366
күй аңыздар
қарсы ұрысқа Саурық батыр да белсене қатысқан. ол ресейдің
Жетісуді жаулап алу саясатына
наразылық танытушылар-
дың да алдыңғы қатарында тұрып, орыс әскерлерінің Тойшы-
бек бекінісіне шабуылына ашық қарсылық білдірді. Саурық
қырғыздармен соғыс кезінде қаза тапқан. Саурық туралы
Сүйінбай, Жамбыл жыр толғаған.
Сейтек Оразалыұлы /1861-1933/—күйші, композитор.
Батыс Қазақстан Бөкей ордасы ауданында туылған. Жасы-
нан домбыраға құмар Сейтек 12 жасында күйшілік
шеберлі гін
танытқан. Алғашқы домбыра тартуды ағасы Сұлтанғали
дан
үйренген. 17 жасында Салауаткерей,
Әлікей сынды дом
бы-
рашылармен жүздесіп, олардың «Көркем-ханым», «Алтын
шаш», «Әсем» т.б. күйлерімен репертуарын толықтырады.
Сейтек шығармаларының негізгі тақырыбы халықтың тұр-
мыс-тіршілігі, өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік теңсіздігі,
озбырлығы болса, осы ойын күйлері
арқылы жеткізген Сей-
тек талай мәрте абақтыға да жабылады. Кейін Сейтек Сібірге
айдалғанда ел-жұртына деген сағынышы,
оның тұрмыс жай-
ына деген күйзелісі «Айдау», «Түңілдім», «Арман», «Замана»
сияқты күйлері арқылы өрнектелді. Сондай-ақ Сейтек осы за-
мана шындығын күй тілімен жеткізсе,
оның тағы лирикалық
толғанысты арнау күйлері болғаны мәлім.
Сиқым—ұлы жүз дулат тайпасына кіретін рулардың бірі.
Шежіре деректері бойынша, дулаттан сиқым, жаныс, ботбай,
шымыр тарайды. Сиқымнан—аққойлы, қарақойлы, қусирақ,
шуылдақ, әлсейіт, жансейіт тараған.
Достарыңызбен бөлісу: