1.1.1-міндет Аймақтың мұрағаттық қорының құрамын және мазмұнын толықтыру, сақталуын қамтамасыз ету
|
600 мың бірлікті сақтауға мүмкіндігі бар Қызылорда облысы мемлекет-тік мұрағаты ғимаратының құрылысы
|
«Қызылорда облысының құрылыс басқармасы» ММ
|
Объектінің құрылысын қаржыландыру мен салу
|
Құрылыс құнының қымбаттауына, сондай-ақ, жер телімінің өзгеруіне байланысты бұрынғы жобалау-сметалық құжаттамалары қайта есептеуден өткізіліп, осы жылдың наурыз айында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес жобаның құны 687 781 млн. теңгені құрайды.
|
|
Сырдария аудандық мұрағатына ғимарат алу
|
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ
|
Қаржыландыру
|
Сырдария аудандық мұрағатына 13 млн. теңгеге ғимарат сатып алынды.
|
|
Қазалы аудандық мұрағаттарына ғимарат алу
|
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ
|
Қаржыландыру
|
Қазалы аудандық мұрағатына Қазалы ауданының бұрынғы оқушылар үйінің ғимараты берілді. Осы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сараптама өткізе отырып, жобалау-сметалық құжаттары әзірленді
|
|
Жалағаш, Жаңақорған аудандық мұрағаттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ
|
Қаржыландыру
|
Жаңақорған аудандық мұрағатына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жалағаш аудандық мұрағатына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінімдер тапсырылды.
|
|
Қызылорда қаласындағы екі мұрағат мекемесінде тәулік бойы күзетуді қамтамасыз ету үшін қаржы бөлу бойынша ұсыныстар жасау
|
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ
|
Қаржыландыру
|
ҚР Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына сәйкес жұмыстар атқарылып, 2013 жылдың шілдесінен бастап Қызылорда қаласындағы екі мұрағат мекемесін ЖШС «Шериф» мердігер мекемесі тәуілік бойы күзетуді қамтамасыз етіп отыр.
|
|
Байқоңыр қаласынан мұрағат мекемесін ашу
|
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» ММ
|
Алу және қаржыландыру жөнінде ұсыныс дайындау
|
Байқоңыр қаласынан мұрағат мекемесін ашу үшін республикалық меншіктен облыстық коммуналдық меншіктің теңгеріміне Байқоңыр қаласы, Носов көшесі, 5 мекенжайында орналасқан ғимараттың үшінші қабатындағы жалпы алаңы 538,3 ш.м. болатын үй-жайы өткізілді.Осы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сараптама өткізе отырып, жобалау-сметалық құжаттар әзірленді.
|
|
Міндеті 1.1.2. Мұрағат ісі саласында ақпараттық технологияларды қолдану
|
Мұрағаттық қор құжаттарын сандық жүйеге аудару
|
«Қызылорда облысының әкімінің аппараты» ММ
|
«Электрондық мұрағат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген.
|
«Электронды мұрағат» ақпараттық жүйесі бойынша құжаттар сандық форматқа енгізілуде.
|
|
Іс жүргізуде электронды құжатайналымының бірыңғай жүйесін қолдану
|
«Қызылорда облысының әкімі аппараты» ММ
«ҰАТ» Акционерлік қоғамы
|
Орнату және бағдарламалық қамтамасыз ету
|
Электронды іс жүргізуді жүзеге асыру ішін «Lotus Notes» бағдарламасы орнатылды.
|
|
Интернет-ресурстардың ашықтығы және қол жетімділігі
|
«Қызылорда блысының әкімі аппараты» ММ
|
Ендіру және техникалық қолдау
|
Облыс әкімдігінің ресми порталына басқарманың ережесі, жұмыс тәртібі, статистикалық есептер, тоқсандық, жылдық есептер, мемлекеттік қызмет көрсету регламенті, іс-шаралардың орындалуы туралы және т.с.с. ақпараттар уақытылы енгізіліп, тоқсан сайын жаңартылуда.
|
|
1.1.3-міндет Мұрағат саласы қызметінің кәсіптік деңгейін көтеру
|
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
|
«Қызылорда облысының әкімі аппараты» ММ
|
Қайта даярлау және біліктілігін арттыру
|
2013 жылдың 1-6 сәуір аралығында 1 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырды.
|
|
Республикадағы мұрағаттарда және ғылыми орталықтарда мұрағат саласы қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтеру
|
«Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» ММ
|
Мамандарды курстарға, тренингтерге және басқа мұрағат мекемелеріне тәжірибе алмасу, біліктілігін көтеру үшін жіберу
|
Мұрағат қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында аппараттық оқулар ұйымдастырылуда.
|
|