Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары



бет11/13
Дата05.03.2024
өлшемі57.13 Kb.
#494366
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
3.2.3-ресурс-МІБ бағыттары

Орындау мерзімдері

Жауаптылар

Қарау орны

Басқарушылық шешім

Екінші бақылау

V. Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау



1



Курстық дайындықтан өту үшін мұғалімдер тізімін дайындау

Курстық дайындықтан өтуді және мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруды бақылау

Педагогикалық ұжым

Фронталды

Мұғалімдердің жеке істерін зерделеу

Тамыз

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары

Педагогикалық кеңес

Тізімдер

Жыл ішінде

2

Мұғалімдердің курстық дайындығын ұйымдастыру

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру

Мектептің пән мұғалімдері

Дербес

Курстық дайындықтан өтуге өтінім беру

Ай сайын

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары

Педагогикалық кеңес

Тізімдер

Жыл ішінде

3

Жаңадан келген мұғалімдердің сабақтарына қатысу

Жаңадан келген мұғалімдердің жұмыс әдістерімен танысу

Жаңадан келген мұғалімдер

Дербес

Мұғалімнің жұмысындағы әдістер мен технологияларды талдау

Ай сайын

Жетекшілік ететін меңгерушілер, тәлімгер-педагогтер ӘБ басшылары

Әдістемелік кеңес

Бақылау парақтарындағы кері байланыс

Тоқсанына 2-3 рет

4

Жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, жұмыс үшін қолайлы жағдай жасау

Жас мұғалімдер

Дербес

Құжаттаманы ресімдеу, сабақ жүргізу бойынша кеңес беру

Қыркүйек

Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары

ЖММ отырысы

Тәлімгерлерді бекіту туралы бұйрық, тәлімгердің жас педагогпен жұмыс жоспарын бекіту

Өтініш беруге және жұмыста қиындықтар туындағанға қарай

5

Аттестатталатын педагогтердің сабақтарына қатысу

Сабақ беру деңгейін бақылау

Сабақтар, КҚЖ

Фронталды

Талдау

Қараша

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасарлары

Директор жанындағы кеңес

Анықталған проблемаларды жою үшін 10 күннен кейін қайта тексеру

Жұмыс лездемесі

6

Мұғалімдерді қайта даярлау курсы

Біліктілік деңгейін арттыру, курстық дайындықтан уақтылы өтуді қадағалау

Пән мұғалімдері

Фронталды

Пән мұғалімдерінің курстық қайта даярлаудан уақтылы өтуін бақылау

Ай сайын, ББ жоспары бойынша

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары

Әдістемелік кеңес

Деректер жинау

Ақпан



VІ. Тәрбие процесінің, өткізілген іс –шаралардың сапасын бақылау
Тәрбие жұмысы Жеке тұлғаны тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі деп танылады. «Толық адам» тұлғалық атрибуттары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақалаларында және басқа да тұжырымдамаларда айқындалған құндылықтар мен басымдықтарды жеке тұлғаны тәрбиелеуге бірыңғай жүйелі тәсілді қамтамасыз ету үшін біріктіреді.
Мектептің тәрбие жүйесінде сабақтан тыс іс-әрекеттің түрлі нысандарын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау маңызды, бұл жиынтықта білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз етеді.
Сабақтан тыс қызмет шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуы мүмкін:
1) «Отбасы – мектеп»
2) «Оқитын мектеп»
3) «Еңбек – елдің мұраты»
4) «Ерте жастан экологиялық мәдениет»
5) «Қоғамға қызмет»
6) «Психологиялық қызмет пен мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру»
Бүгінгі таңда сабақтан тыс іс-әрекетті ұйымдастырудың табысты нысандары «Ұшқыр ой алаңы» пікірталас қозғалысы, мектеп парламенті, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз» балалар қоғамдастықтары болып табылады.
Осы жобаларды іске асыру білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік кеңістігінің әлеуетін кеңейтуге, жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді. Жобаларды білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен, әлеуметтенудің басқа объектілері – білім беру ұйымының әлеуметтік әріптестерімен тұрақты өзара іс-қимылда және тығыз ынтымақтастықта іске асырады.
Сабақтан тыс іс-әрекетті ұйымдастырудың құрамдас бөлігі жалпымектептік іс-шаралар болып табылады. Жалпымектептік іс-шаралардың идеялық-құндылық мазмұны білім алушылардың қажеттіліктеріне, мектеп ерекшеліктеріне, сондай-ақ мемлекеттік саясат қағидаттарына бағдарланады.
Әрбір мектеп жергілікті қоғамдастықтағы рөлін ескере отырып, өзінің миссиясы мен даму стратегиясын айқындайды, сондай-ақ тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді. Жоспар білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін, сондай-ақ мектеп орналасқан өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени ерекшеліктерін көрсетуге тиіс жүйе құраушы қызмет аясында құрылады.
Тәрбие жұмысына жетекшілік ететін директордың орынбасары педагогтермен, ата-аналармен, білім алушылармен, мектептің әлеуметтік әріптестерімен тиімді ынтымақтастық орнатады; білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруды және кәсіптік бағдарлануын үйлестіреді. Сонымен қатар, ол сынып жетекшілерінің қызметін үйлестіреді, мониторинг жүргізеді, әдістемелік қолдау көрсетеді және сапалы кері байланысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ сынып жетекшілеріне апта, ай және жылға арналған тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеуге жәрдемдеседі.
Бұл консультациядағы педагогикалық бақылау деп тәрбие қызметінің барысы мен нәтижелері туралы сенімді ақпарат алу, тәрбие процесінің жай-күйі мен нәтижелерінің қол жеткізілген параметрлерінің жоспарланған параметрлерге сәйкестігін тексеру, білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізу практикасында жағымды құбылыстарды сақтау және теріс құбылыстарды түзету мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие процесін басқару функциясы түсініледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет