«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Микориза- жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырларының сақырауқұлақтардың белгілі бір түрлерімен бірлесіп тіршілік етуі. Мицелий



бет88/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Микориза- жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырларының сақырауқұлақтардың белгілі бір түрлерімен бірлесіп тіршілік етуі.
Мицелий - бүтақталған жіптер - гифтерден тұратын саңырауқүлақтардың вегетативтік денелері.
Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді.
Микрофаг (Місrорһаgus - ұсақ жалмаушы) -көбіне микроорганизмдерді жалмайтын (жұтатын) қасиеті бар көп ядролы лейкоциттер. Осыған орай олар микрофагтер деп аталады.
Миксовирустар (грек. mуxa – кілегей, шырыш және лат. vіrus –у, улы зат) – адамдарды, сүтқоректілер мен құстарды ауруға шалдықтыратын вирустар тобы. Вибриондарының (нуклеин қышқылы мен белокты қабықшадан тұратын вирустар) негізгі құрамы нуклеоидтан (рибонуклеопротеид) және сыртқы қабықшадан (белок, липид, көмірсу бар) тұрады. Миксовирустардың 2 тобы бар: ортомиксовирустар (грек. orthos – дұрыс) – адам тұмауы мен құс обасы ауруының вирустары. Вирионының мөлшері 80 – 120 нм (өте сирек жіпше тәрізді). Құрамында РНҚ, РНҚ - полимераза, сыртқы қабықшасында екі қатпарлы липидті гемаглютинин және нейраминидаза бар; парамиксовирустар (грек. nara – қасында, жанында) құстың жалған обасы мен қызылша ауруының қоздырғыштары. Вирионының мөлшері 150 – 500 нм, ортасында спираль тәрізді симметриялы нуклеокапсид орналасады. Құрамында РНҚ - полимераза (транскриптаза) ферменті болады. Ауру нәрестелерде ауыр өтеді. Алдын алу шаралары: тазалық сақтау, эпидемия паратитке, қызылшаға, тұмауға қарсы вакцина егу. Емдеу үшін ауру түрлеріне қарай қоздырғыштарды жою, уланған организмді тазарту керек.
Митоз - соматикалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас еншелес жасушаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады яғни хромосома жиынтығы тең болады.
Митохондриялар (грекше митос - жіп және хондрион - түйіршік) - жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді (Бұлшық еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр). Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы Бұл органоидка митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет