педагогикалық шарттары мен талаптары ЖОСПАРЫ - Заттық ортаға қойылатын негізгі талаптар
- Дамытушы орта бала тəрбиелеуде ең маңызды факторлар
- Педагогтардың жасақтаған дамытушы орта модельдері
- Заттық-дамытушы орта мынадай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:
- баланың психикалық даму деңгейіне сəйкестігі;
- жүйелілігі;
- көп функциялылығы;
- баланың шамасына сай болуы;
- трансформациялануы;
- мазмұны бойынша жəне функционалдық міндеттері бойынша вариативтілігі.
- Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап — оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай-ақ учаскені заттық кеңістікте ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал-жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс.
- Баланың ортасын дұрыс ұйымдастыру тəрбиелеу мен оқыту үдерісін даралауға мүмкіншілік береді.
- Заттық-дамытушы орта келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық жəне икемді болуы;
- тартымды, ақпаратқа бай, қызметі алуан түрлі;
- құралдар кіріктірілген сабақтың мазмұнына сəйкес жəне жан-жақты;
- ересектер мен балалардың бірігіп əрекеттесуіне лайықты ұйымдастырылуы қажет.
- Баланы жан-жақты тəрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой- өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндеттер
- Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі айналадағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылау.
- Заттық орта жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамшыларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілетін жетілдіру басты роль атқарады.
- Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тəрбиеші əр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді.
- Айналадағы қоғамдық өмір өлі, тірі табиғат құбылысын бақылатқанда да əр объектіні сөзбен атап, түсіндіріп, баланы заттық ортаға сөзбен қызықтырып, қабілетін дамыту көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |