Көзге май салу мейіркештің технологиясы.
Көрсеткіштері: жұмсақ майды көздің шырышты қабаты қабынғанда қолдану.
Құрал-жабдықтар: қолданылатын май, стерилденген шынылы таяқша, мақта тампоны.
Пациентке түсіндіріп, келісімін алыңыз;
Иегін жоғары көтеріңіз;
Басын жоғары шалқайтып ұстауын айтыныз;
Резенке қолғапты киініз, пациентті отырғызыңыз;
Стерилденген шынылы таяқшамен майды алыңыз;
Төменгі кірпігін төмен тартып, майды төменгі кірпіктің шырышты қабатына салыныз;
Пациентке көзін жұмып мақта шаригін 3-5 минут ұстауын сұраңыз;
Қолды жуып құрғатыныз;
Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;
8.11. Мұрын қуысының күтіміндегі мейіркештің технологиясы.
Халі нашар пациенттің мұрнының шырышты қабаттарында көп мөлшерде сілекей және шаң жиналуынан, демнің шығуын қиындатады. Әлсізденген пациенттер өз бетінше мұрнын тазалай алмайды, сондықтан мейіркеш күнде мұрынның ішіндегі қабыршақтарды алып отыруы керек.
Мақсаты: мұрынның, демінің бұзылуын алдын алу.
Көрсеткіштері: пациенттің ауыр жағдайы, мұрынның шырышты қабатынан бөлінуінің шығуы.
Жабдықтар: лоток, мензурка, пинцет, вазелин майы, мақта, турундалар, резеңке қолғаптар, дезинфекциялық ерітінділері бар ыдыстар.
Пациентпен немесе оның туыстарымен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;
Процедура жүргізу мақсатымен таныстырып, және келісімін алып, іс-әрекетінің бір ізділігін түсіндіріңіз;
Қолды жуып, құрғатып резеңке қолғап киіңіз;
Мензуркаға вазелин майын құйыңыз;
Пинцетпен турунданы алып вазелин майын салып жай ғана сығып алыңыз;
Турунданы оң жақ қолына алып, мұрынның ішіне айналдыра 1-3 мин кіргізіп, сол жақ қолымен мұрынның ұшын көтеріп тұрыңыз;
Турунданы алып шығып, екінші мұрынның қуысын жоғары айтылған әдіспен өңденіз;
Қолданған турундаларды, пинцетті, мензурканы дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз;
Қолғапты шешіп, зарарсыздандырыңыз;
Қолды жуып құрғатыңыз;
Достарыңызбен бөлісу: |