Мектеп- директордың тәрбие ісі №69мектеп-гимназия жөніндегі орынбасары директоры О. Ж. Конкабаев А. Б. Тілеген



Дата04.07.2016
өлшемі52.52 Kb.
#176157
Келісілді Бекітемін

мектеп- директордың тәрбие ісі №69мектеп-гимназия

жөніндегі орынбасары директоры_________О.Ж.Конкабаев

______А.Б. Тілеген




Астана 2014 ж



Тақырыбы: «Әй,әй,әй Керімі-Әйкерім»

Мақсаты: Қазақтың салт- дәстүрін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Қыз балаларды инабаттылыққа, сұлулыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.


2-жүргізуші: Жыр арнайық оларға жігері ассын,

Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.

Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,

Нұр арнайық қуатын беріп жастың.


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, арулар және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
2-жүргізуші: Бүгін мерекеге орай мектебімізде өткізілгелі отырған қыз балаларға арналған «Әй,әй, Керім- Әйкерім» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар өз өнерін, білімін, тапқырлығын және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
1-жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.

  1. 8 А сынып оқушысы Әлиасқар Гүлжайна

  2. 8 Ә сынып оқушысы Мұхаммедәлі Жаннұр

  3. 8 Б сынып оқушысы Аманбаева Ақтолқын

  4. 8 В сынып оқушысы Жумабекова Айерке

  5. 8 Г сынып оқушысы Жауынгерова Аружан

  6. 9 А сынып оқушысы Шаукенова Айбота

  7. 9 Ә сынып оқушысы Кервенова Аружан

  8. 9 Б сынып оқушысы Рашатова Жанар

  9. 9 В сынып оқушысы Диханбаева Айгүл

  10. 9 Г сынып оқушысы Жандарбекова Камила

  11. 10 А сынып оқушысы Шамшиева Ақниет

  12. 10 Ә сынып оқушысы Ермұханбет Ажар

  13. 10 В Кенес Мөлдір



2-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаксымбекова А.К.

2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Адамова Х.И.

3. Технология пәні мұғалімі Оспанова Ғ.Ш.

2-жүргізуші: Ендеше көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы» (өздерін таныстыру)

2. «Сен салт – дәстүрді білесің бе?» (сұрақ-жауап)

3. Сән үлгісі

4. Мәтінді түрлі образға еніп оқу

5. Ас- адамның арқауы(үй тапсырмасы)

1-жүргізуші: Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,

Осы салтты ұстанады халқымыз.

Сайыскерлер өнерді сал ендеше,

Амандасып көріңіздер өзгеше, - дей келе сайысымыздың алғашқы шарты «Сәлем – сөздің атасы» бөліміне кезек береміз.


1-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер.
2-жүргізуші: Көзінің оттарын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығым қылық.

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәсекеге білімділік.



Сайыстың екінші бөлімі «Сен салт-дәстүрді білесің бе?» деп аталады. Екінші шарт бойынша сіздер кеспе қағазда жасырылған ата салтымызға байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.


  1. Үш талғамды атап беріңізі: мейірім – сауап, жақсылықтан -шарапат, жамандықтан- кесепат

  2. Алты асқар атап беріңізі
    1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл. 

  3. Жеті жоқты атап беріңіз: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

  4. Жеті жетімді атап беріңіз:

Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім, 
Иесіз қалған жер жетім, 
Басшысы жоқ ел жетім, 
Аққу-қазсыз көл жетім, 
Жерінен айырылған ер жетім, 
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім. 

  1. Жеті ғашық:
    1. Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5. Уәлик – Ғарра. 6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа. 

  2. Тұрмыс – салт жырларының қандай түрлері бар? (Наурыз жырлары, төрт түлікке арналған жырлар) 

  3. Қандай ұлттық ойындарды білесің? 
    (Көкпар,бәйге, алтыбақан, асық, ақсүйек, тоғызқұмалақ) 

  4. Төрт түліктің иелері қалай аталады? 
    (Шопан ата, Қамбар ата , Ойсылқара, Зеңгі баба) 

  5. Қазақтың қандай салт – дәстүрін білесің? (бесікке салу, қыз ұзату, тұсаукесу) 

  1. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады? (7 немесе 9) Көк-су

  2. Қызыл – ет (соғымның басы, арнайы сақталған мүше, сыбаға- сүр ет, арнайы сойылған малдың еті).

  3. Жасыл-дән (түктелген, бөрттірілген бидай, арпа, тары, күріш...)

  4. Ақ – сүт (сүттен жасалған тағамдар- езілген құрт, қатық, айран)

  5. Сары – май (сары май, тоң май)

  6. Қоңыр- талқан, ұн, кеспе

  7. Қара- тұз- болуға лайық.

  1. Қазақ халқының ет тағамдарын ата (қазы, қарта, жал, жая, шұжық, т.б.) 

  2. Тұрмыс – салт жырларының қандай түрлері бар? (Наурыз жырлары, төрт түлікке арналған жырлар) 

  3. Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

  4. Бес дұшпан: Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.



2-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Енді сайысымыздың 3-шарты «Сән үлгі» бойынша қазақ халқының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, замана талабына сай сән үлгілерін дайындау бөліміне кезек берейік.
2-жүргізуші: 4 - бөліміміз «Мәтінді образға еніп оқу» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлер берілген мәтінді жеребе таңдау арқылы түрлі образға еніп оқиды.

1-жүргізуші: сайысымыздың 5 шарты «Ас-адамның арқауы» деп аталады. Аруларымыз өз қолдарынан шыққан тағамдарын таныстырып, әділ-қазыларға көрсетуі қажет
1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Марапаттау. Сыйлықтар тарату. «Әй,әй, Керім- Әйкерім» атағын жеңімпазға ұсыну.
2-жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

Барымен шат-шадымен болыңыздар.

Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау-саламат болыңыздар!



Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет