«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры


ҚАЗАНҚАПҰЛЫ ТӘТТІМБЕТ /1815-1860/



Pdf көрінісі
бет109/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

ҚАЗАНҚАПҰЛЫ ТӘТТІМБЕТ /1815-1860/
202. «Нар шөккен» 
1841 жылдың қысы қылышын сүйрете келіп, ақсүйек 
жұттың нышаны белгі бере бастайды. Мал сүмесімен күн кө-
ріп отырған Арқа қазақтары абыржыңқы күй кешеді. «Жұт 
жеті ағайынды» дегендей, қардың қалыңдығына, малдың 
өлім-жітіміне, ит-құстың молаюына, ұры-қарының білінуіне 
қоса терістіктен тұрған үскірік жел жыландай ысқырып ба-
сылмай қояды. Мал мен жанның апшысын қуырған қарлы 
боран Алшымбайдың да көп жылқысын ықтырып, көрші ру-
лардың қорық-теппесіне алып келеді ғой. Аштық атасын та-
ныта ма, Алшымбайдың ыққан жылқысы қорықтарды талап, 
тақырлағаны былай тұрсын, ауыл-ауылдың үстін басып, арық-
тұраққа деп жинаған көпен-шөмелелеріне ауыз салады. 
Алшымбайдың жылқысы екенін білсін-білмесін көз алдын-
да бөтен малдың аяқасты болып отыра ма, ауыл адамдары ығып 
келген көп жылқының алдын жасқап, бұрып жібереді. Сол 
бетінде ыққан жылқы Қарасор көлінің бықылдап жататын со-
рына тіреліп, біразы шығын болады ғой. 
Мұны естіген Алшымбай «жылқыларымды әдейі бақас-
тық 
пен сорға түсірді» деп, көрші ауылдардан өлген малын 
өн діртіп алу үшін төңіректің би-болыстарын жинап, салмақ 
салады. Берсе—қолынан, бермесе—жолынан алатын, өктемді-
гін жүргізіп қалған Алшымбайға ешкім қарсы келе алмай, 
13-136


194
күй аңыздар
қиналған көпшілік араша сұрағандай, елдің жаңа талап жас биі 
Тәттімбетке кісі жібереді. 
Көптің сәлеміне құлақ асқан Тәттімбет келгенде Алшым-
бай би елдің апшысын қуырып, би-болыстарды ықтыра сөйлеп 
отырса керек. Тәттімбет Алшымбайдың жасының үлкендігін 
сыйлап, сөзін бөлмей шеткерірек отыра кетеді. 
Сонда Алшымбай дегенін арындататын үкім сөзін бітіре бер-
генде Тәттімбет: 
—Дат, Алшеке! үкіміңізге қосарым бар!—дейді. 
—Айт датыңды!—деп Алшымбай ошарыла бұрылады. 
Сонда Тәттімбет: 
—Алшеке, жалғыз Айбике емес, жапсар жатқан Шаншар да, 
қала берді Қарқаралы, Қуды ен жайлаған иісі Қаракесек сізді 
төбесіне көтеріп, дуалы ауыз, тура би деп біледі. Дуалы ауыз
тура би деп танып, тағдырының тізгінін қолыңызға ұстатып 
отыр! ол ол ма, ықпалыңызға жүргізем десеңіз, Қарқабат ана-
сын ұрандас кеткен бір шоғыр Қаракесек былай тұрсын, қы-
рық сегіз болыс Майқы-Бошанға, одан асып Арғынға айтқаны-
ңыз өтеді. япырау деймін, осынша билікте отырып, неліктен 
терістіктен соғар үскірікті алдын ала болжамадыңыз! Қалайша 
жұрттан асқан құдіретіңізбен болжап, өз малыңыз ғана емес, 
төсекте басы, төскейде малы қосылған ағайынға қамқор бола 
алмадыңыз. Біле білсеңіз, мұндай үлкен міндет елдің сіздей 
үлкеніне лайық емес пе еді. «Тас түскен жеріне ауыр». Сіз 
білмегенді сіздің панаңыздағы қара халық қайдан білсін?! 
Бо 
ранның соғарын, жылқының ығарын, ыққан жылқының 
сорға түсерін болжап, біліп отырудың жолы Сіздікі емес пе?! 
Менің қосарым—боранда ығып, сорға түскен жылқыны осы 
ел бөліп төлесін-ақ. Ал осынау қалың елдің биылғы жұтта 
өлген жылқысын, жұттың боларын болжамағаныңыз үшін сіз 
төлеңіз. ол болмаса үкім бұзылсын!—деген екен. 
Алшымбай өзінің белден басып, артық кетіп отырғанын 
мойындап, Тәттімбеттен тосылған екен дейді. 
Бұл Тәттімбеттің жұт жылы басынан өткен бір сәттік қана 
оқиғасы. Ел басына түскен ауырлықта Тәттімбет мұнан басқа 
да көп қажыр көрсетеді. Ел атынан омбыға барып, аштыққа 
ұрына бастаған елдің ес жиюына ерекше ықпал етеді. 
Кейін осы оқиғаны есіне алып, төрт түлік малдың төресі 
нарды шөктірген ауыр жұт туралы «Нар шөккен» деген күйін 
шығарып еді дейді.


194
195
күй және күйшілер туралы аңыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет