Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы атқарылатын жұмыстардың жүргізілуі



бет1/3
Дата15.02.2024
өлшемі22.55 Kb.
#491957
түріСабақ
  1   2   3
балабақша мен мектептің сабақтастығы


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы атқарылатын жұмыстардың жүргізілуі.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі, Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, сөздік қорларын байыту”. Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және практикалық.
2-слайд
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің мектепалды даярлық сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.Екінші, тәжірибелік аспект – бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы жоғарғы топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.
3-слайд Сабақтастықты жүзеге асыру түрлері
Балалармен жұмыс: мектепке экскурсиялар; мектепке дейінгі балалардың метепалды даярлық сынып мұғалімдерімен және оқушыларымен танысуы және өзара әрекеттестігі; бірлескен білім беру қызметіне, ойын бағдарламаларына қатысу; суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмелері; балабақшаның бұрынғы тәрбиеленушілерімен кездесулер және әңгімелесулер бірлескен мерекелер мен спорттық сайыстар; театрландырылған қызметке қатысу; мектепке дейінгі балалардың мектеп жанында ұйымдастырылған сабақтардың бейімдеу курстарына қатысуы.

4-слайд Педагогтар әрекеттестігі:
бірлескен педагогикалық кеңестер;
семинарлар, шеберлік сыныптары;
МДҰ педагогтары мен балабақша тәрбиешілерінің дөңгелек үстелдері;
балалардың мектепке дайындығын анықтау бойынша диагностика өткізу;
МДҰ мен мектептің медициналық қызметкерлерінің, психологтарының әрекеттестігі;
МДҰ-ғы білім беру қызметі мен мектептегі ашық сабақтардың ашық көрсетілуі;
педагогикалық және психологиялық қадағалаулар.
Ата-аналармен ынтымақтастық:
бірлескен ата-аналар жиналыстары; дөңгелек үстелдер, пікірсайыстық кездесулер, педагогикалық "қонақ бөлмелер"; ата-аналар конференциялары, сұрақ-жауаптар кештері;
МДҰ және мектеп педагогтарымен консультациялар;
ата-аналардың болашақ мұғалімдермен кездесулері;
ашық есік күндері; мектепалды жастағы балалардың ата-аналарына арналған білім беру-ойын тренингтері және практикумдері, іскерлік ойындар, практикумдер;
отбасылық кештер, тақырыптық ойын-сауықтар; қарым-қатынастың визуалды құралдары (стенд материалы, көрмелер, сұрақ-жауаптардың пошта жәшігі және т. б.);
– тәрбиешілер мектеп талаптарын, балаларды оқуға дайындау міндеттерін нақты түсінеді және оны сәтті шешеді;
– мектепалды даярлық мұғалімдер балабақша жұмысының міндеттеріне, мазмұны мен әдістеріне тереңірек енеді, ол тәрбиелік әсер ету әдістерінде сабақтастық орнатуға септігін тигізеді. Мектепалды дайындық сыныбы балалары мен балабақша арасындағы байланыс оқу жылы бойы сақталады. Балабақша мен мектеп арасында байланыс пен шығармашылық ынтымақтастық орнату – балаларды жүйелі оқуға дайындау міндеттерін сәтті шешудің қажетті шарты. Балабақша мен мектептің бірлескен жұмысы туралы шарт Балабақша мен мектептің оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспары Баланы мектепке дайындау – оның оқу-танымдық уәждерін (оқу ниетін) белсенді қалыптастыруды және оның өмірдің жаңа кезеңіне жеңіл
бейімделуін қамтамасыз етуші қызметтің өзіндік құрамдастары мен психикалық үдерістерді дамытуды білдіреді.
5-слайд
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
-балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
-балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;
-балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;
-тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)
Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады; әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет