«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет111/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

КҮҮЛІ-ЧОР ЕСКЕРТКІШІ
КЧ.1: 1) Бірінші жолдың бас жағынан 95 см-дегі əріптер бұзылып кеткен. Содан 
кейін «Кüül» сөзі таңбаланған. i, с əріптерін біз жаңғырттық, онда – 
– дыбыстары 
анық таңбаланған. Сөйтіп, «Кüüli-čoryγ» болып оқылды.
Г.Клосон мен Э.Трыярскийдің көшірмесіндегі «ара» деген сөзі түпнұсқада жоқ. 
Жоқ сөзді Г.Клосонның «Тархан» деп жазуы дұрыс емес.
2) «Ton-uquq» − Тон-ұқұқ (шен, атақ).С.Е.Малов «toηjuquq» (97.27), Г.Клосон 
«toηjuquq» (199.21) деп оқып, В.В.Радлов үлгісімен кеткен. Ұстынға кескіні емес,
кескіні қашалған.) =n жуан (қатаң) айтылатын -«n» дыбысын -«ни»- (ηj) деп оқитын 
реті жоқ еді.
Бойла Баға-тархан Тұй-ұқұқ дүние салған соң оның орнына «ел абызы» етіп 
«чықан (жиен) Тон-ұқұқ (абыз)» етіп Күүлі-Чорды көтерген.
КЧ.І.2: 3) 
«Küli čor»; 
кескіндер ök/ök; ku/kö деп оқылатыны түсінікті. 
Г.Клосон, С.Е.Малов «Kuli cor» деп транскрипциялаған.
4) «Aqyryp»= құрметтеп, aγyr//aqyr=құрметті (QBN.382; TT.VII.40).
-yp – көсемше тудыратын жұрнақ. Бұл сөзді С.Е.Малов (97.27), Г.Клосон (199.21) 
«qaryp» деп оқып, «қартаю» деп аударған. 
5) Uluγ Küüli čor» – Ұлы Күүлі-Чор. С.Е.Малов «великий» деп дұрыс аударған. 
Кейін Г.Клосон, Э.Трыярскийлер «uluγ» сөзін «старший» деп теріс аударған (199.29). 
Бұл авторлар екінші, үшінші Күүлі-Чорларды жасанды түрде жасап шығару үшін 
осылай аударғаны көрініп тұр.
КЧ.І.4: 6) «özlük at» – өздік ат (бəсіре). Қазақтың жанына балаған бəсіре атын ол 
кезде «өздік ат» деп те атаған. Атты иесі өзіне арнап ұстайды. М.Қашқариде «özlük 
at» (МК.ІІІ.323, 443 – Ташкент аудармасы). Г.Клосон «соғыс аты» деп теріс аударған 
(199.14).
7) «kedim» – кежім. Қазіргі қыпшақ тілі тобында -d- фонемі j(ж)-ға айналып 
«кежім» деп айтылады. С.Е.Малов, Г.Клосон екеуі де «одежда» деп қате аударған. 
«kedim» − кежім (98.29; 97, 14; МК.ІІІ.228; Uig.II.4433) – аттың сауырына жабатын 
кілем, қымбат жабу.
8) «bökesi»=Бөкесі=Тəңірлік діннің бас өкілі, дін өкілі (Ман.III.286; QBK.3304). 
С.Е.Малов «kükdi» деп оқыса (97.27), Г.Клосон «tükedi» деп оқып, «совершенствовать» 
(199.14 ) деп аударған. Ұстында 
=bökesi деп анық жазылған. böke/ böge = Бөге; 
-si – тəуелдік жалғауы. Böke=Бөгу дінінің атауы.
Тəңірлік діннің бас өкілін байырғы түркілер тағы да //böge «Бөге» деп атаған. 
Бөге – Тəңірдің жерге жіберген өкілі. Көшпелілер түсінігі бойынша, «böke» – бүкіл 
ғылымды меңгерген, сол ортаның діни əрі саяси көсемі. Мұсылман дініндегі муфти, 
будда дінінің Хамба ламасы, православие дінінің патриархы, католик дінінің Папасы 
іспетті діни лауазым. Біздің «Тəңірлік дін» деп атап жүрген дінді «бөке~бөгу» деп 
атаған (QBK. 189.7; 368.1; 385.15; MK.III.288; Man.IІI.228; Suv.899).


 462
463
9) Asaγyr čoluγan= асар жинаушылар, асарлап аң аулау, аңға шыққанда қауымдасып 
аң үркіту мағынасында. С.Е.Малов «ačyr čoluγan» деп транскрипциялап, «...со своим 
доблестным семейством» (97.27, 28) деп аударған. Г.Клосон «Saγyr čoluγan» деп оқып, 
адамның есімі деп түсінген (199.21, 23).
čoluγan=čoγlan=шоғырлау, топтау, жинау. (МК.ІІ.245; МК. – Ташкент аудармасы 
МК.ІІІ.216–2; ар. 149–1). Čuγlan-шоғырлану, топтану, жиналу (моңғолша). Қазіргі қазақ 
тілінде «šolu» – шолып жинау, топтау деген мағына береді.
«Asaγyr» (көне тұлға). «γ»-ның соңындағы «y» (ы) дыбысы алдыңғы «а» дыбысына 
бейімделіп, ХІ ғасырдың басында төменгі екі мағына берген. Онда:
1.asar − тамақ, тамақ жеу (МК.ІІІ.253–19; 261–11; IV.42; Usp3
13
; QBN.215
11
).
2.ašyγ − пайда (MK.IV.40; I.64–5)
Қазіргі қазақ тілінде «Асар (asar)» − «тамақ», «тамақ жеу» деген орта ғасырлық (ХІ 
ғ. бойындағы) мағынасын сақтаған. Онымен қатар «бірігіп пайда жасау», қауым дасып 
еңбек етіп басқаға пайдасын тигізу деген ұғымды білдіреді. Асар ерте орта ғасырдан бері 
жалғасып, қазақ халқының ұлттық дəстүріне айналған салт.
Қауымдасып аң аулауға (Асарға) шыққан кезде аң үркітушілерді қарсыласына қарсы 
аттандырып шабуыл жасау ежелгі дəуірден бері Еуразия көшпелілеріне тəн құбылыс. 
Хунну Модун-шаньюй қауымдасып аңға шыққанда (асарлатып) сарбаздарын əкесі 
Тумынға қарсы аттандырып өлтірген (22.І.47). Қазақ жерінде қауымдасып аң аулауға 
шыққанда Жошы ханды өлтіреді. Бұл сөйлемде (КЧ.І.5.) асар жасап, қауымдасып аң 
үркітуге шыққан топ Күүлі-Чорға қарсы шабуыл жасаған. Күүлі-Чор қорғанып үлгеріп, 
шабуылға шыққан топты талқандап, адамдарын, əулетін жаулап, олжалаған. 
КЧ.І.9: 10) «Ab ablasar» − абаққа аңды қамап аулау;
Ab − абақ (аңды қуып тығатын, арнайы жасалған, түбі тұйық ор) (МК.І.81; І.63; І.311, 
425). Мұндай «аб» орын Қазақстанның Үстіртінде бүгінгі күнге дейін сақталып келген. 
Ab-lan − аулау (МК.І.298).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет