Металдардың механикалық Қасиеттері



Дата12.10.2022
өлшемі14.42 Kb.
#462510
МЕТАЛДАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ


МЕТАЛДАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Металдардың сыртқы күштерге қарсы тұру қабілеттілігі беріктілік, серпімділік, иілгіштік, тұтқырлық, қаттылық және төзімділік сияқты механикалық қасиеттермен сипатталады.
Сыртқы күш,яғни жүктеме қатты денеде кернеу мен ақау туғызады.
Кернеу – жүктеме сыналатын үлгінің көлденең қимасының аудан бірлігіне қатынасы.
Ақаусыртқы күштер әсерінен қатты дене өлшемдерінің және пішіндерінің өзгеруі.Ақаудың созу (қысу) иілу, бұру, қима түрлері бар.Материал ақаудың бір немесе бірнеше түріне бір мезгілде ұшырауы мүмкін.
Беріктік материалдың жүк әсерінен бұзылуға қарсы тұру қабілеттілігі.
Серпімділік материалдың жүктеме әрекеті тоқтағаннан кейін өлшемін және басқа корпусының қалпына келтіру қабілеттілігі.
Иілгіштікматериалдың сыртқы күштердің әрекетінен бұзылмай-ақ өлшемдерінің жаңа пішіндерді алу қабілеттілігі.
Соққы–тұтқырлық- материалдың динамикалық жүктемелерге қарсы тұру қабілеттілігі.
Қаттылық материалдың өзіне басқа қатты дененің енуіне қарсы тұру қабілеттілігі.
Қаттылық
Материалдың қаттылығын – Бриннель,Роквёл,Виккерс
тәсілдерімен анықтайды
Бриннель тәсілі бойынша – металдың тегіс бетіне тұрақты жүктеме барысында болат шарды сығады.Шар диаметрі және жүктеме үлкендігі сыналатын металдың қалыңдығына және қаттылығына байланысты белгіленеді.Метал бетінде із пайда болады неғұрлым із үлкен болса,соғұрлым метал жұмсақ болады.қаттылықтың сандық мәні былай анықталады:оптикалық ұлғайтқыш көмегімен іздің диаметірін өлшейді және қаттылықтың санына сәйкес алынағана мәнді кестеден табады.
Қатты материалды сынау үшін роквелл қолданылады.Үлгіге 120 градус төбу бұрышы бар алмазды конусты немесе
1,59 мм болат шарды сығады қаттылықтың мәні іздің тереңдігі бойынша анықталады және сынау аспабында орналасқан индикатор циверблаты бойынша есептеледі.
Виккерс тәсілімен – қаттылықты анықтау барысында қысатын материалдар ретінде 136 градус төбе бұрышы бар. Төрт қырлы алмазды пирамида пайдаланылады. Қаттылық сандық мәні былай анықтлады: жүктемені шешіп алғаннан кейін қалдырылған іздің 2 диоганалін микроскоп көмегімен өлшейді және алынған диогонал ұзындығының орта арифметикалық мәнін кестеден табады.
Төзімділік
Төзімділік материалдың қажуға қарсы тұру қабілеттілігі. Қажу деп бұзылуға және жарыққолақтықтың пайда болуына әкеліп соғатын жие қайталанатын кернеулік әсерінен материалдың бірте-бірте зақымдау процесін айтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет