Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі108.5 Kb.
#8935
Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1149 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 45, 529-құжат

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 1149 қаулысымен
бекiтiлген   

Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi
қалыптастырудың және оны жүргiзудiң
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.

      2. Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы (бұдан әрi - веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде қалыптастырады және жүргiзедi әрi олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиiс.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

      3. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тiзiлiмдерде қамтылған мәлiметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшiн мүдделi тұлғаларға қол жетiмдi болуы тиiс.


       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

2. Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастыру
және оны жүргiзу тәртiбi

      4. Мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдер мынадай түрлерге бөлiнедi:


      1) тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi;
      2) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
      3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi;
      4) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Параграф 1. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi

      5. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi тапсырыс берушi туралы мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:


      1) тапсырыс берушiнiң атауы;
      2) тапсырыс берушiнiң орналасқан орны - мекен-жайы, почталық индексi;
      3) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН);
      4) тапсырыс берушiнiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелгенi туралы құжаттың нөмiрi және күнi.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.     
      5-1. Тапсырыс берушiлер тiзiлiмiн жүргiзу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

       6. Тапсырыс берушi мәлiметтердi оның әдiлет органдарында тiркелген күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмiне енгiзедi. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не бұрынғы енгiзiлген мәлiметтерге өзгерiстер енгiзген жағдайда тапсырыс берушi мұндай жағдайлар әдiлет органдарында тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей енгiзiлген өзгерiстердi тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмiне енгiзедi.


       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

       7. Ұсынылған құжаттарда қажеттi мәлiметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессiздiк табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерiн көрсете отырып, тапсырыс берушi мәлiметтерiнiң жоқтығы немесе сәйкессiздiгi туралы хабардар етедi.


      Тапсырыс берушiнi тiзiлiмдегi жазбаның берiлген нөмiрiн көрсете отырып, тиiстi мәлiметтердiң тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмiне енгiзiлгенi туралы хабардар етудi веб-портал автоматты режимде жүргiзедi.
       Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

      8. Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

      9. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмiне енгiзiлген тапсырыс берушi туралы мәлiметтер заңнамада белгiленген тәртiппен электрондық түрiнде сақталады.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

Параграф 2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмi (жiктеуiш)

      Ескерту. 2-параграф алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Параграф 3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi

      13. Шарттардың тiзiлiмiнде шарт (оның өзгеруi) туралы мынадай мәлiметтер қамтылуы тиiс:


      1) тапсырыс берушiнiң атауы;
      2) қаржыландыру көзi - республикалық бюджет, жергiлiктi бюджет, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен қаражаты, мемлекеттiк мекемелер үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрi - бюджеттен тыс қаражат), меншiктi қаражат;
      3) мемлекеттiк сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асырудың, сондай-ақ осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды реттейтiн нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу тәсiлi;
      4) конкурстың қорытындылары, бiр көзден сатып алуды өткiзу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргiзудiң қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негiзiн растайтын құжаттың деректемелерi;
      5) шартты жасасқан күн - шарттың жасалған жылы, күнi, айы;
      6) аумақтық қазынашылық бөлiмшелерде мемлекеттiк мекемелердiң шартты тiркегенi туралы мәлiметтер - өтiнiм нөмiрi мен тiркеу күнiн қоса алғанда, тiркеу туралы хабарламалардың деректемелерi;
      7) шарттың мәнi, бағасы және оның орындалу мерзiмi - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң толық атауы, олардың құны, сондай-ақ шарттың орындалатын айы және жылы;
      8) заңды тұлғалар үшiн - атауы, орналасқан орны, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) және өнiм берушi (орындаушы, мердiгер) болып табылатын жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) және жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН);
      9) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәлiметтер - тауарларды беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған шарттың орындалуы туралы не оның бұзылуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы ақпарат.
      Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жеке тiзiлiмiне енгiзiледi, оны жүргiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлейдi. Мұндай мәлiметтерге қол жеткiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заннамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi бойынша жасалған шарттар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмiне енгiзуге болмайды.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

       14. Тапсырыс берушi шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес шарттар тiзiлiмiнiң электрондық нысанын толтыру жолымен шарт (оның өзгеруi) туралы мәлiметтердi веб-порталға енгiзедi.


       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

       15. Тапсырыс берушi шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес шарттар тiзiлiмiнiң электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәлiметтердi веб-портал арқылы енгiзедi.


       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

       16. Ұсынылған құжаттарда қажеттi мәлiметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессiздiк табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерiн көрсете отырып, тапсырыс берушi мәлiметтерiнiң жоқтығы немесе сәйкессiздiгi туралы хабардар етедi. Тапсырыс берушiнi тiзiлiмдегi жазбаның берiлген нөмiрiн көрсете отырып, тиiстi мәлiметтердiң тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмiне енгiзiлгенi туралы хабардар етудi веб-портал автоматты режимде жүргiзедi.


       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

       17. Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

      18. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруi туралы мәлiметтердi немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәлiметтердi ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәлiметтер мұрағатын сақтай отырып, тiзiлiмдегi жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргiзiледi.
       Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

      19. Ескерту. 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

      20. Ескерту. 20-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

      21. Шарттардың тiзiлiмiне енгiзiлген шарт (оның өзгеруi) туралы мәлiметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәлiметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәлiметтердi оған енгiзген күннен бастап үш жыл бойы шарттардың тiзiлiмiнде сақталады.

      22. Көрсетiлген мерзiм өткен соң шарттардың тiзiлiмiнен шығарылған шарт (оның өзгеруi) туралы мәлiметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәлiметтер заңнамада белгiленген тәртiппен электрондық түрiнде сақталады.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi- ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

Параграф 4. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың
тiзiлiмi

      23. Тапсырыс берушiлер әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес мұндай өнiм берушi туралы мәлiметтердi электрондық және қағаз түрiнде уәкiлеттi органға бередi.


       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi- ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

      24. Тiзiлiмдi жүргiзу осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      25. Тiзiлiмге мәлiметтердi енгiзген кезде:
      1) жосықсыз өнiм берушi туралы ақпарат:
      өнiм берушiнiң атауы;
      елi;
      бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН) (заңды тұлға үшiн) (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап);
      жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) (жеке тұлға үшiн);
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн);
      2) өткiзiлген сатып алу туралы мәлiметтер:
      сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi;
      сатып алу туралы хабарландырудың нөмiрi;
      сатып алу туралы хабарландырудың күнi;
      сатып алу қорытындыларын шығару күнi;
      3) Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмiндегi шарттың нөмiрi;
      4) өнiм берушiнi (әлеуеттi) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негiздемесi;
      5) сот шешiмi туралы мәлiметтер:
      соттың атауы;
      сот шешiмiнiң нөмiрi;
      сот шешiмiнiң күнi;
      сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күнi;
      6) Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнен алып тасталған күн.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      26. Жосықсыз өнiм берушi туралы мәлiметтер қамтылған тiзiлiмдегi жазбаны уәкiлеттi орган Заңда белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап бiр күннен кешiктiрмей тiзiлiмнен шығарады.

Мемлекеттiк сатып алу саласында
тiзiлiмдердi қалыптастырудың
және оны жүргiзудiң ережесiне
1-қосымша      

       Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

  Мемлекеттiк сатып алу саласында
тiзiлiмдердi қалыптастырудың
және оны жүргiзудiң ережесiне
2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.       



Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi

Р/с
N

Тiзiлiм-
дегi
жазбаның
нөмiрi

Өзгерiс
-тiң
нөмiрi

Тапсырыс
берушi-
нiң
атауы

Тапсырыс
берушi-
нiң ор-
наласқан
жерi

СТН
 
 

БСН

Тапсырыс
берушiнiң
әдiлет
органдарын-
да мемле-
кеттiк
тiркелгенi
туралы
құжаттың
нөмiрi
мен күнi

1

2

3

4

5

6

6-1

7

























  Мемлекеттiк сатып алу саласында
тiзiлiмдердi қалыптастырудың
және оны жүргiзудiң ережесiне
3-қосымша         

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

  Мемлекеттiк сатып алу саласында
тiзiлiмдердi қалыптастырудың
және оны жүргiзудiң ережесiне
4-қосымша        

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

  Мемлекеттiк сатып алу саласында
тiзiлiмдердi қалыптастырудың
және оны жүргiзудiң ережесiне
5-қосымша      

       Ескерту. 5-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

Мемлекеттiк сатып алу саласында
тiзiлiмдердi қалыптастырудың
және оны жүргiзудiң ережесiне
6-қосымша         

       Ескерту. 6-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.

Мемлекеттiк сатып алу саласында
      тiзiлiмдердi қалыптастырудың  
      және оны жүргiзудiң ережесiне 
      7-қосымша       

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1321 Қаулысымен.                   



                       Шарттардың тiзiлiмi

Тiзiлiмдегi жазбаның нөмiрi

Жазбаның соңғы өзгерген күнi

Тапсырыс берушi

Шартты қаржыландыру көзi

Мем.сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi

Мемл.сатып алуды өткiзу туралы хабарламаның нөмiрi

Мемл.сатып алудың қорытындысын шығару күнi

Шартты жасасудың негiзiн растайтын құжаттың деректемелерi

Шарт







атауы

СТН

БСН
















күнi

нөмiрi





































1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12




Шарт валютасының коды

Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тiркелгенi туралы мәлiметтер (мемлекеттiк мекемелер үшiн)

Шарттың мәнi

шартты аумақтық қазынашылық органдарында тiркеуге өтiнiм

шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тiркелгенi туралы хабарлама

тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң атауы

өнiмнiң жiктеуiш бойынша коды

бiрлiк үшiн бағасы, теңгемен

саны

сомасы, теңгемен

күнi 

нөмiрi

 


күнi

нөмiрi

 

 

 

 

 

 


13

14

15

16

17

18

19

20

21

22


































Шарт бойынша өнiм берушiлер (орындаушылар, мердiгерлер) туралы мәлiметтер

Шарттың орындалу күнi

Шарттың қолданылуын тоқтату күнi

заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөнi)

орналасқан жерi (мекен-жайы)

СТН

БСН, ЖСН

мәртебесi

телефон (факс)

шарт бойынша

iс жүзiнде

тапсырыс берушi iс жүзiнде төлегенi, теңгемен

күнi

негiзi және себебi

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33


































Тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi шарттар тiзiлiмiнiң электрондық нысанын толтыруы жөнiндегi нұсқамалар

      Ескерту. Нұсқамаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.20 N 2138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.



      Веб-портал тапсырыс берушiге ақпараттық жүйеде автоматтандырылған жұмыс орнын бередi, сол арқылы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмiнiң электрондық нысанына кiру жүзеге асырылады.
      Тiзiлiмнiң электрондық нысанына тапсырыс берушi мәлiметтердi былайша енгiзедi:
      "Жазбаның соңғы өзгерген күнi" деген 2-бағанда күнi мемлекеттiк сатып алу шартына өзгерiс енгiзiлген жағдайда "жыл, күн, ай" (0000.00.00. мысалы, 2008.28.10.) форматында көрсетiледi.
      "Атауы" деген 3-бағанда тапсырыс берушiнiң толық атауы көрсетiледi.
      "СТН" деген 4-бағанда салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi.
      "БСН" деген 5-бағанда тапсырыс берушiнiң бизнес сәйкестендiру нөмiрi көрсетiледi.
      "Шартты қаржыландыру көзi" деген 6-баған мәтiндiк бөлiк пен кодтық аймақ мәнiнiң мынадай сәйкестiгiне сүйене отырып толтырылады:
      Республикалық бюджет - 01;
      жергiлiктi бюджет - 02;
      бюджеттен тыс қаражат - 03;
      меншiктi қаражат - 04.
      "Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi" деген 7-баған мәтiндiк бөлiк пен кодтық аймақ мәнiнiң мынадай сәйкестiгiне сүйене отырып толтырылады:
      конкурс - 1;
      баға ұсыныстарын сұрату - 2;
      бiр көз - 3;
      ұйымдастырылған электрондық саудада - 4;
      тауар биржалары арқылы - 5;
      ерекше тәртiп - 6;
      арнайы тәртiп - 7;
      шарттың өзгеруi - 8;
      Заңның нормаларын қолданбастан - 9.
      "Мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы хабарламаның нөмiрi" деген 8-бағанда конкурс өткiзу туралы хабарламаға ресми баспа басылымдарында, веб-порталда және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында берiлген нөмiрлер, мемлекеттiк сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен өткiзу туралы хабарламаға тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында берiлген нөмiр көрсетiледi.
      "Мемлекеттiк сатып алуды өткiзу күнi" деген 9-бағанда конкурстың қорытындыларын, баға ұсыныстарын сұрату қорытындыларын, бiр көзден сатып алу қорытындыларын, тауар биржасындағы сауда қорытындыларын шығару күнi "жыл, күн, ай" (0000.00.00.) форматында көрсетiледi.
      "Шартты жасасудың негiзiн растайтын құжаттың деректемелерi" деген 10-бағанда күнi "жыл, күн, ай" (0000.00.00.) форматында, құжаттың нөмiрi мен атауы (мысалы, N 54, конкурс қорытындыларының хаттамасы) көрсетiледi.
      "Шарт" деген 11-12-бағандарда "жыл, күн, ай" (0000.00.00.) форматында шарт жасасқан күн және шартқа берiлген нөмiр көрсетiледi.
      "Шарт валютасының коды" деген 13-бағанда шарт валютасының коды валюталардың жiктеуiшiне сәйкес көрсетiледi.
      "Шарт бойынша өнiм берушiлер (орындаушылар, мердiгерлер) туралы мәлiметтер" деген 14-17-бағандарда өтiнiмнiң нөмiрi мен тiркеу күнiн қоса алғанда, тiркелгенi туралы хабарламаның деректемелерi көрсетiледi.
      "Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң атауы" деген 18-бағанда тапсырыс берушi шартқа сәйкес сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң атауы көрсетiледi.
      "Өнiмнiң сыныптағыш бойынша коды" деген 19-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жiктеуiшiне сәйкес 18-бағанда аталған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң кодтары көрсетiледi.
      "Бiрлiк үшiн бағасы" деген 20-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң бiр бiрлiгi үшiн баға теңгемен (нүктеден кейiнгi екiншi ондық белгiге дейiнгi дәлдiкпен) көрсетiледi.
      "Саны" деген 21-бағанда тауарлардың саны 20-бағанда аталған тауарлардың өлшем бiрлiгiне сәйкес көрсетiледi.
      "Сомасы, теңгемен" деген 22-бағанда шарттың бағасы теңгемен (нүктеден кейiнгi екiншi ондық белгiге дейiнгi дәлдiкпен) көрсетiледi.
      "Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөнi)" деген 23-бағанда заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның - шартқа сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
      "Орналасқан жерi (тұрғылықты орны)" деген 24-бағанда заңды тұлғалар үшiн - Қазақстан Республикасы субъектiсiнiң, қаланың (елдi мекеннiң), көшенiң почталық мекен-жайы, атауы, үйiнiң, кеңсесiнiң (егер бар болса) нөмiрi, жеке тұлғалар үшiн - Қазақстан Республикасы субъектiсiнiң, қаланың (елдi мекеннiң), көшенiң почталық мекен-жайы, атауы, жеке тұлғаның тұрғылықты орны бойынша тiркелген үйiнiң, пәтерiнiң нөмiрi.
      "СТН" деген 25-бағанда салық төлеушiнiң - өнiм берушiнiң тiркеу  нөмiрi (СТН) көрсетiледi.
      "БСН, ЖСН" деген 26-бағанда заңды тұлғалар үшiн - бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН), жеке тұлғалар үшiн - жеке сәйкестендiру нөмiрi: (ЖСН) көрсетiледi.
      "Мәртебе" деген 27-бағанда мәтiндiк бөлiк пен кодтық аймақ мәнiнiң өнiм берушiге заңнамада көзделген мемлекеттiк қолдауға құқық беретiн мәртебенiң коды көрсетiледi.
      отандық тауар өндiрушiлер - 1;
      жұмыстарды, қызметтердi отандық берушiлер - 2;
      қылмыстық-түзету жүйесi мекемелерi - 3;
      мүгедектердiң республикалық қоғамдық ұйымдары - 4.
      "Телефон (факс)" деген 28-бағанда өнiм берушiнiң телефоны мен факсi (егер ол бар болса) көрсетiледi.
      "Шарт бойынша орындалу күнi" деген 29-бағанда шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуы аяқталуының жоспарлы күнi "жыл, ай" форматында (0000.00) көрсетiледi.
      "Шарттың орындалу күнi "Iс жүзiнде" деген 30-бағанда шарттың орындалатын күнi шарттың "жыл, күн, ай" форматында (0000.00.00) көрсетiледi.
      "Тапсырыс берушi iс жүзiнде төлеген" деген 31-бағанда шартты төлеу шотына теңгемен не валютамен шартта көрсетiлген төлемдердiң жүзеге асырылған сомасы (бұл ретте бөлшек бөлiгi нүктемен бөлiнедi) көрсетiледi.
      "Шарттың әрекетiн тоқтату күнi" деген 32-бағанда шарттың қолданылуының орындалуын немесе өзге себептермен орындалмауын тоқтату күнi "жыл, күн, ай" форматында (0000.00.00) көрсетiледi.
      "Шарттың әрекетiн тоқтатуының негiзi мен себебi" деген 33-бағанда шарттың қолданылуының оның бұзылуына байланысты немесе өзге себептермен тоқтатылуына негiзi мен себебi көрсетiледi.

  Мемлекеттiк сатып алу саласында


тiзiлiмдердi қалыптастырудың 
және оны жүргiзудiң ережесiне 
8-қосымша          

Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәлiметтер

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Жосықсыз өнiм берушi туралы мәлiметтер

Өткiзiлген сатып алу туралы мәлiметтер

Өнiм берушiнiң атауы

Елi

БСН, ЖСН

СТН

Сатып алу тәсiлi

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарландырудың нөмiрi

Сатып алуды хабарлау күнi

Сатып алу қорытындыларын шығару күнi

1

2

3

4

5

6

7

8

























кестенiң жалғасы

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмiндегi шарт нөмiрi

Өнiм берушiнi (әлеуеттi) мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға негiздеме

Сот шешiмi туралы мәлiмет

Тiзiлiмнен шығарылған күнi

Соттың атауы

Сот шешiмiнiң нөмiрi

Сот шешiмiнiң күнi

Сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күнi

9

10

11

12

13

14

15






















Мемлекеттiк сатып алу саласында
тiзiлiмдердi қалыптастырудың 
және оны жүргiзудiң ережесiне 
9-қосымша          

Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Жосықсыз өнiм берушi туралы мәлiметтер

Өткiзiлген сатып алу туралы мәлiметтер

Өнiм берушiнiң атауы

Елi

БСН, ЖСН

СТН

Сатып алу тәсiлi

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарландырудың нөмiрi

Сатып алуды хабарлау күнi

Сатып алу қорытындыларын шығару күнi

1

2

3

4

5

6

7

8

























кестенiң жалғасы

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмiндегi шарт нөмiрi

Өнiм берушiнi (әлеуеттi) мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға негiздеме

Сот шешiмi туралы мәлiмет

Тiзiлiмнен шығарылған күнi

Соттың атауы

Сот шешiмiнiң нөмiрi

Сот шешiмiнiң күнi

Сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күнi

9

10

11

12

13

14

15























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет