218
алғаш ұран кӛтерген осы Нарманбет ақын. 1905
жылғы дума сайлауы
тұсындағы еркіндікте “Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық”
(“Сахараға қарасақ”) деп, алғашқы боп сӛз бастады. Азатшылдық
тұрғысынан келгенде Нарманбеттің мақсаты айқын, бағыты анық. Ол – тек
азаттыққа қол жеткізу. Кей-кейде ақынның бұған күмәнмен қарайтын
тұстары да бар.
Ондайда қайғы-мұңға беріліп, зар заман ақындарының
сүрлеуіне түсіп кетіп, шыға алмай қалып жатады. “Ӛтті-ау дәурен, Аңдып
сырт, кетті-ау кӛңіл тына алмай” деген ӛлең жолдары осының куәсі. Бірақ
бұл сарын Нарманбетте ӛте аз кездеседі. Себебі ол – ел басындағы қасіретке
кім кінәлі екенін тап басып тани білген ақын. “Айырылып қалдық қоныстан,
Бекініп низам шықпай тұр, әлі бізге орыстан” (“Аждаһаның аузында”) деген
ӛлең жолдарында Нарманбет отаршылдық тұтқасы
кімнің қолында екенін
ашық та анық айтқан.
Нарманбет – шығармашылық болмысы терең, ӛнерпаздық ӛрісі кең ақын.
Алуан түрлі тақырыптар ішінде ақынның жанына жақыны – азатшылдық
күрес тақырыбы. Жалпы ұлт-азатшылдық бағыттың бастау кӛзінде осы –
Нарманбет Орманбетов тұрғаны анық. Оған ешкімнің таласы болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: