Методические указания к практическим занятиям для студентов специальности 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта»


Жұмыс мақсаты: Қозғалыстағы автокөлік көмегімен көлік құралдарының сипаттамаларын тәжірибе жүзінде анықтау



бет7/7
Дата08.07.2016
өлшемі457.5 Kb.
#185777
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7

Жұмыс мақсаты: Қозғалыстағы автокөлік көмегімен көлік құралдарының сипаттамаларын тәжірибе жүзінде анықтау.



7.1 Қысқаша теориялық мағлұматтар
Стационарлық бекеттегі қозғалысты зерттеу кезінде алынған ақпарат тек берілген жол қиылысына ғана жатады. Жол-көше желісі бойынша қозғалыс режимдерінің кеңістіктік-уақыт бойынша сипаттамасын алу үшін қозғалыстағы құралдарға – қозғалыстағы зертханаларға, тікұшаққа жүгінуге тура келеді.

«Жүзгіш» автокөлік көмегімен орындалатын зерттеу әдісі кең қолданыс тапты, яғни ағындағы көлік құралдарының негізгі құрамына тән жылдамдықпен қозғалушы автокөлік. Бұл әдісті қолданудың нақты мысалы ретінде тас жолдың бойындағы жылдамдықтың кеңістік бойынша сипаттамасын зерттеу болып табылады. Зерттеулерді өткізуде нақты дұрыс нәтижелермен қамтамасыз ету үшін, «жүзгіш» автокөлік берілген көлік ағынының жағдайы үшін қажетті қозғалыс жылдамдығында жұмыс істеуі, қозғалыс тәртібінің дұрыстығының сыртқы белгісі ретінде зертханашы-автокөлік арқылы қуып жетілген және оны қуып жетуші көлік құралдары санының жуық тепе-теңдігі танылады. Сондықтан зерттеу кезінде қуып жетілген немесе қуып жеткен көлік құралдарының тіркеуін жүргізу қажет болады. Мұндай зерттеулердің кең таралған әдісі ретінде тіркеуші аспаптың таспасына жылдамдықты үздіксіз автоматты түрде жазу танылады. Қала жол бағыттарына сәйкестелген қысқа қашықтықтардағы зерттеулерде жылдамдықтың өзгерісінің айқын көрінісі осциллограф таспасында немесе басқа да көліктің доңғалағының сымына бекітілген құрылғысы бар өзі жазатын тіркегіште жылдамдықты жазу кезінде байқалады.

Арнайы жабдықталудың болмауынан жылдамдық пен кідірістерді сағаттың немесе секундометрлер көмегімен де санауға болады. Мұндай тексеруде уақытты спидометр есептегіші бойынша анықталушы біркелкі жол бөліктері арқылы, сондай-ақ зерттелуші жол бағытының белгілі бір бекеттерінде, мысалы жол қиылыстарында да тіркейді

Жол бағытындағы байланыс жылдамдығын оқып үйренуде қозғалыс уақыты мен әрбір кідірістің ұзақтығын өлшеп, оның мәндерін жазып отырады. Бақылау үшін қолданылған көліктің спидометрінің жол есептегіші алдын ала жолда шаршылық бағаналар бойымен көлік жолында тексерілуі тиіс .


7.2 Жұмысты орындау реті
Тасжолдағы жылдамдық пен кідірістерді оқып үйрену.

Көлік құралдарының жылдамдығы мен кідірістерін секундометрлер мен сағаттар көмегімен оқып үйренуде уақытты тіркеу зерттелуші жол бағытының белгілі бір жерлерінде немесе спидометр есептегіші бойынша анықталушы жолдың біркелкі бөліктерінде іске асырылады. Мұнда алдын ала тас жолдың күрделі нүктелерінің арасындағы (мысалы, жол қиылыстарында, қоғамдық көліктің аялдамаларында) қашықтықтар өлшенеді, содан соң олардың арасын өту уақытын секундомер бойынша тіркейді.

Жол бағытындағы байланыс жылдамдығын оқып үйренуде қозғалыс уақыты өлшенеді, әрбір кідірістің ұзақтығы өлшенеді, оның себебі жазылады.

Кей жағдайларда, егер жол бағытқа кететін уақыт шығындарын нақты талдау қажет болса, онда көлік қозғалмай тұрғандағы кідіріс пен көліктің нақты орнынан қозғалған кездегі кідірістері деп бөліп көрсетуге болады (ағын жылдамдығы 10 шаршы/сағаттан кем). Жекелей алғанда, автобустар үшін аялдама бекетіне келіп тоқтауға кеткен қосымша уақыт шығындары тән, ол түскі уақытта басқа автобус арқылы жүктелетіндіктен.

Нақты орташа мәліметтер алу қажет болса, әрбір қозғалыс жағдайында 8 – 12 рет келуді орындау қажет болады. Қайталап келулердің нақты санын жылдамдықты реттеу шарты бойынша айқындаймыз. Бағдарлау арқылы байқайтынымыз, егер шарықтау 9 км/сағ аспаса, онда келу 8 рет, ал шарықтау 12-13 км/сағ болса, онда келу саны 12 дейін болады.

Спидометр есептегіші бойынша қашықтықты есептегіш көліктің жылдамдығы мен кідірістерін зерттеу нәтижелері кестеге енгізіледі (кесте 7.1 қараңыз).


Кесте 7.1

Жол бағытындағы қозғалыстың жылдамдығы мен кідірістерін оқып үйрену хаттамасы (тас жолда)


Күні ----------------------------------Жол бағыты--------------------Уақыты: басталуы----------------------------------

аяқталуы --------------------------------

Келу № --------------------------- Бақылаушының аты-жөні ----------------------------------------------------------------




Жол бағы-ты бекеті

Спидо-метр есептегі-шінің көрсет-кіштері

Бастапқы бекеттен ара қашықтық, м (км)

Ағымдағы уақыт

Тоқтау ұзақтығы (кідірістер), с

Кідіріс-тер себебі

мин

с





















Бұл мәліметтер бойынша байланыстың жылдамдығы, жол бағытындағы кідірістердің орташа ұзақтығы есептелуі мына түрде жүргізіледі



, (7.1)

Техникалық жылдамдық



, (7.2)

Маршруттағы кідірістердің орташа ұзақтығы



, (7.3)
мұнда Lм – байланыс нүктелерінің арасындағы қашықтық (зерттелуші жол бағытының ұзындығы, км;

Tn – көліктің жолдағы уақыты, мин;

Tқоз – көліктің қозғалыстағы уақыты, мин; (Тқоз = Тп - Тк)

Тк – кідірістердің жалпы ұзақтығы (тоқтау), с;



Z – нақты тоқтаулар саны.

Егер бірнеше келулер орындалса, онда өлшеулер мен есептеулер нәтижесінде алынған мәліметтер кесте 7.2. енгізіледі.


Кесте 7.2

Қозғалыстың жылдамдығын және кідірісті зерттеу мәліметтерінің өңдеу хаттамасы

Жүріп өту бағыты ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




№ п/п

Қозғалыс параметрі


Өлшем бірлігі

Сандық мәні

1

2

3



4

5

6



7

8


Жол бағытының ұзындығы LМ

Жолдағы уақыт Tn


Қозғалыс уақыты Тқоз


Жалпы кідірістер саны Z

Кідірістердің жалпы уақыты Тк

Кідірістердің орташа уақыты Тк

Байланыс жылдамдығы Vб

Техникалық жылдамдық VТ


км

мин


мин
с

с

км/сағ



км/сағ







Қозғалыс қарқындылығын оқып үйрену.

Автомобиль жолының зерттелуші бөлігімен автокөлік-зертханасы көлігінің қозғалысы барысында басқа да бақылаулармен қатар көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын (Na) да санауға болады. Бұл үшін тура және кері бағыттардағы көлік құралдарын жеке санау қажет: қарсы шығушы, зертханашы-көлікті қуып жетуші, зертханашы – көлік қуып жеткен. Бұдан басқа, әрбір жолға шығу кезінде зертелуші жол бөлігін жүріп өту уақытын білу шарт.

Жария етуші хаттама үлгісі кесте 7.3 келтірілген. Хаттама мен формулаларда келесі шартты белгілеулер қабылданған: N және S – сәйкесінше солтүстік және оңтүстік бағыттар; А, В және С – қарсы шығушы, зертханашы-көлікті озушы, зертханашы-көлік қуып жетуші көлік құралдары; TN және TS – сәйкес бағыттар бойынша келудің орташа ұзақтығы, мин; AN, BN, CN және AS, BS, CS – сәйкес бағыттағы көліктердің орташа мәндері.

Кесте 7.3

Қозғалыс қарқындылығын оқу үшін қажетті мәліметтерді тіркеу хаттамасы





Нөмірі

және


бағыты


Жолдағы уақыт, мин.

Қарсы шыққан көліктер саны

Зертханашы-көлікті басып озушы көліктер саны

Қуып жеткен көліктер саны

1N

2N

3N

4N

5N

6N

2,65

2,70


3,35

3,00


2,42

2,53


85

83

77



85

90

84



1

3

3



2

1

2



0

2

2



0

1

1



Орташа мәні

2,53

84

2,0

1,0

1S

2S

3S

4S

5S

6S

2,32

2,30


2,70

2,16


2,54

2,48


112

114


120

120


104

101


2

1

1



1

0

1



0

2

0



1

2

1



Орташа мәні

2,40

112,0

1,0

1,0

Бағыттар бойынша қозғалыс қарқындылығы мына формулалармен анықталады:


; (7.4)
. (7.5)
Жол-көше желісінің бөліктеріндегі атқарылатын жұмыс оқытушы көрсеткен жол бағыты бойынша жүреді. Осы жұмысты атқарушы студентер тобы зертиханашы-көлік арқылы келіп тұрады және көлік құралдарының кідірісі мен қозғалысының жылдамдықтарын оқып үйрену үшін мәліметтер тіркеп отырады.

Кейбір зерттеулерде бақылаушы арнайы зертханашы-көлікте емес, тікелей тасымалды жүзеге асырушы көлікте де болуы мүмкін. Мұның нақты мысалы ретінде кідірістер мен байланыс жылдамдықтарын автобус жол бағыттарында да тіркеу белгілі болды, мұнда бақылаушылар жол бағытты автобустың адамдары ретінде нақты рейстердегі қозғалыс тәртібін тіркеп отырған.


7.3 Бақылау сұрақтары

1 «Жүзгіш» көлік көмегімен жол қозғалысын зерттеу әдісінің мәні.

2 Байланыс жылдамдығы дегеніміз не?

3 Техникалық жылдамдық. Анықтамасы. Ол нені сипаттайды?

4 Қозғалыс жылдамдығын оқып үйрену реті?

5 Қозғалыстағы зертханашы-көлік көмегімен қозғалыс кідірістерін оқып үйрену.

6 Қозғалыс қарқындылығын анықтау.

8 ЖОЛ-КӨШЕ ЖЕЛІСІ ОБЪЕКТІСІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТЕКСЕРУ

Жұмыс мақсаты: Жол жағдайларын, көше-жол желісінің (КЖЖ) жекелеген элементтеріндегі қозғалысты ұйымдастыру сұлбаларының жоспарлық ерекшеліктерін, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының орналасуының ерекшеліктерін оқып үйрену.



8.1 Қысқаша теориялық мағлұматтар

Көлік құралдарының, жүргіншілердің қозғалысын зерттеу үшін және алынған нәтижелерді объективті талдау үшін жол жағдайлары туралы толық түрдегі мәліметтер болуы шарт.

Жол жағдайларына келесілерді жатқызады: жолдың геометриялық элементтері мен техникалық жағдайын, оның қондырғылары мен жабдықталуын.

Жол жағдайларын тексеру қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларын тұрақты түрде тексеру үшін, қозғалыс тәртібін оқып үйренудегі бастапқы мәліметтерді алу үшін қажет. Тексреудегі негізгі мақсат қозғалыс жағдайларын жақсартуды талап етуші жол-көше желісі бөліктерін уақытылы анықтау, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының барлық конструктивті элементтері мен қондырғыларының жағдайын бағалау.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қарапайым ғана жағдайларына ерекше назар аударған жөн, оларға қозғалыс жылдамдығының қанағаттанарлық шамасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін онша қажет емес жағдайларды жатқызады.

Жолдың немесе көшенің инженерлік жабдықталуы қозғалыс қауіпсіздігі мен оны ұйымдастыруды қамтамасыз етуші техникалық құралдар жүйесін қамтиды. Бұл жүйеге жол белгілері, өту бөлігінің таңбалануы, қозғалыс бағыттарының көрсеткіштері, ақпараттық тақташалар, бағдаршамдық сигнализация құралдары, бағыттаушы жүргіншілер қоршаулары мен бағаналар және т.б. кіреді. Жол таңбаларын, белгілерді және бағдаршамдарды орнату «Жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары: Қолданылу ережелері» 1412-2005 ҚР МСТ реттеледі. Қозғалыс қауіпсіздігі нақты шамасында барлық инженерлік жабдықталу элементтерін ойластыру дәрежесімен анықталады.

Жол-көше желісі элементін қазіргі инженерлік жабдықтау туралы мәліметтердің тиімділігін бағалау мен жинау, қозғалыс жағдайларын жақсарту бойынша тәжірибелік жұмысты жасауда үлкен мәнге ие болмақ.

Потенциалды түрдегі даулы нүктелерді анықтау, олардың одан әрі жойылуы немесе қауіптілігінің төмендеуі қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатуға жол береді. Бұл қатынаста ерекше мәнді, әртүрлі бағыттардан келуші көлік және жүргіншілер ағыны кездесетін және қиылысатын қала көшелері мен жолдарының қиылыстары болмақ.

Көше қиылыстарының потенциалды түрдегі қауіптілігі мен күрделілігін салыстырмалы түрде бағалау үшін шартты көрсеткіштердің әртүрлі жүйелерін қолданады. Торапты бағалаудың бес баллдық жүйесінің қарапайым әдістемесі мынадан келіп шығады, яғни ауытқу нүктесі бір шартты баллмен, түйісуі – үш және қиылысуы – бес баллмен бағаланады. Кез келген қиылыстың күрделілігі (шартты қауіптілік)
, (8.1)
мұнда: nа, nТ, nқ - сәйкесінше ауытқу, түйісу және қиылысу нүктелерінің саны.
8.2 Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Студенттердің немесе студенттер тобының тексеруіне жататын жол-көше желісінің бөлігі немесе элементі оқытушы арқылы анықталады.

Жұмыстың орындалуы зерттелуші бөліктің (жол элементінің) сұлбасын құрудан басталуы қажет. Қажетті өлшеулер, нақты қажетті мөлшердегі дәлдікті (қателік  5% аспауы тиіс) қамтамасыз ететін, өлшеуіш және басқа да құралдар көмегімен орындалуы керек. Жол бөлігін алдын-ала танып білудің нәтижелері бойынша, 1:200; 1:500 масштабта жоспарлық сұлба құрылады.

Одан әрі қозғалысты ұйымдастыру сұлбасы оқылады, яғни көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысының (траекториясының) рұқсатталған бағыттары, реттелу айналымының параметрлері анықталады.

Тексерудің келесі сатысы ретінде, жоспардағы орындары тіркелген және «Жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары: Қолданылу ережелері» 1412-2005 ҚР МСТ сәйкес номерлері көрсетілген берілген жол бөлігінде қолданылушы жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарымен танысу болмақ. Сұлбаны құрған соң зерттелуші жол бөлігінде бес баллдық жүйе бойынша қиылысу күрделілігі анықталады.



8.3 Жұмысты орындау реті

1 Тексеру жүргізу, объектінің жоспарлық сипаттамаларын бағалау, көлік құралдары мен жүргіншілердің қозғалыс бағытын анықтау.

2 1:200 масштабта объекті жоспарын сызу; ЖЖҰ техникалық құралдарының дислокациясын түсіру, тексеру жүргізу және объектідегі ЖЖҰ техникалық құралдарын орнатудың тәсілдерін оқып үйрену;

3 Реттелу айналымының параметрлерін оқып үйрену, фазалық алмасу сұлбасын құру және берілген өлшемдік көрсеткіштері бойынша бағдаршамдардың жұмыс істеу сұлбасын құру, жол қозғалысы қатысушылары үшін ЖЖҰ техникалық құралдарының көрінуінің бағалануын жүргізу және оларды қабылдау дәрежесін анықтау.

4 Қиылысу күрделілігінің көрсеткішін есептеу.

Қорытындысында студент жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы тұрғысында жол-көше желісінің берілген элементіне тән маңызды кемшіліктер тізімін беруі тиіс, берілген объектіде ЖЖҰ техникалық құралдарын қолдану мен жол қозғалысын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен кеңестерін беруі мүмкін.



8.4 Бақылау сұрақтары

1 Қозғалыс қауіпсіздігінің қарапайым жол жағдайлары ретінде не түсіндіріледі?

2 Жолдың инженерлік жайластыруына не кіреді?

3 Қиылыстардың күрделілігі мен потенциалды қаупі қалай бағаланады?

4 Даулық нүктелер саны немен анықталады?

5 Жол белгілері қалай орнатылады?

6 Жол-көше желісінде бағдаршамдар қалай орнатылады?

7 Қозғалыс қатысушылары үшін жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының көрінушілігі қалай бағаланады?

8 Жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарын орналастыру бойынша қандай нормативтік талаптарды білесіз?

ӨЗ БЕТІМЕН ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1 Автомобильные перевозки и организация дорожного движения: Справ./ Пер. с англ.: В.У.Рэнкин, П. Клафи, С. Халберт и др. – М.: Транспорт,1981. – 592 с.

2 Бабков В.Ф. Дорожные условия и безопасность движения: Учеб. для вузов. – М.: Транспорт, 1993. – 290 с.

3 Буга П.Г., Шелков Ю.Д. Организация пешеходного движения в горо­дах: Учеб. пособие для вузов. – М.: Высш. шк., 1980. – 232 с.

4 Клинковштейн Г.И., Афанасьев М.Б. Организация дорожного движе­ния: Учеб. для вузов. – М.: Транспорт, 2001. – 247 с.

5 Кременец Ю.А., Печерский М.П., Афанасьев М.Б. Технические сред­ства организации дорожного движения: Учеб. для вузов. – М.: ИКЦ «Академкни-га», 2005. – 279 с.

6 Лобанов Е.М. Транспортная планировка городов: Учеб. для вузов. – М.: Транспорт, 1990. – 240 с.

7 Макенов А.А. Инженерные расчеты параметров светофорного регулиро-ва­ния: Учеб. пособие. – Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2003. – 86 с.

8 Макенов А.А. Инженерные расчеты параметров светофорного регу­ли­ро-вания: Электронное учеб. пособие/ ВКГТУ. – Усть-Каменогорск, 2005.

9 О безопасности дорожного движения: Официальный текст Закона Рес-публики Казахстан. – Алматы: Жетi жаргы, 1996. – 46 с.

10 Правила дорожного движения Республики Казахстан: Введены с 1 ян­варя 2009 года. – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 70 с.

11 Романов А.Г. Дорожное движение в городах: Закономерности и тенден-ции. – М.: Транспорт, 1984. – 80 с.

12 Самойлов Д.С., Юдин В.А., Рушевский П.В. Организация и безопас­ность городского движения: Учеб. для вузов. – М.: Высш. шк., 1981. – 256 с.

13 Сильянов В.В. Транспортно-эксплуатационные качества автомобильных до­рог и городских улиц: Учеб. для вузов/ В.В. Сильянов, Э.Р. Домке. – М.: ИЦ «Академия», 2007. – 352 с.

14 СН и П РК 3.01.01-2002 Градостроительство: Планировка и за­стройка городских и сельских поселений. – Астана, 2002. – 100 с.

15 СТ РК 1124-2003 Разметка дорожная: Технические требования. – Ас­та-на, 2003. – 100 с.

16 СТ РК 1125-2002 Знаки дорожные: Общие технические условия. – Ас­та-на, 2002. – 120 с.

17 СТ РК 1412-2005 Технические средства организации дорожного движе­ния: Правила применения. – Астана, 2006. – 110 с.

18 Хомяк Я.В. Организация дорожного движения: Учеб. для вузов. – К.: Высш. шк., 1986. – 276 с.

19 Шештокас В.В., Самойлов Д.С. Конфликтные ситуации и безопасность движения в городах. – М.: Транспорт, 1987. - 207 с.

А ҚОСЫМШАСЫ


Жұмыстың алғашқы бетінің үлгісі

Қазақстан Республикасы білім және ғылым минситрлігі


Д.М. СЕРІКБАЕВ атындағы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Көлік және логистика» кафедрасы

ЕСЕП БЕРУ
«Жол жүрісін ұйымдастыру» курсы бойынша

тәжірибелік жұмыстар


Орындаған студент тобы ------------------------------------ --------------------------------------------------

(аты-жөні, тегі)
Қабылдаған ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

(қызметі) (аты-жөні, тегі)

Өскемен 201…



Б ҚОСЫМШАСЫ




Есепті толтыру кезінде қойылатын негізгі талаптар

Әрбір тәжірибелік жұмысты орындау нәтижелері бойынша есеп құрылады, онда төмендегі мәліметтер қамтылуы тиіс:

жоғары оқу орны мен кафедра атауы, тәжірибелік жұмыс нөмірі мен атауы, есепті кімнің тексергендігі және жұмысты кімнің қорғағандығы көрсетілген жұмыстың алғашқы беті (жұмыстың алғашқы беті бірнеше тәжірибелік жұмыстарға біреу ғана болуы мүмкін);

тәжірибелік жұмыс мақсаты;

тапсырмада көрсетілуші және қойылған мақсатқа жету үшін қажетті бастапқы мәліметтер (кестелер, есептік формулалар, сұлбалар, сызбалар және т.б.);

сараптамалық мәліметтер;

есептеу бөлігі (егер тапсырма арқылы қарастырылған болса);

алынған нәтижелердің талдауы және талқылауы;

қорытынды;

жұмысты орындау күні мен студент қолы.

Студент орындалған жұмысын қорғауға дайындалу мен орындауды жеңілдету үшін өз қалауы бойынша есепке «Жұмыс мақсаты» пунктінен соң қондырғылар, құралдар мен жұмысты орындауға қатысты әдістемелік нұсқаулар бойынша теориялық мағлұматтарды және оның орындалу тәртібін кіргізуіне болады.

Есепте келтірілген барлық сұлбалар мен сызбалар, Қазақстан Республикасы білім стандарттары мен конструкторлық құжаттарды толтыруға қатысты (КҚБС) ұсынылған талаптарға сай орындалуы тиіс.



Есепті және студенттің орындаған тәжірибелік жұмысын қорғауы белгіленген тәртіпте қабылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет