Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



Дата17.07.2016
өлшемі122.9 Kb.
#205977

ҚҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2012 жылғы 18 тамыздағы № 328-ө-м және

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 413 бұйрығымен бекітілген




Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 қаулысының 3, 6-тармақтарын іске асырудың бірыңғай жолдарын қалыптастыру мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатқа ие.





  1. Жалпы ережелер

1.1. Түгендеудің (паспорттау) мақсаты шынайы және толық ақпарат анықтау және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектердің қолжетімділік деңгейін бағалау болып табылады.

1.2. Түгендеу (паспорттау) материалдарын әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау кезінде жергілікті атқарушы органдар пайдаланады.

1.3. Мүгедектердің мұқтаждықтарына арналған сәулетті ортаны қалыптастыру мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:

- қол жетімділік;

- қауіпсіздік;

- хабардарлық;

- жайлылық.

1.4. Қолжетімділік өлшеміне мыналар жатады:

1.4.1. коммуникациялық жолдар, орынжайлар мен функционалдық аймақтар бойынша кедергісіз қозғалысты қамтамасыз ету;

1.4.2. тұру, жұмысқа орналасу немесе қызмет көрсету орындарында кедергісіз қозғалысты қамтамасыз ету;

1.4.3. демалу, күту және қосымша қызмет көрсету орындарына бару мүмкіндігін қамтамасыз ету.

1.5. Қауіпсіздік өлшемдеріне мыналар жатады:

- жарақаттану, сондай-ақ басқа адамдарға, қоғамдық және жеке мүлікке зиян келтіру қатерінсіз тұру жағдайын, қызмет көрсету немесе еңбек орнына баруды қамтамасыз ету.



    1. Хабардарлық өлшемі уақытылы ақпарат алу және оған тиісті ден қою мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

    2. Жайлылық өлшемі мүгедектердің өз қажеттілігін қанағаттандыруға ең аз шығын және күш жұмсауы үшін жағдай жасаудан тұрады.

1.8. Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін түгендеу (паспорттау) процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

- дайындық кезеңі;

- зерттеу кезеңі;

- талдау кезеңі.





  1. Дайындық кезеңі




    1. Облыстардың, Астана, Алматы ққ. деңгейінде облыс, республикалық мәні бар қаланың әкімдігі мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – облыстық ведомствоаралық комиссия) құрады.

    2. Қалалардың және облыс аудандарының деңгейінде аудандық (облыстық мәні бар қаланың) әкімдігі мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – қалалар мен аудандардың ведомствоаралық комиссиясы) құрады.

    3. Облыстық ведомствоаралық комиссия мен қалалар мен аудандардың ведомствоаралық комиссиясының құрамына сәулет және қала құрылысы органдарының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм, дене тәрбиесі және спорт, кәсіпкерлік және өнеркәсіптік, экономика және бюджеттік жоспарлау, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіруіне болады.

2.4. Қалалар мен аудандардың ведомствоаралық комиссиялары объектінің қолжетімділік паспортында сәулет-жоспарлау, функционалдық-конструктивтік және технологиялық элементтердің болуын, олардың сапалық және сандық параметрлерін белгілеу мақсатында объектінің осы элементтерін тікелей тексеру және өлшеу үшін жұмыс топтары құрылады.

    1. Жұмыс топтарының құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мамандарды; уәкілетті жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтарды; жоғары және орта арнайы оқу орындарының (бірінші кезекте құрылыс мамандықтарының) студенттерін өндірістік практикадан өту кезеңінде, әлеуметтік қызметкерлерді; үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін; волонтерлерді енгізу ұсынылады.

2.6. Қалалардың және аудандардың ведомствоаралық комиссиялары бірінші кезекте паспорттауға жататын объектілер бөлінетін әрбір елді мекен бойынша (барлық меншік нысанының) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің тізімі (бұдан әрі – Объектілердің тізімі) қалыптастырылады (1-қосымша).

Бірінші кезекте паспорттауға жататын объектілерді бөлу «Паспорттау басымдығы» 5-бағаны мен «Паспорттау жүргізу мерзімі» 6-бағанында жүзеге асырылады.

2.7. Объектілердің тізімі объектілер қызметінің түріне қарай қалыптастырылады: мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және бос уақыт, дене тәрбиесі және спорт және де өзге әлеуметтік қызмет түрлері.

2.8. Объектілердің тізімі мүгедектердің қоғамдық ұйымдары (болған жағдайда) және қала (аудан) әкімімен келісіледі.

2.9. Объектілер тізіміне жаңа әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің пайда болуына, объектілерге паспорттау жүргізілуіне, объектілерді бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне және басқа да объективті себептерге байланысты өзгерістер енгізіледі.

2.10. Объектілер тізімі бекітілгеннен кейін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

- объектілердің басшылары объектілерді тексеру жүргізу мерзімдері мен тәртібі туралы ақпараттандырылады. Мекеме немесе ұйым басшысының объектіні тексеруге келісімі болмаған жағдайда 7-бағандағы Объектілер тізіміне тиісті белгі қойылады;

- объектілердің қол жетімділігі паспорттарының бланкілері мен объектілерді тексеруге арналған техникалық құралдар дайындалады;

- объектілер жұмыс топтарының мүшелері арасында бөлінеді.

2.11. Объектіні тексеру басталар алдын жұмыс тобына паспорттаудың мақсаты мен міндеттері; тексеруге жататын объектінің негізгі сәулеттік-жоспарлау элементтері; объектінің қолжетімділігі паспортын толтыру қағидалары; өлшеуді жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар туралы нұсқама жүргізіледі. Жұмыс тобы үшін қажетті техникалық құралдар таңдалады. Техникалық құралдар кешеніне: экстерьердегі сауалнаманы ыңғайлы толтыруға арналған қатты планшет, 5-10 м рулетка, калькулятор, бұрыш өлшегіш (пандус еңісін өлшеу үшін) деңгей, тіктеуіш (қажеттігіне қарай) қосу ұсынылады.




3. Зерттеу кезеңі
3.1. Паспорттау жүргізудің зерттеу кезеңі мүгедектерге арналған қолжетімділік нысанына объектілерді зерттеу жүргізуден; тексеру нәтижелерін объектінің қолжетімділік паспортында тіркеуден; тексеру нәтижелерінің негізінде объектінің қолжетімділік деңгейін және объектіні бейімдеу жөніндегі қажетті іс-шараларды айқындаудан тұрады.

3.2. Объектіні тексеру:

- визуалды, объектінің сыртқы параметрлерін айқындайтын – ғимарат немесе орынжайдың нақты элементтері немесе бөлшектерінің болуы немесе болмауы, қабаттар саны, ақпараттың болуы және т.б.;

- тексерілетін элементтер немесе бөлшектердің құралдық, бекітілетін цифрлық параметрлері, мысалы, тесіктер немесе дәліздердің кеңдігі, пандус еңісі, қоршау биіктігі және т.б.

3.3. Объектіні тексеру нәтижелері объектінің қолжетімділік паспортында жазылады.

3.4. Объектінің қолжетімділік паспортының ұсынылатын нысаны (2-қосымша):

- титулдық парақтан;

- «Кірме тобы» 1-бөлімінен;

- «Қозғалыс жолдары» 2-бөлімінен;

- «Қызмет көрсетілетін аймақ» 3-бөлімінен;

- «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар» 4-бөлімінен;

- «Ақпарат және телекоммуникация құралдары» 5-бөлімінен;

- «Объектінің аумағы» 6-бөлімінен;

- «Қорытындылар» 7-бөлімінен тұрады.

Паспорттың нысанын объектінің ерекшеліктеріне қарай жетілдіруге болады.

3.5. Объектінің қолжетімділік паспортының титулдық парағында объекті қызметінің негізгі түрі көрсетіледі: халықты әлеуметтік қорғау (әлеуметтік қамсыздандыру), денсаулық сақтау, білім беру, көлік қызметтері, сервистік қызмет көрсету; мәдени-демалыс қызметі, мемлекеттік басқару, уақытша тұру ұйымдастыру және т.б.; объекті қызметінің негізгі түрі үшін белгіленген есептеу көрсеткіштеріндегі қызмет көлемі (бару/күн саны, сыйымдылығы және т.б. оның ішінде мүгедектер үшін).

3.6. Объектінің қолжетімділік паспортының 5-бағанындағы 1-6-бөлімдерде (нақты көлемі, болуы) объектіні тексеру кезінде жүргізілген барлық өлшеулер, объектінің қолжетімділік паспортының 4-бағанында көрсетілген өлшеу бірліктерінде жазылады (м., см., %, бірлік, ұзындық (L) проекциясына Н/L, биіктік қатынасы көрсеткіші (Н).

Егер 1-6-бөлімдердің 4-бағанында «болуы» деген сөз жазылған болса, бұл элемент тексерілетін объектіде болған жағдайда тиісті жолдың 5-бағанында «бар» деген сөзді жазу керек. Егер бұл элемент жоқ болса, «жоқ» деген сөз жазылады.

3.7. Объектінің қолжетімділік паспортының 1, 2, 3, 5-бөлімдері олардың қызмет (қызмет көрсету) түрлеріне қарай барлық объектілер бойынша толтырылады.

3.8. Объектінің қолжетімділік паспортының 3-бөлімі қызмет көрсету аймағына байланысты қалыптастырылады: терезе/сөре арқылы; кабинетте; бағытты ауыстыру бойынша; жеке қызмет көрсету кабинасы; зал арқылы қызмет көрсету.

3.9. Объектінің қолжетімділік паспортының 4-бөлімі келушілер үшін объектіде санитарлық-тұрмыстық орынжай болған жағдайда толтырылады. Санитарлық-тұрмыстық орынжай болмаған жағдайда, «Санторап» жолында, «Нақты көлемі, болуы» деген 5-бағанда «жоқ» деп көрсетіледі.

3.10. Объектінің қолжетімділік паспортының 6-бөлімі белгіленген тәртіппен бөлінген және жабдықталған аумақ болған жағдайда толтырылады. Белгіленген тәртіппен бөлінген және жабдықталған аумақ болмаған жағдайда «Объектінің бөлінген аумағы» жолында «Нақты көлемі, болуы» деген 5-бағанда «жоқ» деп көрсетіледі.

3.11. Объектінің қолжетімділік паспортының 1-6-бөлімдерін толтыру аяқталғаннан кейін 6-бағанда көрсетілген мүгедектер үшін көрсетілген объектінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін айқындау мақсатында 5-бағанға қосымша талдау жүргізіледі.

Қажеттігіне қарай 6-бағанда техникалық құралдарға қажеттілік (мүгедектерге арналған көтеретін платформа, жолаушылар лифті, ақпарат таблосы, пандус және т.б.) көрсетіледі.

3.12. 7-бөлімде объектінің қолжетімділік паспортының барлық бөлімдері бойынша объектіні тексеру және нақты көлемдерді талдау (6-баған) нәтижесінде алынған қорытындылар көрсетіледі.

3.13. Объектілердің қолжетімділігі паспортының 7-бөлімі 7.1-тармағындағы (кесте) мүгедектердің көрсетілген санаттарының әрқайсысы үшін объектінің жекелеген функционалдық аймақтарының қолжетімділігі туралы қорытынды жасалады.

Функционалдық аймақтың қолжетімділігі объектінің қолжетімділігі паспортының 1-6-бөлімдері талдауының негізінде айқындалады. Әрбір бөлімде (мысалы, 1-бөлім. Кірме тобы) мүгедектердің аталған санаты үшін қажетті объекті элементтері (мысалы, арбадағылар үшін (К)) қарастырылады. Бұл элементтер үшін норматив көрсеткіші (4-баған) нақты көлем көрсеткішімен (4-баған) салыстырылады.

Барлық норматив көрсеткіштері (4-баған) элементтерінің нақты көрсеткіштерінің (5-баған) талданатын 1-6-бөлімдеріне сәйкес келген және 6-бағандағы ұсынымдар (мысалы, жөндеу) болмаған жағдайда, мүгедектердің аталған санаты үшін 7.1-т. мынадай символ қойылады: «Д» - егер объектінің функционалды аймағы мүгедектердің аталған санаты үшін қолжетімді болса; «Ч» - егер объектінің функционалды аймағы мүгедектердің аталған санаты үшін ішінара қолжетімді болса (қолжетімділікті арттыруға бағытталған бірқатар элементтер бар); «Н» - егер объектінің функционалдық аймағы мүгедектердің аталған санаты үшін қолжетімсіз болса.

Талдау мүгедектердің әрбір санаты үшін барлық 1-6-бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі (кірме тобы, қозғалыс жолдары, қызмет көрсетілетін аймақ және т.б.).

Кестенің 7-бөлімінің 7.1-т, 4 және 6-жолдарында объектіде санитарлық-гигиеналық үй-жайлар мен аумақ болмаған кезде «жоқ» деп белгілеу керек.

Объектінің қолжетімділік паспортының 7-бөлімінің 7.2-т. мүгедектердің көрсетілген әрбір санаты үшін объектінің қолжетімділігі туралы қорытынды жасалады. Объектінің қолжетімділігі кестенің 7-бөлімінің 7.1-т. талдау нәтижесі бойынша айқындалады.

Объектінің барлық функционалдық аймақтары қолжетімді (кестенің 1-6-тт.) және арнайы ақпарат құралдары мен телекоммуникациялар бар болатын болса, мүгедектердің аталған санаты үшін толық қолжетімді болып есептеледі (кестенің 7-бөліміндегі 7.1-т. барлық толтырылған жолдарында мүгедектердің аталған санаты үшін «Д» символы тұрады).

Бұл жағдайда кестенің 7-бөлімінің 7.2-т. бірінші жолында мүгедектердің аталған санаты үшін «Х» символы қойылады.

Объект бейімделген кірме тобы және жергілікті қызмет көрсету аймағына қозғалу жолы болғанда мүгедектердің аталған санаты үшін ішінара қол жетімді болып есептеледі (7.1-т. кестенің 1-3-тт.). Бұл жағдайда мүгедектердің аталған санаты үшін 7.2-т. кестенің екінші жолына «Х» символы қойылады.

Объект мүгедектердің аталған санаты үшін кірме тобының, қозғалу жолы мен қызмет көрсету аймағының қолжетімділігі кезінде мүгедектердің аталған санаты үшін қол жетімсіз болып есептеледі.

3.15. Объектінің қолжетімділік паспорты екі данада толтырылады. 7-бөлімде жасалған 5 және 6-бағандарындағы қорытындылардың дұрыс толтырылуы тексерілгеннен кейін объектінің қолжетімділік паспортына тексеру жүргізген жұмыс тобының мүшелері, және объектінің басшысы қол қояды, мөрмен расталады. Объектінің қолжетімділік паспортының бірінші данасы объектіде қалады, ал объектінің қолжетімділік паспортының екінші данасы қаланың (ауданның) Ведомствоаралық комиссиясына беріледі.

3.16. Объектінің қолжетімділік паспортының толтырылған екінші данасына объектінің қолжетімділік паспортында көрсетілген тексерілген үй-жайлардың нөмірлері бар ТТБ жоспарларының көшірмелерін қоса беру ұсынылады (қажеттігіне қарай объектінің жағдайын және оның құрылымдарының мүмкіндіктерін объективті көрсету үшін графикалық (мысалы, фотографиялар) және мәтіндік материалдарды қоса беруге болады).

4. Талдау кезеңі
4.1. Объектілердің бекітілген қолжетімділік паспорттарының талдауы негізінде қаланың (ауданның) Ведомствоаралық комиссиясының жұмыс органы Жиынтық ведомость жасайды (3-қосымша).

4.2. Жиынтық ведомость «Мүгедектерге қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің тізілімі» 1-бөлімі мен «Бейімдеуге жататын объектілердің тізілімі» 2-бөлімінен тұрады.

4.3. Жиынтық ведомость «Microsoft Excel» бағдарламасында бір файлда электронды түрде жүргізіледі. 1 және 1-бөлімдер аталған файлдың түрлі парақтарында жасалады.

4.4. Егер объектілердің қолжетімділік паспортының 7-бөлімі 7.2-т. 1-жолында мүгедектердің кез келген санаты бойынша «Х» символы қойылған жағдайда, объект Жиынтық ведомосының 1-бөліміне енгізіледі.

4.5. Егер объектілердің қолжетімділік паспортының 7-бөлімі 7.2-т. 3-жолында мүгедектердің кез келген санаты бойынша «Х» символы қойылған жағдайда, объект Жиынтық ведомосының 2-бөліміне енгізіледі.

4.6. Егер объектілердің қолжетімділік паспортының 7-бөлімі 7.2-т. 2-жолында мүгедектердің кез келген санаты бойынша «Х» символы қойылған жағдайда, объект бір уақытта Жиынтық ведомосының 1 және 2-бөлімдеріне енгізіледі.

4.7. Жиынтық ведомосының 1-бөлімінің 4-11-бағандар объектінің қол жетімділік паспортының 7-бөлімі 7.2-т. 1 және 2-жолдарында көрсетілген деректердің негізінде толтырылады. «Х» сиволы тиісті жолда 1-бөлімнің бағанына (объект толық қолжетімді; объект ішінара қолжетімді) және объектінің қолжетімділік паспортының 7-бөлімінің 7.2-т. бағанда (мүгедектердің санаттары) қойылады. Бұған қоса, егер объект ішінара қолжетімді болған жағдайда, 5,7,9,11-бағандарда бейімделмеген элементтер (санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, қызмет көрсету туралы ақпарат, объектінің аумағы) көрсетіледі.

4.8. Жиынтық ведомсының 1-бөлімі болып табылатын мүгедектерге қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің тізілімін мүгедектерді ақпараттандыру мақсатында ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және елді мекеннің ресми сайтында орналастыру қажет.

4.9. Жиынтық ведомосының 2-бөлімі объектінің қолжетімділік паспортының 1-6-бөлімдерінің 6-бағанындағы ақпараттың негізінде толтырылады.

4.10. Жиынтық ведомосының 2-бөлімі шешім қабылдау үшін қала (аудан) әкімінің қарауына беріледі.

4.11. 2-бөлімде көрсетілген ақпарат бойынша сметалық ведомостылар жасалады және қажетті қаржыландыру көлемі есептеледі.

4.12. 2-бөлімде көрсетілген ақпарат және қаржыландыру көлемін жергілікті атқарушы органдар мүгедектер үшін объектілердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында объектілерді реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау үшін қолдануы мүмкін.

Жүргізілген паспорттау нәтижесінде сәулеттік реконструкция жоспары орындалады және мүгедектердің мұқтаждықтарына зерттелетін объектілерді бейімдеу шығындарының құнын есептеу жүргізіледі.

Іс-шаралар кешенінің құны жобалау материалдарына сәйкес құрылысты (реконструкция) жүзеге асыруға қажетті ақшалай қаражат сомасын білдіреді. Сметалық құн мүгедектердің мұқтаждығына объектілерді бейімдеуге бағытталған іс-шаралар кешенінің құнын айқындау негізі болып табылады.


5. Есептілік
5.1. Облыс деңгейіндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы № 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектер үшін қолжетімді ортаның сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу мониторингін жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет