«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»



бет7/13
Дата20.06.2022
өлшемі0.52 Mb.
#459365
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»

Сауықтыру міндеттері денсаулықты артыруға, денені жетілдіруге көмектесетін мектеп оқушылары ағзасының құрылымын бір қалыпты деңгейде дамытуға бағытталған. Сауықтыру міндеттерінің негізгі көрсеткіші мектеп оқушыларының денсаулығын жақсарту және дене мәдениетін қалыптастыру, денені дамыту болып табылады. Ал, мектеп оқушыларының денесінің дамуы дегеніміз – мектеп оқушыларының мектеп қабырғасындағы өмір-тіршілігінің ішінде дене ағзасының функциялары мен формасының өзгеріске ұшырауы. Мектеп оқушыларының денесінің дамуына, қалыптасуына үш фактор әсер етеді: биологиялык, әлеуметтік және географиялық (ауа райлық).
Биологиялық факторлар тобын тұқым қуалаушылық факторы құрайды. Мысалы, ата-анасының дене мәдениетіне, дене бітіміне қарап, балалардың өсуі және дене мәдениетінің қалыптасуы жөнінде де болжам жасауға болады. Осы факторлардың әсерінен болатын дене дамуы, дене мәдениетінің қалыптасуы жалпы табиғат заңдарына бағынады.
Географиялық факторлар тобына адамның тұрғылықты жеріндегі метеорологиялық және ауа райы жағдайларына негізделген факторлар енеді, мысалы: Солтүстікте күн сәулесінің аздығы және оның қатты аязды болуы, Орта Азия аудандарында болатын ауаның өте жоғарғы температурасы және ылғалдың аздығы, т.б.
Әлеуметтік факторлар тобына өмірдегі тұрмыстық жағдайлар, еңбек, оқу қызметі, дене мәдениеті және жалпы тәрбие мазмұны, т.б. жатады. Барлық әлеуметтік факторлар елдің қоғамдық-экономикалық дамуына толықтай бағынады. Сонымен бірге, әлеуметтік факторлар биологиялық және географиялық факторларға белгілі бір дәрежеде әсерін тигізеді. Мысалы, өмірдің тұрмыстық материалдық жағдайының жоғары деңгейде болуы - адам бойының және кеуденің өсуіне, салмақтың артуына, т.б. әсер етеді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, арнайы іріктелініп алынған жаттығуларды пайдалана отырып, нашар дамыған ағза мүшелеріне өзінің ықпалын тигізуі көзделеді. Кейбір жағдайларда дененің дамуы мен дене мәдениетінің қалыптасуы денені тәрбиелеу үдерісінде қалыптасуы мүмкін, дегенмен, ағза дамуының биологиялық зандылықтарын есептей отырып, тиімді ұйымдастырылған жалпы дене жаттығуларының көмегімен мектеп оқушыларының ағзасының барлық формалары мен функцияларының бірқалыпты дамуына қол жеткізуге болады.
Дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының денесінің қаншалықты дамығандығын антропометриялық өлшеу арқылы анықтауға болады (бойдың биіктігі мен дененің салмағы, кеуденің көлемі, аяқ-қолдарының ұзындығы т.б.), дене құрылысының сыртқы дамуын (кеуде клеткасының формасы, бұлшық еттер реңі, май жиналуы, терінің әдемілігі, т.б.), сыртқы белгілер арқылы жыныстық жетілуді, сонымен қатар, кейбір функционалды көрсеткіштерді өлшеу арқылы анықтауға болады деп білеміз. Мысалы, өкпедегі ауа сыйымдылығының көлемін, жекелеген бұлшық еттер тобының күшін арнайы өлшегіш құралдарымен өлшеу арқылы дененің даму дәрежесі анықталады.
Дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының дене сипатының осы көрсеткіштерін пайдалана отырып, мынаны ескерген жөн. Дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының дене сапаларының дамуының жоғары деңгейі - жақсы денсаулықтың кепілі, тиімді жұмыс қабілеттілігінің бар екендігінің және үлкен спортта жеке спорт түрлері бойынша жоғары нәтижеге жете алатындығының айғағы. Ал кейде, дене пішіні жақсы дамыған мектеп оқушыларының салқыннан, суық тиюден пайда болатын ауруларға қарсы тұра алмайтындығын немесе бұлшық еттері күшті болғанымен, арқан бойымен тартылып шыға алмай жатқандығын байқауға болады. Сондықтан да, дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының дене сапаларының дамуын бағалауға әртүрлі көрсеткіштер жиынтығы пайдаланылады және міндетті түрде денсаулық көрсеткіштері мен жұмыс қабілеттілігі, басқа да қимылдардың орындалуы деңгейі салыстырылады.
Дене мәдениеті жоғарыда айтылған көптеген белгілерге белгілі түрде әсер ететіндігіне байланысты дене дамуының бір функциясы есебінде қаралады Осыған байланысты, дене жаттығуларымен айналысу тиімділігі бағаланады да, олардың функциялық міндеттері айқындалады. Тәрбиелік міндеттер дене және рухани күштердің белгілі нәтижесінде мектеп оқушыларының жан-жақты дамуына бағытталған. Дене тәрбиесінің педагогикалық үдерістің құрамында бола отырып, өзіне тән құрал, әдіс арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруға, тәрбиенің жалпы міндеттерін шешуге, мүмкіндігі бар. Білімділік міндеттер белгілі бір қозғалыс жайлы білімі, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға, осы саладағы арнаулы білімдермен қаруландыруға бағытталғандықтан, нәтижесінде белгілі бір деңгейде дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының дене сапаларын дамыту туралы білім жиынтығын алады деп білеміз.
Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру дегеніміз - бұл арнаулы, жүйеленген білім мен дене жаттығуларын игеру үдерісі және олар жеке дара зерттеу арқылы өмірде қолдана білу көрсеткішімен сипатталады. Ал, мектеп оқушыларының дене мәдениеті туралы білімді дене тәрбиесінің заңдылықтарын ашып көрсететін білімде - деп түсінгеніміз дұрыс. Біліктілік пен дағдылар көлемін жай игеру мен оны жүйелі игерудің арасында нақты айырмашылық бар. Дене мәдениеті туралы білім мектеп оқушыларының қозғалысы жайлы білімді, біліктілігі мен дағдыларын, жинақтауға ғана емес, сонымен қатар, өз білімімен тәжірибесін өмірде қолдана білуді және дене жаттығуларын жеке-дара игеруді, пайдалануды қарастырады.
Дене мәдениеті туралы білімді мектеп оқушысы оқып, үйрену нәтижесінде алады. Дене мәдениеті және спорт туралы білім алу, ол дене тәрбиесінің функцияларының бірі болып бағаланады, осыған байланысты, денені шынықтыратын жаттығуларымен және таңдап алған спорт түрлерімен айналысу тиімділігін анықтайды.
Қандай бір мақсаттарды шешпесін, әрбір дене тәрбиесі мұғалімі дене мәдениетінің қағидаларын басшылыққа алуға міндетті. Қағидалардың әрқайсысының толықтай орындалуы мұғалімнің кәсіби шеберлік қызметіне байланысты. Қағидалар әр сабақ сайын бір мезгілде, жас ерекшелектеріне қарамастан, дене мәдениетінің теориясына сүйене отырып жүзеге асырылуы тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет