында жаңа ағза әдетте, аналық және аталық жыныс ағзаларының бастамалары (гаметалардың) қосылуымен жүзеге асады.

Майлы өсімдіктердің және олардың маңызы.

Күнбағыс. Күнбағыстың майлы сорттарында 50-52%дейін май болады. Ол маргарин, әр түрлі бояулар, сабын жасау салаларында қолданылады.

Мақта. Мақта шитінен май алынады. Мақсары дәнінде 25%-ке дейін май болады. Бұлардан басқа зығыр, зәйтүн, сәбізден май алынады. Шайқурай өсімдігін тауып, оның морфологиясын, адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Шайқурай жапырағы сопақша, гүлдері сыпырғы, кейде қалқанша гүл шоғырын құрайды. Шайқурай 99 ауруға ем дейді. Тыныс жолдары қабынғанда, аяқ қол сырқырағанда, бауыр өкпе, бүйрек, ауырғанда ем ретінде қолданады.

Өгейшөптің емдік қасиеті. Тамырын, жапырағын пайдаланады. Жапырағы тер шығарады. Қабынуға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді. Дене сыртындағы іріңді жараларды, ісіктерді емдейді.

Төреші тапсырма берді. Әр топ өздері білетін есімдіктер жайында мақал-мәтелдерді айту. Қай топ көп мақал-мәтел айтса, сол топ жоғары ұпай алады. Атамекен тобының мақал-мәтелдері.

1 Алтын - күміс тас екен, арпа - бидай ас екен.

2 Тікен гүлін қорғайды, балқурай бүрін қорғайды.

3 Баласыз ана - гүлсіз алма.

4 Бетегеден биік, жусаннан аласа.

5 Ердің ұялғаны - өлгені.

6 Түйенің сүйген асы жантақ, тиіннің сүйген асы жаңғақ.

7 Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа бітеді.

8 Қоға гүлге бітеді, көк жантақ шөлге бітеді.

9 Ала көркі - мал, өзен көркі - тал.

Төреші 4 деген бағасын Атамекен тобына қойды. Жер - ана тобының мақал - мәтелдері.

1. Арша өскен жерінде, адамзат өскен елінде.

2. Арпасыз ат жүрмейді.

3. Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.

4. Жетімге жеті бидай да тамақ.

5. Көлден кетсе жалбыз мұң, елден кетсе жалғыз мұң.

6. Жақсы адам - елдің көркі, жауқазын гүл жердің көркі.

7. күріш арқасында күрмек су ішеді.

8. Қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап бала өсер.

9. Тары жеген тарықпас.

10.Түйе атасы - нар, ағаш атасы - шынар.

11. Өзен талмен көрікті, өріс малмен көрікті.

Жер - ана тобына 5 деген баға қойылды.

VІ -пункт. Геометрия.

Геометрия пунктіне келгеннен соң оқушылар өздерінен қашық тұрған жердегі ағаш немесе тас т.б. заттардың ара қашықтығын өлшеді. Бұл кезде олар туризм кезінде қолданатын амалдарды пайдаланды.



Атамекен тобына төреші мынадай тапсырма берді.

Біз мына өткелі жоқ суға бөрене тастап, ары қарай өтуіміз керек бірақ өзен ені неше метр екенін білмейміз, соны табуымыз керек.

Оқушылар дереу өздерінің спроттық бас киімдерінің күнқағарымен өлшеп өзен енін тапты. Ені жуықтап алғанда 4,5 метр болады екен,

Жер - ана тобына мынадай тапсырма берді.

Өзеннің арғы бетінде тұрған бақа терек пен мына біз тұрған жердегі тас арасының қашықтығын табу керек. Жер -ана тобының оқушылары да спроттық бас киімдерінің күнқағарымен өлшеп ағаш пен тас арсындағы қашықтықты тапты. Арасы жуықтап алғанда 8 метр болды.



VІІ-пункт. Гидрология.

Оқушылар өзен маңына келеді. Төреші тапсырма береді. 1-тапсырма. Судың жылдамдығын анықтау.

Екі топ та судың жылдамдығын анықтады. Ол үшін су жиегінен 10 метр өлшеп алды. Кейіннен 1 оқушы суға жапырақ жерді 50 секундта жүріп өтті. 10м/50сек = 0,2м/сек.

2-тапсырма. Ағысы қатты судан өту.

Екі топ та судан еш қиындықсыз өтті. Судан өткенде олар бір-бірінің мойнынан құшақтап, шеңбер жасап айналып өтті.

3-тапсырма. Судың тереңдігін өлшеу.



Атамекен тобы ұзын ағаш тауып әкеліп, оған жіп байлады. Жіптің ұшына тас байлап өзенге тасты батырды. Жіптің су болған жерін өлшеді – 60 см.

Жер - ана тобынан бір оқушы шығып шалбарының балағын түріп, суға түсті. Судың тереңдігін аяғының су болған жері арқылы анықтады.

Төреші екі топқа да 5 деген баға қойды.



VІІІ-пункт. Орнитология.

Төреші жанындағы тақташада 5 экологиялық топқа жататын құстардың суреттері араластырылып қойылған. Әр экологиялық құстарды өз орындарына тез арада орналастыру керек.

1.Мекен-жайды төңіректейтін құстар: бәбісек, сауысқан, қарлығаш.

2.Ашық жерлер мөн су маңында мекендейтін құстар: дуадақ, түйеқұс, тырна.

3. Суда жүзетін құстар: бірқазан, аққу, пингвин.

4. Орман құстары: тауыс, құр, тоқылдақ.

5. Жыртқыш құстары: хатшықұс, бүркіт, жапалақ. Атамекен тобы құстардың экологиялық топтарын 3 минутта құрастырды. 2 құстың орнынан шатасты.

Жер -ана тобы 3 минут 5 секундта құрастырды. 3 құсты қате орналастырды.

Төреші мынадай сұрақтар қойды.

Жыртқыш құстардың сыртқы құрылысында қандай ерекшелік бар?

Тұмсық үстінде балсірі болады, тұмсығы өтө имек мықты болып келеді. Аяғы онша ұзын емес, ұшында өткір тырнақтары бар.

Құстардың өсімдіктер әлеміндегі рөлі.

Құстар арқылы өсімдіктердің тұқым мен ұрықтары таралады. Олар тұмсығымен шоқып басқа жерге апарып тастайды. Сол жерден өсімдік өсіп шығады. Құстардың саңғырығын өсімдіктерге тыңайтқыш есебінде пайдаланады, себебі құрамында азот көп. Ал азот өсімдіктің өсуіне өте қажет элементтің бірі.

Суда жүзетін құстардың сыртқы құрылысында қандай ерекшелік бар?

Денелері жұмыр, мамығы құйымшақ безі жақсы дамыған, саусақтарының арасында керілген терілі жарғақтары болады.

Құстардың жануарлар тіршілігіндегі рөлі.

Құстар, оның ішінде жыртқыш құстар өлекселерді жейді және ауру таратушы ұсақ кемірушілермен, егістік жауы шегіртке, құрт-қүмырсқапармен қоректенеді. Орман құстары ағаш діңіндегі бунақденелілерді жеп, өсімдіктің жақсы өсуіне жағдай жасайды. Төреші мынадай тапсырма берді. Осы төңіректегі ағаштардың басынан құстың ұясын тауып, ол қандай құстың ұясы екенін анықтау.

Атамекен тобы бұл тапсырманы былай орындады. Төңіректегі ағаштың басынан торғайдың ұясын тапты.

Жер -ана тобы да өз кезегінде осы ұяны тапты. Сонымен бірге тағы бір ұя -құрқылтайдың ұясын тапты.

Төреші жанында жұмбақ сурет тұрады. Жұмбақ суреттің әр бөлігінде дөңгелекшелермен қоса суреттер берілген әр бөлікте қай құстардың аты жасырылғанын табу керек.

Жұмбақсуреттің шешуі: 1-қарға, 2-үйрек, 3-тауық, 4-жапалақ, 5-күйкентай, 6-қызғыш, 7-сауысқан, 8-ителгі, 9-бірқазан, 10-нанду, 11-әупілдек, 12-оқпан, 13-түйеқұс, 14-тоты, 15-бөктөргі;

Атамекен тобы 15 құстың 12-сін дұрыс тапты.

Жер - ана тобы 10-н дұрыс тапты.

ІХ-пункт. Айналаны бағдарлау.

Бұл пунктке келгеннен соң, төреші мынадай сұрақ қойды. Компас деген не?

Компас деп - тұстарды (солтүстік, оңтүсік) көрсететін аспапты айтамыз. Компастың магнитті тілшесінің бір жағы солтүстікті, екі жағы оңтүстікті көрсетеді. Азимут деген не?

Азимут - меридиан жазықтығы мен белгілі бір жақтың тік жазықтығының бұрышы. Егер компас арқылы солтүстік тұсты тауып айналадағы кез-келген бір затты алсақ, арасындағы бұрыш азимут деп аталады.

Компассыз, тұстарды қалай анықтауға болады?

• Күн енді шығып келе жатқанда күнге бет қаратып тұрсақ, сол қол жағымсыз солтүстікті, оң қол жағымсыз оңтүстікті көрсөтеді.

• Жеке өсіп тұрған ағаштың бұтақтары көп жағы оңтүстік, аз жағы солтүстікті көрсетеді.

• Кесілген ағаштың діңінің сақиналарын солтүстікте жіңішке, оңтүстікте жуан болады.

• Көптеген жануарлардың інінің аузы оңтүстікке қарап тұрады. Атмекен тобы сұрақтарға жауап беріп, 5 деген бағаға ие болды. Жер -ана тобы толық жауап бермей, 4 деген бағаға ие болды.

Х-пункт. Зоология.

Бұл пунктке келгенде оқушыларға мынадай тапсырма берілді. Жануарлар әлемін жіктеу, яғни бір жасушалы жәндіктер мен көпжасушалы жануарларға кіретін типтердің өкілдері қай класқа жататынын анықтау.

Бір жасушалы жәндіктерге қарапайымдар типі кіреді. Бұл типтің үш класы бар:

1. Жалғанаяқтылар класы, өкілі -амеба;

2. Талшықтылар класы, өкілі - эвглена;

3. Кірпекшелілер класы, өкілі - инфузория;

Көпжасушалы жануарларды құрайтын типтер мен кластар, өкілдер мыналар.

Ішекқуыстылар типі, өкілі - гидра;

Жалпақ қүрттар типі:

1. Кірпекшелі құрттар класы, өкілі - ақ сұлама;

2. Сарғыш құрттар класы, өкілі - бауырсорғыш;

3. Таспа құрттар класы, өкілі - сиыр цепені;

Жұмыр құрттар типі, өкілі - ішексорғы; Буылтық құрттар типі;

1. Сирекқылтанды құрттар класы, өкілі - шұбалшаң;

2. Көпқылтанды құрттар класы, өкілі - құмқазар; Былқылдақ денелілер типі:

1. Бауыраяқтылар класы, өкілі - үлкен таспаұлу;

2. Қосжақтаулылар класы, өкілі - айқұлақ; Буынаяқтылар типі:

1. Шаянтәрізділер класы, өкілі - өзен шаяны;

2. Өрмекшітәрізділер класы, өкілі - өрмекші;

3. Бунақденелілер класы, өкілі - көбелек; Желілер типі:

1. Сүйекті балықтар класы, өкілі - құрбақа;

2. Қосмекенділер класы, өкілі - құрбақа;

3. Жорғалаушылар класы, өкілі - сұр кесіртке;

4. Құстар класы, өкілі - аққу;

5. Сүтқорктілер класы, өкілі - арыстан;

Атамекен тобы жануарларды өте тиянақты қатесіз жіктеді. Әр типке жататын өкілдерді дұрыс орналастырды. Әр өкіл қай класқа жататынын дәлме-дәл анықтар берді.

Жер-ана тобы жануарларды жіктегенде қателік жіберді.

Былқылдақденелілер мен буынаяқтылар типі өкілдерін шатастырып алды. Құмқазардың көп қылтанды құрттар класына жататынын таба алмады.

Екі топқа да мынадай тапсырма беріледі. Атамекен тобына – топырақ арасынан, Жер - ана тобына - су астынан бір жәндік тауып, оның класқа жататынын, тіршілік ортасы мен сыртқы құрылысына сипаттама беру және табиғаттағы маңызын айту.

Атамекен тобы топырақ арасынан шұбалшаңды тапты. Шұбалшаң топырағы құнарлы, ылғалды жерлерде тіршілк етеді. Денесі жұмыр, созылыңқы, бірнеше қысқа қылтандары болады. Сол қылтандары арқылы қозғалады. Шұбалшаң топырақ арасына ін қазып, топырақты ауамен қамтамасыз етеді. Ол топырақты жапырақ қалдықтарымен қоса жейді де, сыртқа шыққан топырақ құнарланады.

Атамекен тобы 5 деген баға алды.



Жер - ана тобы су астынан сүлікті алды. Сүлік су астында, суы тартылып қалған тоқтау суларда тіршілік етеді. Денесінің бір жағы жалпақ денесінде өте ұсақ бүртіктер болады, денесінің екі жағында да сорғыштары бар. Сол сорғыштары арқылы адымдап, қозғалады.

Сүлікті медицинада қолданады. Сүлік жақтарымен тістеген кезде ауыздан гирудин деген сілекей бөлінеді. Гирудин қанды ұйытпай, сұйылтатын зат.

Жер - ана тобы 3 деген баға алды.

ХІХ-пункт. Арқан байлау.

Арқан байлау пунктіне келен соң, оқушылар арқан (жіп) байлаудың көптеген түрлерін пайдаланып сақтандыру шараларын қалай жүргізуге болатынын үйрөнді.

І-топ арқан байлаудың көптеген түрлерін біледі екен:

1.Тура түйін. Екі жіпті жалғау арқылы түйіндерді шешілместей етіп байлады.

2. Өткізіп байлау тәсілін тасқа байлап көрсетті.

3. Буындырып байлауды ағашқа байлап көрсетті.

4. Айқастырып байлаудың 2 түрі бар екенін айтып байлап көрсетті.

5. Үзөңгі байлауды I топ қалай байлану ережесін айта алмады.бүдан соң, I топ оқушылары тоқыма байлау, көкірекке байлау тәсілдерін көрсетіп қандай жағдайларда қолданатынын айтты.

Төреші I топқа 4 деген баға бөрді.

ІІ-топ та І-топтан қалыспады. Олардың байлаған жіптерінің түрлері мынадай:

1. Бұл топ та тура түйін байлап көрсетті. Бұлар тура түйіннің көптеген түрлерін байлады.

2. ІІ-топ та өткізіп байлауды жартасқа байлап көрсетті.

3. Буындырып байлауды жақсы байлап көрсете алмады.

4. Айқастырып байлаудың 2 түрін де жақсы байлап көрсетті.

5. Үзеңгі байлауды қалай байлайтынын, жарақаттанушыны жардан төмен түсіру үшін байланатынын айтып, бір оқушыны байлап көрсетті.

II - топ оқушылары бұл тәсілдерден басқа қазық шалу тәсілін байлап көрсетті.

II- топқа салыстырмалы түрде 5 деген баға берді.

ХІІ-пункт. Этнография.

Оқушылар ашық алаңқайға келді. Мынадай тақарапқа мақал - мәтелдер айту керек.

1. Жертуралы.

2. Сутуралы.

3. Жасыл - желек туралы.

4. Аң мен құс туралы.

5. Жалпы табиғаттуралы.

6. Табиғатты қорғау, күту туралы.

Осы жазылған тақырыптардың барлығына топ оқушылары мақал- мәтел айтты. Қай топ көп мақал-мәтел айтса сол топқа жоғары баға қойылады.

Атамекен тобының мақал-мәтелдері:

Жері байдың елі бай; Жер байлықтың көзі; Су бар жерде өмір бар; Су - дүниенің басы; Сулы жер - нулы жер; Жер - әке, су қамқоршы ана; Бұлақты жер - тұрақты жер; Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын; Арманымен ер сұлу, орманымен жер сұлу; Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті; Көк құрақ-көлдің сәулеті, құс пен аң-елдің дәулеті; Аққу, қазсыз - көл жөтім; Қарға баптанып, сұңқар болмас, есек мақтанып, тұлпар болмас; Табиғат - адамның алтын бесігі; Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ; Бұлақ көрсең, көзін аш, құдық көрсең -басына тал ек; Күте білсең жер жомарт; Бір тал ағаш өсірсең, еңбегіңнің жанғаны, абзал адам өсірсең, басыңа бақ қонғаны; Атамекен тобы 18 мақал -мәтел айтып, 4 деген баға алды.



Жер -ана тобының мақал - мәтелдері:

Жер ырыстың кіндігі; Жаман - әйел ер қадірін білмес, жаман адам - жер қадірін білмес; Су - тіршілік тірегі; Су анасы - бұлақ; Су ішкен құдығыңа түкірме; Су - ырыстың көзі; Еңбек - кірістің көзі; Жер - қазына су алтын; Сусыз жердің шөбі сұйық, суайт адамның сөзі сұйық; Бір тал кессең, он тал ек; Дана көркі - шал, өзен көркі -тал; Ер - елдің көркі, орман - тоғай жердің көркі; Үш іс тындырған адам бала өсірген кісі, тал өсірген кісі және кітап жазған кісі өлмейді; Қаз ұшып кетсе - көлді үйрек жағалар; Өлеңге енсе, сөз сұлу, аққу жүзсе, көл сұлу; Топырағым түгілі, жапырағымды сатпаймын; Қара жерге не ексең соны орасың, табиғаттан алсаң қарыз боласың; Таза ауа ас емес, астан бірақ пәс емес; Жылап жүріп арық қазсаң, күліп жүріп су ішерсің; Қара жер қарыз арқаламайды; Ғұмыр жасыңды ұзартқың келсе - ағаш ек; Адамгершіліктің үш сауабы - шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған және жолға ағаш еккен;

Жер -ана тобы жарысу барысында 23 мақал -мәтелдер айтып, өздеріне 5 деген бағаны алды.

ХІV -пункт. Ас адамның арқауы.

Бұл соңғы пункт . Бұл пунктте екі топта ашық алаңға жиналып өздері алып келген азық -түліктен ас әзірлеуге кірісті. Төреші екі топқа да тапсырма берді.

1. Тапсырма. Ошақ қазып қазан орнату.

2. Тапсырма. Ас пісіру жолдары .

Оқышылар осы тапсырмаларды орындады.Тамақтанып болған соң, төрешілөр екі топтың да дайындаған тағамдарына өте жақсы деген баға берді.

3. Жарысты қорытындылау .

Шешуші кезең келіп жетті.төрешілер жиналып жарыс қорытындысын шығарды.Топ басшыларының қолындағы әр пункттегі төрешілер қойған бағаларды есептеді .Атамекен тобы 61 ұпай жинап жеңіске ие болды. Жөр - ана тобы 59 ұпай жинады. Жарыс 1430 сағат аяқталды.

Қорытынды

Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам - адам болып туып адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар ролі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануаралар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала, бәрі-бәрі адамдардың ойына-сана, денесіне - қуат, бойына - күш, өнеріне шабыт, көңіліне қанат бөреді.

Ертө замандардан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып көлді. Табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз да сондықтан.

Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып, пайдаға заратып қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер енгізуде. Біздің көбіміз күнделікті тіршілікпен жүріп, өзіміздің айнала қоршаған ортаның күн санап жұтаң тартып, өзінің бірте-бірте табиғи кейпінен айырылып бара жатқанын байқаймыз.

Қазіргі таңда біздің ғаламшарымызды келешекте адам өмір сүруге жарайтын күйде сақтап қалудың негізгі бір-ақ жолы қалды. Ол - бүкіл халыққа экологиялық білім беру мен оларды табиғат қорғауға тәрбиелеу. Соның арқасында әрбір азамат өзі тұратын өлкенің өлі және тірі табиғатын ластап - улануына, қорының ысырап болып, шашылып - төгілуіне, көркемдігінің тапталуына саналы түрде іс жүзінде қарсы тұруға үлес қоса алады.

Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге табиғи тірек болып тұрған - болмыс, әлем, бар дүние. Адам баласы өмірінің, материалдық және рухани тіршілігінің бір-ақ табиғи тірегі бар. Ол - табиғат. Табиғатсыз адам жоқ. Онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды.

Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс.

Ғалымдардың зерттеу жұмыстары табиғат адам баласының барлық материалдық және рухани қажетін тек таза болса ғана, адам баласының қолымен ластанып - уланбағанда ғана атқара алатындығын көрсетіп отыр. өз қолымызбен ластанып уланған табиғатты өзіміз пайдалануымыз - біздің сорымз. Ол бізге жазылмас ауру, айықпас дерт әкеледі.

Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып-төгетін - адам, адам-құрайтын қоғам. Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі - туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.

Қазіргі оқыту бағдарламалары экологиялық білім беруді дамыту педагогика ғылымының басым бағыты екенін көрсетіп отыр. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда биология ғылымының зор мүмкіндіктері бар, себебі биология ғаламшардағы сирек тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, тірі табиғатты қорғауға шақырады.

Туған жер - алтын бесік, сая бағым,

Тау-тасыңды, топырағыңды аялаймын.

Орманың жасыл желек, гүлді алқап,

Табиғат береріңді аямадың!

Көліңе сән береді аққу жүзіп,

Өзенің сарқырайды тауды бұзып,

Жан-жануар түрі мол аумағында

Тамсанамын, қараймын көзді сүзіп.

Мендегі табиғаттың бөлшегімен,

Табиғаттың берерін өлшеді кім?

Таусылмас түпсіз терең мұхит па ол?

Ойланатын кез келді, достым бүгін!

Табиғатты ұқсатып, мәпелейік!

Барды сақтап, мәртебе әперейік!

Келер ұрпақ мәз болып ісімізге,

Жалғастырсын күш қосып күшімізге!

Табиғатты қорғайық, аянбайық!

Барды-жоқты пайымдап баяндайық!

Болашақта қызығын көру үшін

Қатысса деп ойлаймыз барша халық!

Қорыта айтқанда, экологиялық білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс орындалатын туристік жарыс - оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше жүргізу икем дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мен мәселе көтеру дағдыларын дамытады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Арбит А.Е. Луговьер Д.А.

Фотография и киносьемка в путешествий.-м., 1988

2. Әлімқұлова Р. Өсімдіктану.-Алматы, 1995.

3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. - Алматы, 2001.

4. Беркімбай 0., Муталиөв Ә. Жануарлар экологиясы.-Шымкент, 1999.

5. Биология, химия, география №2, 1998; №3, 6 1999; №2,5 2000.

6. Брем Альфред Птицы.-М.,1999.

7. Верзилин Н.М, Корсунская В.М.

Общая методика преподавания биологий.-М., 1983.

8. Вербе И.А., Голыцин С.М. Туризм в школе.-М. 2003.

9. Вуколов В.Н.

Основы төхники и тактики активных видов туризма.-Алматы, 1996.

10. Грин Н., Стаут У.

Биология в 3-хтомах,-М.,1990.

11. Гировка Н.Н.

Туристско-рекреационные ресурсы Семиречья и опасные экзогенные процессы. - Алматы, 1996.

12. Жатқанбаев Ж.Ж.

Экология негіздері. - Алматы, 1989.

13. Зверев И.Д., Мягкова А.Н.

Общая методика прөподавания.-Алматы, 1998.

14. Ердавлетов С.Р.

Казахстан туристский.-Алматы, 1989.

15. Кабушкин Н.И.

Менеджменттуризма.-Минск, 2001.

16. Ковшар А.Ф

Мир птиц Казахстана.-Алматы, 1988.

17. Қалиүлы Б.

Өсімдік атаулары. Орысша-қазақша сөздік.-Алматы, 1993.

18. Қайым Қ.

Жануартанудан танымдық ойындар.-Алматы, 1995.

19. Қайым Қ.

Жануартану.-Алматы, 2001.

20. Қасымбекова Т

Тіршіліктану.-Алматы, 1993.

21. Қуанышова С.Е.

Өсімдіктану пәнінен табиғатта өткізілетін танымжорықтар.-ОҚМУ, 2000.

22. Қуанышова С.Е.

Халықтық педагогика элөменттерін биология сабақтарында қолдану. -ОҚМУ, 2000.

23. Қуанышова. С.Е.

Биологияны оқыту әдістемесі.-ОҚМУ, 2003.

24. Остапенко В.А.

Птицы и звөри в вашөм домө.-М.,1992.

25. Терещук В.А. Спутниктуриста.-Алматы,1997.



26. Шілдебаөв Ж.Б. Қызықты экология.-2000.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет