«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»



бет1/13
Дата20.06.2022
өлшемі0.52 Mb.
#459365
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»


«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 3
1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ДЕНЕ МӘДЕНИТІНЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. 5
Оқушыларға дене мәдениетінен білім берудің тарихи-педагогикалық мәселелері 5
1.2 Мектептегі дене мәдениеті үдерісінің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері 12
1.3 Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің жеке және топтық ерекшеліктері 21
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЕСКЕРІЛЕТІН ДЕНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ 25
2.1 Мектептерде оқушылардың дене тәрбиелеу үрдісін қалыптастырудың мазмұны 25
2.2 Әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене тәрбиесі бойынша әдістемесінің айырмашылығы 41
2.3 Сабақтан тыс уақыттағы спорттық ойындар арқылы дене қабілеттерін дамытудағы тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар нәтижелері. 48
48
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57



КІРІСПЕ




Диплом жұмысымның тақырыбы: Мектеп оқушыларына дене
мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан 1, 2, 3, 4, 5, 6.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесін, заманауи технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен байланыстыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Дене мәдениетінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.
Ғылым, техника, мәдениет, спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміздің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үдерісінде оқушыларды салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жетілдіруді жүзеге асыру үрдісі, сондай-ақ дене мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық сараптау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене мәдениетінің әлеуметтік және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру үшін қажет. Дене мәдениеті тек мектептегі дене тәрбиесі сабағында ғана емес, ол сабақтан тыс уақытта денсаулыққа байланысты қажетті шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептерде дене тәрбиесінің жүйесі мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайтумен қоса, олардың бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Дене мәдениетін қалыптастыру мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуде, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық үдерістер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың маңыздылығы артуда.
Зерттеудің мақсаты. Қазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек және жасөспірім кезеңіндегі дене тәрбиесі тұжырымдамасын теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемелік ұсыныстар жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет