Мазмұны Кіріспе Пән


ӨЛШЕМ – заттың сапалық және сандық сипаттарының бірлігі, берілген сапаның өзін сақтай отырып, сандық өзгерістердің шегін білдіреді. (Гегель). ПАНТЕИЗМ



бет57/64
Дата09.09.2022
өлшемі2.08 Mb.
#460463
түріСеминар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
filosofiya. oak. 2021-2022

ӨЛШЕМ заттың сапалық және сандық сипаттарының бірлігі, берілген сапаның өзін сақтай отырып, сандық өзгерістердің шегін білдіреді. (Гегель).
ПАНТЕИЗМ (гр. pan – бәрі және theos - құдай) - құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі. Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Еуропада 16 – 17 ғасырларда пантеистік бағытты дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды. Бруноның пікірінше, “табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Табиғат өз заңдылығымен дамиды.Нидерланд философы Б.Спиноза пантеистік дәстүрге сүйене отырып, өзінің жан-жақты материалистік философиялық жүйесін қалыптастырды.
ПАНПСИХИЗМ (гр. pan-барлығы және psyche-жан) – барлық табиғатқа жандылық, психикаға тән делінетін идеалистік көзқарас, анимизмнің философиялық тұрғыдан айтылуы. ІІ-ге Бруно 19ғ.-да Герберт, Фехнер және т.б. жақын болды. Бұл көзқарасты көптеген философ-идеалистер (персоналистер, Уайтхед, сыншыл реалист Ч.Отронг, аналитикалық психологияның негізін салушы К.Г.Юнг және т.б.) ашық жақтады. ПАРАДИГМА (гр. paradeigma -үлгі) - теориялық көзқарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
ПОСТКЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ – гегельдік кезеңнен кейінгі XIXғ.аяғы мен –XXғ.басындағы батысевропалық философия кезеңі.
ПРАВОСЛАВИЕ (гр. orthodoxia) - христиан дінінің бір тармағы, Шығыс Европа, Таяу Шығыс және Балкан елдерінде кең тараған. П. 11ғ. Батыс пен Шығыс Европада феодализмнің даму жолы барысында толығымен бөлініп шықты.
ПРАГМАТИЗМ (гр. pragma - әс, әрекет) – қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік ағым ретінде кең тарады. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. ПАТРИСТИКА – пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін «шіркеу әкейлері» ілімі.
ПРАКТИКА - қоғамдық өндірісте табиғатты, қоғамдық қатынастарды өзгертуге бағытталған адамның мақсатты мәнді қызметі тарихи қалыптасқан өмірсүру әрекетінің сезімдік заттық нысаны, адамның дүниеге қатынасы, адамдық болмыстың тәсілі, тәжірибесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет