Мазмұны: Кіріспе


Оқыту барысында балалардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру



бет8/10
Дата19.06.2022
өлшемі230.5 Kb.
#459351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-mektep-zhasyndagy-balalardyn-oqu-motivacijasy-29

2.3. Оқыту барысында балалардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру.
Кең аялы әлеуметтік мотивтер (әлеуметтік еңбек мотивтері) баланың елдегі өмірге қатысуымен, мектептің, отбасының бүкіл тәрбие беру жұмысына ат-салысуымен қалыптасады. Әлеуметтік бағыттағы мотивтер (жақсы баға арқылы өзіне сенімділікке талпыну, қоршаған ортамен араласып, қарым-қатынас жасау барысындағы олардың пікірлері) қоғамдық-саяси жұмыстар, оқу жұмысының ұжымдық және топтық түрлері арқылы қалыптасып, дамиды.
Мектеп жасындағы баланың әлеуметтік оқу мотивтерінің қалыптасуы үшін ұжымдық және топтық жұмыстарға мектеп жасындағы баланың бірлескен қызметтерінің болуының маңызы зор: бірлескен жұмыстың жалпы мақсатын жасау (тапсырманы орындау) және оның варианттарып топ мүшелерімен талқылау, осы жалпы жұмыстарды орындау әдістерін іздестіру, шешу әдістерінің бірнеше варианттарын салыстыру, бірлескен жұмыстарда өзіндік және өзара бақылау жолдарын анықтау, топ мүшелері ұсынған осы бақылаудың түрлі әдістерін салыстыру, ұжымдық қызметке мотивация — топтық жұмыстарды орындауға ұмтылу, топтың өзге мүшелерінен жақсы баға алуға талпыну.
Мектеп жасындағы балалардың бірлескен іс-әрексттері олардың ұжымдық және топтық оқу жұмыстарының барысында сабақта іске асырылады.
Бірлескен оқу іс-әрекеті оған бірнеше қатысушылардың бір уақытта немесе кезекпелі қатысуы секілді оны іске асыру формаларымен де айрықшаланады. Бірінші жағдайда балалар, мысалы, жалпы мақсатты белгілеп алады, барлығы бірдей осы мәселені шешуге, әдістерді салыстыруға жұмылады. Мұғалім топтық жұмыстың мақсатын жеқе бір баланың басқаратынын, ал қалғандарының оны тек іс жүзіне асыратынын байқайды. Өзге жағдайда бір баланың жұмысты бастап, ал екіншісінің оны жалғастыруы, яки өзінің жұмыс әдісін анықтауда, іс-әрекетке алдыңғы қатысушының жұмыс нәтижесіне арқа сүйегені қажет болып жатады.
Ұжымдық оқу жүмыстарында мектеп жасындағы балалар өзіне өзге адамның пікірімен баға беруге үйренеді, сондай-ақ өзін түрлі көзқарастармен алып қарап, бағалауға да щындалады, бұл баланың бірлескен қызметтен алатын орны мен міндетіне қарай жүреді. Сонымен бірге басқа адамның алдында жауапкершілік пайда болады тек өзіне ғана қатысты емес, сондай-ақ өзге бала үшін де шешім қабылдауға үйренеді. Бұл баланың белсенді өмірлік бағыт ұстануына, өзін-өзі қадағалау әдісіне және әрекеттеріне дұрыс баға бере біліп, өзінің әрекеттерін өзге балалармен келісу тәсілдеріне баулып, араласу барысында даудамайды жеңуге үйретеді.
Ұжымдық және топтық жұмысқа белсенді араласу оқу іс-әрекетін жақсартып, төмен үлгерімдегі балалардың мотивацияларын көтеретіні көрсетілген. Топтық жұмыс арқылы мұғалім топ ішінде жеке қатынастардың дамуын басқарып, сонымен қатар әлеуметтік мотивтерін де бақылай алады. Ұжымдық және топтық жұмыс шарттарында балалардың ұсыныстары күрт өсіп, мұғалім мен жолдастарына қоятын сқрақтары көбейеді, жолдастарымен қарым-қатынас жасаудың түрлі жолдары ашылып, оқу барысында молая түседі. Әлеуметтік мотивтер танымдық мотивтер қалыптаспаған тұста оқуға қызығушылыққа түрткі болып жатуы ықтимал. Сонымен қатар олар мектеп жасындағы балалардың жеке тұлғасының үйлесімді дамуында өздігінен аса үлкен рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет