«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет19/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Клиникалық көріністері. Жұғу жолына байланысты. Әдетте жасырын кезеңі 2-3 күнге созылады. Септикалық және біріншілік өкпелік обада инкубациялық кезен 1-2 тәулікке қысқарады және вакцина қабылдаған адамдарда ол ұзарады. Ауру жалпы симптомдармен (бас ауруы, дене қызуының көтерілуі 39-400 С градус, қалтырау, бұлшықеттің ауруы,кейбір жағдайда құсу) сондай-ақ бубонды немесе өкпелік түрлеріне тән симптомдармен көрінеді.
Терілік обада қоздырғыш енген жер қызарады, сосын ауыратын папула, содан кейін везикула және пустула пайда болады. Терілік оба сирек кездеседі. Бубонды обада ену қақпадағы тері зақымданбайды. Септикалық обаның біріншілік және екіншілік түрін ажыратады, соңғысы бубонды обаның асқынуы болып есептеледі. Біріншілік септикалық оба әлсіз организмге көп мөлшерде жоғары вирулентті ауру қоздырғышы енгенде дамиды. Ауру аяқ астынан басталып, ауыр дамиды. Бірінші орында ауыр интоксикация белгілері болады: жоғары қызба, жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары және ентігу. Жиі геморраргиялық синдроммен сипатталады. Біріншілік өкпелік оба адамдарда ауалы-тамшылы жолмен жұққанда пайда болады. Бұл оба эпидемиологиялық тұрғыдан аса қауіпті және ауыр өтеді, болжамы нашар болып келеді. Г.П.Руднев ауруды негізгі үш кезенге бөлді. Алғашқы қызбалы қозу, анық кезең және сапронозды кезең. Аурудың алғашқы кезеңі әртүрлі белгілермен басталады.
Ауру жедел 39-400 С градус қызбамен, буындардың белдің, бұлшықеттердің ауруымен басталады. Ауру адамдар бастын қатты ауруынаң әлсіздікке, жүректің айнуына шағымданады. Аурулардың беттері ісінеді, қызарады және кейбір кезде конъюктивет пайда болады. Аурудың анық кезенінде адам жағдайы ауырлайды, кеуде ауруы кішейеді, демікпе пайда болады, дене қызбасы жоғары, жүрек дүрсілі анық емес, тахикардия мен артимия анықталады. Терминальды кезеңде сопоронозды жағдай пайда болады, өкпе-жүрек жетіспеушілік белгілері пайда болады. Көбінесе 2-4 тәулікте өлімге әкеледі.
Иммунитеті. Иммунитеттің ұзақтылығы мен деңгейлігі әртүрлі. Қайталап ауру жағдайлары сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет