«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет76/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Биокатализаторлар- микроорганизмдер тіршілігінін, барлық саласында белсене қатысатын тірі клеткалардағы ферменттер немесе энзимдер.
Биологиялық тазару - арнаулы жерлерде және түрлі микроорганизмдердщ қаты-суы арқылы лас сулардың немесе сол сияқты басқа да сұйықтардың та-заруы.»
Биопрепараттар- ауыл шаруашылығында, медицинада және ветеринарияда ке-ңінен қолданылатын құрамында тірі микробтары бар немесе сол орга-низмдердің туындысы болып есептелетін арнаулы заттар. Оған: вакци-налар, сывороткалар, антибиотиктер, бактериялы тыңайтқыштар және басқалары жатады.
Биофабрикалар- медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығында қажетті биопрепараттарды өндіретін өндірістер.
Биоценоз- табиғат жағдайында өзара және сыртқы ортамен белгілі бір қатыста болатын түрлі микроорганизмдер жиынтығы. Биоценоз құрамынан барып жалпыға мәлім антагонизм, паразитизм, симбиоз құбылыстары туады.
Бластомицеттер- бүршіктену арқылы көбейетін микроскоптық саңырауқұлақтар. Оларға ашытқылар және солар тектес саңырауқұлақтар жатады.
Бруцеллез - немесе инфекциялық (жүқпалы) ауру. Адам мен малдарда ерекше бактериялар - бруцеллалар әсерінен болатын жұқпалы ауру.
Бульон етпептонды - кысқартып орысша «МПБ» деп атайды. Микроорганизмдерді есіруге арналған коректік орта. Ол ет сорпасы мен бір процент пептоннан тұрады. Бұған жарты процент ас тұзы мен 1,5-3 процент агарагар қосу арқылы қатты қоректік орта даярланады. Оны етпептонды агар «МПА» деп атайды. Ал 10-12 проценттей желатина қосылса, етпептонды желатина алынады - МПЖ.
Вакциндар- жүқпалы ауруларға қарсы медицинада, ветеринарияда қолданыла-тын өлтірілген немесе шала-жансар микробтардан жасалған препарат. В. алдынала сақтандыру (вакцинопрофилактика) және кейде шипа ретінде (вакцинотерапия) қолданылады. В. әсерінен организмде тұрақты иммунитет пайда болады.
Вибриондар- иректелген бактерияларға жататын үтір тэрізді, өте екпінмен қозғалатын микоорганизмдер.
Вирионвирустың бірлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет