Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті
3-кестеге:
Ескертпе:
*мұнда және бұдан әрі салалық бөлімдерде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері пайдаланылды;
**мұнда және бұдан әрі салалық бөлімдерде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2013 жылдың 9 айы үшін жедел деректер пайдаланылды
***көрсеткіш «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның (бұдан әрі - «ҚИДИ» АҚ) статистикалық деректері негізінде есептелген.
Сектордың дамуына, негізінен сыртқы және ішкі факторлар әсер етті. Халықаралық нарықтардағы қиындықтар өнім экспортына және «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ), «Кастинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС), «АЛЗ» ЖШС және «KSP Steel» ЖШС сияқты қара металлургия кәсіпорындарының өндірістік қуаттарына ықпал етті. Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайту бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жаңғырту бағдарламасы іске асырылған жоқ.
Қазіргі уақытта Forbes - Global 2000 журналының нұсқасы бойынша әлемнің жетекші трансұлттық компанияларының тізіміне кіретін әлемдік нарықтың мынадай ірі ойыншылары бар: Posco (Оңтүстік Корея), ArcelorMittal (Люксембург), Evraz Group (Ресей).
Сектордың түйінді проблемалары:
1) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының төмен жүктемесі;
2) кәсіпорындардағы жабдықтардың тозу дәрежесінің жоғары болуы, моральдық ескірген жабдықтардың болуы;
3) нашар дамыған ішкі нарық;
4) қосылған құны жоғары өнім экспортының төмендеуі мен импортының өсуі;
5) шығарылатын өнімнің төмен сапасы мен аз ассортименті;
6) теміржол тасымалдарына, электр энергиясы тасымалдарына жоғары тарифтер;
7) өнімді сертификаттау үшін сынақ базалары мен зертханалардың болмауы;
8) өнімнің жоғары энергия және еңбек сыйымдылығы;
9) көліктік-логистикалық инфрақұрылымның төмен деңгейі;
10) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы;
11) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базаларын жаңғырту қажеттілігі.
Мақсаты: Қара металлургияны орнықты дамытудың және оны әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.
Нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылға қарай экономикалық көрсеткіштерді:
1) жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,3 есе;
2) жұмыспен қамтылуды 3,1 мың адамға;
3) еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,18 есе;
4) экспортты кемінде 1,04 есе өсіруге қол жеткізуге мүмкіндік береді (4-кесте).
4-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлшем бірл.
|
2012 есеп
|
2013 меже
|
2012 ж. қатысты болжам
|
2012 ж. қатысты 2019 ж., %
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
1
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100,0
|
89,6
|
107,5
|
120,2
|
120,6
|
125,2
|
125,2
|
128,4
|
1,3 есе
|
2
|
Жұмыспен қамтылғандар саны
|
мың адам
|
35,8
|
34,6
|
34,9
|
37,0
|
39,7
|
40,1
|
39,6
|
38,9
|
3,1 мың адамға
|
3
|
Еңбек өнімділігінің өсуі
|
%
|
100
|
92,7
|
110,5
|
116,4
|
108,7
|
111,8
|
113,3
|
118,1
|
1,18 есе
|
4
|
Экспорт
|
%
|
100
|
69,3
|
68,1
|
91,1
|
93,1
|
98,2
|
99,8
|
103,7
|
1,04 есе
|
Міндеттер:
1) әртараптандыру және жаңғырту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
2) өнімнің сапасын арттыруға, еңбек өнімділігін ұлғайтуға және өнімнің энергияны қажет етуін төмендетуге бағытталған инновацияларды енгізуді ынталандыруға жағдайлар жасау;
3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын ұлғайту және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;
4) бәсекеге қабілетті отандық өндірісті дамыту есебінен металл өнімдері импортының көлемін қысқарту;
5) жұмыс істеп тұрған өндірістер мен инвестициялық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
6) саланы техникалық орта буынның білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;
7) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базасын жаңғырту.
Қызметтің басым түрлері
Бағдарлама шеңберінде қызметтің басым түрлері айқындалды (5-кесте).
5-кесте. Қызметтің басым түрлері
ЭҚЖЖ-4
|
Атауы
|
2410
|
Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі
|
2420
|
Құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, болаттан жасалған фитингтер өндірісі
|
2431
|
Суықтай илеу (болат шыбық пен тұтас әзірлеме өндірісі)
|
2432
|
Таспалар мен жіңішке жолақтарды суықтай илектеу
|
2433
|
Суықтай пішіндеу немесе бүктеу
|
2434
|
Суықтай созу әдісімен сымдар өндірісі
|
Басым тауарлар топтары
Басым тауарлар топтары ішкі нарықпен қатар, макроөңір нарығына да: ТМД елдеріне, Иран мен Қытайға бағдарланған. Басым тауарларды/тауарлық топтарды өндіру жөніндегі кәсіпорындардың жаңа қуаттарын құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту сектор өнімі импортының қысқаруына және экспортының ұлғаюына ықпал етеді (6-кесте).
6-кесте. Басым тауарлар топтары
ЭҚТӨЖ
|
Атауы
|
Импорттың үлесі мен көлемі*
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
мың тонна
|
%
|
мың тонна
|
%
|
мың тонна
|
%
|
мың
тонна
|
%
|
24.20.11
|
Диаметрі әртүрлі құбырлар, болаттан жасалған іші қуыс жіксіз пішіндер
|
468,6
|
66,1
|
467,9
|
80,3
|
1000,6
|
80,3
|
2064,5
|
87,1
|
24.20.40
|
Құбырларға арналған болат, құйылмаған фитингтер
|
13,4
|
99,1
|
14,2
|
98,9
|
22,71
|
98,9
|
22 350
|
98,5
|
24.34.11
|
Суықтай тарту жолымен алынған сым
|
58
|
90,9
|
61
|
81,5
|
61
|
81,5
|
78
|
77,2
|
24.10.63
|
Ыстықтай илектенген серіппелер мен шыбықтар, тот баспайтын болаттан жасалған пішіндер
|
618,9
|
87,3
|
620,8
|
71,9
|
696,1
|
71,9
|
754,6
|
68,8
|
24.10.74 24.10.75
|
Дәнекерленген пішіндер мен болаттан жасалған тығын конструкциялары және теміржолдарға арналған кара металдардан жасалған бұйымдар
|
138,9
|
99,6
|
97,3
|
100
|
151,1
|
100
|
244,9
|
100
|
28.22.20
|
Бұрғылау машиналарына арналған шөміштер, грейферлер, бөлшектер
|
5,58
|
100
|
3,65
|
100
|
5,58
|
100
|
3,5
|
100
|
Достарыңызбен бөлісу: |