«Мемлекеттiк сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасының
Заңы
Осы Заң мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үдерісiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң, мыналарды:
1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді;
2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтелетін қызмет көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді;
3) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтерді;
4) мемлекеттік тапсырысты және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді;
5) жарналарды (салымдарды), оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;
6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган), акционер не сенімгер басқарушы болып табылатын заңды тұлғалар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді;
7) білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер сатып алатын орта білім беру ұйымдарында оқитындардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі білһім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалардың тамақтануын қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу;
8) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен сатып алынатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялау) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зернттеулерді жүргізу үшін сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді;
10) отандық тауар өндірушілерден және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған уәкілетті ұйымнан сатып алынатын мемлекеттік қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін әскери және қос мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді;
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тізбенің өзгерістері және (немесе) толықтырулары Президент Әкімшілігімен келісіледі.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион адымы – аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;
2) конкурстық (аукциондық) комиссия – осы Заңда көзделген конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган. Конкурстық (аукциондық) комиссия тақ саннан, бірақ кемінде үш адамнан құралуы тиіс;
3) конкурстық (аукциондық) құжаттама – конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге берілетін құжаттама, онда конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылады;
4) әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 36-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
5) әлеуетті өнім берушінiң үлестес тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиесілі болатынын білдіреді;
8) демпингтiк баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетiлген бағалармен салыстырғанда төмен баға болып табылады. Техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарға баға, егер баға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген бағамен салыстырғанда төмен болып табылған жағдайда демпингтік деп танылады;
9) жұмыстар – заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;
10) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық берушілер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;
11) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
12) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
Қазақстан Республикасының өз шегiнен тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
13) мемлекеттік сатып алу - осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы;
14) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
15) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы –уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;
16) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты дәйекті іс-шаралар кешені;
17) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты, сондай-ақ осы Заңның талаптары сақталуына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
18) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында электрондық-цифрлық нысанда жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
19) отандық тауар өндiрушiлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарлар;
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi қайта өңделген тауарлар өндiретiн әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрi – отандық тауар өндiрушiлер) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
20) өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 34-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
21) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган;
22) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;
23) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган), акционер не сенімді басқарушы болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
24) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
25) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры – мемлекеттік сатып алу веб-порталының бір бөлігі болып табылатын, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қалыптасқан ең төменгі, орташа және ең жоғарғы бағалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық кіші жүйе;
26) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) – өзінің бірегей коды бар, мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жүйеленген тізбесі;
27) ұлттық режим – егер мұндай режимді ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленсе, шетелде шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейтін режим;
28) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
29) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
30) конкурстық баға ұсынысы - конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда қатысу үшін конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін, әлеуетті өнім беруші ұсынған баға;
31) бастапқы баға - әлеуетті өнім беруші аукцион өткізілгенге дейін ұсынған, аукционға қатысуға өтінімге қоса берілетін баға;
32) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды – мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылатын әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі.
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
4-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығы мен айқындығы;
5) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолдау көрсету;
6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
8) инновацияларды ынталандыру қағидаттарына негізделеді.
5-бап. Мемлекеттік сатып алу үдерісі
1. Мемлекеттік сатып алу үдерісі өзіне:
1) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;
2) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтиды.
Осы тармақтың ережелері осы Заңның 35-бабының жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2. Тиісті бюджеттің (даму жоспарының, жеке қаржыландыру жоспарының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспарының, жеке қаржыландыру жоспарының) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды) және онда мынадай мәліметтер:
1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) анықтамалыққа сәйкес қосылған құн салығын есепке алмағанда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстарың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі;
4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланған мерзімі мен орны;
5) осы Заңның 49-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының
7-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу басымдығына сүйенуі тиіс.
Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу басымдығына сүйенуі тиіс.
3. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
4. Тапсырыс берушілер тоқсанына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында анықталған тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
5. Осы Заңның 44-бабы 3-тармағының 3), 30) және 38) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзуге жатпайды.
6. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды.
Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізетін жағдайда ғана қабылдауға құқылы.
7. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
8. Осы Заңның 44-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау осы Заңдa айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бірыңғай оператор мемлекеттік сатып алу қорытындылары шыққанға дейін әлеуетті өнім берушілердің құпиялығын қамтамасыз етеді.
10. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарының, жеке қаржыландыру жоспарының) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
11. Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 10-тармағында көрсетілген шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;
2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтарудан бас тартуға құқылы.
6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса;
4) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген жеке тұлға болса;
5) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болса;
6) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
7) теңгерімдік құны тиісті негізгі құрал-жабдықтар құнының он процентінен асатын әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) мүлкіне тыйым салынса;
8) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган оларды тиісті борышкерлер тізіліміне енгізсе;
Достарыңызбен бөлісу: |