Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді.
Жанасуды шектен тыс сезу – гиперестезия;
Жанасуды толық сезінбеу – гипестезия;
Жанасуды сезінбеу – анестезия.
Беткей сезімталдықты тексеру:
Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде:
Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия;
Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.
Беткей сезімталдықты тексеру:
Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады.
Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия;
Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.
Терең сезімталдықты тексеру:
Бұлшық ет – буын сезімталдығын тексеру үшін дәрігер науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады.
Салмақты сезіну. Дәрігер науқастың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып байқайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 20-25 г дейін айырмашылығы байқалады.
Кинестетикалық сезімталдық. Дәрігер саусағымен науқастың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға және солға қозғайды. Науқас тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата алуы тиіс.