Тақырыбы: «Жабайы жануарлар қысқа қалай дайындалады?»
(жабайы жануарлардың суреттерін қарау)
Мақсаты: Тірі және өлі табиғаттың өзара іс-әрекеттестігі, табиғат өзгерістерінің жануарлар өміріне әсері туралы көзқарасын кеңейту.
Орманды мекендейтін жабайы жануарлардың (қасқыр, аю, қоян, түлкі) өмірі туралы білімін байыту. Балаларға жабайы жануарлардың қыс мезгіліне қалай дайындалатындығы («тері» түсін өзгертуі, індерін және апандарын дайындауы) туралы түсінік беру.
|
1
|
6
|
Тақырыбы: «Сумен танысу» (практикалық іс-әрекет)
Мақсаты: Судың қасиеттерімен (құйылады, төгіледі және т.б.) таныстыру, адамға, жануарларға, өсімдіктерге судың қажет екендігі туралы балаларға түсінік беру. Балаларды – судың мұзға және мұздың суға айналу қасиетімен таныстыру (суды серуенге алып шығу, содан кейін мұзды жылы жерге алып келу). «Сиқырлы губка» жаттығу ойыны.
Қарапайым тәжірибелер процесінде танымдық белсенділікті дамыту.
|
1
|
7
|
Тақырыбы: «Құстар алаңына бару»
(үй құстарының суреттерін қарау)
Мақсаты: Балалардың қораз, тауық, балапан сияқты үй құстары туралы білімін кеңейту. Құстардың дене мүшелерін атау және (немен қоректенеді, қалай қозғалады, қандай дыбыстар шығарады, ересектердің жануарлар мен құстарды күтудегі еңбектері) айырмашылық ерекшеліктерін байқай білуін дамыту.
|
1
|
8
|
Тақырыбы: «Құстарды бақылау» (немесе табиғат бұрышында өзге мекендеушілерді бақылау)
Мақсаты: Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылауға үйрету, жануарлардың немесе құстардың тіршілік етуі туралы білім беру, практикада экологиялық тәжірибені іске асыруды үйрету. Балаларды табиғат бұрышының құстары мен жануарларын күтуде шамасы келетін іс-әрекетке қосу.
|
1
|
9
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |