Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама 12 мамыр 2015 жыл Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»



Дата09.07.2016
өлшемі94.13 Kb.
#187665
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
12 мамыр 2015 жыл
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес 2015 жылдың 12 мамыр күні, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Д.Сағыров және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы Г.Ахметова, осы бөлімшенің бас маманы Б.Төрежанов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және Мұғалжар ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізіліп, келесі деректер анықталды:



1.Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).

Бөлім басшысы – Ә.Қалмұрзаев.

Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша бақылау жұмысына жауапты қызметкерлер ретінде 2015.18.03. № 26 бұйрығымен Ж.Аманқұлов, Б.Жолмағанбет, Ю.Веселовский және А.Нұрмағамбетов, Ф.Черниязова тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013.18.09. № 983 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 19 түрі бойынша жұмыстар жүргізіледі:

1.Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механиздерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктер беру;

2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу;

3. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi, қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тiркеу;

4. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттiк нөмірлік белгі беру;

5.Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу;

6.Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;

7.Ветеринариялық анықтамалар беру;

8.Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу;

9.Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау;

10.Ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топрақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау;

11.Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау;

12.Тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау;

13.Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру қызметтерiнiң құнын субсидиялау;

14.Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау;

15. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;

16.Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау;

17.Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагаттардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;

18.Мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитарилық қорытынды беру;

19. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру

Бөлімнің жалпы жылдық жоспарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру сұрағы енгізілмеген.



Ветеринариялық анықтамалар беру, Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу «Мұғалжар аудандық ветеринария станса» МКК және ауылдық округтердегі ветеринариялық пунктер арқылы көрсетіледі. Ал, Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру қалалар мен ауылдық округ әкімдері аппараттары арқылы көрсетіледі.

Ауылшаруашылық саласы бойынша мемлекеттік қызметтердің 12 түрі (7 түрі автоматтандырылмаған) электронды түрде көрсетілуі тиіс, алайда қазіргі таңда, Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру мемлекеттік қызметінен басқасы электронды түрде көрсетілмей отыр. Сондықтан аудан бойынша электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесінің 37,7 % құрайды.



Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында 36 қызмет көрсетілген. Журнал тігулі, нөмірленген, мөр басылған. Тек атауы көне тізілім бойынша жазылған.

Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында 23 қызмет көрсетілген. Журнал тігулі, нөмірленген, мөр басылған. Тек атауы көне тізілім бойынша жазылған.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында қызмет көрсетілмеген. Журнал тігулі, нөмірленген, мөр басылған. Тек атауы көне тізілім бойынша жазылған.

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында қызмет көрсетілмеген. Журнал тігулі, нөмірленген, мөр басылған. Тек атауы көне тізілім бойынша жазылған.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында 3 қызмет көрсетілген. Журнал тігулі, нөмірленген, мөр басылған. Тек атауы көне тізілім бойынша жазылған.

Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында қызмет көрсетілмеген. Журнал тігулі, нөмірленген, мөр басылған. Тек атауы көне тізілім бойынша жазылған.

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында қызмет көрсетілмеген. Журнал тігулі, нөмірленген, мөр басылған.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында өтініш түспегендіктен қызмет көрсетілмеген. Журнал арналмаған

Қалған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандар Ж.Аманқұлов пен Ю.Веселовский кезекті еңбек демалысында болғандықтан құжаттарын қарау мүмкіндігі болмады және бөлімде мамандардың өзара алмасу (функция) реттілігі жолға қойылмаған.

Мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтер туралы заңын, өздерінің көрсететін мемлекеттік қызметтері жөнінде толық білмейді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша арыз-шағым журналы 2013 жылы арналған, 2015 жылға басталмаған. Ақпараттық стендтің атауы «Ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары» делінген, өзгерту қажет. ҚР Үкіметінің қаулылар мен стандарттар және регламенттер рет-ретімен орналаспаған. Орналастырылған стандарттар мен регламенттер анық емес (бледный) шығарылып ілінген. Өтініштерді толтыруға арналға үстел қойылғанымен отырғыштар қойылмаған. Пандус және мемлекеттік қызмет көрсететін орынға бағыттаушы (стрелка) жоқ.

Мемлекеттік орган ғимараттың 4-ші қабаттында орналасқан. Дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалмаған.

Мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін күту бөлмесі қарастырылмаған.



2.Мұғалжар аудандық ветеринариялық стансасы» МКҚК

Басшының міндетін уақытша атқарушы-М.Нурлиев

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша бақылау жұмысына жауапты қызметкерлер ретінде 2014.07.03. № 43 бұйрығымен Б.Сәрсенбаева тағайындалған. Алайда, бұйрықтың мәтіні дұрыс емес, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сүйеніп шығарылуы қажет. Ал, негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсететін басқа мамандар, оларға бұйрық арқылы жүктелмеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж. 18.09. № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 09.02. № 45 (2015 ж.14.02 күшіне енді) қаулысына сәйкес, 2 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

1.Ветеринариялық анықтамалар беру;

2.Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу.



Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында 414 қызмет көрсетілген. Журнал арналған,бірақ дұрыс нөмірленіп тігілмеген және сыртында мемлекеттік қызметтің атауы жазылмаған. Журналда түзетулер (корректормен) бар.

Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу мемлекеттік қызметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында 11004 қызмет көрсетілген. Журнал арналмаған, тек базамен жұмыс жасап отыр.

Ақпараттық стенд бар, алайда стандарттар мен регламенттер түгел орналастырылмаған және өтініштер үлгілері жоқ. Және де ҚР Үкіметі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулылары орналастырылмаған.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыз-шағым журналы жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсететін орынды бағыттаушы (стрелка)жоқ. Өтініштерді толтыратын үстел мен отырғыш қойылмаған.


Қорытындылар:


  1. 2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» 5,9,10,24 тармақтары орындалмаған.

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді

  3. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар мекеме басшысы отырыстарында қаралмаған.

  4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты мамандар жоғарғы 4-ші қабатта қызмет көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.

Ұсыныстар:

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру.

  2. Ақпараттық стендті қажетті ақпараттармен толықтыру.

  3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.

  4. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкестендіру.

  5. Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері талаптарының сақталуы бойынша (бөлімге қарасты ветдәрігерлерге) тексерулерді жүзеге асыру және стандарт талаптарының сақталуын қатаң бақылау.

  6. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.

  7. Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыру және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізу.

  8. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімшесіне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.

  9. Жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар ғимараттарында дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасау.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет