Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы



Дата26.06.2023
өлшемі17.98 Kb.
#475372
БАЯНДАМА




ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК
БАЯНДАМА

Тақырыбы: « Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін арттырудағы өндірістік машықтанудың рөлі»

Баяндамашы: Қ.Хаджиев

Ескі Иқан-2020 жыл

Баяндама: Дарынды баламен жеке жұмыстарды ұйымдыстыру




ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек»,-дейді. Демек, ұстаздар қауымының оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымды насихаттау бағытында интелектуалды дамуына жол ашу, ғылыми-танымдық қызығушылығын қолдау мақсатында дарынды оқушылармен жұмыс жасауына тура келеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Қабілетті балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды. 1.Жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың икемділігін, қабілеттілігін айқындау, оларды топтарға бөлу; 2.Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау; 3.Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру; 4.Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру. Шәкірттерді топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа, төмен деп үш топқа бөлуге болады. Оқушылардың жұмысқа қабілеті деп олардың өнімді оқу қызметімен шұғылдануын айтамыз. Жұмысқа қабілеттілік дәрежесі оқушылардың психо-физиологиялық мүмкіндіктерімен, оқуға ынтасы және іскерлігімен анықтайды. Жұмысқа қабілттілікті арттыруда оқу дәйектілігі, оқуға құлшынысы, денсаулық жағдайы, табандылығы, сезімталдығы, оқудың тиімді тәсілдерін қолдану тағы басқалары елеулі роль атқарады. Жұмысқа қабілеттілігінің де жоғары, орташа, төмен деңгейлері бар. Оқушыларды топтарға бөлу үшін мұғалімдер мен сынып жетекшілер төмендегі бағытта жұмыстар жүргізеді: а) оқушылардың жеке құжаттарын,мінездемесін, сынып журналын зерттеу. Ә) оқушының сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасау, талдау. Б) әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып шәкірттің білім деңгейін айқындау. В) оқушы білімін өздігінен жетілдіру іскерлігі мен дағдыларының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстарын жүргізу. Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізу және жан-жақты талдау арқылы оқушылардың икемділігін, қабілет мүмкіндіктерін айқындауға болады. Әр мұғалім, тәрбиешінің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Кейбір оқушылардың қабілеті ерте ашылған гүл сияқты жұрттың бәрін, таңдандырып жарқырап көрінеді, ал екіншілерінің мінез-құлқына, темпераментке байланысты көзге көп түсе бермейді. ал ұстаздың міндеті оқушылардың көзге түсе бермейтін қабілетін көре білу және оны дамытуды жүзеге асыру. Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастырудың ең басты да, негізгі формасы сабақ болып табылады. Оқу материалын саралап оқытудың сабақ түрінде қолданылуы, негізінен, дидактикалық материалдардың мақсаты жүйесі және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай әдістемелік тәсілдерді ұтымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қолдану мақсатына қарай дидактикалық материалдар ақпараттық, нұсқаушы, жаттықтырушы, аннотациялық бақылаушы болып бөлінеді. Бұл материалдардың дені карточка-тапсырма, нұсқаушы парақтар, сызбалар тағы басқа түрінде беріледі. Дидактикалық материалдар ауызша және жазбаша, зертханалық және тәжірибелік,аналитикалық және графиктік сияқты танымды тапсырмаларды орындауды көздейді. Сөйтіп дидактикалық тапсырмалар оқыту үрдісінің барлық сатыларын қамтиды және бұл тапсырмалар жеке оқушының да, деңгейлік топтардың да ерекшеліктері мен дайындық дәрежелерін, мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған, бұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылардың өз күштеріне сенімі, білімді игеруге деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, қабілеті, қасиеттері ашылады. Осындай тапсырмаларды жүйелі орындату арқылы оқушылардың қабілеттерін шыңдауға, ал кейбір көрінбей жүрген оқушылардың қабілеттерін, мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік жасауға болады. Қабілетті оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастырудың тағы бір түрі пәнді оқып, үйретуге, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға ерекше белсенділік көрсеткен оқушылармен жұмыстың арнайы оқу бағдарламасын жасау барысында оқушының жеке ерекшелігі, қабілеті, ынта-ықыласы, дайындығы, денсаулығы мұқият ескеріледі. Осындай бағдарлама бойынша жұмыс жасау қабілеті шәкірттің мүмкіндігін тежемей оның білімге, ғылымға деген құлшынысының одан әрі артуына жағдай жасады. Оқушылармен жасалатын жұмыстың тағы бір түрі шәкірттердің ғылыми жұмыстармен айналысуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет