Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет1/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Диссертация НАЗИРА



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

  1. Түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері.................................................................................................

    1. Әйел болмысына қатысты тарихтағы гендерлік зерттеулер.....................

    2. Қазақ және түрік халықтарында «әйел» концептісінің сипатталуы.........

    3. Әйел – ананың қоғамдағы рөлі.....................................................................

  2. Қазақ және түрік тілдерінде «әйел» концептісі......................................

    1. Қазақ және түрік тілдерінде «әйел» концептісіне қатысты лингвомәдени бірліктер.................................................................................

    2. Қазақ және түрік әйел киімдеріндегі гендерлік символика.......................

    3. Қазақ және түрік тілдерінде «әйел» концептісінің қолөнермен байланысы.......................................................................................................

  3. Қазақ және түрік көркем мәтіндерінде «әйел» концептісі....................

    1. Түркі халықтарының мифологиясында «әйел» бейнесі.............................

    2. Б.Майлин мен Р.Н. Гүнтекин шығармаларында

«әйел» эволюциясы........................................................................................

    1. Қазақ-түрік мақал-мәтелдеріндегі «әйел» образының эстетикалық сипаты..............................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ
Қолдынылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді. Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова, М.Күштаева, Қ.Қайырбаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Ж.Саткенова сынды жас ғалымдардың жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.
Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, жан, қайғы, мұң, тары, батырлық, қаһармандық, соғыс, түр-түс, сұлулық, әсемдік, т.б. концептілердің мазмұны көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған.
Ал мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі барлық түркі халықтарына ортақ болып табылады. Қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, әдебиеттануда, көркем шығармаларда әйел бейнесіне қатысты зерттеулер көп кездеседі. Шын мәнінде, қазақ және түрік тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес. Қазіргі таңдағы ана тілінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда екі халықтың ұлттық дүниетанымына сәйкес әйелдің шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған әйел концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қоғамындағы жалпы «әйелі» концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет