Мазмҧны кіріспе


Ғұмар Қарашев (1876-1921)



Pdf көрінісі
бет80/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   133
Ғұмар Қарашев (1876-1921). Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында 
дүниеге келген. Ескіше терең білім алған. “Уақыт”, “Тәржіман”, “Ұлфат”, 
“Шора” т.б. татар-ноғай газет-журналдарына ат салысып, танымал 
кӛсемсӛзші болған. “Жәдиддік” жаңаша оқу жүйесін құптаған. Абай 
поэзиясынан кӛп үйренген ақын. Ӛз ұстазы Ш.Бӛкеевтің әсері бүкіл 
шығармашылығына ӛнеге болған. Поэзиясында реалистік шындықты жырлау 
басым болып келеді. Тақырыптық тұрғыдан алғанда поэзиясында патшалық 
Россияның отарлау саясатына қарсылық басымдау жатады. Ӛлеңдерінде тек 
жалаң күресті емес, ӛнер-білім арқылы жүзеге асатын саяси күресті алға 
қояды. Дәстүрлі поэзиядағы Дулат, Шортанбай сықылды ел надандығын, 
ӛзге елден жұқтырған кесапатты қасиеттерді, мінез-құлықтарды сынай отыра, 
ақын ӛлеңдерінде “құр ойбайдан” гӛрі ӛзіндік ой айтуы басым келеді. Ел 
азаматын кӛре білетін, оның жігерін қайрай білетін ӛлеңдері ӛте мол. Ол – 
ертеңге сенім артып, болашаққа сене білген азамат. Ғұмар – ӛлең-жырды ӛте 
кӛп жазып, біраз кітап шығарған ақын. 1911-13 жылдары Уфа, Қазан 
қалаларында “Қарлығаш”, “Тумыш”, “Бәдел қажы”, “Бала тұлпар”, 1914 
жылы Орынборда “Аға Тұлпар”, 1918 жылы “Тұрымтай” кітаптарын 
шығарған. Ғұмар – “Алаштың” ұранын (гимн) жазып алаштың рухын 
кӛтерген ӛнерпаз. Ақын ретінде діннің тазалығы жолында да күрес жүргізген. 
Меккеге қажыға сапар шеккендердің аярлығын, арамзалығын әшкерелеп 
(“Бедел қажы”), дінге деген адалдығын сақтап ӛткен. Ғ.Қарашевтің “Аға 
тұлпар” кітабында патшалық ӛкіметтің озбырлығы, жерінен айрылған ел 
зары, ұлт зардабы, қазақ елі кӛріп отырған әділетсіздіктің небір қыры 
ақындық тереңдікпен ашылған. Ғұмардың ел ішінен шыққан азғындардың 
аяусыз әшкерелегені бүкіл қазаққа қағида болған еді (Аз ғана күндік бақ 
үшін, Халқын сатты құл етті). Ғ.Қарашев поэзиясы ӛмір-танымға мейлінше 


219 
терең. Оның дүние, қоғам және адам, тарих және тарихтағы жеке тұлғаның 
алар орны туралы ой толғаныстары терең әрі мәнді. Ғұмар – ӛз толғамдары 
арқылы ұлтына ой салуға ұмтылған ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет