«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет95/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Фаг (грекше phagos - жеймін) - “жеп қоятын”, “жұтып жіберетін” деген ұғымдарды білдіретін күрделі сөздердің бір бөлігі; мысалы, бактериофагтар, фагоциттер.
Фагосома (фаг және лат. soma - дене) - ішінде фагоцитоз процесінің толық қорытылмаған өнімдері болатын, клетка цитоплазмасындағы жеке жарғақпен шектелген көпіршік. Ол біріншілік лизосомамен қосылып, екіншілік лизосома (фаголизосома) түзеді. Лизосомалардың құрамындағы ферменттердің көмегімен фагосомадағы заттар қорытылады.
Фагоциттер -фагоцитоз туғыза алатын торшалар. Мечннковтыц айтуынша фагоцитоздық қасиетке микрофагтар мен макрофагтар ие, олар тек қана тазалағышторшаның қызметін атқармайды, сонымен қатар организмді ауру қоздырғыштарынан қорғауда, ягни қан мен ұлпаге енген бөтен микроорга- низмдерді, заттарды, және ор-ганизмнің өлі торшаларын (эритроциттер, лейкоциттер) бойына сіңіріп ыдыратып, жойып жіберуде негізгі роль атқарады.
Фаготерапия(phagos - жеймін және therapeіa - емдеу) - кейбір жұқпалы ауруларды (іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ, т.б.) ерекше зат бактериофагтар көмегімен емдеу. Бактериофагтың тек өзіне тән ерекше қасиеті бар екендігін алғаш Н.Ф. Гамалей (1859 — 1949) байқап (1898), 1915 ж. ағылшын ғалымы Ф.Туорт ашқан. Ал 1917 ж. француз ғалымы Ф. д`Эрелль дизентериямен сырқаттанған адамның нәжісін тексеріп, одан сүзіп алынған затта дизентерия ауруын тудыратын микробты жойып жіберетін қасиет бар екендігін анықтады. Кейбір жұқпалы ауруларды емдеуде антибиотиктер мен сульфаниламидтермен қатар бактериофагтар да қолданылады. Әрбір жұқпалы аурудың өзіне тән бактериофагы анықталған. Олар қажетіне қарай белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Әдетте Фаготерапиялық әдіспен емдеуді эпидемиолог немесе эпизоотолог дәрігер белгілейді. Мысалы: газ гангренасын көпвалентті, ал стрептококк пен стафилококктарданболатын ауруларды қосвалентті препараттармен емдеу газдалынатын, өлі еттенетін гангреналарды асқынудан сақтайды, бұл жағдай жарақаттарды емдеуде де тиімді болып табылады. Фаготерапия сүзек, дизентерия, тырысқақ, оба сияқты қатерлі аурулардың алдын алу мен диагнозын анықтау үшін фагодиагностикалық әдіс ретінде пайдаланылады. Фаготерапияның, әсіресе, тырысқақ ауруын емдеуде маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет