126
күй аңыздар
кезде жаяу баламен қатарласып келе жатқан бай баласының
бегін іліп алады да, атын тебініп қап, шаба жөнеледі. Бір ша ма
жер жүріп шаршаған кедей баласы оның артынан «ойбай, бегім
бер»,—деп айқайлай қуады. Аттылы жаяуға қайдан жет кіз сін.
Бай баласы бекті сол күйі алып қашып кетеді. Кедей баласы-
ның: «ойбай, бегім бер»,—деп айғайлағанын естіген күйші
бала
зарын бейнелеп, осы күйді шерткен екен дейді.
132. «Тоқта баяу»
Әке мен шешеден жастай айрылған екі бала байдың қозы-
сын жайып, тезегін теріп, қалған-құтқанын жеп, ескісін
киіп күн көреді. Халық аузындағы қай дастан, қай әңгіме-
аңызда болсын байлар қатыгез болады. олар үшін
бір баланың
қарны ашып, киімі жыртылып, көз жасының сел боп ағуы бір
тоқтының маңырағанындай әсер етпеген. Керісінше, тоқты-
серкеш маңыраса, жүрегіне
шаншу боп қадалып, қолына қам-
шы ұстатқан. Екі жетім де байдың осы қатыгездігін көріп,
жігері құм боп өседі. өлі таяқ өршіл жүректі өкпедей езіп, жас
өмірді жасық өмірге айналдырады.
Шілденің аптап ыстығында байдың ауылы көшеді. Баяғы
әдетімен бай екі жетімге қозыны тағы да жаяу айдатады. Көш
жеткен күндік жолда қозы айдаған екі бала әбден шаршайды.
Ересегі
буыны құрып, табаны таусылғанын інісіне білдірмесе
де, інісі шаршағанын жасыра алмайды. Шөлден діңкесі құрыған
кішісі қозы айдаған ағасына ілесе алмай жылайды, жылап келе
жатып «тоқта баяу», «тоқта баяу»,—деп жалынады.
Баланың
сол жалынышын сыбызғышы сыбызғыда осылай тартқан екен.
Достарыңызбен бөлісу: