Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет3/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Осы жұмыста «әйел» бейнесі жан-жақты қарастырылады. Оның ішіне әйел болмысы, әйелдің қолөнермен байланысы, әйелдің қоғамдағы орны мен атқаратын рөліне ерекше тоқталып кетеміз. Қазақ және түрік тілі қаншалықты бір-біріне ұқсағандай болып көрінсе де, түбіміз бір түркі халықтарынан шықсақ та, мәдени тұрғыдан айтарлықтай өзгешелігіміз бар. Ол тікелей әр халықтың діліне, болмысты, қоршаған ортаны қабылдауына байланысты. «Әйел» мәселесіне келсек, «қазақ әйелі» мен «түрік әйелінің» арасында да айтарлықтай айырмашылық бар. Мұны диссертациямызда екі халықтың әдебиетіндегі көркем шығармалары арқылы ашуға тырысамыз. Оларға: Р.Н.Гүнтекиннің «Бозторғай» және Б.Майлиннің «Раушан - коммунист» шығармалары, мақал-мәтелдер жанры, екі халықтың ертегілер жанры және әйел бейнесін ашатын киім-кешектердің символикалық ерекшеліктері кіреді.


1.Түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері
Кез келген мәдениет аз уақытта күшпен орнамайтынын, халық мәдениетін реттейтін факторлардың ғасырлар бойы қалыптасатынын тарих көрсетіп отыр. Ежелгi түркiлердiң ең көне дүниетанымында қалыптасқан дүниенiң қос жыныстық бастауы туралы түсініктерінде дүниенiң өте белсендi, қозғалмалы, шығармашылық бастамасы әйел болып табылатын. Сондықтан түркі мәдениетіндегі архетиптік әйел бейнелерін зерттеудің маңызы зор.
Түркі халықтары дүниетанымында кездесетін архетиптік әйел бейнелерінің ішіндегі ең бастысы Тәңір-Ана бейнесі. Тәңір-Ананың негізгі функцияларын саралай келсек, оның басты атқаратын қызметі - жасампаздық болғанын байқаймыз. Бұл жасампаздық функциясының бірнеше қыры бар: Жаратушы Тәңірдің жұбайы ретінде (бұл салада ол Жермен сәйкестендіріледі) ғалам жасау ісіне қатысады; Ғаламды мекен ететін, тіршілік ететін тірі пенделерді (тәңіриелерді, адамдарды, жануарларды, құбыжықтарды) жасауға қатысады.
Тарихқа көз жүгіртсек, көшпенді түркі халықтары әрқашанда ананы қастерлеген. Жарын сүйген. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен. Қызды қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген.
Сақ тайпаларының көне түркілермен генеологиялық байланысының болып-болмағаны көмескілеу көрінгенімен, географиялық байланысының бар екені баршаға мәлім. Көне түркілерде патриархалды басқару жүйесі бекігенімен, олардың дүниетанымында әйел затына деген құрмет ерекше еді. Түркілер әйелді күнделікті тұрмыста шаңырақтың бір уығын көтерісетін ер адамның қосағы деп ғана түсінген жоқ, әйел затын қасиетті «Ұмай ананың» сарқыты деп бағалады.
Ұмайдың түркі дүниетанымындағы бейнесінен оның әйел тәңір екендігіне күмән қалмайды. «Ежелгi түрiктер Ұмайды өте сұлу және қайырымды, күлiп-ойнайтын, күмiс шашымен аспанды жарқыратқан, күн сәулесiмен кемпiр қосақ шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келiншек, әйтпесе қыз ретiнде таныған» 
Ұмай ана түсінігі жалпы түркі халықтары танымындағы «әйел» бейнесін толығымен ашып көрсетеді. Түркілердің «Ұмай ана» түсінігінде әйел тегіне деген терең ұғым жатыр. Көне түркілердің мифиологиясында «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебейтін періште саналады. Көне түркінің дүниетанымында «Ұмай анадан» өзге «бес ене» түсінігі де болған. Пендені желеп-жебейтін Ұмай ана, Май ана, От ене, Ұмайық және Бай әжені «бес ене» деп қабылдаған.
Соған қоса түркілер «Ұмай ана» деп Адам атаның қосағы Хауа ананы айтқан секілді. Себебі, белгілі руника зерттеушісі Қ.Сартқожаұлы да Орхон-Енесей тас жазуында түркілердің «Ұмай текті ұрпақ» деген тіркестерді қолданғанын жеткізеді. Демек, түркілер «Ұмай ананы» Тәңірге баламай, керісінше оның жатырынан жаралғанын пайымдаған.
Тағы бір түркі халықтарындағы әйел бейнесін Қорқыт атаның «әйел пайымында» көре аламыз.
Түркілердің Исламға дейінгі дүниетанымынан сыр шертетін жауһар туындылардың бірі «Қорқыт ата кітабы» екені бәрімізге аян. Бұл тарихи шығармада түркілердің әйел туралы пайымдаулары да көрініс береді. «Қорқыт ата кітабын» терең зерттеген Ә.Қоңыратбаев туындының бүгінге жеткен нұсқасына мұсылмандық құндылықтардың да кіріккенін айтады. «Қорқыт ата кітабындағы» нәзік жандыларға қатысты пайымдаулар көне түркінің әйел танымын әйгілейтіні анық.
Қорқыт атаның пайымдауынша әйел төрт түрлі болады. Оның бірі - ниеті қураған әйел, екіншісі - ынсапсыз әйел, үшіншісі - үйдің құты болған әйел, төртіншісі - кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы осы екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет